Поурочный план по технологий для девочек 9 класса на казахском языке


№1
Тақырыбы: Қазіргі ас үй бөлмесі.Қауіпсіздік техникасы.
ЭҚСН:Нарықтық тепе-теңдік
Мақсаты: : Қазіргі ас үй бөлмесімен,қауіпсіздік техникасы ережесімен
таныстыру.
Оларды ұқыптылыққа үйрету.
Эстетикалық талғамдарын дамыту
Оқыту методикасы:түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақта пайдаланған әдебиеттер:
Оқулық,технологиялық әдістемелік құралдар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру:Оқушыларды түгелдеу,сәлемдесу.Сынып тазалғын тексеру.оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.Оқушы назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын сұрау,тексеру.Оқушылардың үй тапсырмасының сапалы түрде,дұрыс орындалғанын тексеру,тексеру барысында байқалған кемшіліктерді түзету,білім,білік дағдыларын одан әрі жалғастыру,жетілдіру
3.Жаңа тақырып.Қазіргі ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.
Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеде атқарылады. Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін ас үй, тамақ ішетін ас үй, яғни асхана деп бөлінеді.
Тамақ әзірлейтін ас үй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай ас үйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.Тамақ ішетін ас үйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.Ас үйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне ас үйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Ас үйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.
Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.
Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2—1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді.
Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік ас үйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.
4.Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегіережені қайталау.
Кесу құралдарын қолданғанда
Өткір кесу құралдарына өте сақ болыңыз.
Пышақпен шанышқыны берер кезде ұшын өзіңе қаратып ұсын.
Нан, көкөністер, гастрономиялық тағамдарды тураған кезде тақтайшаны қолданып, дұрыс кесу ережелерін сақтаңыз: сол қолдың саусақтары бүгіліп пышақтардың өткір жүзінен арақашықтығы алшақ болу керек.
Үккішпен жұмыс жасағанда қауіпсіздікті сақтаңыз.
Электр плитасын қолданғанда.
Электр плитасын қолданар алдында ток көздерінің дұрыстығын тексеріп алыңыз.
Плитаны қосқан кезде вилканың ток ұяшығына толық кіруін тексеріңіз.
Тоқ бауының оралып қалмауын қадағалаңыз.
Электр плитада тағам дайындау үшін эмальді ыдыс қолданыңыз.
Ыстық сұйықтармен жұмыс жасағанда (су,май т.б)
Қайнаған тағам ыдыстың сыртына тасып кетпеуін қадағалаңыз.
Ыдыстың қақпағын өзіңізден әрі қарай орамалмен ұстаңыз.
Табаны ағаш табаұстағышпен ұстау керек.
5.ЭҚСН:Нарықтық тепе-теңдік
Мақсаты: Микродәрежедегі нарықтық тепе-теңдіктің осы замандағы үлгілерімен таныстыру.
Тақырыпты баяндау
Микродәрежедегі нарықтық тепе-теңдіктің осы замандағы үлгілері
Жоғарыда аралған макродәрежедегі жалпы тепе-теңдік экономикалық жүйенің идеалдық болмасын сипаттайды. Ақиқат өмірде нарықтық тепе-теңдік бұзылып отырады.
Өрмек түрлес үлгі. Бұл көпке белгілі үлгі. Мәні : баға тепе-теңдік болмыстан ауытқығанда, нарықта сатылатын тауарлардың саны мен бағасы тербеледі. Тербелу нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдік орнайтын жағдай пайда болады.
Қатаң бағалы Вальрастікі емес үлгі
Өрмек түрлес үлгіні графикалық талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
• егер ұсыныс қисық сызығының еңкею бұрышы сұраныс қисық сызығынын еңкею бұрышынан шұғыл болса, тепе-теңдік тұрақты болады:
• егер сұраныс қисық сызығының еңкею бұрышы ұсыныс қисық сызығынын еңкею бұрышынан шұғыл болса, тепе-теңдік тұрақсыз болады, бағаның өте қатты тербелуі орын алады;
• егер сұраныс қисық сызығы мен ұсыныстың еңкею бұрыштары тең болса, баға тепе-теңдік болмысы маңайында ұдайы тербелуде болады.
Вальрастікі емес қатаң бағалар болатын үлгі. Бағаның құрылу үлгісі ол икемді болады деген жорамалдауға негізделеді. Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы бағаны өзгерту арқылы, немесе, өткізуге ұсынылған тауарлардың санын өзгерту арқылы жойылады деп жорамалдауға болады. Бірінші жорамал Вальрастық бағытқа тән, екінші — кейнстікке тән.
Бұл үлгі тепе-теңдік болмысты орнату тек бағаны өзгерту арқылы ғана емес, өндіріс көлеміне бағаны сұранысқа үйлестіру мақсатпен, бақылау еңгізу арқылы да қамтамасыз етіледі деп тұжырымдайды.
Кезекші үлгісі. Бағалар мемлекет бақылауында болса, олар ұзақ мерзім өзгермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда сұраныс пен ұсыныстың қандай болмасын тербелуі, тауарлардың тапшылығына, немесе, олардың өтпей жатып қалуына әкеліп соғады. Айталық, алғашқы мемлекет белгілеген баға тепе-теңдік баға болсын. Түрлі себептерге байланысты сұраныс өссін дейік. Баға тұрақты болып қалса, бұл жағдайда тапшылық пайда болады. Енді, тепе-теңдік орнату үшін ұсынысты көбейту керек, немесе, тапшы болған тауарларды тұтынушылардың арасында карточка жүйесін енгізу арқылы, немесе, нарықтық тепе-теңдікті кезекпен сәйкестікке келтіру арқылы рационалды жолмен бөлу қажет. Кезекте тұрғандықтан келген шығындарды, сол кезекте тұрғанда кеткен уақытта пайдалы еңбек жасалғанда түсетін табыстар шамасымен өлшеуге болады. Осыған байланысты мынадай тұжырымдар туады: «ұзын кезектен гөрі қымбат баға жақсы», «қымбат баға кезекті қысқартады». Қарсыластар: «қымбат баға хал-ауқатты төмендетеді». Осы тұжырымдардың екеуі де дұрыс болуы мүмкін. Көп адамдар, өзгерістер қандай болмасын, егер олардың нәтижесінде ұтқандардың байлығының өсуі, ұтылғандардың байлығының шығындарынан артық болса, онда осындай өзгерістер тиімді, ұнамды деп саналады.
Мемлекеттің кірісу жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік үлгісі (кезекші үлгісіне косымша). Егер нарықтық жағдайда мемлекет тауарлардың бағасын тепе-теңдік дәрежеде белгілемесе, онда артықшылық, немесе, тапшылық болуы күмәнсіз.
Егер баға тепе-теңдік дәрежесінен жоғары белгіленсе, артықшылық пайда болып, тауарлар қоймаларда қалып қояды. Осы мәселені шешудің ең жабайы жолы: артық тауарларды мемлекет өзі сатып алады. Осылай экономикалық тепе-теңдік орнайды. Керісінше жағдайда баға тепе-теңдік дәрежеден төмен белгіленеді. Нәтижесінде тапшылық туып өтелмеген сұраныс көбейе түседі. Мұндай ұнамсыз жағдайды жою мақсатымен мемлекет өзінің қаражаттарын пайдаланып тапшылықты болдырмау үшін, мысалы, импортты көбейтеді. Мемлекет өзіне қосымша тауарды жеткізуші қызметін жүктейді. Осылайша тапшылық, жойылады, экономикалық тепе-теңдік орнайды.
Осы замандағы батыс экономикалық әдебиеттері өзін-өзі реттейтін жүйе болып нарықтың қызмет етуін, нарықтық қатынастар субъектілерінің экономикалық іс-әрекеттерінің рационалдылығымен дәлелдейді. Олардың әрекеттерінің рационалды түрде жүруі, ынталар мен қажеттіктерді қамтамасыз етудің оптималдық әдістері арқылы жүзеге асырылуынан көрінеді. Фирмалар өздерінің табыстарын көбейтуді көздей отыра сонымен бірге, «көрінбейтін қолдың» қатысуымен, қоғамдық ынталарды да қанағаттандырады. Фирмалар өнімдердің осы көлемін өндіру үшін алдыңғы қатарлы технологііяны, өндірісті ұйымдастырудың қолайлы әдістерін қолданады. Олардың осындай әрекеттері жеке бастарының табысқа жетуіне, шығындарын үнемдеуіне жол аша отырып, сонымен қатар, жалпы коғамның байлығының молаюына ат салысады. Осылайша, нарықтық жүйе мүмкіндік тудырған жеке адамдардың өз басының табысты көздейтін әрекеттері түбінде бүкіл қоғамның қажеттерін толығырак қамтамасыз етуге жол ашады.
«Көрінбейтін қол» түрінде әрекет ететін өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйе, бір жағынан, экономикалық жүйені ұйымдастырудың формасы болып, екіншіден, шаруашылық жүргізу әдісі болып табылады. Өзін-өзі реттеуді ұйымдастыру формасы. Бұның негізін нарықтық жүйе құранды. Осы форма меншіктің сан алуан формаларына, шаруашылық жүргізудің көп түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларына, көп салалы нарықтық инфрақұрылым жүйесіне негізделеді.
Өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйе әлеуметтік-экономикалық еркіндігі бар шаруашылық субъектілерінің құрылуын талап етеді. Нарықтық экономиканың субъектілерінің осындай жағдайы, объективтік түрде қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады — бұл бір жақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерді еңбек етудің түрлеріне сәйкес бір-бірінен алшақтатып бөледі, экономикалық әрекеттер жағынан оңашаланған өндірушілерді қалыптастырады. Екінші жақтан, еңбек бөлінісі өндірушілер арасында тұрақты функционалдық өзара байланыстар тудырады, сатып алу - сату түріндегі эквиваленттікке негізделген айырбас процестерін келістіреді.
Осы методологиялық болмыс нарықтық экономиканың дамуымен байланысты болатын, бұданда терең процестің теориялық негізін құрайды. Осының табиғи дамуы екі қарама-қарсы тенденцияға: орталықтан тепкіш және орталықа тартқыш тенденцияларға негізделеді. Бірінші, орталықтан тепкіш тенденция қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде пайда болған, жабайы оңашаланған өндірушілерді ұсақ тауарлық өндірісінің монополистік бірлестіктер түрін алған ірі шаруашылық субъектілеріне айналдырады. Бұлар өндіргіш күштердің дамуының және олардың бір-бірімен бәсекелесуінің нәтижесінде пайда болады. Екінші, орталықа тартқыш тенденция қоғамдық еңбек бөлінісі арқасында күшейген функционалдық өзара байланыстара негізделе отырып, интеграциялық сипаттамалары бар, әр түрлі процестерден түрадыБәсекелестік және интеграциялық, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының көрініс формасы ретінде, нарықтық экономиканың өзін-өзі жылжытуының, өзін-өзі реттеуінің ішкі көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы барысында интеграциялық процестерде қолданатын шаралар:
• өндірісті ұйымдастыру саласында жекелеген фирмалар өндірістің, ғылыми-техникалық, жөне әлеуметтік даму мүмкіндікгерін молайтуды көздеп, ассоциация болып бірлеседі. Акцияландыру жүйесі меншік иелерінің арасындағы бәсекеге байланысты пайда болды. Бірақ, ол демократиялық негізде нарықтық экономиканың тәуелсіз субъектілерінің интеграциясын тудырды;
• мемлекеттік реттеу саласында бәсеке және өндірісті монополияландыру процесінде, өндірушілердің әрекет терін шектеуді көздейтін шарттар жасалып қолданылады. Мемлекетгік реттеу жүйесі тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болып отырған кәсіпкерлік іс-қимылды заңды түрде реттеудің негізін құрды. Осы жағдай тауар өндірушілерді «еркіндік аумақпен» қамтамасыз етеді, осы аумақ ішінде олар өздерінің бәсекелестеріне ықпал жасай алмайды;
• айырбас саласында маркетинг концепциясы қалыптасты. Ол бәсекелестік күрес әдістерінің даму нәтижесінде пайда болды және бірте-бірте өндіріс пен тұтыну сфераларының интеграциясына әсер ету механизіміне айналды. Осы жағдай тәуелсіз өндірушілер мен тұтынушылардың ынталарының келісімді болуына негізделеді;
• еңбек ресурстарын пайдалану саласында халықты жұмыспен қамту жүйесі жасалады. Бұл кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлер арасындағы бәсекенің нәтижесінде пайда болады. Осылайша, халықты жұмыспен қамту жүйесі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономканың құрамды бөлігіне айналады.
Қорытынды ретіне мына мәселені айта кетейік: даму процесінде нарықтық экономика өзі іс-әрекетіне тән негативтік жағдайлардан құтыла алмайды. Осыған ұдайы өндірілмейтін ресурстарды пайдаланумен, қоршаған ортаны қорғаумен, бүкілхалықтық байлықты (ормандарды, балықты, тағы жануарларды) пайдалануды реттеумен байланысты мәселелер жатады. Интеграциялық процестер бәсекелік сайыс болып тұрған жағдайда әсер ететін тенденция болып қана табылады. Осы процестер өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылатын нарықтық экономиканың тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі
6.Үйге берілген тапсырма.
№2
Сабақтың тақырыбы: Дастархан мәзірі түрлері.Дастархан мәзірін құру.
Жалпы мақсаты: Тәуліктік меню құруды үйрету. Таңғы, түскі, кешкі дастарханды жабдықтап үйрету. Міндеттері: 1. Тәуліктік меню құруды үйрету 2. Дастархан мәзірін дайындауды үйрету. 3. Шығынын есептеп шығаруды үйрету.Оқыту нәтижесі: Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді. Меню құруды үйренеді, шығынды есептеп шығады.Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау ( Уақыт шеңбері)ІІ. Жаңа сабақ ( рольдік ойын ) алдын - ала тапсырма беруІІІ. І тапсырма ( Өз жұбыңды тап. (калория)) ІҮ. ІІ тапсырма ( тест) Қорытынды Сабақ барысы:Ұйымдастыру бөлімі:- оқушылармен амандасу.- сынып тазалығын тексеру- Оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалауБағалау.Бағалау парақшасы таратылады.Үй тапсырмасы: «Уақыт шеңбері»1. Тортты әрлеу тәсілдерін айтып бер.2 Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді? Сен көбіне қандай әрлеу түрін қолданасың?3 Қандай өнімдерді пісірместен бұрын әреп алады? Сен осы тағамның қандай түрін пісіре аласың?4. Тағамдарды дастарқанға үсынбас бұрын әрлеу жұмысын не үшін жасау керек деп ойлайсың?5. Қонақ шақырғанда ең бірінші жасалатын қағида.Жаңа сабақ «Рольдік ойын»Рольдік ойын үш топқа таңғы ас, түскі ас, кешкі ас.Ресторан даяршы ас мәзірін құрастырып қорғап шығу.Есепшісі кететін шығынды есептеу керек.Бақылаушы бағалайды.Сергіту сәті.Өз жұбыңды тап. (калория)Мұғалім жүп карточкаларын дайындайды: біреуінде -Сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы (әрқайсысы – біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.Таңертеңгілік ас 600 - 700Түскі ас 900 - 1000Кешкі ас 600 - 700Балалар 7 - 10 жас 2380Балалар 11 - 13жас 2860Жасөспірім ер балалар(14 - 17) 3160Жасөспірім қызбалалар (14 - 17) 2760Студент жастар жігіттер 3300Студент жастар қыздар 2800Спортсмендер ер адамдар 4500 - 5000Спортсмендер әйел адамдар 3500 - 4000Ауыр жұмыспен айналысатын ер адамдар 45000 - жоғары Салтанатты түрде тамақтану кезінде дастархан жабдықтау әртүрлі болады.
• таңертеңгілік ас;• түскі ас;• кешкі қонақтарды күту.
Тамақтану кезінде үстелде аз құралдар (қасық, шанышқы, тәрелке) және қағаз сүлгілер қолдану заманы өтті. Енді өзгеше қатаң талап қойылады: дастархан жабдықтау түрлерінің ерекшеліктері туралы білімі, кез-келген жағдайда өзін еркін сезінуге көмектеседі: зайырлы қабылдауда, мейрамханада, шақырылған кешкі аста. Құралдардың қолданылуы туралы оқушыларға әңгімелеу.сызба бойынша қосымша 1.
Пышақ май жағуға арналған. 2. Тарелка – нан және май жағуға арналған. 3. Қасық (бірінші тағамға арналған). 4. Шанышқы (салқын тағамға арналған). 5. Пышақ (барлық тағамға арналған). 6. Шанышқы ет және салатқа негізгі тағамға арналған. 7. Асханалық пышақ. 8. Сәндік тәрелке. 9. Көже құйатын тәрелке. 10. Десертке арналған қасық. 11. Шанышқы-десертке арналған. 12. Су ішуге арналған стакан. 13.Бокал шампан құюға арналған. 14. Бокал қызыл виноға арналған. 15. Бокал ақвино құюға арналған.
Дастархан жабдықтау кезінде қолданылатын қажетті кездемелік сүлгі.Қолданылуына қарай оларды әртүрлі әдістермен бүктеледі, тез, оңай ашылуы ескеріледі, ерінді сүрту үшін немесе тізеге жайып қою үшін. Сонымен бірге тазалық ережелерін сақтау үшін де қолданылады. Егер де дастархан жабдықтауға дәмханада тәрелке берілмеген жағдайда, оның артына төрт бүктелген кездемелік сулықты қойып қояды.
Оқулықта схема бойынша, кездемелік сүлгіні бүктеу тақырыбында сарамандық жұмыс өткізіңдер. Эксперимент үшін кездемелік сүлгінің орнына қағаз салфетканы қолдануға болад
1. Фуршет үстелінің банкет үстелінен айырмашылығы қандай?
2. Салфетка этикетінің ережелерін атаңдар?
IV. Қорытынды Дастархан мәзірі қалай жасалады
Мәзір түрлеріV. Бағалау.Білемін Үйрендім Білгім келедіVI. Үйге тапсырма
№3 Сабақтың тақырып: Сапалы еттің белгілері Қой, сиыр,жылқы ұшаларын дәстүрлі бөлшектеу
Білімділік мақсаты: Сапалы еттің белгілері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: – күнделікті алған білімдерін, тағам дайындау шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: – бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ. Оқыту әдісі: көрсету, тусіндіру, уйрету.
Құрал-жабдықтар: – кастрөл, ас тақтайшасы, пышақтар, тәрелкелер.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезені ; - сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Ұй тапсырмасын тексеру
Тәуліктік норманы таңертеңгілік, түскі,кешті, асқа қалай бөледі?
Азық-түлік калориясы дегенді қалай түсінесіңдер?
Жас ерекшіліктеріне қарай калориялық нормасы дегенді қалай түсінесің?
Дастархан мәзірін қалай құрады?
III. Жаңа сабақ.
Адамның етті қажетсінуі жасқа, жынысқа, денеге түсетін жүктемеге,денсаулығының жай-күйіне байланысты. Ет жоғары сіңімділік және қаныққандық қасиетіне ие, аспаздық өңдеуге оңай көнеді. Ет әртүрлі тағамдар-бірасарлар, бірінші, екінші тағамдар дайындау үшін пайдаланылады. Тағамға тек сапасы жоғары ет қана қолданылады. Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз – су, 15-20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз – май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз – май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір-бірінен айырмашылығы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.Жас еттің түсі ақшыл қызғылт немесе күрең қызыл болады. Ол хош иісті, тканьдері серіппелі созылмады болады. Бүлінген еттің түсі сұрғылт, жабысқақ, жылтыр, иісі ұнамсыз келеді. Ол серіппелі, созылмалы қасиетінен де айырылады.Ұшаларды белгілі бір аспаздыққа арналған шалаөнімдер алу үшін белгілі бір сызбалар бойынша бөлшектейді.Сыртқы түрі, семіздігі, бұлшық ет тіндерінің даму дәрежесі, тері астына майдың жиналуына байланысты қой ұшалары екі санатқа бөлінеді.І санатқа қанағаттанарлық деңгейде дамыған дене бітімді, арқасы мен желке аймағында шамалы алға шығып тұрған омыртқа өскіндері, арқасында және белінде аздаған жұқа қабат түрінде теріасты майы бар ұшалар жатады.ІІ санаттағы бұлшық еттер нашар дамыған, қаңқасының сүйегі байқаларлықтай шығып тұрады, майдың мардымсыз жиналуы ұша беттерінде ғана болады, кейде мүлдем болмайды.Қойдың ұшасын бірнеше бөлік етіп шабады, оларды үш сұрыпқа бөледі. Соңғы
қабырғаның артынан мықын сүйегінің кертпегі арқылы өтетін сызық бойынша ұшаны алдыңғы және артқы жартыға бөледі. Алдыңғы жартысына мойынды, кәрі жілікті, арқа және жауырын бөлігі мен артқы сирақты бөліп алады. Төс сүйегін теңдей екі жартыға бөліп шабады.Қой етінен мынадай ірі кесекті шалаөнімдерді: мойынды, сан етті, төсті, жауырынды, сүбені бөліп алады (1 - сурет).Қазақтардың қой етін дәстүрлі бөлшектеуі өндірістік бөлшектеуден айтарлықтай ерекшеленеді. Ұшаны өткір пышақпен сүйектерге зақым келтірместен, мүшелер бойынша бөлшектейді. Ұшаның әрбір жеке бөлігінің өз атауы болады.І санатқа арқа мен жауырынды және артқы бөліктерді жатқызады. Бұл бөлшектерден қазақша ет, мәнті, кәуап, палау, жаншыма котлеттер мен рагу әзірлейді.ІІ санатқа мойын бөлігіне, төсті, төс етегін жатқызады. Екінші сұрып етін көжелер, бұқтыру, дұнған кеспесін дайындау үшін пайдаланады.ІІІ санатқа мойын бөлігін, кәрі жілікті, артқы сирақты жатқызады. Бұл бөліктерді көжелер мен шабылған өнімдер үшін пайдаланады.Сиыр ұшасының жекеленген бөліктерді құнарлылығы және дәмділік сапалары жағынан бірдей емес, сондықтан аспаздықта оларды бірінші, екінші, үшінші санаттарға бөледі (2 - сурет).І санатқа кесек ет, жұқа және қалың шеттер, артқы аяқтың ішкі және сыртқы бөлігі жатады. Оны қуырылған күйінде порциялық табиғи тағамдарды әзірлеу үшін пайдаланады.ІІ санатқа артық аяқ бөлігін, жауырындарды, жиектіктер мен төсті жатқызады. Бұл етті пісірілген және бұқтырылған түріндегі тағамдарды, турамаларды дайындау үшін пайдаланады.ІІІ санатқа сирақтар мен төс етегін және кескінділерді жатқызады. Бұл сұрыптың қатты, шомбал еті котлет массасы мен сорпаларды дайындауға кетеді.
Жылулық жай күйіне қарай ет суытылған, суыған және мұздатылған болып бөлінеді.
Оқулықпен жұмыс 3 кесте бойынша
Зетханалық жұмыс:Суытылған еттің сапасын анықтау.
4 кестені толтыру.
IV. Сабақ қортындысы а)Оқушылардың зертханалық жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін айтып, білімдерін бағалау ә) Үй тапсырмасы: Сапалы еттің белгілері.
№4
Сабақтың тақырыбы: Шалаөнімдер
Білімділік мақсаты: Шалаөнімдер туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: – күнделікті алған білімдерін, тағам дайындау шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: – бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.
І Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды түгендеу.Бағалау.ІІ жаңа сабақ.Қызығушылықты оятуҚандай ет туралы мақал-мәтелдер бар ? Қандай шалаөнімдерді білесіңдер? Сонымен шалаөнімдер әрі қарай өңдеуді қажет ететін өнімдер.Мағынаны ашуМәтінмен жұмыс (кітаптағы)1-топ Шалаөнімдер.Шалаөнім сапасына қойылатын талаптар.Етті механикалық және жылулық өңдеу.Жылулық өңдеудің негізгі тәсілдері.ІІ-топЕттен дайындалатын тағамдардың классификациясы.  ҚР-ның экокономикасы.Білемін Білгім келеді Үйрендім1 . Кестені дәптерге сызу.2. Оқушылармен мәтінді оқып шығып , алғашқы 2 бағананы толтырамыз.3. Жаңадан алған білімдерін сызбаның соңғы бағанына толтыру.4. Екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын класта талқылау.Шала өнімдер - бұл одан әрі өңдеуде керек ететін өнімдер.Дайындау тәсіліне қарай шала өнімдерді:табиғи, нан ұнтағына аунатылған және шабылған деп үшке бөледі.Табиғи порциялы шала өнімдерді ұшаның дәнекер ұлпалары аз жерлерінен кесіп алып, бір порцияға бір кесік еттен салып береді.нан ұнтағына аунатылған шала өнімдерде дәнекер ұлпасы көп болады, сондықтан нан ұнтағынан аунатпастан бұрын оларды жаншып алады.Ұнтақ жақсы жабысуы үшін жаншылған етті льезонға батырады.Шабылған массаны дайындау үшін котлетке арналған етті пайдаланады.1.Шалаөнімдер деп нені атайды ?2.Етті механикалық өңдеудің қандай әдістері бар?3.Ет тағамдарын әзірлеуде жылулық өңдеудің қандай түрлері қолданады ?4.Еттің тағамдық құндылығы неге байланысты ?5.Қуырылған табиғи өнімдерге қандай талаптар қойылады ?6.Кеген ауылының экономикасы қандай дәрежеде деп ойлайсың?Ү. бағалау.ҮІ. Үйге тапсырма:
№5
Сабақтың тақырып: Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы
Білімділік мақсаты: -таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау технологиясыментаныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: – күнделікті алған білімдерін, тағам дайындау шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: – бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ. Оқыту әдісі: – көрсету, тусіндіру, уйрету.
Құрал-жабдықтар: – кастрөл, ас тақтайшасы, пышақтар, тәрелкелер.
Азық түлік: – ет, тұз, сәбіз, көк жуа (пияз), май жұмыртқа, ұн.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезені ; - сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Ұй тапсырмасын тексеру. а ) Шала өнімдер дегеніміз не ?
сұрақтар б) дайындау тәсілдері бойынша қаншаға бөлінеді в) ет қанша уақытта піседі?
г) 1 кг етті құырса қанша грамм болады?
III. Жаңа сабақ.
Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.
Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.
Зетханалық жұмыс:
Етпен кеспе дайындау.
Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.
Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.
Дайындау технологиясы: – қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.
Жұмыс барысы
1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.
2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.
3. Сорпаны отқа қояды.
4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.
5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.
6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.
7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.
IV. Сабақ қортындысы а)Оқушылардың зертханалық жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін айтып, білімдерін бағалау
ә) Үй тапсырмасы: дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.
№7
Сабақтың тақырыбы: Ет тағамдарына тұздықтар дайындау технологиясыСабақтың мақсаты:Білімділік: білімгерлерге тұздық түрлері туралы мағлұмат беру, дайындалу технологиясын үйрету;Дамытушылық: білімгерлердің тұздық даярлауға деген қызығушылығы мен құштарлығын ояту;Тәрбиелік: білімгерлерді жүйелі еңбекке баулу, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап Көрнекілігі: нұсқау карта, суреттерСабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:А) білімгерлермен амандасуӘ) сабаққа дайындықтарын тексеру;Б) түгендеу, келмеген білімгерлердің себептерін анықтау.Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап:1. Еттен жасалатын тағамдардың классификациясы туралы қысқаша түсініктерін сұрау.2. Ет тағамдарын кулинарлық және жылылап өңдеу тәсіліне қарай топтарға бөлінеді: (қайнатылған, бұқтырылған,қуырылған, көміп пісірілген, шабылған еттен).
Жаңа сабақҚысқаша тұздық дегеніміз не? Осыған тоқталып өтсек.Әлемнің қай бұрышында болса да,дәмді тағам тұздықсыз дайындалмайды.Кез келген кулинарлық анықтамалықтан француз гастраномдары 3000-ға жуық тұздықтың авторы екендігі туралы ақпарат ала аласындар.Жаңадан тапқан тұздықтарға сол елге немесе халыққа байланыстырып ат берген. Осылай француз асханасында «голландық», «португалдық», «итальяндық», «ағылшын», «баварлық», «польшалық» тіпті «татар», «орыс» тұздықтары пайда болды. Бірақ бұл тұздықтардың біреуі де сол елдердің ұлттық тағамдарына ұқсамайды. Тұздықпен тамақ дәмдірек болады, тәбетіңді ашады, қазан сөлі жақсы бөлінеді. Тұздық жеке ұсынатын тағам емес , ол тағамға ерекше дәм беретін дәмқосар, онсыз бірде-бір аспаз тағам дайындамайды.Тұздық тағамның дәмін кіргізіп, хош иіс беріп, көрінісін әдемілеп, консистенциясын тартымды етіп қана қоймай, ол бірдей азық-түліктен дайындалатын тағам түрлерін өзгерте алады. Шындығында, кез келген еттің, көкөністердің немесе күріштің дәмі қосылған тұздықтың түріне қарай өзгереді.Қосымша сипатына қарай, барлық тұздықтарды екі негізгі топқа бөледі: ұн қосылған және ұн қосылмаған. Сонымен бірге тұздықтарды ыстық және салқын тұздықтар деп бөледі
Сарамандық жұмыс Сарамандық жұмыс алдында білімгерлерге техника қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:1. Жұмыс алдында электр сымының зақымданғанын тексер.2. Электр құралдарын жүйеге қосқанда және ажыратқанда құрғақ қолмен айырдың сыртынан ұстаңдар.3. Қосылып тұрған электр құралдарын бақылаусыз қалдырмаңдар.4. Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралдарын сөндіріңдер.Білімгерлер екі топқа бөлініп,технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасайды.1-топ: «Ақтар» тобы ақ негізді тұздық даярлайдыАзық-түліктер: 1 стақан ет сорпасы, 2 ас қасық ұн, 1 ас қасық сары май, қажетінше тұз.
Дайындау технологиясы:1. Қыздырылған майда ұнды тез араластыру, жағымды хош иіс шыққанша қыздыру (ұнның түсі өзгермеуі керек);2. Ет сорпасымен араластыру;
Құрылымы жағынан өндірістік оқу сабағы негізгі үш элементті қамтиды: кіріспе нұсқау, білімгерлердің машықтану барысындағы жаттығуы (өзіндік жұмыс) шебердің ағымдағы нұсқауыҚорытынды нұсқау.Кіріспе нұсқаудың міндеті – бұл білімгерлер санасына атқарылайын деп тұрған өндірістік оқудың мақсаттары туралы толық және кең көлемді түсінік қалыптастыру, оны орындалудың жағдайы, құралдар мен орындалу әдістері мен ерекшеліктері, сонымен қатар бақылау және өзін-өзі бағалау әрекеттері туралы мағлұмат беру болып табылады.Қорытынды нұсқау – өткізілген сабақты қорытындылау, білімгердің сол сабақта алған біліктілік пен дағдысын саралау мақсатында жүргізуі тиісті өндірістік оқу үдерісінің маңызды құрамы болып табылады.Өндірістік оқуда шебер мен білімгердің бірлесе ұйымдастырылған қызметтерінің жолдары соның көмегімен білімгердің білімге біліктілікке және дағдыға қол жеткізуі, ой мен дене күшінің жетілуі, олардың кәсіби шеберлігінің адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген көзқарасының шығармашылық қабілетнің қалыптасуы.Өндірістік оқу үрдісінде сөздік (түсіндіру, әңгімелеу,ауызша немесе жазбаша нұсқау т.б.), көзбейнелеу (еңбек әрекеттері мен қимыл-қозғалыстарын көрсету, көрнекі құралдарды пайдалану, бейнелеу құралдарын қолданк және т.б.) өндірістік (жаттығулар, зертханалық жұмыстар, өндірістік-техникалық тапсырмаларды орындау және т.б.) әдістер қолданылады. Қазіргі кезде өндірістік оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялық әдістердің элементтерін қолданыста кең өріс алып келеді.Мысалы: өндірістік оқу сабақтарын өткізгенде сергіту жаттығулары, ромашка, алқа, балық сүйегі, бес саусақ т.б. әдістерін қолданып келеді.Өзге оқыту үдістері секілді , өндірістік оқу үдерісі де белгілі бір оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік оқу құралдарына қалыпты оқу-өндірістік үдерісті қамтамасыз ететін оқу-өндірістік жабдықтар, құрал – саймандар, оқу және өндірістік құжаттар, шикізаттар, өңделетін және қолданылатын материалдар, көрнекі құралдар, техникалық оқу құралдары т.б. жатады
3. Тұздықты тұздықтың ыдысына салу2 – топ: «Қызанақ» тобы қызанақ тұздығын ақ тұздық негізінде дайындайды.Азық-түлік: шала қуырылған тамыр сабақ, 1 дана пияз, жарты ас қасық қант, лимон, тұз, бұрыш (қажетінше).Дайындау технологиясы:1. Шала қуырылған тамыр сабаққа, пиязды қосып 30 минут қайнатады;2. Пісуге жақындағанда қант, тұз,бұрыш, лимон,сірке қышқылын қосады;3. Т ұздықты сүзгіден өткізеді, сүзгіде қалған көкөністерді тұздықта езіп қайтадан қайнатуға дейін әкеледі, бірақ қайнатпайды;4. Сары май қосып, тұздықты тұздықтың ыдысына салу.
Бекіту сұрақтары:1. Тұздық дегеніміз не?2. Тұздықтарды негізгі неше топқа бөледі?3. Тұздықтарды неше түрге бөледі?
Бағалау:Сарамандық жұмыс барысында білімгерлердің орындаған жұмысының сапасына, алған білімдеріне қарай бағалау.Қорытынды:
№8 Тақырыбы: Қазақтың ұлттық асханасының екінші тағамдары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктері туралы түсініктері бойынша әзірлеу және ұлттық тағамдарын даярлау технологиясының әдіс тәсілдерінің жолдарын үйрену.
Дамытушылық: Қиялдауға, елестетуге, еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап, ет әзірлеудің қыр-сырын білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұлттық дәстүрімізді құрметтеуге дағдыландыру, қонақ күте білуге, қиыншылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету, баяндау, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет.
Көрнекі-құралдар: Ұлттық тағамдардың суреті, кесте, слайдттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тұрмыс-тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысқан халқымыздың да этнографиялық салтына қарай дастарқанның өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісі, жүнін, етін, сүтін ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп, тағам жасау өнерін де жақсы меңгерген. Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен еш нәрсе жоқ.
Қазы, жал, омыртқа көмбе деген,
Қуырдақ, сүр, мипалау тәтті неден?
Қарта, төстік, жая, шұжық, жау жұмырдан,
Қазағым қасиетін ерте білген – деп бекер айтылмаған.
Ет – тіршіліктің нәрі. І-кесте тақтада.2882900330200Ет

