НИЕТ ТАЗАЛЫЫ-ІЗГІЛІК БАСТАУЫ зін-зі тану 10 сынып


«Курчатов қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Өзін-өзі тану пәнінін мұғалімі: Шидербаева Ж.О.
Күні
Сынып:
Сабақтың тақырыбы: НИЕТ ТАЗАЛЫҒЫ-ІЗГІЛІК БАСТАУЫ
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Адалдық, тазалықа
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету.
Міндеттері:
Жақсы ой, ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру;
Оқушыларды жақсы ойлауға, ізгі ниетті болуға үйрету;
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тазалық
4.Тыныштық
5.Татулық
Н.Исанбековтың өмірдің қадірі, адамдар арасындағы сыйластық пен сағыныш,жарасымды қарым-қатынас туралы пікірлерін ортаға салып, сабақты бастауға болады.
Әңгімелесу; Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықтағы «ойланайық,пікірлесейік» атты айдарымен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.
Ниет, ықылас, пейіл деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Адамның ниеті іс жүзінде өмір сүруіне ниеттің қаншалықты маңызы бар?
Адамның жақсы өмір сүруіне ниеттің қаншалықты маңызы бар?
Оқу ақпарты: Ниет туралы ақпартты лқушылар мақал-мәтел мен нақыл сөздермен жалғасытырады.
Дәйексөз: Оқулықта берілген М.Әуезовтың «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ол әуелі ниет,күш, тәртіп керек» деген нақыл сөзін көзқарас, себеп,мысал, жалпылау бірізділігін сақтап талдауда оқушылар өз ойларын тұжырымдап, дәйектей алуға үйренеді.
Мәтінмен жұмыс: Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған оқу материалы оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек меңгерту мақсатын көздейді. Осы мақсатта М.мақатаевтың «Болады деп арманда» атты өлеңімен танысу.
Әңгімелесу.
Ниет тазалығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамның ниеті неліктен бұзылады деп ойлайсың?
Тау ішінді «Айқайлаған адам өз дауысының жаңғырығын естиді»- деген пікірмен қаншалқты келісесіз?
Оқу ақпараты: Мәтінмен жұмыста туындайтын ой-пікірлерді тұжырымдау мақсатында берілген оқу ақпартымен оқушылар өз бетінше оқып танысып, ондағы әрбір айтылған тұжырымның мағынасын ой елегінен өткізеді.
Дәйексөз. Сабақтағы ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында оқулықта «назар мен ниеті әдемінің ой-санасы әдемі, ой санасы әдемінің өмірі рахатқа кенеледі» деген халық мақалын талдау.
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар Джеймс Лейи Алленнің «Адам қалай ойлайды» деген мәтінін оқып танысу.
Шығрамашылық жұмыс: Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, «Ниетім-өмірімнің айнасы» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру.
Тірек сөздер: ниет, тағдыр, бақыт, сәттілік,пигыл, өмір, аялау, ойлану, ой, пейіл.
Саханалау. «ниетім-өмірімнің айнасы» мәтіні бойынша «Режиссер», «Журналист», «актер», «Көрермен» болып шығын қойылым ұйымдастырыңыздар.
Жүректен жүрекке: Оқушылар бір-біріне жақсылық, үлкен арман , үкілі үміт, ақ ниет, адал көңіл тілей отырып, Мият Нәбиевтің «Болашаққа» атты өлеңін оқып мазмұнына орай жақсы тілектер айту.

Приложенные файлы


Добавить комментарий