Дене жаттыулары таырыбына арналан ыса мерзімді жоспар


МектепКүні Мұғалімнің аты-жөні: СыныпБарлығы -
Қатысқандар –
Қатыспағандар -
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Заттардың тасымалдануыСабақтың тақырыбы: Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері. Зертханалық жұмыс №7 «Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 8.1.3.11 - дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеуСабақ мақсаты Барлық оқушылар: дене шынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысының қажеттілігіне сипаттайдыОқушылардың басым бөлігі:әртүрлі бұлшықеттік жүктеме кезінде тамыр соғу жиілігінің өзгеруі себебін түсінеді
Кейбір оқушылар: жүректі жаттықтырудың тиімді жолдарын таңдай аладыБағалау критерийі-Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін түсінеді
-Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі жүрек, қан тамырлар жүйесінің жұмысының ауытқуын анықтау әдісін қолданады.
-Физикалық жүктеме кезіндегі жүрек, қан тамырлар жүйесінің жұмысының ауытқу себебін салыстыра отырып талдайды-Жүрек қан тамырлар жүйесіне пайдалы жаттығулар кешенің және арулардың алдын алу жолдарын ұсынады
Тілдік мақсаттар Термин сөздер Пульс - Pulse
Cекундомер - Stopwatch
Тербеліс -Vibration
Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері Физикалық жүктеме,пайдалы жаттығулар кешені, өкпенің тіршілік сыйымдылығы
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктерТалқылауға арналған тармақтар:
Дене жаттығуларының жүрек жұмысына пайдалы, өйткені....
Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?
Әртүрлі физикалық жүктеме кезінде тамыр соғуының өзгерісі болады,неліктенЖазылым бойынша ұсыныстар:
Физикалық жүктеме арқылы жүректің жұмысын қалай жақсартуға болатының анықтап, жазады.
Құндылықтарға баулу Теорияда алған білімдерін практикада ұштастыра білуге баулу,._ өз бетінше жұмыс дағдысын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу пәнге қызығушылығын арттыру,оқушылардың бір –бірін тыңдай білуге ,бірігіп жұмыс жасауға сыйлауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланысДене шынықтыру, физика (тербелістер ритмі), математика(санау)
Алдыңғы білімДене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін сипаттай аладыСабақтың барысыСабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері РесурстарСабақтың басы
3 мин Жағымды психологиялық ахуал туғызу;

Топтастыру:Жүрек пішінді үш түрлі стикерлерменен топқа бөлінеді.
І-топ Жүрек
ІІ-топ Тамыр
ІІІ-топ Пульс
Стикерлер.



Сабақтың ортасы25 мин Бейнеролик « ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ.
Бейнероликті көріп болғаннан кейін оқушылар ассосация құрады

СӨС



Мұғалім оқушыларды « Жарайсыңдар , Өте керемет » деген мадақтаулар арқылы бағалайды.
Оқу мақсатында барлық оқушылар: дене шынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысының қажеттілігін сипаттау үшін жаңа тақырыптың мәтінімен танысады.
.
І-топ «Жүрек» тобына Дене шынықтыру жаттығуын жасағандағы адам ағзасына тигізетін бірінші пайдасы.
ІІ-топ «Тамыр»тобына Дене шынықтыру жаттығуын жасағандағы адам ағзасына тигізетін екінші пайдасы.
ІІІ-топ «Пульс» тобына Дене шынықтыру жаттығуын жасағандағы адам ағзасына тигізетін үшінші пайдасы.
Осы тапсырмалар бойынша оқушылар мәтінді «Төрт сөйлем » әдісімен әр топтан төрт оқушы шығып ,әрқайсысы төрт сөйлеммен бірінші мақсат бойынша ауызша қорғайды.
Бағалау: Оқушылар бірін-бірі «Шапалақ» әдісі арқылы бағалады.
№ 7 Зертханалық жұмыс
Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: жүрек жиырылуының жиілігі мен дене жүктемесінің арасындағы өзара байланысты анықтау .
Құрал-жабдықтар :оқулық, секундомер немесе секундтық тілі бар сағат .
Жұмыс барысы
Оқу мақсатындағы оқушылардың басым бөлігі :әртүрлі бұлшықеттік жүктеме кезінде тамыр соғу жиілігінің өзгеру себебін түсінеді.
. «Талқылау, зерттеу, үйрету» әдісі арқылы тамырдың соғуы арқылы жүректің жиырылуын анықтайды..
І-тапсырма: топтағы жұптар тыныш отырғанда бір –бірінің тамыр соғысын өлшейді.
ІІ-тапсырма: ортаға әр топтан үш оқушыдан шығып он рет отырып тұрады. Топтағы қалған оқушылар тамыр соғысын өлшеп кестені толтырады.
ІІІ –тапсырма: ортадағы үш жұп жиырма рет отырып -тұрғаннан кейін тамыр соғысын өлшеп кестені толтырып, қорытынды жасайды.
Тамыр соғысының саны
Отырған күйдегі 1минутта
Түрегеп тұрған күйдегі 1 минутта 20рет отырып –тұрғаннан кейінгі 1минут секунд ішінде
Дескриптор

1 Тыныш күйдегі тамыр соғысын анықтайды.
2 Дене шынықтыру кезіндегі жеңіл жаттығулардан кейін тамыр соғысына көз жеткізеді.
3 Дене шынықтыру кезіндегі күрделі жаттығулардан кейін тамыр соғысын анықтап,сипатайды.
«Ұшақ» әдісі Үш топтағы оқушылар осы сабақтың өн бойындағы ұғымдар мен терминдерді ұшақ қанатына жазып бір біріне ұшыра отырып қортындылады.
1 . Тамыр соғуы
2.Пульс
3.Тербеліс
4.Секундомер
Бағалау: Смайликтермен бағалау. Оқулық,дәптер,плакат,секундомер,маркер,интербелсенді тақта.