Тіршілік көзі

Төрт түлік мал

Жылқы

Сиыр

Түйе

Қой

Ешкі

2882900330200Етті

Бұқтырады

Қуырады

Пісіреді

Котлет жасайды

Қақтап пісіреді

ІІ-кесте тақтада.
Қазақ халқының дастарқанының өзіндік тарихы және дәстүрі бар.
Қазақтың ұлттық тағамдарының дені еттен жасалады. Келген қонаққа арнап мал сойылады. Піскен етті ұсыну үшін, табақ жасау үшін ет бөлінбестен жіліктелген күйінде дастарқанға қойылады.
Табақтарға бөлініп салынады. Табақ атаулары бар. (Слайд)
Бас табақ – аса қадірлі қонақтарға тартылады. Құдаларға немесе үлкен кісілерге. Еттің кәделі мүшелері: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе қабырға, қазы-қарта, жал-жая.
Сый табақ – бас табақтың кәделі мүшелері салынады.
Ортан табақ – ортан жілік, жауырын, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа салынады.
Күйеу табақ – асықты жілік, төс.
Келін табақ – ұлтабар, жүрек, бүйрек, тіл, қабырға, сүбе.
Бас – қадірлі қонақтарға ер адамдарға берілетін тамақ. Басты бөлек қасына пышақ салып дастарқанға ер азамат әкедеді.
Ет дайындау .«Бесбармақ» \слайд арқылы көрсету\
«Бесбармақ» бұл піскен ет пен сорпадан, қамырдан жасалған нан жұмсағы жиынтығынан тұратын тағам түрі.Тұздықты бөлек дайындайды. Сорпа астан соң беріледі.
Ет дайындау үшін массасы 500 грамм 25% ет,40 % қамыр жұмсағы 30% сорпа және 5% тұздық дайындалады. Бесбармақты дайындау үшін қой, ешкі, қүс еттері пайдаланады. Жас еттермен қатар сүр еттер , қазы,-қарта, жал-жая да қосылып беріледі.Пісіру уақыты 2-2,5 сағат етке байланысты.
Еттің қамырын дайындау.
Етке салынатын қамырды ұннан, судан, тұздан және жұмыртқадан дайындалады. Су орнына сорпа қосуға болады.Дайын қамырдың беті тегіс үстел үстіне жұқа етіп жазады да төртбұрыш етіп кеседі 10х10 см
Тұздық дайындау.
Пиязды майдалап турап, үстіне сорпасының бетіне қалқып шыққан майды құйяды.Дәмін жақсарту үшін аскөк, бұрыш салады.
Енді етті ұсынуға да болады.
Етті шұнғыл табаққа алдымен қамырын үстіне етті үсаұтап кесіп оның үстіне тұздығын құйып береді.Сүйекті ет қалдырып оырған адамдарға ұсынады.
Бекіту
Бағалау.
№9 Тақырыбы: Киімді дайындау және жобалау.Киім үлгілері және оған қойылатын талаптар.Иық бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы.Мақсаты: Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі иық бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.Күтілетін нәтиже:А. Қазіргі заман киімдерінің ішінен иық бұйымдарының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар туралы біледі;В. Иық киімдерінің түрлерін, қазіргі киімнің стилдерін ажырата алады;С. Жаңа үлгідегі иық киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданады.Дереккөздер, құрал - жабдықтар: АКТ, Таныстырылым, А4 формат, түрлі - түсті қағаздар,қарындаштар, флипчарт, маркер. желім, қайшы. ресурстар. стикер.Сабақтың барысы:КіріспеМұғалім әрекетіҚағазға киімнің стиль түрлерін жасырып, үш топқа бөлу.1 - т классикалық стиль.2 - т спорттық стиль.3 - т жастар стилі.3. Топ ережесін еске түсіру.Топ басшысын сайлау.(бағалау парағын беремін)Оқушы әрекеті1. сергіту жаттығуларын орындайды.2. Топтарға бөлініп отырады.І топ: классикалық стиль.ІІ топ: спорттық стиль.ІІІ топ: жастар стилі.3. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.Топ басшысын сайлайды. бағалау парағының бөлімдерімен танысады.Топтар Ой қозғау І ІІ СұрақжауапІ топІІ топІІІ топТұсаукесер:Мұғалім әрекеті«Киім» сөзіне ой қозғау. Оқушылардың киім туралы пікірлерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашамын. АКТ таныстырылым:Бейне жазба арқылы қазіргі заманғы иық киім үлгілерін көрсетуОқушы әрекетіКиім туралы әр топ өз ойларын айтады.Сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады.Қазіргі кездегі сән үлгісіндегі иық киімдерінің түрлерімен танысады, көру арқылы есте сақтайды.Негізгі бөлімМұғалім әрекетіЖаңа сабақ. Әр топқа ресурс парақтары беріледі.«Зерттеушілік әңгіме» тапсырма бойынша оқушылар бірге ойлайды, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды.Ітоп. Иық киімі оған қойылатын талаптар.І топ.Иықты киімдер тарихы.ІІ Ітоп. Киім силуэті мен стилі.Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, постер дайындайды және қорғайды.Жеке жұмыс. Ұлттық иық киім үлгісін қағаздан жапсырмалау. Табыс критерийлерін оқушылармен бірге шығару.Топ атынан ұсынылған жұмыстарды екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.Оқушы әрекетіОқушылар оқулыққа қосымша ресурс парақтарын пайдалана отырып постер дайындайды, әр топтан бір адам шығы топтық жұмысты қорғайды. Топтық жұмысты табыс критерийлер бойынша бағалайды.«Сэндвич» әдісі арқылы 1жақсы 1сын 1мақтау айтады.Топтық жұмысты бағалау табыс критерийлері.Критерийлер Толық жауап Жартылайжауап1. Тақырып мазмұныныңашылуы.2. Баяндау шеберлігі.3. Эстетикалық талғамы.Оқушылар А4 форматына түрлі - түсті қағаздан ұлтттық киімінің үлгісін жасайды.Табыс критерийлері:Критер - й 3 4 5Ұлттық киімді бейнелеу шеберлігіЭстети -калықталғамғасай болуы.Шығарма - шылығыТабыс критерийлер бойынша, өзін - өзі бағалау, өзара бағалайды.Топ атынан үздік жұмысты ұсынады. Стикерге екі мақтау, бір ұсыныс жазып ұнаған жұмысқа жапсырады.Қорытынды.Мұғалім әрекетіТүрткі сұрақтарды қолдана отырып сабақты бекіту.Оқушылардың қоржынына жиналған бағаларын назарға ала отырып, қортынды бағалаймын.Рефлексия:«Мен.... есептеймін. Ең табысты болғаны...... Менің ұсынысым бар....»Оқушы әрекетіОқушылар бекіту сұрақтарына жауап береді.Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерін еске түсіре отырып, сыныптағы оқу әрекетіне талдау жасайды, баға береді.

