Конспект сурет салу Достарыма арналан тоаш


Екінші кіші «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Ізбасты А.А
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: сурет салу
Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»
Тақырыбы:Достарыма арналған тоқаш
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа , тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Оқыту: Затты қылқаламмен дөңгелек пішінді етіп салуға үйрету. үйрету.
Билингвалдық компонент: бауырсақ-колобок, тоқаш-булочка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Бүгінгі Оқу іс –әрекетіміз «сурет салу» деп аталады.
Тақырыбымыз: «достарыма арналған тоқаштар». 
Балалар менің қолымда не тұр? Тоқаштың суреті
Бұның аты қалай аталады? Тоқаш
Балалар нан қамырдан жасалады.
Қамырдан тағы не жасауға болады ? Нан,бауырсақ,тәтті тоқаштар т.б
Жарайсыңдар,балалар!
2.Негізгі бөлім:
Тосын сәт:
Балалар тыңдаршы біздің есікті біреу қағып тұрған сияқты.
Бұл кім болды екен?
Бауырсақ топқа кіреді. 
– Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен бауырсақпын. Балалар  сендер мені жеп көрдіңдер ме? Бауырсақтың дәмі қандай,пішіні қандай,түсі қандай болады? -Тәтті, домалақ, сары.
Бауырсақты кім пісіреді балалар? -Анамыз, әжеміз.
Нан ең үлкен ас саналады. Нан туралы көптеген мақал – мәтелдер бар. Соның бірін біз жаттап алайық:
Ас атасы –нан. Нан туралы қазақтың тыйым сөздері бар.(Сурет көрсету арқылы түсіндіру.)
Тыйым салған сөздер:
*Балалар нанды басуға болмайды.
*Лақтыруға болмайды.
*Бір қолмен нанды үзуге болмайды*Нанды тәтті, ащы деп айыруға болмайдыБұл сөздерді балалар әркез есте сақтауымыз керек.  
Балалар біз бүгін тоқаштың суретін саламыз.
Алдымыздағы құрал- жабдықтармен танысайық: ақ қағаз, бояулар, су құйырлған ыдыс, қылқалам, сүрткіш.
Балалар қылқаламмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. Олар:
-қылқаламды ауызға салмау;
-қылқаламды сілкілемеу;
-Достарымызға кедергі жасамау, т.б.
Жұмыстың ретін көрсетіп, түсіндіру.
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Балалар сергіп қалдыңдар ма? Жарайсыңдар балалар! 
Дидақтикалық ойын: Кім тоқашты көп жинайды?
Мақсаты: ойын арқылы балаларды бір –бірімен тез тіл табысуға үйрету, әдепті болуға баулу.
Шарты: дастарханда тұрған тоқаштарды балалар кедергілерден өту арқылы өз тәрелкегеріне жинау.
3.Қорытынды:
Бізге қонаққа кім келді?
Біз ненің суретін салдық?
Қандай құрал- жабдықтар пайдаландық?

Приложенные файлы


Добавить комментарий