Топтық жұмыс.


Жұптық жұмыс.



Жеке жұмыс




Сабақтың соңы
15минут Рефлексия:
1.Сыртқы қабаты :Мен сабақта жақсы жұмыс
жасадым, барлығы түсінікті болды.
2 . Ортаңғы қабат:Мен тапсырманы басқа
оқушының көмегімен орындай аламын.
3. Ішкі қабат :Сабақ мен үшін қиын болды.
Үйге тапсырма: Қантамыр жүйесі мүшелерінің ауруларының себептері туралы хабарлама жасап келу.
Түрлі түсті стикерлер



Қосымша ақпарат expert.okulyk-edu.kz›,https://bilimland.kz/kk/blog/504 Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
-«Төрт сөйлем» жаңа тапсырманың мағынасын ашатын яғни үш топтан төрт оқушы тақтаға шығып , әрқайсысы төрт сөйлем арқылы мәтінді ауызша қорғайды, стратегияда саралаудың «Оқу ортасы бойынша»түрлері көрінеді. Бұл тәсіл оқушыларды мәтіннен негізгі ұғымдарды анықтауға дағдыландырады және әр оқушы өз деңгейінде жауап береді.
-Жұптық жұмыс.«Талқылау , зерттеу» оқыта үйрету әдісі кезінде оқушылар жұбымен салыстыра отырып, өзінің деңгейін түсінеді, тапсырманы зерттейді ,анықтайды. Саралаудың «Мазмұн бойынша» түрлері көрінеді.
- Жеке жұмыс кезінде, «Ұшақ»әдісі саралау түрлері негізінде оқушылардың жылдамдығын және білімдерін дамытып жетілдіреді. Қолданылған әдіс тәсіл:«Төрт сөйлем»
Ұйымдастыру формасы:Топпен жұмыс.
Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ» әдісі
Қолданылған әдіс тәсіл: «Талқылау , зерттеу, үйрету әдісі
Ұйымдастыру формасы:жұптық жұмыс
Қалыптастырушы бағалау: Дискриптор
-жұптық жұмыс арқылы оқушылар жұбымен салыстыра отырып өзінің деңгейін түсініп, алға ұмтылады.
Қолданылған әдіс тәсіл: «Ұшақ»әдісі
Ұйымдастыру формасы:Жеке жұмыс
Қалыптастырушы бағалау: Смайликтермен. -Тәртіпті сақтау
-Айқайлап сөйлемеу
-Қозғалыс кезінде екінші оқушыға кедергі келтірмеу
- Оқушылар сабақ барысында зертханалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтады.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен? Сабағымда айқындалған мақсаттар блум токсономиясының ойлау деңгейлеріне сай, смарт критерилерінің талаптарына байланысты құрылды.Яғни құрылған мақсат қолжетімді, шынайы, өлшемді.
Оқушылар сабақ үдерісінде топқа бөліп алғаннан кейін оқушылар арасында жағымды ахуал орнады.
Оқушылар оқу мақсатына құрылған жоспар бойынша зертханалық жұмысты жасап,өздері қортындылай білді.
Мен жоспарлаған саралау шаралары өте тиімді болды. Себебі, оқушылардың топтағы жасаған жұмыстарына бағалауы. Атап айтсам жұптасып жасаған зертхана жұмыстарын дескриптор арқылы өздерінің жұмыстарын шынайы бағалауды үйренді .
Мен берілген минут ішінде толықтай үлгердім .Себебі, менің пайдаланған стратегияларым өте тиімді , уақытқа сай жоспарланған.
Мен жоспарыма критерийлерге сәйкес дискриптор етістіктерін енгіздім. Оқушылардың визуалдық дағдысын дамыту үшін АКТ арқылы бейнежазба көрсету енгізілді .Өйткені,оқушылардың ішінде аудиалар,визуалдар және кинестетиктер болады.
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)
1.Сабақ мақсатының дифференциалды (сараланып ) қойылуы. Яғни өлшеуге мүмкіндік болды.
2.Топтық жұмыс барысында топтық әңгіме өрбіп,оқушылар өз бетінше ізденген материалдарын пайдалана білді.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқытуды да оқуға қатысты)
1.Дискриптор бойынша оқушыларды шынайы бағалауға ықпал ету.
2.Жұптық жұмысты орындауда құрал-жабдықтармен зерханалық жұмыс жасау дағдылары қалыптасты.
Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Дискриптор арқылы бағалағанда артық бағалауға жол бермеу.

Приложенные файлы


Добавить комментарий