№11 Тақырыбы: Өлшем Өлшем түрлері .Сабақтың мақсаты: оқушыларға өлшем және өлшем алуды үйретуБілімділік: Оқушыларды шалбар түрілеріне шолу жасатып, фасонына байланысты шалбарлардың пішінді бөлшектерінің ерекшеліктеріне тоқтап, таныстыру, үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, ой — өрісін дамытуТәрбиелік: Болашақ мамандыққа қызығушылығын тәрбиелеу, жұмыс барысында белгілі тәртіпережесін сақтау, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеуСабақтың түрі: аралас, сарамандық.Сабақтың әдістері- Түсіндірмелі – суретті (дидактикалық материалмен жұмыс, көрсету), Жартылай ізденіс; Нұсқаулық; зертханалық, өз бетінше жұмыс.Көрнекі құралдар мен құрал - жабдықтар: оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, шалбардың үлгісі, сантиметрлік таспа, дәптер, слайд.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1. Амандасу, жоқ оқушыларды түгендеу2. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу.3. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Шалбар дегеніміз не?Шалбардың қандай түрлерін білесіңдер?Неге шалбарларды белдік киімдерге жатқызады?Классикалық шалбар мен күліш шалбарлардың айырмашылығы?ІІІ. Жаңа сабақ.Шалбарды конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Шалбар тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерінен белгілейді.Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е, биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әріптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы,Жартылай бел айналымы – Жба,Жартылай мықын айналымы – Жма,Шалбардың ұзындығы - Шұ.Балақ ені - Бае.Отыру биіктігі - Об.Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Сантиметрлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды.Шалбар — сырт киім. Шалбар жүріп - тұруға ыңғайлы пішімделеді де, тізеден төмен жері тар, бел тұсы қапсырылған, балағы кең, ышқыры бітеу етіп тігіледі. Ғалымдардың көпшілігі оны кем дегенде ерте темір дәуірінде мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар ойлап тапқан деп есептейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шалбар қалтасыз әрі кең етіп тігілген. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған. Балағы кейде етік қонышына салынатындай тар немесе сыртқа шығарылатындай кең болады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайластырылған Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі. Оның атқа мініп - түсуге кедергі келтірмеуі үшін ешқандай түймесі, ілмешегі жоқ, белдік орнына бау пайдаланылды. Қазақ қоғамы шалбарды жаздық және қыстық деп екіге бөледі.Кез келген бұйымды жасау процесі эскизден, болашақ модель суретінен басталады. Бұл кезең көркем модельдеу деп аталады.Техникалық модельдеу бірнеше кезеңнен тұрады:- модельдің сыртқы түрін зерделеу- модель материалының қасиеттерін зерделеу- базалық лекалоларды таңдау (сызба)- сызбаға фасондық сызықтар түсіру.Кім тапқыр ойыны.Әрбір сұрақта мағыналары әртүрлі, бірақ айтылуы және оқылуы бір анықтамалар берілген (омонимдер)1. Бұйымға пайдаланатын фурнитура немесе тыйым етістігі (түйме)2. Мата қиындысынан дайындалатын бұйым немесе көл жағасындағы өсетін өсімдік (құрақ)3. Су өтетін арық немесе іс - қимыл етістігі (жап)4. Қамырды дайындау процессі немесе құмырсқаның ұясы (илеу)5. Спорт түрі немесе ерлердің шаш үлгісі (бокс)6. Өсімдік мүшесі немесе мектептегі оқыту процессі (сабақ)7. Жұқа синтетикалық мата немесе көгілдір отын (газ)8. Иірім жіп немесе конфет атауы (ирис)9. Қыздың бұрымы немесе іс - қимыл етістігі (шаш)Сарамандық жұмыс. Өз дене бітімінің өлшемін алу.Жұмыс барысы1. Нұсқаулық картамен танысыңдар.2. Өлшем алып, кестені дәптерлеріңе сызып толтырыңдар.Өлшем аттары. Әріппен белгіленуі. Өлшем орындары. Өз өлшемдерін алуАғымдағы нұсқаулық. Сарамандық жұмысты оқушылар топ – топқа бөлініп орындайды. Қыздар бір - бірінің өлшемін алып үйренеді.- жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру;- сарамандық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;- техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;Пысықтауға арналған сұрақтар:1. ЖМа өлшемінің қолданылуы? Бұл өлшем қалай алынады.2. ЖБа өлшемінің қолданылуы?3. Бұ өлшемі қалай алынады?Соңғы нұсқаулық.Сабақты қорытындылау:Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды мадақтау және бағалау.Үйге тапсырма: Әйелдер шалбарын модельдеу.
№12 Тақырыбы: Шалбар сызбасын құрылымдауСабақтың мақсаты:оқушыларға өлшем алуды үйрету Білімділік: Оқушыларды шалбар түрілеріне шолу жасатып, фасонына байланысты шалбарлардың пішінді бөлшектерінің ерекшеліктеріне тоқтап, таныстыру, үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, ой — өрісін дамыту Тәрбиелік: Болашақ мамандыққа қызығушылығын тәрбиелеу, жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтау, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас, сарамандық. Сабақтың әдістері - Түсіндірмелі – суретті (дидактикалық материалмен жұмыс, көрсету), Жартылай ізденіс; Нұсқаулық; зертханалық, өз бетінше жұмыс. Көрнекі құралдар мен құрал-жабдықтар: оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, шалбардың үлгісі , сантиметрлік таспа, дәптер, слайд. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу, жоқ оқушыларды түгендеу 2. Оқушылардың құрал- жабдықтарын түгендеу. 3. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Шалбар дегеніміз не? Шалбардың қандай түрлерін білесіңдер? Неге шалбарларды белдік киімдерге жатқызады? Классикалық шалбар мен күліш шалбарлардың айырмашылығы? ІІІ. Жаңа сабақ. Шалбарды конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Шалбар тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерінен белгілейді. Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е , биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әріптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы, Жартылай бел айналымы – Жба, Жартылай мықын айналымы – Жма, Шалбардың ұзындығы-Шұ. Балақ ені- Бае. Отыру биіктігі- Об. Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Сантиметрлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды. Шалбар — сырт киім. Шалбар жүріп-тұруға ыңғайлы пішімделеді де, тізеден төмен жері тар, бел тұсы қапсырылған, балағы кең, ышқыры бітеу етіп тігіледі. Ғалымдардың көпшілігі оны кем дегенде ерте темір дәуірінде мал шаруашылығымен және аңшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар ойлап тапқан деп есептейді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шалбар қалтасыз әрі кең етіп тігілген. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған. Балағы кейде етік қонышына салынатындай тар немесе сыртқа шығарылатындай кең болады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайластырылған Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі. Оның атқа мініп-түсуге кедергі келтірмеуі үшін ешқандай түймесі, ілмешегі жоқ, белдік орнына бау пайдаланылды. Қазақ қоғамы шалбарды жаздық және қыстық деп екіге бөледі. Кез келген бұйымды жасау процесі эскизден, болашақ модель суретінен басталады. Бұл кезең көркем модельдеу деп аталады. Техникалық модельдеу бірнеше кезеңнен тұрады: - модельдің сыртқы түрін зерделеу - модель материалының қасиеттерін зерделеу - базалық лелалоларды таңдау (сызба) - сызбаға фасондық сызықтар түсіру. Кім тапқыр ойыны. Әрбір сұрақта мағыналары әртүрлі, бірақ айтылуы және оқылуы бір анықтамалар берілген (омонимдер) 1. Бұйымға пайдаланатын фурнитура немесе тыйым етістігі (түйме) 2. Мата қиындысынан дайындалатын бұйым немесе көл жағасындағы өсетін өсімдік (құрақ) 3. Су өтетін арық немесе іс- қимыл етістігі (жап) 4. Қамырды дайындау процессі немесе құмырсқаның ұясы (илеу) 5. Спорт түрі немесе ерлердің шаш үлгісі (бокс) 6. Өсімдік мүшесі немесе мектептегі оқыту процессі (сабақ) 7. Жұқа синтетикалық мата немесе көгілдір отын (газ) 8. Иірім жіп немесе конфет атауы (ирис) 9. Қыздың бұрымы немесе іс- қимыл етістігі (шаш) Сарамандық жұмыс. Өз денебітімінің өлшемін алу. Жұмыс барысы 1. Нұсқаулық картамен танысыңдар. 2. Өлшем алып, кестені дәптерлеріңе сызып толтырыңдар. Өлшем аттары. Әріппен белгіленуі. Өлшем орындары .Өз өлшемдерін алу Ағымдағы нұсқаулық. Сарамандық жұмысты оқушылар топ – топқа бөлініп орындайды. Қыздар бір-бірінің өлшемін алып үйренеді. - жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру; - сарамандық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру; - техника қауіпсіздігі ережесін сақтау; Пысықтауға арналған сұрақтар: 1. ЖМа өлшемінің қолданылуы? Бұл өлшем қалай алынады. 2. ЖБа өлшемінің қолданылуы? 3. Бұ өлшемі қалай алынады? Соңғы нұсқаулық. Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды мадақтау және бағалау. Үйге тапсырма: Шалбар сызбасын жасау
\
№ 15 Сабақтың тақырып:.Пішімді матаға жаймалау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары.
Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері, математика.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
•Оқушылырмен сәлемдесемін;
•Оқушыларды түгендеймін;
•Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
•Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III.Жаңа сабақ.
Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді.
Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.
Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау.
Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы өң жақа қарайды.
Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі.
Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60 см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.
Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.
Лекалоларды жайып пішу.
Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.
Сарамандық жұмыс.
1.Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
2.Оқушылардың өз өлшемдерімен жасалған лекалоларын тексеру.
3.Матаны пішуге дайындау.
4.Лекалоларды мата бетіне жаю.
Қорытынды сұрақтар
1.Дикатирлеу дегеніміз не?
2.Матаның өң бетін анықтау әдістері?
3.Матаның түгінің бағытын анықтау?
4.Лекалоны орналастыру бағытын атаңдар?
Оқушы жұмысын бағалау.
Үй тапсырмасы:бұйымды толық пішіп, құрастыру
№17 Сабақтың тақырыбы: Көркемдік кесте
ІІ.    Сабақтың мақсаты: көркемдік көктеу тігінің түрлерін тігіп үйрену және оларды қолдану орнымен танысу.
А)   Білімділік мақсаты: кестенің түрлерін, тұрмыста қолданылу ретін көрнекіліктер арқылы көрсету, таным деңгейін арттыру.
    Ә) Дамытушылық мақсаты: көктеу тігістерін көркемдік тігістерден ажырата білу, тігісті әсем етіп орындау қажеттілігін қалыптастыру.
Б) Тәрбиелік мақсаты: кесте өнерінің ертеден келе жатқан ұлттық өнердің қастерлі бөлігі екендігін түсіндіру, қазақтың инабатты қызының рухында тәрбиелеу, әсемдікке, биязылыққа, еңбекті сүюге, үй тұрмысына бейімділікке үйрету және қызықтыру.
Сабақтың әдісі: баяндау, демонстрация, сұрақ –жауап, теориялық  білім және сармандық жұмыс.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:қайшы, түсті кесте жіптері, инелер ине қыстырғышта, бір түсті мата, түсті бор, қалам, фломастер, сызғыш, оймақ, сантиметрлік таспа, кестелер эскиздері, кергіш, жақтаулар, канва.
 ІІІ.  Көрнекілігі:  кестелі бұйымдар, слайдтар, буклеттер, дайын бұйымдар.
                 І бөлім.  Оқушылардың  назарын сабаққа   аудару, ой қозғау, кіріспе.
ҮІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Қол  тігістерінің   қандай түрлері  бар?
2. Екі  бөлшекті қосу үшін  қандай тігістер қолданылады?
3. Көрінбейтін   тігістерді    қай  кезде қолданамыз?
4. Көркемдеуші жіп пен көктеу жібінің айырмашылығы қандай?
5. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?
               ІІ  бөлім. Оқушылардың білімін қалыптастыру және тақырып мазмұнына  бойлау
ҮІІ.  Жаңа тақырып.
Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.
Бұйымдардың демонстрациясы, слайд-шоу.
Байқап қарасақ, біздің үй-тұрмысымызда  тұтынатын бұйымдарымыз – сулық,  майлық, қол сүлгі, терезе пердесі, жастық тыс, сейсеп, ақ жайма, жастық жапқыш, сәндік киімдерді, қабырғалық суреттерді т.б. көптеген бұйымдарды әсемдеуге болады екен.
Дәстүрлі өнер  туындысы-  дизайнерлің диван жастықшасы.
              
    ІҮ бөлім. Іскерлік әлеміне саяхат
  Негізгі бөлім:  оқулықта  берілген    нұсқаулық бойынша кесте тігісінің  4-5-6 түрлерін орындау техникасы.
Ескерту!  Ине  мен  жіпті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер.
—            Инені    арнайы  қыстырғышта сақта;
—          Қайшыны,инені біреуге  ұсынғанда    ұшын  өзіңе қаратып  ұста;
—          Инені  аузыңа  салма;
—          Қайшымен қиған  кесде,  сол қолыңдыжаралапалма!
4- әдісті тігу  технологиясы.
Алдымен  бірінші жолда көрінетін адымдармен көктеу тігісін орындаймыз. Екінші жолды тігу үшін осы тігістің тұсында  2 см жерден тағы да  көктеу тігісін жүргіземіз.
Енді басқа түсті жуан жіпті инеге сабақтап алып, инені көктеу тігістерінің бір шетіне бекітіп алып, көрінетін адамдардың арасынан арлы –берлі өткізе отырып Х  тәрізді көркемдеуші тігістерді орындаймыз.
6- әдісті тігу технологиясы
Бұл тігісті орындау  дегеніміз — алдыңғы екі тігістің  қосаланған   түрі десе де болады.
Ол үшін матаға  үш жерден көктеу тігісін жүргіземіз. 1-3 жол тұспа-тұс тігіледі де 2 жол қиылысып тігіледі. Көркемдеуші жіп екі қатар  жүргізіледі.
            Ү бөлім.  Шеберлік  пен дағдыны шыңдау және қалыптастыру
                Сарамандық   жұмыс бөлімі.
Оқушылар  берілген нұсқаулық бойынша көркемдік көктеу тігісінің  4-5-6 түрлерін орындайды. Таратпа  карталарға  оқушылар орындайтын тігістің эскизін салып отырады. Жұмысты ұқыпты әрі тез орындаған оқушыға жеңімпаз жалауы беріледі.
 ҮІ бөлім «Алтын балдақ қол сәні, Әшекей кесте тон сәні»
             ҮІ бөлім  Алған білімдерін бекіту
Кестелі бұйымдардақандай ерекшеліктер бар?
Көркемдік көктеу тігісінің 4 — әдісін  қалай тігеді?
6 — әдісті  тігуді неден бастаймыз?
«Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген» деген мақалды қалай түсінесің?
Қорытынды
Бүгінгі сабақ туралы 1-2 оқушы пікірін тыңдау.
Үлгілі жұмыстарды көрмеге алу.
3.   Қалған оқушыларға жұмысты үйден аяқтап келуге тапсыру
Х.  Сабақты бекіту.  Тарау бойынша тест жұмысы.
1.Қандай маталарды кестелеуге қолданады?
2. Түйінді қалай бекітеді?
3. Айқас тігісі қалай орындалады?
4. суретті қалай көшіреді?
5. Кестелі бұйымдарды қалай күтеді?
6. Құрал- саймандарды, құрылғыларды атаңдар?
ХІ. Қорытынды.
Кестелеу өнері-  бейнелеу өнері мен қолөнерінің қосындысы деп атайды.
ХІІ. Үйге тапсырма.
Өзіндік жұмысты аяқтау.
№18 Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу технологиясыСабақтың мақсаты: Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясы                                                      туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдістерін меңгерту, қол икемділігін                             дамыту,тағампаздыққа баулу.Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы  салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: аралас сабақ.Сабақтың түрі: сарамандық.Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, сызу.Сабақтың көрнекілігі: 1. Дайын бұйымдар.2. Слайдтар.Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды түгелдеу.2. Сабаққа  дайындығын тексеру.ІІ Үй тапсырмасын бағалау.Қайталау сұрақтары:1. Қандай кесте түрлерін білесің?2. Кестелеу барысында қандай құрал- жабдықтар қолданылады?3. Кестелеу барысына қойылатын талаптар?4. Мата таңдау туралы не білесің ?5. Кесте өрнегін дайындау жолдарын ата?ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау.ІҮ Жаңа материалды меңгерту.  1.Қолөнер  - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына  байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте  дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу  арқылы кестеленеді.      Шым кесте тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай  немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.  Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтың бірі кергіш.  Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Ү Сарамандық жұмыс.Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.1. Инені аузыңа салма2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.Нұсқау картаЖұмыстың орындалу реті. Керекті заттар1. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы2. Матаға өрнекті салу3. Матаны кергішке керу4. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу 1 - кезең.  «Түкті кесте» тігу технологиясы. Кестені кергішке керу арқылы орындайды.Кергіш төртбұрыш немесе дөңгелек болуы мүмкін.Бұл кестенің бедері сүлгінің (орамалдың) түгі тәрізді болып келеді. Таңдалған кестенің сызбасын матаның теріс жағына сызады. Мата жұмсақ тез тесіліп қалмайтын болуы шарт. Кестелейтін жіпке келсек: кесте тігуге арналған түрлі түсті жіпті қалауынша пайдалануға болады.        Ал түкті кестеге арналған «кестенің бізін»  мал егуге арналған жуантық шприцтің инесінен дайындайды. Инеге тігін машинасының инесі тәрізді тесік жасап, ұшынан 1см жер қалдырып, резина (өшіргіштің бөлшегі)өткізіп дайындайды. Жіпті иненің бойымен өткізіп келіп,тесіктен кері өткізу қажет. Кесте тартымды болу үшін тігістің ара қашықтығы 1-2мм, тігін машинасының тігісі тәрізді түсуі қажет. Бұл кестемен әркімнің өз қалауына қарай  жастық, төсек жапқыш (плет), қабырғаға ілуге арналған бұйымдар т.б жасауға болады.2 - кезең. Жастықша кестелеу3 - кезең. Айқас тігісімен  кестелеу.4 - кезең. Бисермен кестелеу.ҮІ. Сабақты бекіту.ҮІІ .БағалауҮІІІ. Үйге тапсырмаКесте тігістерін тігу
№19 Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу технологиясыСабақтың мақсаты: Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясы                                                      туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдістерін меңгерту, қол икемділігін                             дамыту,тағампаздыққа баулу.Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы  салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: аралас сабақ.Сабақтың түрі: сарамандық.Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, сызу.Сабақтың көрнекілігі: 1. Дайын бұйымдар.2. Слайдтар.Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды түгелдеу.2. Сабаққа  дайындығын тексеру.ІІ Үй тапсырмасын бағалау.Қайталау сұрақтары:1. Қандай кесте түрлерін білесің?2. Кестелеу барысында қандай құрал- жабдықтар қолданылады?3. Кестелеу барысына қойылатын талаптар?4. Мата таңдау туралы не білесің ?5. Кесте өрнегін дайындау жолдарын ата?ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау.ІҮ Жаңа материалды меңгерту.  1.Қолөнер  - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына  байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте  дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу  арқылы кестеленеді.      Шым кесте тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай  немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.  Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтың бірі кергіш.  Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Ү Сарамандық жұмыс.Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.1. Инені аузыңа салма2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.Нұсқау картаЖұмыстың орындалу реті. Керекті заттар1. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы2. Матаға өрнекті салу3. Матаны кергішке керу4. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу 1 - кезең.  «Түкті кесте» тігу технологиясы. Кестені кергішке керу арқылы орындайды.Кергіш төртбұрыш немесе дөңгелек болуы мүмкін.Бұл кестенің бедері сүлгінің (орамалдың) түгі тәрізді болып келеді. Таңдалған кестенің сызбасын матаның теріс жағына сызады. Мата жұмсақ тез тесіліп қалмайтын болуы шарт. Кестелейтін жіпке келсек: кесте тігуге арналған түрлі түсті жіпті қалауынша пайдалануға болады.        Ал түкті кестеге арналған «кестенің бізін»  мал егуге арналған жуантық шприцтің инесінен дайындайды. Инеге тігін машинасының инесі тәрізді тесік жасап, ұшынан 1см жер қалдырып, резина (өшіргіштің бөлшегі)өткізіп дайындайды. Жіпті иненің бойымен өткізіп келіп,тесіктен кері өткізу қажет. Кесте тартымды болу үшін тігістің ара қашықтығы 1-2мм, тігін машинасының тігісі тәрізді түсуі қажет. Бұл кестемен әркімнің өз қалауына қарай  жастық, төсек жапқыш (плет), қабырғаға ілуге арналған бұйымдар т.б жасауға болады.2 - кезең. Жастықша кестелеу3 - кезең. Айқас тігісімен  кестелеу.4 - кезең. Бисермен кестелеу.ҮІ. Сабақты бекіту.Мақал мәтелдер1. Алтын кемер белге сән ------------------(Ақылды жігіт елге сән)2. Адам өнермен әсем ------------------------(Аң жүнімен әсем)3. Дау қуған жау табады -------------------------(Өнер қуған қазына табады)4. Ата көрген оқ жонар_--------------------------( Шеше көрген тон пішер)5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)6. Киіс пішсең, кең піш ---------------------(Тарылтуың оңай)7. Өнер іздеген өсер ---------------------(Өсек іздеген өшер)ҮІІ .БағалауҮІІІ. Үйге тапсырмаКесте тігістерін тігу

№20 Тақырыбы:Бисермен кестелеу
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту.Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу. Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.II. Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».Суреттер арқылы.1. Бисер дегеніміз не?2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?5. Бисерді неден жасайды?6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?III. Мақсат қою кезеңі. 1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.IV. Жаңа сабақКесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.Тор тігіс Айқас тігіс таңдай тігіс Қабырға тігіс Жұлдызша тігіс2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?Шым кесте моншақ кестеБіз кесте Баспа кестеV. Сарамандық жұмыс. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету.Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері.Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз. Керілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары (саусақ, білезік, шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін бір оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал - мәтелдер айтады.Қолөнердің бір түрі әшекейлі кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр - сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.VI. Сабақты қорытындылау. – Кесте тігуге қажетті аспаптарға қандай аспаптар жатады?– Иненің құрылысы мен түрлері. – Кім айтады, иненің құрылысы мен оның қолданылуы туралы? – Қандай тігіс түрлерін және атауларын білеміз?
№21Сабақ тақырыбы: Бисермен жұмыс істеуге негізгі және қосымша материал
Сабақтың   мақсаты:
Білімділігі:Бисермен  жұмыстануда   шығармашылық   жоба  жұмысы туралы білім қалыптастыру.Моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, ынта-ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту, жобаны талқылау мен қорғау іскерліктерін дамыту. 
Тәрбиелілігі: төзімділкке, ұқыптылыққа, әсемдікке эстетикалық талғамын арттыру.
Көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, сатылап көрсетілген нұсқаулық суреттер, моншақтар, леска №18-8, қайшы, жібек жіп.көрме  жұмыстары.т.б. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ,сарамандық  жұмыс.
 
