Математика Екі екіден сана 1 сынып


Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Абөлім: «Сандардың заңдылықтарын зерттеу»Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: 0 Сабақтың тақырыбы Екі-екіден сана
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.6 Екіден санау, 20-ға дейінгі жұп/тақ сандарды білу1.1.2.3 20 көлемінде бір таңбалы сандардың жұптарын құруСабақ мақсаттарыЕкіден санауды, 20-ға дейінгі жұп/тақ сандарды біледі;
Көлемінде бір таңбалы сандардың жұптарын құру;
Жетістік критерийлеріЗаттарды екіден санағанда қолайлы заттарды таңдай алады.
Тілдік мақсаттарТірек сөздерді үш тілде айтып үйренеді.
Жұппен санау, тақ сандар, жұп сандар, екіден санау.
Құндылықтарды дарытуЖауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстарТірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерімен байланыс орнады. Заттарды санау арқылы АКТ, дүниетану, ғылымға кіріспе сабағымен байланыс орнады.
АКТ қолдану дағдыларыСанау нәтижесін презентация арқылы танысып біледі.
Бастапқы білім
Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді.
Сабақ барысы Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
РесурстарСабақтың басы
5 мин Оқушылар көңілді шеңберге жиналадыБір,екі ,үшСынып іші тып –тынышЖалқаулықты тастайық
Сабағымызды бастайық.
Оқушылардың зейінін тұрақтандыру. Сабаққа дайындығын бақылау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгін сендер екі-екіден санап үйренесіңде.Слайд1
(Ұ) Сынып бөлмесіндегі заттарды зерттеу. Санау түрлерін (жұп, тақ сандар) қолданады.
Қане, есімізге түсірейікші. Біз кеше не өттік?
Қанеки, сыныпта қандай жұп заттар бар?Ал енді сыныптағы тақ заттарды анықтайықшы.
Терезе-3, тақПарталар-20, жұпЕсік-2, жұпТақта-2, тақОқушылар-20, жұпОрындық-20, жұпРесурстарды санау.
1 -100 дейінгі сандар жазылған карточкалар, сан қатары.
Презентация
Сабақтың ортасы
10мин
20мин
(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады.
Қолдарына 20-ға дейінгі сандар беріледі.
Оқушылар жұппен бір сызық бойы тұрады. Бірінші жұп 1-2, екінші жұп 3-4, келесі жұп 5-6... деп жұптарын нөмірлейді Сөйтіп сынып оқушылары толығымен нөмерленіп шығады. Оқушылар жұптарымен тұрады, олар өз нөмірлерін естігенде ортаға шығады (2, 4, 6,8,10 нөмірлері айтылуы тиіс), бұл сандар жұп сандарды білдіретіні туралы талқылайды. Оқушылар жұп сандардың реті қалай жалғасатынын ойланады. Сан қатарында 2 қадам аттай отырып, сандарды табады.
Жұп сандар және тақ сандар болып бөлінеді.
Қай қатар жұп сандар? Екі қолдарыңды көтеріңдерҚай қатар тақ сандар? Бір қолдарыңды көтеріңдер.
2,4,6,8,0-ге аяқталған сандар жұп сандар1,3,5,7,9,-ға аяқталған сандар –тақ сандарСлайд2
Балалар, заттарды қалай санауға болады?
Бір оқушыны шығарып дәптерді санату.
Басқаша қалай санауға болады?
Екіден санау тәсілін көрсету.
Жинаулы дәптерлерді екіден санау.
Қандай тиімділігі бар екен?
Олай болса, сыныптағы парталарды екіден санаңдаршы.
Сыныптағы орындықтарды екіден санау.
Слайдпен жұмыс Слайд 3
Осылайша екі екіден санауға болады.Бұлай санауды жұппен санау деп атайды.
(Ұ) оқулықпен жұмыс1.Би жарысқа неше жұп биші қатысты. Екі-екіден сана. Барлық қатысушылар саны қанша?
2.Барлығы неше дөңгелек бар?
Суреттегі велосипедтердің дөңгелегін қалай тез санауға болады?
Шығарып көрСуретте неше қоңыз, неше көбелек бар? Екі-екіден сана. Неше жұп болады?
Ойлан!
Аяқ киіміне қарап, қанша бала суға түсуге келгенін сана.
Орындап көр. Сыныпта қандай заттар көп. Оларды екі-екіден сан.Неше жұп пайда болды?
(Т)
1топ Моншақтар тізбегін екі-екіден әр түрлі түске боя.
2 топ Жұп заттарды қызыл түспен қорша, тақ заттарды жасыл түспен қорша3 топ Жұп заттарды боя
4 топ Тақ сандарды қоршаЖұмыс дәптері.
Әр қоянда екі сәбізден бар? Әр қоянда неше сәбізден бар?.
(Ж/Ө,Қ)
Сан түзуінде жұп сандарды қызыл түспен қарындашпен, тақ сандарды көк қарындашпен жаз.
(Т) алғашқы 20 жұп санды ретімен жазып алуды ұсынылады(Ж) Жұп сандар: 2,4,6,8,10,12,14,16,18,20... Тақ сандар:1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21 Оқулық, жұмыс дәптері.
Дидактикалық материалдар
Қалыптастырушы бағалау жұмысыСабақтың соңы5мин Бүгін не өттік?
Жұп сандарды атаңдар: 2,4,6,8,10,12,14,16,18,20... Тақ сандарды атаңдар:
1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21
Рефлексия
10509255778500
26416003111500 Бәрін түсіндім Кейбір нәрселерді толық түсінбедім1812925444500 Мен түсінбедімСаралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
Заттарды жұппен санауда қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету. Заттарды жұппен санауды бақылау арқылы бағалау. Киналатын оқушыларды жазып алу. Сергіту сәттерін өткізу.
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Сабақ барысында оқушылар, оқу мақсатына сай, біліммен қамтамасыз етілді. Жоспарға сай
сабақ кезеңдері сәтті өтті. Оқушылар сынып бөлмесіндегі заттарды қолдана отырып, заттарды екі-екіден санау тәсілін толық меңгерді. Мұның қорытындысы ретінде оқушылардан алынған қалыптастыру бағалау жұмысының нәтіижесін айтуға болады.
2: Бірлесе құрастырылған сабақ жоспарының тиімділігін айтуға болады.
Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Уақытты үнемді пайдалануды басшылыққа алу.
2: Оқушылардың топпен жұмысын жандандыру

Приложенные файлы


Добавить комментарий