 Сабақ өткізу әдістері:
а) түсіндіру-иллюстрациялық (әңгімелесу, дидактикалық материалмен жұмыс, көрнекілік);
ә) жеке іздестірушілік;
б) нұсқама, сарамандық жұмыс, өздігінен орындалатын жұмыс.
Оқу құралдары:
а) пәндік-табиғи объектілер, көрнекті құралдар;көрме  жұмысы, сарамандық-еңбек қызметі;фарнитура ,Буклет.т.б.
                                      Сабақтың барысы
ТРЕНИНГ»СЕН  ҚАНДАЙСЫҢ?»Қызыл,жасыл  моншақ  болып топқа  бөлу.
I.Қызығушылығын   ояту:
Дәптерге  күннің  жадын жазу.Тақырып:Бисермен  жұмыс. 
Сабақтың  ұраны:»Алғыр  еңбек  терең  ой,нағыз  досың   ойлап  қой»
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
 «Бисер»талдау-жинақтау.Ассоциация.
Бисерді  қайда  қолдануға  болады?
 
            * Көрмеге  саяхат.»Моншақтар  әлемі»
II.Мағынаны   тану:
 Барлық қолөнер сияқты бисердің де  өз тарихы бар. 
Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады. Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сыр-
ға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.
Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі «бусра» сөзінен шыққан.
Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді.
Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.
Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.
Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.
Рубка- қысқа таяқшалар.
 
Шығармашылық  жобаны  таңдау.
Бүгінгі сабақтың мақсаты - шығармашылық жобада  бұйымды  таңдай білуге үйрену және бисермен тоқу техникасын жетілдіру. Жұмысты шығармашылықты түрде ұйымдастыру үшін сынып шағын топтарға бөлінеді, әрбір топ жұмыстың өздеріне бөлінген кезеңін атқарады, әрбібір топтың өз жұмыс орны, қажетті құралдары болады және мұғалімнің кеңесін ала алады. 
I-топ»Қызыл   моншақ»
II-топ»Жасыл  моншақ»
Жоба бойынша жұмыс. «Бақыт   ағашы»,»Түйреуіш  көбелек»
Жобаның көкейтестілігі.
 
2 топ  жобаны жіктеу мен талқылау  барысында іс-әрекеттер жоспары жасалады, проблемаға талдау жүргізіледі. 
Қазір қолда не барын және нені істеу керек? 
Деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады. 
 (Жұмыс барысында мұғалім мақсат коюға көмектеседі, жұмысқа түзету енгізеді). 
Зерттеу.
Жоба нұсқалары суреттермен, сұлбалармен, қысқаша сипатталармен қатар беріледі. 
Тақырып бойынша ақпарат жиналып, талқыланады. Бірлесіп талқыланғаннан кейін негізгі нұсқаны таңдап алады. 
Мұғалім іс-әрекеттер жоспарын жасауға көмектеседі. 
Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырады, құрал –саймандар,(сым,қайшы,моншақ.композиция ,т.б)материалдар іріктеліп алынады. Оқушылар көрсетілген дайын жобаларға талдау жасайды, болашақ бұйымға қажетті заттардың тізімін құрастырады. 
Жоба тақырыбын таңдап алуды негіздеу, идеяларды дайындау мен үздіктерін таңдап алу.
Оқушылар мұғаліммен бірге алға қойылған мәселелерді талқылайды. Өз жобалары үшін қажетті ақпаратты іріктеп алады. 
Қауіпсіздік  техникалық  ережесі:
 
* Моншақтарды араластырма.
* Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн.
* Сым темірмен ойнама.
* Сымды қайшымен қияды.
*Сымды көзге жақын ұстамайды.
* Жұмыс орныңды таза ұста.
 
Керекті құрал – жабдықтар:
• Бисер түрлері;
•қайшы; жіңішке  сым;
.фарнитуралар(түйреуіш,т..б)
.ермексаз
*Сарамандық жұмыс
1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек;
2. Жұмыс киімін кию;
3. Құралдарды тексеру;
4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді   алып дайындаймыз;
5. жұқа сымды аламыз;
6. Сымның бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз;
7. Сымның бір шетінен бастап бисерлерді 1-2-3  түйірден бастап ораймыз, ара қашықтығы 1-1,5 см болу керек;
8. Осындай бұтақтық 16 данасын жасауымыз керек;
9. Дайын бұтақтардың 5 данасын бір-біріне біріктіріп жіппен орап, ораймыз да талдың бір бұтағын дайындаймыз
10. Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, изолентпен ораймыз;
11. Дайын ағашты арнайы ыдысқа саламыз, ол үшін бізге  ермексаз жұмсарту, үстіне ағашты саламыз;;
12. Эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.
Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин Жаттығу жасау реті: 
 
Көзді алақанмен жауып   тұру.
1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату
2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет
көзді жыпылықтату
3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет
 
Нәтижелер мен қорытындылар:
Оқушылар дайындаудың оңтайлы технологияларын таңдап алып, болашақ жобалардың эскиздерін көрсетеді, жиналған ақпаратты нақтылайды,талдайды, қорытындылар жасайды. (Барлық жұмыс мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.) 
Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.
 1.Таңдаған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы керек. 
2.Таңдаған зат сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? 
Осының барлығын ойластыру керек. 
3.Таңдаған жобаның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.  Жұмыс орындарын жинастыру.
 
Жаңа материалды бекіту: Жоба жазу, дайын жұмысты сәндеу  , жобаны қорғауға дайындау.
 Ой  толғаныс:
*Бисер дегеніміз не?)ұсақ  моншақтар.)
*Бисердің қандай түрлері болады?(стеклярус,моншақ.)
*Бисерден стеклярустың айырмашылығы неде? (ол ұзындығы 3мм түтікше тәріздес болып келеді)
* Шығармашылық жоба дегеніміз не?
 
Оқушы жұмысының нәтижесіне қарай  бағалау. 
 «Инсерт»арқылы  қызыл  түсті фишка- «5»,жасыл түсті- «4»бағалау.
 
Көңіл-күй»ойыны
Бүгінгі  сабақтан алған  әсерлерінді  бейнелеңіз.
Ақ қағазды  пайдалана  отырып білдіру.Ойын  шарты : қарындаш,қаламсап,қайшының  көмегінсіз.
Сабақ  аяқталды .Сау  болыңыздар
№22Сабақтың тақырыбы. Бисермен тоқымашылық.
Мақсаты: оқушыларға бисермен тоқымашылық технологиясын меңгерту.
Міндеттері:
Бисердің тарихы, қолданылуы туралы мағлұмат беру, бисерден гүл тоқу технологиясын үйрету.
Оқушыларды шыдамдылыққа,әсемдікке, ұқыптылыққа, сапалы жұмысқа тәрбиелеу.
Оқушылардың ойлау қабілетін, өз бетінше тоқу шеберлігін дамыту.
Сбақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ- жауап, баяндау, сарамандық, демонстрациялық.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, математика.
Қажетті құрал –жабдықтар: бисер,  мыс сым, сызғыш, үлгілер, интер белсенді тақта, компьютер, слайд дискісі.
 
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.(1 мин.)
Оқушыларды түгендеу.
Сабаққа дайындығын тексеру. ( жұмыс орындарын тексеру )
Техника қауіпсіздігін ескерту.
«Қар көшкіні» ойын.
ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.(2 мин.)
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі.(5 мин.)
Бисер дегеніміз не?
Биермен қандай бұйымды әшекейлейді?
Бисердің қандай түрлері бар?
Бисер өріміне қандай материалдар қажет?
Кестелеу үшін қандай канва және бисер қажет?
Бисерді кестелеуге арналған қандайтігіс түрлерін білесіңдер?
Қандай бұйымдарды бисермен кестелейді?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. ( 2 мин.)
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бисермен тоқымашылық» , сабақтың мақсаты оқушыларға бисермен гүл  тоқуды үйрету және  технологиясын меңгерту.
Ү. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. (5 мин.)
Бисермен тоқымашылық Англияда Викториандық және Эдвардиандық дәуірде кеңінен тарады, сондай- ақ Солтүстік Америка үндістердің рәсімдеу шараларына киетін киімдерін де бисермен әшекейлейтін болған. Оңтүстік африкалық зулустар бисер таспасын, мерекелік белдіктер мен жабуларды әшекейлеуге пайдаланылған.
                     Бұйымға қадалған әрбір бисер түсінің өзіндік мағанасы болған, олардың үйлесімділігі  түстер тілінде сөйлеуге мүмкіндік берген. Бір жерден екінші «белдік- хаттар» беріп жібергенде, түстер үйлесімділігінен хат алушы бұл жақсы хабар ма әлде жоқ па бірден білетін болған.
                      Енді бисер тоқымасы, негізінен, декоративті сипатта, алқа дайындауға (сырға,білезік), картина, панно, бонсай ағаштарын, түрлі гүгдерді, әртүрлі сүйкімді заттар жасауға қолданылады. Бисерден тоқылған гүлдер дүкенде өте қымбат тұрады,  оны біз өз қолымыздан да жасай аламыз. Бұндай гүлдерді, ағаштарды декоративті зат ретінде үйге қоюға және  сыйлыққа беруге болады.
        Бисерден гүл жасау үшін бізге сым, гүлдің түсіне сәйкес бисер және жапырағына жасыл түсті бисер,  жуан сабаққа арналған темір, жапсырма таспа, гүлді отырғызатын ыдыс, цемент, құм керек.
         Демонстрациялық кезең.(5мин)
Тоқылған гүлдерді көрсету.
Гүл жапырақшаларын жасатып көрсету, біріктіруін көрсету.
ҮІ. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі. ( 5 мин.)
1.Бисермен тоқымашылық қай дәуірден басталды?
Биермен тоқымсашылық әдісін қолданып қандай бұйымдар жасауға болады?
Бұйымға қадалған әрбір бисер түсінің өзіндік мағанасы қандай болған?
Сергіту кезеңі. 4(мин.) Ойын жүргізу.
ҮІІ. Бекіту кезеңі. (10 мин.)
Сарамандық жұмыс.  Гүл  жасау.
Жұмыс орнын дайындау.
Техника қауіпсіздігін ескерту.( бисерді ыдысқа салу, сымды, бисерді ауызға салмау)
Сымды өлшеп қиып алу.
Бисерді тізу.
Орау тәсілі.
Жапырақшаларды біріктіру.
Сабағына бекіту.
Таспамен орап әшекейлеу.
 9.Сапасын тексеру.
 
І- кезең тексеру: жұмыс орнын, техника қауіпсіздігін тексеру.
ІІ- кезең тексеру: жасалу технологиясының дұрыстығын, бір –бірін тексеру, қатесін түзету.
ІІІ- кезең тексеру: жұмысты жинау, жіберген қатенің себебін анықтау, түзету, жақсы жұмыстарды мадақтау.
Бағалау (4мин.)
 
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі. (2 мин.)
№23
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеуде бисерді қолдану
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнері жайында
түсінік беру; қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек
түрлерінің ерекшеліктерін көрсету; киім үлгісіндегі ою-
өрнектердің қарапайым түрлерін қағаз бетіне түсіріп,
ұлттық киімдерін дайын шаблон арқылы әшекейлеуге
үйрету.
Сабақтың міндеті: оқушылардың шығармашылық ой қабілеттерін арттыру,
эстетикалық тәрбие беру; жұмыс барысында оқушыларды
қайшымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
керектігін ескерту.
Мұғалімнің сабаққа көрнекті құралдары: қазақтың ұлттық киім үлгілері,
фотосуреттер; оқушылардың үздік орындаған жұмыс
үлгілері; ою -өрнек түрлері, кітаптар.
Сабақтың барысы:
Кіріспе. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу». Осы жұмысты дайын шаблон арқылы жасаймыз.
Қол өнерінің бір түрі –сәндік қолданбалы өнер. Бұл өнерде халық қолданатын заттарды – ыдысты, киімді, киізден жасалған бұйымдарды, жиһазды әдемілеуге, әшекейлеуге тырысқан. Қазақтың ұлттық киім –кешектеріне келсек, оның да ұлттық өзгешеліктері бар. Киімдерді алдымен көшіп –қонуға арнап тіккен. Ұлттық киімдер екі бағытта тігілген - әйел адам және ер адам киімдері.
Біз киімдердің бір қатар түрлеріне тоқталамыз. Ұлттық киімді бірінші таңдаған түрлі –түсті қатырма қағазға бастырып, үлгісін қиып аламыз да, үстіне кимешек, камзолды үйлестіріп жапсырып дайындаймыз. Содан соң оларды түстері келетін фольга немесе жылтыр қағаздан қарапайым ою -өрнек ойып әшекейлейміз.
Бисермен кестелеп әшекейлейді.
Суреттер көрсету
Презентация
Сергіту жаттығуы.
Ал, қазір балалар, жұмысқа жақсы кірісіп кету үшін денемізді шамалы қозғалтып, шынықтырып алайық. «Қыз қуу» ойынын ойнап жіберейік. Ол үшін бір қыз бала және бір ер баладан тұратын екі жұп керек. Мына ағаш атымызға мінген қыз бала мен ер бала белгілі арақашықтықта бір мезетте шабады. Ойын шарты бойынша қыз бала бұрылысқа бірінші болып жетуі тиіс. Егер ер бала бұрылысқа дейін қыз баланы қуып жетсе, жеңімпаз атанады, ал қуып жетпеген жағдайда қыз бала оны қамшымен ұрады. Екеуі де осы жарыста өздерінің тапқырлықтарын, шабандоздық шеберліктерін таныта білуі керек.
(Ойын ойналады, біткен соң балалар орындарына отырады.)
Сұрақ –жауап.
Бәрекелді, жарайсыңдар. Енді мұқият тыңдап, мынадай сұрақтарға жауап берейік:
Ерте заманда қыздар мен әжелердің қандай бас киімдері болған, олар қалай аталған?
Жауап : сәукеле, кимешек, шарқат, жаулық, орамал, тақия.
Ер баланың киімдері қандай болғанын атаңыз
Жауап: шапан, тон, мәсі, кебіс, т.б.
Ұлттық киімдерді бүгінде қай күні киеміз? Қандай мереке келе жатыр?
Жауап: Бүгінде Наурыз мерекесінде киеміз. Наурыз мерекесі келе жатыр.
Ұлттық ою -өрнек түрлерін білесіңдер ме?
Жауап: қошқар мүйіз, жұлдызша, ирек, түйе табан, т.б.
Сонымен, балалар, біз ұлттық киімдер түрлерін айқындадық. Сол киімдерге ата- бабаларымыз ою -өрнектің көптеген әсем түрлерін орналастырды. Біз енді жасымызға қарай қарапайым ою -өрнек түрлерін ойып, түстік шешімін табу арқылы қиып орналастырып, таңдаған ұлттық киімімізді әшекейлейміз. Кең тараған қошқар мүйіз, қызғалдақ, жұлдызша, ирек оюларын үлгілерге қарап, киімдеріміздің үстіне, ортасына, шетіне орналастырамыз.
Оюдың әр түрін көрсету, атауы жазылған.
Киім үстінде орналасқан үлгісін, орналасқан жерлерін көрсету.
Тәжірибелік жұмыс.
Жұмыс алдында балаларға қайшымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін ескерту.
Оқушылардың ұлттық киімдердің түстік шешімдерін, оюды үйлесімділікпен орналастыруды дұрыс орындауын қарап шығу, жеке көмек көрсету.
Қорытындылау.
Сабақ соңында балалардың жұмыстарын бағалау.
Жақсы жұмыс істегендері үшін алғыс айту, қоштасу.
№25
Сабақтың тақырыбы Кәсіби қызығушылық, қабілет, икемділік Мақсаты Кәсіпкерлік туралы түсінік беру. Кәсіпкерліктің түрлері, кәсіпкерге тән қасиеттер туралы, кәсіпкерлік мақсатына жету жолындағы қиыншылықтар мен табыстарға қол жеткізуге болатындығы арқылы оқушыларды алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу. Жұмыс нәтижесі Кәсіпкер, кәсіпкерліктің түрлері жайында жаңа түсініктер қалыптасады, өмірмен байланыстыра біледі. Сілтеме Қ.Ж. Ағанина, С. Сатыбалдин, Т. Ермекова, Ш. Кененбаева, А. Подмазенко, Ж. Қасымова, Т. Байкенов Экономикалық білім негіздері. Оқулық 2000 ж Әдістер мен тәсілдер Диалогты оқыту; Сыни оқыту; АКТ-ны қолдану; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды Ресурстар Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы, стикер Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут Сабақ жоспары 1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою 2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша 3. Рефлексия 4. Үйге тапсырма Үйге тапсырма 5.1 Кәсіпкерлік Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Сергіту сәті. «Сауда белгісін» қорғайды. Мұғалім әр тапсырманы теңгемен бағалайды. Үй тапсырмасын сұрау. Деңгейлік тапсырмалар. 1. 1. Пайданың формуласы қандай? (Т-Ш =П) 2. 2. Пайда неге байланысты? (Шығынға байланысты болады) 3. 3. Пайда дегеніміз не? (табыс пен шығындардың айырмашылығы) 4. 4. Қандай өндіріс шығындарын білесің? (жұмыскерлерге жалақы төлеу, шикізат сатып алады, электр қуатын төлеу керек, аренда, жер учаскесінің төлемін жасау ) 5. 5. Егер шығындар табыстан артық болса? .(фирма зиян шегеді) 6. 6. Фирманың басты мақсаты не? (көбірек пайда табу) 7. 7. Пайданы тағы қалай атауға болады? (Таза табыс) 8. 8. Фирмалардың пайдасы әр түрлі болады. Неліктен? (шикізатты арзан бағамен сатып алу есебінен, өндірісті жақсы ұйымдастыру есебінен, жаңа технологияларды пайдалану есебінен) 9. 9. Егер табыстар шығыннан артық болса, онда.... (фирма пайдаға шығады) І топ «Рахат» кондитерлік фабрикасы Эмблемасы, Ұраны: «Үнемделген уақыт – қалтадағы артылып қалған ақшамен тең» ІІ топ «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы Эмблемасы, Ұраны: «Уақыт ақша, ал тиімді жұмсалған уақыт- көп ақша» «Кәсіпкер» сөзіне кластер 1. Нарықта бәсекеге түседі 2. Кәсіпкерлік қызметпен айналысады 3. Тәуекелден қорықпайды 4. Тәуекелге барады 5. Белсенді ізденісте болады 6. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алады 7. Тәуекелділікке бас тігеді 8. Фирмаларды, дүкендерді басқарады 9. Өз ісін ашқан адам 10. Өз ісін ұйымдастырған адам 11. Сауда жасаумен айналысады 12. Заңда тиым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысады Оқушылар кластер жасайды «Банктен несие алу» әдісі. Банктен несиелік карточка арқылы несие алады. Ол үшін сұрақтарға жауап береді. ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы заңы қай жылы шықты? (1992 ж) 1. Кәсіпкерліктің мақсаты не? (Пайда алу) 2. Кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі. 3. (кәсіпкерлік) 4. «Кәсіпкерлік» сөзінің мағынасы не? (іске асыру) Семантикалық карта. Жауап сұрақ Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады. Мұнда саудамен шұғылда-нады Ақша және құнды қағаздар сатылады және сатып алынады Құқықтық кеңес беру, экономи-калық кеңес беру Өндірістік кәсіпкерлік Коммерциялық кәсіпкерлік Қаржылық кәсіпкерлік Кеңестік кәсіпкерлік Кәсіпкерге тән қасиеттер 1. Адалдық, яғни серіктестердің өз ара сенімділігі. 2. Жауапкершілік. Нағыз кәсіпкер өз қылығына ақшасымен, мүлкімен жауапты болады. 3. Сыйластық. Іскерлік қарым-қатынас әдебін сақтау керек. 4. Сабырлылық пен қанағатшылдық. Тиісті шекті сақтау және көре білу, өзінің ырықсыз тілектері мен ұмтылыстарын басқара білу. 5. Мінез-құлық мәдениеті. Іскерлік қарым-қатынастардың ережелерін білу, оны сақтау. 6. Уақытты пайдалана білу. «Уақыт-ақша» деген сөзді бизнесмен өз мәнінде түсінуі керек. Кәсіпкерге жат қасиеттер 1. Жалқаулық 2. Жауапсыздық 3. Заңға бағынбау 4. Алдау, өтірік айту 5. Басқаның дүниесін иелену 6. Қызғаншақтық 7. Бәсекелесін жоюға ұмтылу 8. Кәсіпкерліктің әдеп ережелерін сақтамайтындар 9. Басқа адамдардың мүддесін ескермеу Есеп.Табыс, шығын, пайда І топ Есептеп, сіздің «Рахат» фирманыз пайда алған, алмағанын анықтаңыз, егер мыналар белгілі болса: Фирма табысы: Жалпы табысы -150 000 теңге Фирма шығыны: 1. Қызметкерлерге жалақы – 70 000 2. Салық төленді 7000 теңге 3. Көлік қызметтеріне жұмсалған шығын -8000 теңге Фирма табысы:150000 Фирма шығыны:85000 Пайда:65000 ІІ топ Есептеп, сіздің «Баян сұлу» фирманыз пайда алған, алмағанын анықтаңыз, егер мыналар белгілі болса: Фирма табысы: 1. Печенье сатылды -15000 тенге 2. Сыйлық үшін алынды 500 3. Сыйлық орамасындағы печенье сатылды -2000 тенге Сома:17500 Фирма шығыны: 1. Орама материалдары -300 тенге 2. Қызметкер еңбегінің ақысы -5000 тенге 3. Ұн сатып алу -800 4. Май, сүт, қант сатып алу- 1500 5. Электр энергиясы ақысы -500 тенге 6. Бөлмелерді жинау -1000 тенге 7. Сыйлық орамы -300 Сома: Фирма табысы:12500 Фирма шығыны:9400 Пайда:8100 Жарнама. Кәсіпкерлерлер өз өнімдері туралы жарнамалайды. Кері байланыс. «Бес саусақ» арқылы оқушылардан мына сұрақтар төңірегінде жауап ала отырып, кері байланыс жасау. Бас бармақ: -Не үйрендім? Балаң үйрек: -Қандай жетістікке қол жеткіздім? Ортан терек: -Көңіл-күйім? Шылдыр шүмек: -Неден қиналдым? Кішкене бөбек: -Кімге көмектестім? Балалар өз ойларын жинақтап, бүгінгі сабақ барысында алған ішкі сезімдерін, ой-толғаныстарын параққа жазады. Үйге тапсырма беру. Кәсіпкерлік Сабаққа қатысқан екі топқа да Мадақтама беріледі. Семинар сабақта мұғалімдердің қалдырылған ұсыныстары Күнделікке жазып алады.
№26
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет. Сауда саласындағы мамандықтар.
Сабақтың мақсаты:
а) Тамақ өнеркәсібі саласындағы және жеңіл өнеркәсіп
саласындағы мамандықтар туралы оқушыларға мәлімет беру.
ә) Кәсіби қызметтер туралы түсіндіріп, болашақ мамандығын
таңдауда қателеспей өтуге бағыттау.
б) Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру, елімізге өз үлесін қоса білетін маман иесі болуға
тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, видео роликтер.
Күтілетін нәтиже: Өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін үйрету
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.
Тренинг арқылы топтарға бөлу. Карточкада мамандықтар түрлері жазулы, сол мамандық бойынша жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі бойынша 2 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Америкалық психолог Д.Холланд кәсіби ортаны неше типке бөлді?
Реалистік типке қандай адамдар жатады?
Зертеушілік типке қандай адамдар жатады?
Артистік тип қандай?
Әлеуметтік типтегі адамдар қандай?
Кәсіпкерлік типтегі адамдар қандай?
Кеңселік типетегі адамдар қандай?
Кеңес үкіметінің психологы Е.Климов кәсіби ортаны неше типке бөлді?
Адам-табиғат типіндегі адамдар.
Адам-техника типіндегі адамдарға мәлімет бер.
Адам - белгілі-жүйе.
Адам – өнер.
Адам – адам.
III Негізгі бөлім. Ой қозғау.
Топтық жұмыс. Оқушылар кітаппен жұмыс жасап, берілген сұрақтарға жауап береді. Бірінші топ тамақ өнеркәсібі, екінші топ жеңіл өнеркәсіп.
Постермен жұмыс. Сауда саласындағы мамандықтар.
І топқа сұрақ – Сатушы кеңесші, сатушы, сауда өкілі.
ІІ топқа сұрақ – Мерчендайзер, сауда агенті, көтерме сауда менеджері.
Y Қорытынды сұрақтар.
Тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтар түрлерін атаңдар.(кондитер, инженер-технолог,технолог және т.б)
Тамақ өнеркәсібі технологының бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? (Ол жан-жақты, білімді,өз ісінің шебері болу керек және мықты химикте болу керек.)
Технолог неге жауап береді? (Технолог өндірістегі жалғасып жатқан операциялар тізбегіне жауап береді.)
Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады? (тігін,тоқыма,трикотаж, аяқ киім өндірісі, былғары галантерея бұйымдары салалары және тоқымашы, иіруші, конструктор-модельер, суретші-модельер, пішуші, тігінші мамандықтары да жатады.
Жеңіл өнеркәсіп қандай өнімдер өндіреді? (Трикотаж киімдер, аяқ киім, киім, галантереялық бұйымдар өндіреді.)
Жеңіл өнеркәсіпке тән қандай мамандықтарды білесің? (суретші-модельер, конструктор-модельер, пішуші, тігінші, тоқымашы.)
Оқушыларды бағалау.
YI Үйге тапсырма:
Видео ролик көрсетіледі. Жеке кәсіпкер туралы жеңіл өнеркәсіп саласынан. Осы роликті көрсеткеннен кейін үйден өз ойларын эссе түрінде жазып келеді.
№27
Тақырып Ссауда саласындағы мамандықтар.
Мақсаты
  Ауыл шаруашылығы және сауда саласындағы мамандықтар туралы білімдерін толықтыру, осы мамандықтардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, өздерінің өмірлік жоспарларын құруға бейімдеу. Сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын толықтай айта алатын тұлға қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже Тақырып бойынша білімдері толығады, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді, топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, тақырыпқа орай -пікірін шығармашылықпен жеткізе біледі, өзін-өзі бағалай алады.
 
 
Түйінді идея «Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге»                              Абай
 
Кезеңдері
Уақыты Сабақтың мазмұны Бағалау Ресурстар
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті А(3мин)
Ұйымдас-тыру бөлімі  Амандасу. «Мен өмірді сүйемін…»  деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауға нұсқау бере отырып, топта ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.
Бағалау парақшасы таратылады. «Мен өмірді сүйемін, себебі мен білмейтін ғажайып сырлары көп» деген сияқты сөйлемді аяқтату арқылы топта жағымды қарым-қатынас орнату. Үш шапалақ Слайд
 
 
 
 
 
Үй тапсырма-сы.
(7 мин)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мағына-ны тану.
(13 мин)
Топтасты-ру стратегия-сы
 
 
 
Сергіту сәті (2мин)
 
 
 
 
 
 
 
 
Танысты-рылым.
(10-12мин)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үйге тапсырма . «Сен маған, мен саған» сұрақ-жауап арқылы тексеріледі. Сұрақтар:
Кәсіби маман дегенімізді қалай түсінесің?
«Адам-табиғат» типіне сипаттама бер.
«Адам- техника» типіне қандай ерекшелік тән?
«Адам-белгі жүйе» типін таңдаған адамнан не талап етіледі?
«Адам-өнер» типін қандай маман иелері иеленеді?
«Адам-адам» типтегі мамандықтың ерекшелігін атап өт.
Тамақ өнеркәсібі саласында қандай мамандықтар кездеседі?
Жеңіл өнеркәсіпке тән қандай мамандықтарды білесің?
Жеңіл өнеркәсіпте қандай өнімдер өндіреді?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Слайд арқылы суреттер көрсетіліп,сұрақ қойылады. Суреттен қандай мамандық иелерін көріп отырмыз? Бұл маман иелерін қандай салаға жатқызамыз?
Бүгінгі сабағымызда мал шаруашылығы және сауда саласындағы мамандықтар туралы білетін боламыз.
«ЖИГСО» әдісімен берілген тақырыппен өз бетімен танысады.
. «Ең жақсы ойыны».Ең ақшасы көп …….(банк қызметкері, экономист).Ең жасыл ……(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).Ең тәтті ……(аспаз, кондитер).Ең күлкілі ……(клоун, карикатурашы).Ең жауапты …..(сот, бухгалтер).Ең салмақты ……(мұғалім, заңгер).Ең қарым-қатынасы күшті …(биснесмен).1-жұп: Рөлдік ойын « Сатушы- кеңесші мен сатып алушы»
2-жұп: «Ауылым –алтын бесігім» таныстырылым жасап, қорғау.
 
 
Әбунасыр әл Фараби «… адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді… жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген сөзімен бүгінгі сабағымызды аяқтағым келіп тұр.
Оқушыларға бағалау парақшасындағы ұпайлары жинақталып, баға қойылады.
«Мамандығым-мақтанышым» эссе жазып келу, әлемдегі қауіпті мамандықтар туралы мәлімет жинау. № 28
Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі кәсіби тануда тұлғаның жеке қасиеттері
Мақсаты:
тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағыттау;
оқушылар рухани- адамгршілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерту;
оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті түрде таңдата білу.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.
Оқушыларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу- бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани –адамгершілік тәрбие –екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс –тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттерінің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»-делінген.
Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім жобасы мектептерде пән ретінде оқытылуда.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа – қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», депті Ақан сері. Олар: жалған айтпады, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Ола болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға , оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек – ұлы жеңіс болары анық.
Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мазмұнында ескеріліп, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың бойында ең басы қажеттілік өзін-өзі дамытушылық қажеттілігін қалыптастыруы тиіс.
Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым-қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез-келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін-өзі тану» пәні зор ықпал етеді.
№29
Сабақтың тақырыбы: Келешек мамандықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру;
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, СТО, психологиялық жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих, психология, география, әдебиет
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тамақ өнеркәсібі салаларын атаңдар.
Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады?
Сауда саласындағы мамандықтарды ата.
4. Ауыл шаруашылығы салаларын атаңдар.
5. Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығына байланысты қандай мамандықтарды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кім болам?
Ақын болсам, тіл керек.
Шешен болсам, шеберлік керек.
Ғалым болсам, ой керек,
Маман болсам, білік керек.
Палуан болсам, білек керек,
Бәріне негіз болар білім керек.
Топпен жұмыс: плакатка салып, қорғау.
1-топ. Мен таңдайтын мамандық.
2-топ. Қай мамандық түрі осы заман талабына сай.
3-топ. Мамандықтардың ерекшеліктері.
Тігінші тапсырмасы: Суреттегі заттардың атын жаз.
Бұрғы, сүргі, қайрақ
Тапсырма:
«Доп плюс мамандық немесе кім көбірек мамандықты атайды?»
Барлық оқушылар орнындарына тұрады. Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы мамандықтарды атайды.
Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды және қолда үш секундтан аса ұстамау керек.
Музыкант тапсырмасы: Кімге не керек екенін табыңдар.
Тапсырма: Сиқырлы кестедегі суреттердің жауабын табыңдар?
Тапсырма: Оқушыларға нұсқау беріледі, берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Ең ақшасы көп - ......... (бухгалтер, экономист).
Ең жасыл - ......... (эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті - ........ (аспазшы, кондитер).
Ең күлкілі - ....... (клоун, карикатурашы).
Ең жауапты - ....... (сот, бухгалтер).
Ең салмақты - ........ (мұғалім, заңгер).
Ең қарым - қатынасы күшті - ........ (бизнесмен).
Тапсырма:
«Мамандық туралы диалог» - «Иә, бірақ та ...».
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұптар ойыншылардың біріне болашақта алғысы келетін мамандығын талдап, ойластырады. Бұл жерде ойыншының міндеті өз қалауын негіздеу. Диалог «Иә, бірақ та ...» принципі бойынша құрылады.
1-ші «Маған ұнайтын мамандық ...., себебі ...».
2-ші «Иә, бірақ та ...».
Оқушылардың таңдаған мамандығының оған сәйкес келетіндігін аргументті түрде дәлелдей алдыма? Содан соң рөлдермен алмасады. Талдау. Құрылған диалог туралы пікір-талас, өз ойларын, не сезінгендерін жеткізу.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту (рефлексия). INSERT картасы
Сіздер бүгінгі сабақта белсенді болдыңыздар. Мен сіздерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. Сабақ несімен қызықты болды?
Сабақтан не үйрендім?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
Бүгінгі сабақта болашақ мамандықтар туралы көп білетіңіздерді байқадым. Барлықтарыңыз сабаққа белсене қатысып отырдыңыздар.
Ү. Сабақты қорыту.
Ж.Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген сөзімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
ҮІ. Үйге тапсырма. § 46 оқу. Конспект жазу.
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.
VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.
№30
 САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ жобаға аранп бұйым таңдау және шғһығармашылық жобаны жүзеге асыру:
Мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба жасау және оны қорғауды үйрету.
А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.Ә. Оқушының ізденімпаздығын, іскерлігін, шеберлігін, икемділігін арттыру, жоспар құруды үйрету алдына қойған мақсаттарына жету, қабілеттерін дамыту.Б. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас.Сабақта қолданатын әдістер: Мәтінмен жұмыс, «Әңгімелесу парағын» толтыру, кестелерді, схемаларды толтыру, топтастыру әдісі, тест, шығармашылық жобаны қорғау, ой-пікір алысу.Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:компьютер, «Әңгімелесу парағы», интерактивті тақта, ручка, таблицалар, схемалар, бүктеме, суреттер, иллюстрациялар.Пәнаралық байланыс: «Технология» (5-9 с.), информатика, математика, экономика, экология, бейнелеу өнері, тарих.
Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
1. Ұйымдастыру  – 1 мин.
а) түгендеу;ә) құрал-жабдықтарды тексеру; Қауіпсіздік сақтау ережелеріб) формаларын тексеру
2. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты.3. Мәтінді оқу, түсіну – 1 мин.4. «Әңгімелесу парағын» толтыру – 7 мин.5. Интерактивті тақтамен жұмыс – 10 мин.
«Ізденіс жұмыстар» – топтастыру әдісін қолданып.
Эскиз орындау схемасы.
Технологиялық карта бағандары.
Қауіпсіздік сақтау ережелері.
Сарамандық жұмыс.
Экономикалық есептер, формуласы.
«Экологиялық дәлел» топтастыру әдісі.
«Шығармашылық жұмысты пайдалану» топтастыру әдісі.
Жарнама схемасын құру.
Пайдаланған әдебиеттер.
6. Бекіту: «Шығармашылық жоба» схемасы.
1. Тест: «Шығармашылық жобаны қорғау».
2. Компьютермен бағалау: 
I. Ізденіс жұмыстары:
1) Технология түрін таңдау.2) Ақпарат жинау:Шахмат және шашка тарихы, щартты белгілері,үлгілердің схемасы.3) Тақырыпты таңдау.4) Эскиздеу.5) Құрал-жабдықтарды дайындау.6) Қауіпсіздік сақтау ережелері.7) Технологиялық карта құрастыру.
II. Конструкциялық жұмыстар:
1) Өлшемдерді алу.2) Сызбалар мен схемаларды орындау.3) Әдемі дизайн жасау. Әсемдеу, әрлеу.
III. Шығармашылық жобаны қорғау:
1) Экономикалық есептер шығару.2) Экологиялық дәлел.3) Пайдалануы.4) Жарнама жасау.5) Пайдаланған әдебиеттер, сайттар, интернет.
10. «Ой-пікір алысу» парағын толтыру – 1 мин.11. Қорытындылау – 1 мин.12. Тапсырма беру.
Ой-пікір алысу парағы
Фамилиясы Не ұнады? Не ұнамады?
№31
Сабақ тақырыбы: Бисерден жасалған бұйым жиынтығыСабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру,күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу.Сабақтың типі: аралас сабақ.Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, баяндау.Пәнаралық байланыс: математика, тарих.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, дайын бұйымдар.Қажетті құрал - жабдықтар: бисер, бисер салатын ыдыс, қайшы.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды түгендеу.2. Дайындықтарын тексеру.ІІ Үй тапсырмасын сұрау1. Бисер дегеніміз не?2. Стеклярус дегеніміз не?3. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?4. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?5. Бисердің отаны?6. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?7. Бисердің түрлері?8. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?Қайталау сұрақтарының жауаптары:1. Бисер - ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.2. Стеклярус - шыны түтікше ( 5 - 10) қырлы немесе цилиндр пішінді.3. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.4. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.5. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.6. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.7. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.8. Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.ІІІ Жаңа материалды меңгерту1. Бисерден жасалған әшекейлер - түрлі түсті шыны моншақтар, өрнекті композиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы, кезден - ақ шеберлерді қызықтырған.Қазір бисер өру дәстүрі қайта сәнге кірді, өнер саласында бисердің қолдану аясы үлкеюде. Бисер және стеклярус әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады.Қазіргі кезде бисерлерді негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады: моншақ, алқа,сырға, белдік, кулон, білезік т. б.2. Бисерден бұйым жасау технологиясы. Бәйшешек гүлін жасау.Бәйшешек гүлі - Қазақстан оңтүстігінің алғашқы көктем гүлі, сондықтан оны халық «бәйшешек» деп атайды. Кей жылдары тіпті қаңтар айында гүлдейді. Енді осы гүлді бисерден жасаймыз.Жұмыс орнын ұйымдастыру.Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал - саймандар түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу да маңызды.ІҮ Сарамандық жұмыс.Қажетті құрал - жабдықтар:- бисер: ақ және жасыл түстер, бисер салатын ыдыс, сым темір, гипс, акрил бояуы«Бәйшешек» гүлін жасаудың нұсқау картасы:Ү Қорытындылау«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбына эссе жазу.ҮІ БағалауҮІІ Үйге тапсырма.«Бәйшешек» гүлін тоқып келу.
№32
Тақырыбы:Бұйымды бисермен әрлеуМақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту.Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу. Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.II. Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».Суреттер арқылы.1. Бисер дегеніміз не?2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?5. Бисерді неден жасайды?6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?III. Мақсат қою кезеңі. 1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.IV. Жаңа сабақКесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.Тор тігіс Айқас тігіс таңдай тігіс Қабырға тігіс Жұлдызша тігіс2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?Шым кесте моншақ кестеБіз кесте Баспа кестеV. Сарамандық жұмыс. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету.Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері.Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз. Керілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары (саусақ, білезік, шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін бір оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал - мәтелдер айтады.Қолөнердің бір түрі әшекейлі кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр - сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.VI. Сабақты қорытындылау. – Кесте тігуге қажетті аспаптарға қандай аспаптар жатады?– Иненің құрылысы мен түрлері. – Кім айтады, иненің құрылысы мен оның қолданылуы туралы? – Қандай тігіс түрлерін және атауларын білеміз? - Кестелеуге қандай жіптер қолданылады? Инемен тігетін тігістердің түрлеріне байланысты плакаттағы суреттер бойынша оқушылардың жауабы (көктеу, тепшу, жөрмеу, қайып тігу) Кестелеудің бірнеше түрі қолданыста бар. Олар «біз кесте», «айқас» тігу, «жіп салып» тігу, Жасаған бұйымдарының сапасын тексеру, талдау.
№33
Тақырыбы: Матадан раушан гүлін жасау. Мақсаты: Білімділігі: балаларға еліміздің табиғатының ғажайыптарын түсіндіріп, гүл бейнесін тігу әдісін үйрету. Дамытушылығы: балаларды өздігінен еңбек етуге дайындау. Еңбекке деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелігі: жұмыстарын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты орындауға, қазіргі заман талабына сай жан-жақты тәрбиелеу. Әдісі: түсіндіру, шығармашылық ізденіс, топпен жұмыс. Материалдар мен құралдар: мата қиықтары,ине,жіптер, қайшылар,біртүсті мата, картон, панноға арналған рамка, панноның үлгісі. Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру бөлімі: Мұғалім сөзі: - Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады, бүгінгі күнге тілек айтады. Щеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз Үлгі алсын көрген жан мына бізден. II. Ә) Психологиялық дайындық: Гүл ексең терлеп, Мұның аты- еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты – еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. ІІІ. Жаңа сабақ. Слайд: Табиғат. Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл — дүние көркі» . Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады. Раушан немесе Райхан гүлі — хош иісті, ең әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлдердің патшасы, раушангүлділер түқымдасына жатады. Римде бір күнді «Раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған. Біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлмен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді . Жұмбақ : Құлпырса, қадірлейді, аялайды. Құраса сыпырғышқа жарамайды. - Бұл не? (гүлдер) Гүлдер туралы тақпақтар. Слайдтар (тірі гүлдерден композициялар). Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс-шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И.Чайковский «Вальс цветов»). Ал суретшілер небір суреттер салады. Слайдтар (натюрморт). Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айыралады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады. Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады. Слайдтар. Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат-біздің ақылшымыз, көмекшіміз. Сол табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін жүрегіңізбен сезсеңіз, қолдарыңыз сол сұлулықты бұлжытпай қайталап жасап бере алады. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана еш қиындықсыз гүлдің түр-түрін жасай алатын боласыңдар. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары). 1.Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек. 2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек. 3.Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек. 4. Инені ауызға салуға болмайды. 5. Қайшыны бір-бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек. Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек. ІҮ. Сарамандық жұмыс. Өнердің өзі қызығушылықтан оянады,қызығушылық-үйрену процесі.Үйрену-бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Қазақ сурет өнерінің атасы Ә.Қастеев былай деген екен: Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Апамның киізінен, Ешкінің мүйізінен үйрендім. Яғни,өнер біздің айналамыздан табылады,олай болса өнер туындысын жасауға талпынайық. Бүгінгі сабақта сендер матадан раушан гүлін жасап көресіңдер. Раушан гүлі ең әдемі, ең жұпар иісті гүл. Сондықтан оны «гүлдердің патшайымы» деп атайды. слайдтар («Раушан гүлдер») «Раушангүл» гүлін түрлі-түсті матадан қиып, тігу. Балаларға үйрете отырып, орындатамын. Музыка ойналады. 1. Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер. 3. Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін табады. 4. Еңбек етпесен елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме. 5. Ерінбесең, еңбегің өнеді. 2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады. 4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. 5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар. 2. Еңбек – адамның екінші анасы. 3. Ерінбеген етікші болады. 4. Керек тастың ауырлығы жоқ. 5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе. Өнерге үйренем десең, жерінбе. Мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады. 1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар). 2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке). 3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы). 4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр). 5. Ексең егін,…(ішерсің тегін). 6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды). 7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер). 8. Берген – алар,…(еккен – орар). 9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей). Бірінші тәсіл - «жиырылған матадан жасалған раушан гүлі». Жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіру. Слайд 1.Матаны қажетті ұзындықта қиып аламыз. 2.Матаның шеттерін бүгіп тігіс жүргіземіз. 3.Матаны қаттап, қалыпқа келтіреміз. 4.Матаның бір ұшын негізіне қадап, спираль тәрізді орналастырамыз.. 5.Раушан гүлін келістіріп тігеміз. Ағымдағы нұсқаулар: слайдтар (Дайын панно) Ү. Сергіту сәті. Презентация. Балалар жаттығулар жасайды. (балалар қимыл қозғалыс арқылы бойларын жазады). ҮІ. Сарамандық жұмыс. Ағымдағы нұсқаулар: слайдтар (Дайын панно) Сендердің жұмыстарыңның нәтижесін біз мына ұжымдық панно арқылы көрсетеміз. Ол үшін біз алдын-ала дайындалған, матамен көмкерілген картонды аламыз. Дайын раушан гүлдерін осында әртүрлі жағдайда орналастыруға болады: бұтақта өсіп тұрғандай, құмыраға немесе себетке салынған гүлдер. Гүлдің әрбір бөліктерін маталы картонға түйреп, қадаймыз. Дайындалған жұмысты рамкамен безендіреміз. Панно өнер туындысы.Мәдени орындар мен үй ішін көркемдеу үшін жасалады. 1. Табиғи материалдан жасалған панно. 2.Түрлі-түсті қағаздан жасалған панно түрлері де болады. 3.Матадан,лентадан жасалған гүлдер панносы. Енді мен әрқайсыларыңның ойларыңды тыңдағым келеді. Жұмыстарың өздеріңе ұнады ма? Жаңадан не үйрендіңдер, не білдіңдер? Ойланып көріңдерші, бүгінгі сабақта алған білімдерін, еңбектерің келешекте сендерге қажет бола ма? (оқушылардың жауаптары) Балалар, бүгін жұмыстарыңды өздерің бағалайсыңдар. Сабақ бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттер іске асырылды. Жұмыс нәтижесі ұжымдық «Раушан гүлі» панносы. Жүректен – жүрекке (Бәріміз шеңбер құрып айтамыз) Жігер деген- МЕН Күш деген –МЕН. Махаббат деген – МЕН. Кешірім деген –МЕН. Құдірет деген –МЕН. Жастық деген –МЕН. Денсаулық деген –МЕН. Ақылдылық деген –МЕН. Жарқындық деген –МЕН. Бар ғажайып деген –МЕН. Бәрі маған байланысты. Бәрі менің қолымда. Сабақ сәрсенбі күні өтіп отырғандықтан «сәрсенбі сәтті күн» деген мақалмен басталса, енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге жазып, балалар бір – біріне бата береді. Мысалы: - Керім, еңбегің жемісті болсын! - Айым, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта. - Қуат, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын. - Әділ, өмірдегі тірегің еңбек болсын, - Ерлан, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма. Жүректен – жүрекке осылайша жалғаса береді. 1. Сабақ ұнады ма? 2.Бүгін біз не жасадық? 3.Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе? 4.Қандай сұрақтарың бар? Құрметті оқушылар бүгінгі күніміз сіздердің бақытты балалық шақтарыңның бір күні деп білемін, сондықтан осындай күндеріңіз көп болсын. Осымен сабағымызды аяқтаймыз, сау болыңыздар.
№34
Тақырыбы:Бұйымды бисермен кестелеу
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту.Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу. Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.II. Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».Суреттер арқылы.1. Бисер дегеніміз не?2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?5. Бисерді неден жасайды?6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?III. Мақсат қою кезеңі. 1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.IV. Жаңа сабақКесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.Тор тігіс Айқас тігіс таңдай тігіс Қабырға тігіс Жұлдызша тігіс2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?Шым кесте моншақ кестеБіз кесте Баспа кестеV. Сарамандық жұмыс. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету.Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері.Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз. Керілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары (саусақ, білезік, шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін бір оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал - мәтелдер айтады.Қолөнердің бір түрі әшекейлі кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр - сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.VI. Сабақты қорытындылау. – Кесте тігуге қажетті аспаптарға қандай аспаптар жатады?– Иненің құрылысы мен түрлері. – Кім айтады, иненің құрылысы мен оның қолданылуы туралы? – Қандай тігіс түрлерін және атауларын білеміз? - Кестелеуге қандай жіптер қолданылады? Инемен тігетін тігістердің түрлеріне байланысты плакаттағы суреттер бойынша оқушылардың жауабы (көктеу, тепшу, жөрмеу, қайып тігу) Кестелеудің бірнеше түрі қолданыста бар. Олар «біз кесте», «айқас» тігу, «жіп салып» тігу, Жасаған бұйымдарының сапасын тексеру, талдау.
№1
Сабақтың тақырыбы :Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі
 Білімділігі:Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру;
Дамытушылығы:Халқымыздың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын тәжірибеде қолдана білуге, тапсырмаларды орындау кезінде топтасып, жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Тәрбилегі:Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарының қасиетін ұғындыру
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: «Ұлттық тағамдар», слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
-оқушыларды түгендеу;-жұмыс орнын жабдықтау
ІІ. Үй тапсырмасы
-Қауіпсіздік ережелерін ата?-Санитарлық гигиеналық ережелері
-Тамақтану мәдениеті деген не?
Стафилоктар қуат алу, өмір сүру
Тамақ таза жүру, қолды жуу
Жеке бастың гигиенасы жылы жерде сақталған азық-түліктер
№1 сарамандық жұмыс “Еттен жасалған тағамдар”
№2 сарамандық жұмыс “Бірінші тағамдар дайындау”
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақ халқы барлық уақытта өзінің қонақжайлылығымен және ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Сондықтан болар халықта «Жер танимын десең атың болсын, ел танимын десең асың болсын» деген мақал бар. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың негізгі асы ет пен сүт болған.
Ұлттық тағамдар Ет тағамдары сүт тағамдары Ұн тағамдары
Қазақша ет Айран, Қатық Бауырсақ, Таба нан
(Бесбармақ, Бешбармақ) Шалап, Шұбат Май шелпек, Қаттама
Қазы, Қарта , Қымыз , Балқаймақ Талқан, Тары
Жал Жая Кілегей ,Қаймақ Жент (қоспа)
Сорпа , Борша Құрт ,Сары май Майсөк (майтары)
Жөргем ,Шұжық Сүзбе, Уыз, Ірімшік Бидай
Сірне , Ми палау ,Құйрық-бауыр ,Қуырдақ
Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді. Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса да болады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.
IV.Бекіту тапсырмалары
Қазақша еттің құрамы Қазақша ет: 1-2 бас жуа, картоп, қамыр, тұз, су, ет
Ұлттық Сусындар тағамдар, қымыз қазы-қарта, шұбат қуырдақ, айран қазқша ет,сүт
Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып, астындағы әріптерден сөйлем құра.
V. Қорытынды
Бағалау  Үйге тапсырма:
Отбасындағы мерекелік ұлттық тағамдардың жасалу
№4
Сабақтың тақырыбы. Қой етінен дайындалатын шала өнімдерМақсаты:Білімділік: Оқушыларға қой етінен дайындалатын шала фабрикаттар туралы жалпы түсінік беру, алған білімдерін жетілдіру.Дамытушылық: Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, аспаздық шеберлігін дамыту.Тәрбиелілік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандықПәнаралық байланыс: биология, математика.Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру:1.Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау.2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.3. Арнайы формасын түгелдеу.4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.5. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгелдеу.ІІІ. Жаңа сабақШала өнімдер - бұл одан әрі өңдеуде керек ететін өнімдер.Дайындау тәсіліне қарай шала өнімдерді:табиғи, нан ұнтағына аунатылған және шабылған деп үшке бөледі.Табиғи порциялы шала өнімдерді ұшаның дәнекер ұлпалары аз жерлерінен кесіп алып, бір порцияға бір кесік еттен салып береді.нан ұнтағына аунатылған шала өнімдерде дәнекер ұлпасы көп болады, сондықтан нан ұнтағынан аунатпастан бұрын оларды жаншып алады.Ұнтақ жақсы жабысуы үшін жаншылған етті льезонға батырады.Шабылған массаны дайындау үшін котлетке арналған етті пайдаланады.Қой етінен мынандай ірі кесек еттерді бөледі: жауырын, төстік, сүбе, сан ет.Қойдың ірі кесек еттерінен дайындалған шала өнімдерді бүтіндей қуырады. Ірі кесек еттерден порциялық және ұсақтап туралған шала өнімдер дайындауға болады.(15-кесте).Шала өнімдер атауы. Сипаттамасы. Қолдану.Ұсақтап туралғанКәуап - 30-40г- нан текше түрінде кесілген ет қуыруПалау - 10-15г- нан сүйекті ет кесектерін бұқтыруРагу - 20-30г- нан сүйекті ет кесектерін бұқтыруГуляш - 20-30г- нан текше түрінде туралған ет бұқтыруПорциялықЖаншылған котлеттер - Нан ұнтағына аунатылған жұмсақ кесек ет сүйегімен сопақ - жалпақ пішінді қуыруБифштекс - Қалыңдығы 2-3см пішіні әр түрлі жұмсақ ет кесегі қуыруЭскалоп - Қалыңдығы 1-1, 5см-лік жұмсақ етШницель - Нан ұнтағына аунатылған сопақша пішінді қалыңдығы 1,5-2см-лік жұмсақ ет қуыруБұқтырылған қой еті - Қисық төртбұрышты етіп жұмсақ кесілген қалыңдығы 2-2,5 жұмсақ ет бұқтыруСүбе - Қисық сопақша пішінді қалыңдығы 4-5см жұмсақ ет қуыруСарамандық жұмыс. Котлеттік массадан шала өнімдер дайындау.Қажетті ыдыс-аяқтар: еттартқыш, ет бөлгіш тақтай, аспаз пышағы, елек, қалақ, таба.Азық-түлік:1кг котлетке арналған ет массасы, 250 г нан, 350 г сұйықтық, 20г тұз, бұрыш, 60г нан ұнтағы, 200г өсімдік майы.Жұмыстың орындалу реті1. 31-суретпен танысып, котлет дайындаудың технологиялық процесін анықтаңдар. 2. Дәптерлеріңе котлеттің дайындалу барысын ретімен жазыңдар.бифштекс эскалоп рагуІІІ.Бағалау.ІҮ.Қорытынды.1.Шала өнімдер дегеніміз не?2.Ұсақталып туралатын шала өнімдерді атаңдар.3.Ашық отқа қандай шала өнімдерді дайындайды?Ү.Үйге тапсырма. Тағам пісіру
жолдарын жазып әкелу
№5
Тақырып: Бірінші тағамды дайындау технологиясы. Таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау.
Білімділік мақсаты: -таңдау бойынша бірінші тағамды дурыс өндеүлерін көрсетіп үйрету.
Дамытушылық мақсаты:  — күнделікті алған білімдерін,  тағам дайындау  шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:  — бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне  тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ.
Оқыту әдісі: — көрсету, тусіндіру, уйрету.
Құрал-жабдықтар:  — кастрөл, ас тақтайшасы, пышақтар, тәрелкелер.
Азық түлік: — ет, тұз, сәбіз, көк жуа (пияз), май жұмыртқа, ұн.
 Сабақ барысы.
 I. Ұйымдастыру кезені ;     —  сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Ұй тапсырмасын тексеру.       
а ) Шала өнімдер дегеніміз не ?
сұрақтар                      
б) дайындау тәсілдері бойынша         қаншаға бөлінеді ?
в) ет қанша уақытта піседі?
г) 1 кг етті құырса қанша грамм          болады?
III. Жаңа сабақ.
    Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.   
    Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды  әр түрлі етіп жасайды.  Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.
    Көбіне көжелерге қолдан жасалған кеспелерді қосады. Барлық көжелерге аскөк сеуіп безендіреді. Ол көжененің дәмін жақсартады.
    Көжелердің дайындау тәсіліне қарай келесі топ болып бөлінеді – қоспа көже,  езбе көже, мөлдір көже, сүт көже, салқын көже,  ерекше топ – тәтті көже.
    Температурасына қарай көжелерді ыстық күйінде  (70-80С ),  және салқын күйінде (10-14 С) ұсынады.
    Ыстық  көженің тобына езбе көже кіреді (55-60С) ұсынады.
Сорпа дайындаутехнологиясы 
 — азық-түлікті салқын суға салады;
 —  қайнату уақытын қадағалау;
 —  қайнау барысында  еттің көбігін алып отыру;
 — бір қалыпты қайнауын қадағалау;
 — дайын болуға 20-30 минут калған кезде дәмдеуш заттарды қосу;
 — дәміне қарай тұз салып, дайын сорпаны сүзеді.
    Зетханалық жұмыс
Етпен кеспе дайындау.
 Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.
 Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.
 Дайындау технологиясы: —  қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.
 Жұмыс барысы  
 1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.
2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.
3. Сорпаны отқа қояды.
4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.
5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.
6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.
7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.                                                                                                                                                              IV. Сабақ қортындысы 
а)Оқушылардың зертханалық жұмыстарын тексеріп, жіберілген  қателерін айтып,    білімдерін бағалау, баға қою.           
ә) Үй тапсырмасы:  дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың  дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.
№6
Сабақтың тақырыбы : Қой етінен дайындалатын ұлттық тағамдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру;Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері.Пәнаралық байланыс: тарих,
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ
Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз – су, 15-20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз – май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз – май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір-бірінен айырмашылығы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.Бас тарту – сыйлы, алыстан келген қонақтарға мал сойып (қой), етпен бірге бас ұсынады. Сиырдың жарты шекесі, қойдың басы тұтас, жылқының басы кеңсірігінен шабылып, тұтас немесе екіге бөлініп асылады. Қойдың, сиырдың басын үйітіп, тісін бір-екі жерден қағып, жуып тазалап алып барып қазанға салады.Мипалау – піскен малдың миын алып, оған бауыр, құйрық майын, бастың дәмді құйқасын қосып, үстіне тұздық немесе айран, қымыз қосып, немесе сорпаға салып әзірлеп, үлкендерге ұсынады
Шұжық – малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады.
Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті.
Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөпті салады.
Қазы-қарта, жал-жая – құрметті қонақтарға тартылады. Етпен бірге пісіріледі.
Бұқпа – марқаның жіліктері мен омыртқа, қабырғаларын балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін жауып дайындайды.Сірне – туғанына 2-4 күн болған жас қозының етін қазанға салып, үстіне бие сүті мен сұйық қаймақ құйып әзірлейтін тағам.Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды. Оны «бұқпа қуырдақ» деп те атайды.Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды.
Төстік – қойдың төсіндегі етін терісімен кесіп алып, үйітіп, тұздап жейді. Ауыл жігіттері қой сойып жатқанда оны әзірлей қояды.Ақсорпа – ертеде соғымның етін пісіргенде қалған сүйектерін жинап қойып, кейін жуып, қазанға қайнатып, майлы сорпасын ішкен. Оны ақсорпа дейді.Салма – етті турап пісіріп, нан кеспесін салып жасап, ішеді. Негізінен, қой, сиыр етінен әзірлейді. Сорпасы дәмді.
Тұздық – сорпаға жуа, тұз қосып қайнатып, табақтағы туралған еттің үстіне салып, оның дәмін келтіреді. Кейде оған азырақ ұсақ туралған сәбізді де қосады.Шыж-мыж – соғым сойылып жатқанда малдың бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап, шала пісіріп, шыж-мыж жейді.
Қара ала шыжық – ұсақталып туралған етті мал майын қосып табаға қуырып әзірлейтін тағам.
Жаубүйрек – аңшылар аулап алған арқар, киік, таутеке тәрізді аңдарының майлы бүйрегі мен бауырын істікпен отқа қақтап жейді. Қой, ешкі сойғанда да сондай тағам әзірлеп жеуге болады.
Қойды үйітіп сою – қойды бауыздап алғаннан кейін отқа үйітіп алып терісімен бірге сояды. Үйітудің әртүрлі әдісі бар.Ет ыстау – қайың қабығын жағып, оның түтінінің үстіне еттерді іліп қояды. Ысталған ет әрі дәмді, әрі ұзақ сақталады.Бүрме – күзде жаңадан сойылған малды жас күйінде сақтау үшін терісіне салып, бүріп тастайды. Бұл шөпті үнемдеуге, малды арытып алмай етін тамаққа пайдалану үшін өте пайдалы.
Әсіп – ет, өкпе, бауыр мен бүйрек, құйрық майды өте ұсақтап турап, күріш, ұсақ туралған пияз, тұз, бұрыш қосып, жаңа сойылған малдың ішегіне салып пісіріп, әзірлейді.
Түймеш – малдың сұрпы етін ағаш балғамен ағаш жаңғырық үстінде ұрып, жаныштап, жұқалап алып тұздап, сақталған ет. Ол тез піседі, әрі жұмсақ болады.Тоң май – малдың құйрық, шарбы, іш майларын қазанға шыжғырып алынған май. Оған бауырсақ тәрізді ұн тағамдарын пісіреді. Тоң май бұзылмай, ұзақ сақталады.Манас қуырдақ – негізінен аң етінен (киік, арқар) жасалады. Етті ұсақтамай турайды, тұз салып қазанға қайнатады. Пісе бастағанда үстіне қаймақ құйып, ұн сеуіп араластырады да қуырады. Дастарханға манас қуырдақ майымен қойылады.Палау – қазақтың дастарханына да тән тағам. Қазандағы өсімдік майына сүйекті шағын еттер салынып қуырылып, ол піскен соң жақсы жуылған күрішті үстіне салып, су құйып пісіреді.Қарын бөртпе – ұсақ малдың жас етін турап, сүйектерін шауып бөледі де жуып, айналдырған қарынға салып, тұздап, бұрыштап, жуа, сарымсақ қосып, аузын байлап, қазандағы суға қайнатып пісіреді. Ол бұжы тәрізді дәм.Мәнті – тартылған ет фаршынан әзірленеді. Төрт бұрышты кесілген қамырдың ортасына салып, жан жағын гүл қауызындай етіп қаусырып жабыстырады да арнайы ыдыста буға пісіріп жейді.Ет мүшелеріБас. Ірі қарада бас екі шекеге бөлінеді. Жылқыда кеңсірігі бір бөлек, бас екі шекеге бөлінеді, кеңсіріксіз тұтас та асылады.Жақ. Қой, ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пайдаланылады.Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арнаған табаққа салынбайды. Оны отбасының өзі жейді.Мойын ет. Ірі қарада бөлек сылып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырады.Бұғана. Екі жақта үш талдан 6 тал. Мүше орнына саналады.Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.Сүбе. Етегімен алынған 6 қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.Қазы. Семіз жылқыда 20-ға жуық қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, жылқының, басқа малдың ішегіне айналдырылады.Төс. Қыз-күйеулер үшін таңдаулы мүше. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша аталады. Көбіне қуырдақ жасалады, сүрленеді.Төстік. Қойда осылай аталады. Терісімен істікке шаншып, отқа қақтап, құйқасымен жейді.Ауыз омыртқа. Соғым сойылған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикідей береді.Кәрі жілік. Қолда болады, жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға бермейді.Ортан жілік. Жұмыр жілік деп те аталады. Қолда болады, мүшелі жілік.Асық жілік. Санда болады, таңдаулы мүше.Тоқпақ жілік. Санда болады, ең етті жілік.Жамбас. Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге, кейде үшке бөліп асады. Қойдың, ешкінің жамбасы тұтас асылады, ең таңдаулы мүше.Жая. Жылқының сауыр еті, оны сүрлейді, қақтап кептіреді.Белдеме. Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп те атайды, таңдаулы мүше.Мойын омыртқа. Отбасының өзі жейді, қонаққа салмайды.Жүрек. Көбінесе қыз баланың сыбағасы.Үлпершек. Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет.Бауыр. Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады. Құдалықта қойдың бауыры мен құйрық майын қосып, «Құйрық-бауыр» деген кәделі тағам беріледі.Көк бауыр. Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді.Бауыр ет. Ірі малда бөлек сылынып алынады. Асып, қақтап жеуге, қуыруға, жөргемге қосуға пайдаланады.Бүйрек. Балалар сыбағасы.Ұлтабар. Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.Қарта. Жылқы малының таңдаулы мүшелерінің бірі.Қима. Сиырдың маймен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.Тоқ ішек. Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды.Ащы ішек. Өкпе-бауырға қосып қуырылады. Дәруменге бай.Желін. Шап маймен бірге алынып сүреленді.Қарын. Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарыны қарта орнына да жүреді.Өкпе. Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.Жал. Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді.Сирақ. Қой, ешкінің, ірі қара малдың сирағын үйітіп, пісіріп жейді. Қой-ешкінің сирағы – балалар сыбағасы. Ірі қара сирағын қайнатып, құйқасынан басқа да тағам әзірлейді.Бүйен. Ертеректе май, ет тығып, әсіп, түйрек, жұмыр тағамдар жасаған. Қыз-келіншектер сыбағасы.Сабақты қорытындылау сұрақтары:• Еттің құрамын атаңдар?• Еттен жасалатын өнімдерді атаңдар?• Сырбаз қуырдақ дегіміз не?• Бүйен дегеніміз не?• Жақ ет, ұрт ет дегеніміз не?• Кәрі жілік дегеніміз не?• Мойын омыртқа дегеніміз не?Үйге тапсырма беруОқушыларды бағалау:- Сабаққа қатысуларына байланысты бағаланады.Жұмыс орындарын жинастыру.
№7
Сабақтың тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: оқушыларға қамыр түрлерінен, ұннан жасалған тағамдар туралы мағлұмат беру;Дамытушылығы: оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру;Тәрбиелігі: ұн тағамдарын дайындағанда ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың типі: жаңа білімді игертуСабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.Көрнекілігі: нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды түсіндіру, тәтті тағамдар плакаты, пісірілген тағам түрлері, интерактивті тақта.Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі.2. Үй тапсырмасын сұрау.3. Жаңа сабақ.4. Сабақты қортындылап талдау.5. Оқушылардың еңбегін бағалау.6. Үйге тапсырма.1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.2. Үй тасырмасын сұрау: Қой етінен дайындалатын ұлттық тағамдар.1.»Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?(Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек қүші артады).2. Ет және ет тағамдарының құндылығын кім айтады?(Сиыр етінің 18 - 20, қой етінің 15 - 20 пайызын белок құрайды. Құрамы 4 - 9 пайыз майдан тұратын ет, адам денсаулығына пайдалы, яғни күш береді).3. Еттің құрамында қандай витаминдер кездеседі, кім айтады?(Еттің құрамында В тобының витаминдері В1, В2, В3, В12, ал минералды заттардан - фосфор - 0, 2, калий - 0, 3 темір 2 - 3, мырыш 2 - 3 бар.)4. Ұлттық аса қадірлі тамақ, ол қандай тағам?(Ет асу).5. Қой етінен қандай ұлттық тағамдар дайындалады?Қуырдақ  Қазақша ет Кәуап  Төстік тұшпара мәнтіАл енді біздер тағам әзірлеу барысында естен ешқашан шығармайтын техникалық кауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпайық.Қандай тағамды әзірлесең де мыналарды ұмытпа:1. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.2. Отта қайнап тұрған кастрөлдің қақпағын өзінен кері қарай аш.3. Қызып тұрған шәйнекке мұздай су құйғанда өте абай бол.4. Ыстық тағамның дәмін татып көру үшін ұзын қасықты пайдалан немесе оның салқындағанын күт.3. Жаңа сабақ.Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қамырдан жасалған өнімдер».Дәпрерімізге тақырыпты жазайық.Күнделікті өмірде көріп, естіп жүрсіздер, нанды қашан да қастерлеп өскен халықпыз.Нан – жер - ананың адамзатқа беретін баға жетпес азығы.Нан дастарқанға қалай келеді?(Слайдтан ауыл өмірінен көрініс)Жер жырту, тұқым себу, баптау, астык жинау, дүкен, наубайхана, қоймаға сақтау.Ұн – қамырдың барлық түрін әзірлеудәң негізгі шикізаты.Үй жағдайында пісіру үшін бидайдың майда ақ ұны, жоғары, 1 және 2 сортты бидай ұны пайдаланады, жүгері мен қара бидай ұны сирегірек пайдаланылады.Қамырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май, В және РР1 витаминдер тобы, крахмал түрендегі көмірсулар болатындықтан, тамақтың құнарлығы жоғары.Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады:1. Ұннан жасалатын тағамдар - тұшпара, үй кеспесі, варениктер, құймақ.2. Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер - пирожкилер, бауырсақ, бүрменан, бәліш және т. б.3. Дәмделген нан өнімдері - қарапайым майқоспа нан, әр түрлі тоқаштар, қаусырма т. б.4. Ұннан жасалған кондитерлік өнім – торт, печенье, пирожный, прәндік.Бұл өнімдерді дайындау үшін қамырдын алуан түрін пайдаланады.Ұн мен одан жасалған тағамдарды дайындау үшін әр түрлі ыдыстар қолданылады. Олар елек, оқтау, таба, қамыр кескіш, қамыр жайғыш, табақшалар. Ұннан тағам пісіру үшін қамыр илеу керек. Қамырдың өзін илеу түрлеріне қарай қою және сұйық қамыр десек болады.Қамырды екі топқа бөледі: ашытқылы және ашытқысыз.Ашыған қамырдан дайындалатын өнімнің сапасы оның иленуіне, толықсытылып өнделуіне, ашуына байланысты болады.Қамыр әзірлеу алдында ұнды жылы орынға әкеліп, електен өткізеді.Ұнды електен өткізудегі мақсат - одан бөтен заттар мен түйірлерді ажырату.Қамыр илеу үшін ұнды елейді, ашытқыны жылы суға салып араластырады, тұз, қантты ерітіп алады. Ұнның нәруызы суды сіңіріп, ісінеді, қамырға былқылдақтық беретін желімтек түзеді. Ашыту процесі кезінде ашытқылар ұндағы қантты спиртке және көмірқышқыл газына дейін ашытады, ол қамырдан шығуға ұмтылып, оны кеуектейді де, кеуектілік түзіледі, ал сүтқышқылдығы бактериалары қантты сүт қышқылына дейін ашытады, ал ұн нәруыздарын ісіндіруге жақсы әсер етеді және тағамның дәмін жақсартады.Ал осы нанға байланысты қандай ырым - тыйымдар білеміз.1. Нан – дән басы. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қою керек.2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. 3. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Ол үкен күнә.4. Нанды жерге тастауға, шашуға, басуға болмайды.5. Аяқтың астына құранды қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.(Бұл жерде, құранды басып нанды ал, дегені нан құраннан да қастерлі екенін айтып өткен).6. Үйге келген адамға да дәм ауыз тигізгенде нан ұсынады.Маман кеңесі айдарынан.Мектеп асханасының аспазшысының кеңесін тыңдау.Ашытқылы қамырды дайындау технологиясы1. Қамырды илеу – ұнды елеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт немесе су қосады.2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзіледі. Писіру кезінде спирт ұшып кетеді.3. Қамырды өңдеу - әр түрлі өнімдерге арнап өңдейді.4. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.5. Ұсақ өнімдерді пісіру 10 - 12 мин., ірі өнімдерді пісіру 45 - 60 мин., температура 200 - 250 С.Ашытпа дайындау - ұн, су(сүт), ашытқы, аз ғана қант қосылған сұйық қамыр. Ашытпаның ашуы – 1немесе1, 5 сағат.Қамырдын ашуы – жылы жерде 2 немесе 3 сағатСарамандық жұмыс: Ашытқысыз қамыр дайындау.Бекіту:Тәтті, тәтті емес нан бисквит, үгілмелі, қайнатқыБлиц сұрақтар. Оқушылар кезектесіп сұрақтар суырып жауап береді.1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процесі)2. Қамыр неше топқа бөлінеді? (2)3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек?4. Ашытқы қалай дайындалады?5. Бір жұмыртқа 10 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(10мин)Пайдалы кеңес.- Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін мақтаны йодқа батырып, ыдысқа салып, нан салғышқа қояды.- Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салу керек.5. Бағалау. Оқушылардың дайындап келген тағамдарына және сұраққа жауап бергендерін ескере отырып бағалау.6. Үйге тапсырма. Өз таңдаулары бойынша қамыр илеп, пісіпіп әкелу
№8-9
Қамырдың түрлері
Мақсаты: Білімділік:Тамақ әзірлеу технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу.Теориялық білімді практика барысында көрсете білу. Дамытушылық: Қиялдай білуге, елестете білуге ( салыстыра білуге,талдау жасай білуге), еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап,өзін –өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету. Тәрбиелік: Ас тағамын қадірлей білуге үйрету. Пәнге қызығушылықтарын арттыру жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету. Сабақтың түрі: Өтілген материалды жалпы қайталау және жүйелендіру сабағы. Сабақтың көкнекілігі: интерактивті тақта, дайын қамырдан әзірленген тағамдар. Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Тәрбиелік кезең. IIІ.Өткен тақырыпты қайталау. Нанның дастарқанға дайын болып келуі ойланған жанға кашанда қызық,ғажап. Нан ертеден-ақ халықтың әл-ауқатын, тіршілік тынысын танытады. Нан пісірген адамдар әрқашан сыйлы да, құрметті болған. Біз арзан нанға кенелген, әлемдегі ең бай мемлекетте өмір сүреміз. Сол үшін елімізге дән ризамыз.Әйтсе де сол нанның баршылығы кейде келеңсіз жағдайға соқтырады. Егер төрт адамы бар әрбір отбасы күн сайын 100 грамм нанды тастайтын болса,бір жылда 36 килограмнан астам нан рәсуа болады екен. Еліміз бойынша алғанда бұл кеткен шығынның орнын толтыру үшін әрқайсысы 20мың тонна астық сиятын 100элеватор салуға,57 диірмен орналастыруға,тәулігіне 50 тонна нан шығаратын 130нан заводын тұрғызуға тура келеді екен. Нан қонақжайлық пен молшылық рәзімі. Мысалы,орыс халқында қонақты нан, тұзбен қарсы алу дәстүрі ертеден қалыптасқан.Қазақ халқында дастарқан бидай ұнынан жасалған нан мен бауырсақсыз жайылмаған, ал бауырсақ нан өнімдерінің ішінде ерекше орын алады. Нан өнімдерін әр түрлі қамырдан пісіреді? Қамырдан жасалған тағамдар жоғары құндылыққа ие, сондықтан барлық ел аспаздығында маңызды орын алады. 1.Ұн тағамдарын пісіруге қажетті негізгі өнімдер? ҰН СУ Ұн тағамдарын пісіруге АШЫТҚЫ қажетті негізгі өнімдер ТҰЗ 2.Ұн тағамдарын пісіруге кандай сұрыпты ұн пайдаланамыз? Ұн - қамырдың барлық түрін әзірлеу үшін қажетті негізгі өнім. Тағамды үй жағдайында пісіру үшін жоғары, бірінші және екінші сұрыпты бидай ұны жиірек, қарабидай ұны, арпа, қарақұмық жүгері жармалары сирегірек пайдаланылады. Ұннан жасалған тағамдардың құрамында бағалы қоректі заттар: көмірсулар, ақуыз, май,минералды заттар болғандықтан, тамақтың құнарлығы жоғары. 3.Ашытқыны не үшін пайдаланылады? Ашытқы сұйық, сығымдалған және құрғақ кептірілген болуы мүмкін. Қамырдың көтерілуі және ашу процесінің ұзақтығы ашытқының сапасына байланысты. Қамыр қопсытқыштары.Қопсытқыш қоспаған қамыр тығыз болады. Ондай қамыр вареник,кеспе, тұшпара дайындау үшін қажет.Қамыр сапасын жақсарту үшін және оны көтеру үшін оған қопсытқыш қосу керек, сонда қамыр жақсы көтеріледі. Қопсыту тәсілі әртүрлі болуы мүмкін: - биохимиялық ( ашытқыға негізделген) - химиялық- ас содысы, аммоний көмірқышқылы арқылы. - механикалық - маймен араластырып,көпіршіту арқылы. Үй жағдайында қамырды ашытқы немесе ас содасын қосып ашытады. Биохимиялық ашыту жолымен алынған қамырды ашытқылы,ал химиялық және механикалық жолмен алынған қамырды ашымаған немесе ашытқысыз деп атайды. Химиялық қопсытқыштар суда тез ериді,ал қыздыру кезінде: - ас содысы көмірқышқыл газын. - аммоний көмірқышқылы аммиак пен көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Көмірқышқыл газы қамырды қопсытады.Ас содысын қамырға қоспас бұрын, оның дәмі қамырға шықпау үшін, сірке қышқылымен ерітеді немесе айранмен араластырады. 4. Тұзды не үшін пайдаланылады? Тұз қамырдың ашуына, оның физикалық құрамына әсер етіп, дәмін келтіру үшін пайдаланылады. 5. Нан өнімдерінің құндылығын, дәмін және құрамындағы хош иісті арттыру үшін қандай қосымша өнімдер пайдаланамыз? Нан өнімдерінің құндылығын, дәмін және құрамындағы хош иісті арттыру үшін қосымша өнімдер :май,қант,жұмыртқа пайдаланылады. Сарымай және жұмыртқа ескірмеген болуы керек.Жұмыртқаны пайдаланар алдында қабығында сальмонелл, ішек ауруларын туғызатын микробтар болмас үшін ағынды су астында жуып, содан соң бір- бірлеп бөлек ыдыста сапасын тексере отырып жарады. Қантты қамырға қосады,ал қант пудрасын дайын өнімге себеді. Қамырға арнайы дәм, хош иіс беру үшін дәмді қоспалар: мейіз, жаңғақ,цукаттар,мак,джем,сол сияқты хош иісті үстемелер : ванилин,корицы, тмин қосады. 6.Тағамның сапасы неге байланысты? Тағамның сапасы ұнның сапасына байланысты.Ұнның дымқылдығын мынадай әдіспен анықтауға болады:ұнды алақанға салып сығу керек, егер түйір дереу шашылып кетсе, онда ұнның өте құрғақ болғаны; егер алақандағы ұн қозғағанда ыдырап шашылса,онда бірыңғай дұрыс болғаны; егер түйір кесек қалпында қалса, дымқылдығы артық деген сөз. Ұнды құрғақ жерде,арнаулы ыдыста, бәрінен бұрын табиғи материалда сақтаған жөн. 7.Ұнды алғашқы өңдеу тәсілі? Қамыр әзірлеу алдында ұнды електен өткізеді. Еленген ұн оттекпен байытылып, пісіргенде қамыр жақсы көтеріледі.Ұнды електен өткізудегі мақсат- одан бөтен заттар мен түйірлерді ажырату.Жоғары сапалы ұн көтеріледі әрі жақсы иленеді. 8.Ұн өнімдерін неше топқа бөлуге болады? 1.Ұннан жасалатын тағамдар. Тұшпара,үй кеспесі, варениктер,құймақшалар, құймақ,жайма құймақ. 2.Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер. Ватрушка,пирожкилер,пончиктер, бәліш т.б. 3.Дәмделген нан өнімдері. Май мен сүтке иленген,яғни майқоспа нан өнімдері, қарапайым майқоспа нан, әртүрлі тоқаштар,қаусырма, т.б. 4.Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер. Пирожный,торт,печенья,прәндік. 9.Қамыр дайындау тәсіліне қарай неше топқа бөлінеді? Қамыр түрлері ашытқылы ашытқысыз 10. Ашытқылы қамыр дайындау технологиясы? сапасын анықтау қамырдың ашуы қамырды өңдеу Шикізат алғашқы өңдеу қамырды толықсыту пісіру ашытқылы қамырды илеу сапасын анықтау 11. Ашытқысыз қамыр дайындау технологиясы? IV. А.Сөзжұмбақ шешу. Ә. Нан, ас туралы мақал- мәтел 1.Нан-береке басбауы. 2.Нан көп болса, қарның тоқ болар. 3.Нан-күш қуат көзі. 4. Нан –адам баласының басты байлығы. 5. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. V. Оқушылар үйден әзірлеп әкелген тағамдарын түсіндіру. - Нұсқау карта және технологиялық сызбасын сызу. - Органолептикалық тәсілмен талдау ( дәмін,иісін көру). VI. Қортындылау. 
№10 
Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасына арналған айлабұйымдар (әмбебап, арнайы, жартылай автоматты, үй тұрмысында қолданылатын түрлері)Тігін машинасында түзу тігіс жүргізуге үйрету. Тігін машинасының сапасын анықтау.Сабақтың мақсаты:Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйретуТәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: ашық сабақСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсетуСабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттерСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.II. Үй тапсырмасын сұрау:1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама5. Капронды маталардың кемшілігі6. Лавсан дегеніміз не?III. Жаңа сабақ.Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейік.• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады1844 - 1845 жылы – Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге әкелді1870 жылы – АҚШ - та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізіТұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері барJANOME SW - 24 тігін машинасы• 1. Кері жүріс тетігі.• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.• 4. Тігістің енін реттеуші.• 5. Жіп орағыш стопор.• 6. Жіп орағыш шпиндель.• 7. Катушкалы өзек.• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.• 9. Жіп бағыттағыш.• 10. Жіп тартқыш рычагы.• 11. Жіп берілісін реттеуші.• 12. Алдыңғы бөлік.• 13. Жіп кескіш.• 14. Жіп бергіш.• 15. Пластина.• 16. Қысу табанын ұстаушы.• 17. Инелі өзектің винті.• 18. Ине.• 19. Қысу табаны.• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.• 22. Айналма дөңгелек.• 23. Қосу тетігі.• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.• 25. Бос жеңқап.• 26. Түймелік рычагы.• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері1. Жұмыс орнын ретке келтіру.2. Шашты жинап, жеңді қайыру.3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20 - 30 см7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.Машина тігістерінің түрлеріКиімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды - жылулық.Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу) тігістері жатады.Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай - ақ дайын сызбамен де жиектеуге болIV. Сарамандық жұмыс.Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігуV. Сабақты бекіту.1. Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?2. Тігін машинасы не үшін қажет?3. Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата4. Қандай машина тігістерінің түрлері бар?VI. Үйге тапсырмаМашина тігістерін аяқтап келу.
№11
Машина тігістерін орындау
а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйретуб) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: ашық сабақСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсетуСабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттерСабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.II. Үй тапсырмасын сұрау:1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама5. Капронды маталардың кемшілігі6. Лавсан дегеніміз не?III. Жаңа сабақ. Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері1. Жұмыс орнын ретке келтіру.2. Шашты жинап, жеңді қайыру.3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.Машина тігістерінің түрлеріКиімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге болIV. Сарамандық жұмыс. Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігуV. Сабақты бекіту.1.Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?2.Тігін машинасы не үшін қажет?3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?VI. Үйге тапсырмаМашина тігістерін аяқтап келу.
№ 12
Сабақтың тақырыбы: Стиль, сән және костюм туралы түсінікСабақ міндеттері:Білімділік: Оқушыларға << сән>>,<< киім>>,<< стиль>> түсініктерін білдірту. Киім мәдениеті туралы ой қалыптастыра отырыпөз мүмкіндіктерін қолдана білу.Дамытушылық: Оқытушылардың тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту. Шығармашылығын арттыруТәрбиелік: Жастарды жас ерекшелігіне сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр сырын ұсынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке сұлулыққа ұйымшылдыққа баулуСабақтың мақсаты: << стиль>>,<< сән>>,<< киім кешек>> түсініктеріне тоқталу, костюмнің композициялық шешімін меңгерту.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың типі: Жаңа білім беруӘдіс - тәсілі: Түсіндірмелі – сарамандық сұрақ, жауап.Пән аралық байланыс: әдеп, бейнелеу, тарихКөрнектілігі: Киім үлгі суреттері,Сабақ барысы:I. Кіріспе1, Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал - жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару2. Үй тапсырмасын өткен сабақта да сұрақ - жауап арқылы еске түсіру1 Тігін машинасымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?2 Тігін машинасына арналған айла бұйымдарды ата?3 Бүрмелегіш табанды не үшін қолданады?4 Қандай тігіс түрлерін білесіңдер?5 Біріккен тігістер қандай жағдайда қолданылады?6 Шеттік тігістерді не үшін қолданады?II. Негізгі бөлімА) Жаңа сабаққа кіріспе.Сән қалай пайда болды? Сән адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды. Айтатын болсақ адамзат баласы ең алдымен жапырақ, аңдардың терісі т. б. Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және қандай жағдай болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.Ә) Жаңа сабақҚазіргі кезде кез - келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіншілігі бар. Тіге білетін және сәнге қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.Сән (франц. moda, латын modus - өлшем, әрекет тәсілі) киім киюМәдениеті, өмірдің әртүрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.Костюм (франц. costume - киім - кешек)- белгілі бір ұлттың әртүрлі қоғамдық топтардың, дәуірдің тұрақты киім үлгісі, киім үлгілері мен пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.Сән( лат. stilus) дегеніміз – мәнер, сипат, ерекшелік сонымен қатарСол дәуірдің мәдениетін сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стилдер болады.Классикалық стильге (қатал. Іскер, сәнді киіну ) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жекетімен, белдемше кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттелмейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер костюмі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.Іскерлік стиль:1 Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;2 Нәзік рецкті немесе ұсақ суретті жоғары саналы;3 Түстері қатты ашық емес және нәзік, тынық;4 Аксессуарлар мен әшекейлерді ұстамды5 Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер.Спорттық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Спорттық киімдер ассортименттері - күртеше, жейде, әр түрлі ұзындықтағы және әр түрлі әрленген белдемшелер комбинезондар, джинсы киімдері. Бұл стильдегі киімдер түйме, батырма, сыдырма түймелердің, сондай - ақ әрлеу тігімдерінің, бөлшектердің дәл және тартымды орналасуымен ерекшеленеді.Романтикалық стильде – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.Романтикалық стильдің ерекшелігі - қатпарлар, желбіреушілер, шілтерлер, банттар, желбіршектер жиынтығынан тұрады.Фольклорлық стиль (этникалық) ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою - өрнектер кестелер, қол жұмысыныңкөптеген элементтері, жоғары технологиялық әдістер кеңінен пайдаланылады. Фольклорлық стильді көбіне кантри стиль деп атайды.Киім түрлері киім арналуына қарай бірнеше түрге бөлінеді, күнделікті киім, үй киімі, спорттық киім, әртүрлі салтанаттарға киюге арналған киім.1. Күнделікті киетін тұрмыстық киім:1 Қызметтік киім2 Серуендік киім3 Арнаулы жұмыс киімі4 Ведомствалық немесе формалық киім2. Үй киімі1. Демалыс күндері киетін киім2. Үй шаруашылығына киетін киім3. Сәнді үй киімі3. Спорттық киім4. Өндірістік киім5. Сәнді киім1 Салтанатты кештерге арналған киім2 Ересек адамдарға арналған киім1. Жастарды 18 - 20 жас2. Орта жас 30 - 44 жас3. Егде адамдар 45 - тен жөғары4. Қарт адамдарIII. Сарамандық жұмысТалғамдары бойынша киім эскиздерін жасайды.IV. ҚорытындыСән сөзінің мағынасы?Стиль, стильдердің түрлері?Классикалық стильмен фольклорлық стильдің бір -бірінен айырмашылығы?Романтикалық стиль мен спорттық стильдің бір – бірінен ерекшелігі?Оқушылардың білімін бағалау?
№ 13-14-15
Сабақтың тақырыбы: Иықты бұйымдарды конструкциялау және модельдеу. Халаттың сызбасын сызу.10 клСабақтың мақсаты: Оқушылардың модельдеу жөніндегі алған біліміне, біліктілігіне және үйренген әдет дағдысына сүйене отырып (5-6 сынып), бұйымның алдыңғы бойын модельдеу.Сабақтың міндеті: Кеуде бүкпесін алдыңғы бойдың әр түрлі бөліктеріне ауыстыруды уйрету. Модель туралы түсінік беру, модельдеу түрлерін туралы айту, киім тарихымен таныстыру.Тәрбиелік мәні: Еңбекте жолдастарына көмек көрсете білуге, жеңіл өнеркәсіп, мамандығына ынталық танытуға тәрбиелеу.Дамыту: Модельдеуге кезінде салыстыра отырып өлшеу, таңдау жұмыстарына жылдамдықты дамыту.Көрнекті құралдар: Модельдеуге арналған әр түрлі әдебиеттер, журналдар, кестелер, халат модельдері.Пәнаралық байланыстар: Тарих (киім тарихы), модель суреттері, орыс тілі (жаңа терминдер), сызу (сызуды құрастыру).Сөздік жұмыс: «Модельдеу» (шығармашылық, техникалық), «модель», «нобай», «стиль».Сабақтың әдісі: Түсіндірме-бейнелеу, диафильмдер көрсету, практикалық оқыту, интеллектуалдық-талдау, дедукция диафильмдер көрсету. Шығармашылық жұмыстың қызғылықты өтуі үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, қатыспағандары белгілеу.ІІ. Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар.1.Сендер «модельдеу» терминін қайдан кездестіріңдер және ол нені білдіреді.2. «Фасон» дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.3.Бұйымдарды қалай өңдейді?4.Бұйымдардың бөлшектерімен пішіні және түк-түсті өзара үйлесуі керек пе? Мысалдар келтіріңдер.Сонымен, модельдеу-бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі.ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Мұғалім модельдеу туралы түсінік береді.Олардың бүкпесін ауыстыруды үйретеді. Модельдеудің мақсаты және міндеті-ұлттық дәстүрлерге сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әр қашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.Стиль - киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады классикалық (түрлі-түсті тоқыма баумен тігілген және метаел жіп қосылып құрастырылған өрнек).Көрсетілген «киім тарихы »диофильм таңдайды. Костюмдер тарихы дәуірге байланысты өзгеріп отырған.Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеу сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шыңдау) өлшепжасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болады. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауйт құлар бар сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлестілігін алдын-ала білуге болады.Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш, көлденең және барлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді.Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесін сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретшісі-модельері Пьер карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», - деген екен.Модельдеудің екі түрлі болады:1)Көркемдік (шығармашылық)2)ТехникалықКөркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады.Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өңдеу түрлерін, модельдің түр мүсін таңдауды, ұсақ-түйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.Техникалы модельдеу дегеніміз- нобайлар, суреттер фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекеленген бөлшектерін өзгертеді.Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қалтық ойындысына, мойындыққа, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай).Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.ІV. Сабақтың практикалық бөлігі. Кіріспе нұсқау.Омырау бүкпесін ауыстыру ережесі.1.Бүкпенің жаңа орнын белгілейді.2.Бүкпені кеседі.Модельдеу омырау бүкпесін ауыстыру әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша орындалады.1.Түрлі түсті қағазға үлгіні қойып шетін айналдыра сызады.2.Нұсқа бойынша көйлектің алдыңғы бой оның жартысын қияды.3.Жаңа бүкпені орналастыратын орында белгілейді.4.Белгіленген сызықтар бойымен қияды.5. Алдыңғы бойдың бүкпесін жабады.6.Омырау бүкпесін нобай сызығына сәйкес ауыстырады.А)бүйір Ә)қолтық ойындысына Б)мойындыққа Вбел сызығына Г)алдыңғы бойдың ортасына қарай.V. Жаңа материалды пысықтау.1-карточка. Модельдеу дегеніміз не?2-карточка. Модельдегенде нені ескертуге болады?3-карточка.Омырау бүкпесін ауыстырудың ережелері қандай?4-карточка.Омырау бүкпесін ауыстыруға болатын сызықтарды атап шығыңдар?ІV. Қорытынды: Бұйым негізгі сызылған сызбаны және қосымша модельдеу элементтерін пайдалана отырып, әр түрлі бұйымдар тігуге болады блузка, қазақтың ұлттық киімдерін, бешпент немесе камзол, жеңіл блузка, нымша және т.б.Баға қою. Үйге тапсырма беру.
№16-17
Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс: жең қондыруСабақтың мақсаты. Білімділік: оқушыларды қатаң технологиялық жүйелікпен, техникалық жағдайларды сақтай отырып, жеңді өңдеуге және оларды қолтық ойындысымен біріктіруге үйрету.Тәрбиелік: Эстетикалық көзқарастарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Дамытушылық: оқушыларды талдау жасап, проблеманы қойып және оны шеше білуге үйрету, қол қимылын жетілдіру, ептілікке үйрету.Сабақтың түрі: кешенді жұмыстарды орындауСабақтың әдіс - тәсілдері: репродуктивті (нұсқаулық сарамандық, өзіндік жұмыс)Құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: халат үлгісі, жең түрлері, үлестірмелі карточка, тігін машинасы, жіп, қайшыСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ Өткен материалды қайталау.Оқушыларға бірнеше жеңіл сұрақтар беру арқылы, олардың назарларын бүгінгі өтілетін сабаққа аудару.Біз өткен сабақтардан бері «Тігін тігу технологиясы» бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қандай бұйым тігіп жатырмыз.- Халат.Халаттың қай бөлшегін тігетін жерге келдік.Біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын халат тігу технологиясы бойынша бірнеше сұрақтарға жауап береміз (үлестірмелі карточка) Сұраққа жауап бере алмай қалған оқушы көйлекке сипаттама береді.Пысықтауға арналған сұрақтар1. Киім дегеніміз не?Киім дегеніміз - адам денесін мүшелеп немесе тастай бүктеп тұратын жабындылар жиынтығы.2. Киім жалпы белгілері бойынша неше түрге бөлінеді?Тұрмыстық, спорттық, өндірістік, формалық4. Маусымдық белгілері бойынша киімді қалай бөлеміз?Жазғы, қысқы, барлық маусымға бірдей көктем мен күзгі маусымдарына арналған киімдер деп бөледі.5. Жас белгілеріне қарай: киім жас нәрестеге (9 айлық), бүлдіршіндерге (9айлық - 3жас), мектеп жасына дейінгі (3 - 7жас), мектеп жасындағы жасөспірім қыздарға (7 - 11жас), мектеп жасындағы ересек балаларға (11 - 14жас), жеткіншектерге (14 - 18жас) және и ересектерге арналады.6. Ересек адамдарға арналған киімді жастың 3 тобынЖастарды 18 - 29 жас арасынОрта жас 30 - 44 жас арасынЕгде адамдар 45 - тен жоғары7. Киім неге иық бұйымдары және бел бұйымдары болып бөлінеді?Себебі бел киімдерін адам мүшесінің белі, ал иық киімдерді мүшенің иығы ұстап тұрады.8. Иық киімдер қатарына қандай киімдер жатады?Блузка, кофта, костюм, көйлек, халат9. Халат тігу құрып айту.1. Бүкпелерін өңдеу.2. Иық қиықтарын қосу.3. Жан қиықтарын қосу.4. Жағаны өңір асты арқылы мойын ойындысымен қосу.5. Жеңді қолтық ойындысымен қосу.6. Қалтаны бұйыммен қосу.Халаттың етек қиығын өңдеу.8. Түйме қадау.9. Дайын бұйымды үтіктеу.10. Қиық аттарын ата және көрсет?Иық қиығы, қолтық ойындысы, жан қиығы, мойын ойындысы, етек қиығы.11. Халатты қандай матадан тігеміз және өндірісте киетін халат пен үйде киетін халаттарын тігетін матаның айырмашылығы неде;Халатты мақта матадан тігеді және өндірісте киетін халат бір түсті, сәтен, бәтес, жібек матадан, ал үй халаты әр түрлі суреті бар матадан тігіледі.12. Жеңнің сызбасын тұрғызу үшін қандай өлшемдер қажет..?Қол орамы, жең ұзындығы, білек орамының өлшемдері қажет.13. Жеңнің алды мен артын қалай айырамыз?Жеңнің алды тереңдете ойылады.Сұраққа жауап бере алмаған оқушы көйлекке сипаттама береді.(КӨЙЛЕК)Ендігі жаңа сабақ сарамандық жұмыс; жеңді қолтық ойындысына біріктіру.Сарамандық жұмыстың алдында техника қауіпсіздік ережесімен таныстырып, арнайы журналға қолдарын қоюлары керек.Бір сұрақ: киім пішіміне қарай қалай бөлінеді?А - Қондырма жеңдіБ, в - алдыңғы және артқы бойы тұтас пішілген жеңГ - Реглан жеңД - кимоно жеңПішім жең мен қолтық ойындысының қосылуымен анықталады екен.(ЖЕҢ)Дәптермен жұмыс.с/ж. Жеңді қолтық ойындысымен біріктіру.Қажетті құрал жабдық, материалдар; тігін машинасы, ине, жіп, жең. Бұйым, үтікТапсырма; Жеңді қолтық ойындысына біріктіруЖұмыстың барысы;1. Дайын жеңге бүрме жасау үшін иық тұсын тігін машинасымен тігіп шығу.2. Жіптің шетінен азғана бүрме жасап тарту3. Жеңді қиық шетінен 10 - 15 мм қалдырып қондыра көктеу4. Үстінен тігін машинасымен тігіп шығу5. Уақытша тігім жіптерін алып тастау6. Жеңді қондырып, торлау7. Тігістің жоғарғы жағын жең түбіне қарай жатқыза үтіктеуСуретін артынан салып алу.(қолтық ойындысы)Қортынды.1. Салыстыра тексеру.2. Машина тігістерінің сапасын тексеру.Қателіктерін анықтау.БағалауҮйге тапсырма. Қателіктерін жөндеп. Жұмысты аяқтау
№18-19
Сабақтың тақырыбы: Жағалар. Конструкциялау.Сабақтың мақсаты: Жағаларды жіктеу конструкциялау. ЖағаТүрлерімен танысу, іскерлікке ұқыптылыққабаулу.Көрнекіліктер: Жаға түрлері буклеттері, сұрақ карталары,бағалау бетшесі, қайшы, ине, жіп, өлшеуіш лента т. б. керекті құралдар.Ұйымдастыру: 1. Жоқ оқушыларды белгілеу.2. Құралдарын тексеру толықтыру.3. Үй тапсырмасын қайталау. Бәйге ойыны.4. Сызба тұрғызу. (жаға түрлері).5. Қорытынды «Ғажайып үштік» ойыны.Жаңа сабақ.Қандай да болмасын киімнің әдемі болып көрінуі көбіне жағаның формасын дұрыс таңдай білуіне байланысты. Жаға негізінен екі бөліктен тұрады. Көрініп тұратын жаға - қыры, көрінбей тұратын жаға - тіліктемесі. (Бұл сызба жұмысын орындағанда) араларынан бүгу сызығы өтеді. Жаға киімнің құрамдас бөлігінің бірі. Киімнің сәніне қарай үлгі жасайды. Жаға матаға байланысты жалаң не қос қабатты етіп тігіледі. Астыңғы және үстіңгі беті. Жағаның үстіңгі беті астыңғы бетінен 2 мм дей артық болады. Пішініне байланысты жағалар әр түрлі болады. Жаға, негізінен, екі бөлектен тұрады: көрінетін жаға — қырынан және көрінбейтін жаға - тіктемесінен, араларынан бүгу сызығы өтеді.Жағаны мойындыққа қосудың өзіндік ережесі бар. Оны мойындыққа қондырып тігілген және негізгі бөлшекпен, көбінесе алдыңғы боймен бірге пішілген (тұтас пішімді) деп екі топқа бөледі. Пішіміне қарай олар: тік жаға ( биіктігі 3, 5 - 4, 5см), тік - қайырма жаға (биіктігі 2, 5 - 3, 5 см) жартылай тік жаға (биіктігі 2см-дей), жазық жаға (биіктігі 0, 5 см) деп бөлінеді.Сызба сызғанда қондырып тігу сызығы қаншалықты түзу болса, жаға тіктемесі соншалықты биік болады. Мойындық ойындысына қарай жағаларды: ашық мойындықты және жабық мойындықты деп бөледі.Жаға түрлеріне тоқталу. Буклеттегі жағалармен таныстыру. Осы жағалардың ішінде тік жаға мен жартылай тік жаға сызбасын сызамыз. Тік жағаға берілетін белгілі бір өлшемдер болады. Жағаның ұзындығы алдыңғы бой мен артқы бой мойын ойындысын өлшеу арқылы алынады. Ені 4 см беріледі. ОА 21 см. ОЖ 4 см. ОО1= ОА: 2 = 21: 2 = 11, 5 см. АА1 қондырып тігу сызығы 3 см беріледі. Жаға қиықтарын шығару нүктесі ОЖ= О1О2 = А1А2.Жаға ені бойынша қондырып тігу сызығына паралелл сызықтар арқылы қосамыз. Жартылай тік жаға сызбасын түсіру. Көтеру нүктесі 3 см. Жағаның ені = 10 см. Бүгу сызығының ортасын табу жағаның ұзындығын 2-ге бөлу арқылы табылады.Жартылай тік жаға сызба құрылымы: Көтеру мөлшері ( биіктігі) 4 - 6 см. Көмекші Жм ойа - 0, 2хО, Ж+2 см. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызық ЖА: 2. Қайыру мөлшері 1 см. Қондыру тігу сызығы Ж тік бұрышты. Жаға ені 9 - 10, 5см. Жағаның алдыңғы шеті АА3 =ЖЖ1. Көмекші сызық нүктелерді қосу. Көмекші сызық Ж1АЗ: 2. Қайыру мөлшері 2 - 2, 5 см. Жаға қырықиығы Ж нүктелері бұрыштарын қосу.Жаға үлгілерінен сызбалар.Сарамандық жұмыс:1. Жаға түрлерінің сызбасын түсіріп үлгі дайындау.2. Үлгіні матаға орналастырып жаға қиямыз.3. Сызба бойынша тігуге мата есептеп аламыз.4. Жағаны бір біріне қосып жұмыс жасаймыз.Қорытындылау:Ғажайып үштік ойыны арқылы қорытындылаймыз.Бағалау:Жұмыс орнын жинастыру.Бәйге1. Еркін қонымдылық үшін қосымша өлшемдерді ата.Жауабы:1. Мойын орамына = 0, 7 – 1см2. Көкірек орамына = 4 – 6 см.3. Бел орамына = 1 – 3 см.4. Мықын (жамбас) орамына 2 – 4 см.2. Сызба қандай бөлшектерден тұрады?Жауабы:1. Базистік тор.2. Артқы бой.3. Алдыңғы бой.4. Жең.5. Жаға3. Базистік тор қандай өлшемдерге байланысты жасалады?Жауабы:1. Артқы бой.2. Алдыңғы бой ені.3. Жартылай мықын орамы.4. Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі биіктігі.5. Бұйымның ұзындығы.4. Жең конструкциясын орындау үшін қандай өлшемдер алу керек?Жауабы:1. Білек орамы.2. Білезік орамы.3. Жең ұзындығы.5. Романтикалық, фольклорлық стильдерге анықтама бер.Жауабы:1. Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, нәзіктік, бөлініп көрініп тұрады. Мысалы: Желбіршектер, шілтерлер, банттар жатады.2. Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Мысалы: ою – өрнектер, кестелер жатады.6. Классикалық, спорттық стильдерге анықтама бер.Жауабы:1. Классикалық стильге - форманың тұрақтылығы жатады. Мысалы: костюм – шалбар, жекет – костюм, плащ, белдемше, блузка т. б.2. Спорттық стильге - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Мысалы: күртеме, жейде, комбинезондар, джинсы.7. Стиль дегеніміз не? Стиль нешеге бөлінеді?Жауабы: Стиль дегеніміз – мәнер, сипат, ерекшеліктік.Стиль 4 бөлінеді: 1. Классикалық стиль.2. Спорттық стиль.3. Романтикалық стиль.4. Фольклорлық стиль.8. Сән, костюм сөзіне анықтама бер.Сән – киім кию мәдениеті, әр – түрлі қоғамның, дәуірдің тұрақты киім үлгісі.Костюм – белгілі бір ұлттың, әр – түрлі қоғамның, дәуірдің тұрақты киім үлгісі.9. Тұлға өлшемдерін ата.Жауабы: Орам, Жартылай орам, Ені, Биіктігі, Ұзындық.10. Киімді конструкциялау процесі.1. Суреттер.2. Қосымшалар.3. Сызбалар.4. Есептеу формулалары.11. Өлшемді адам денесінің қай жағында тұрып өлшейді?Жауабы: Өлшемдерді адамның денесінің оң жағында тұрып өлшейді.12. Көлденең өлшем мен ұзындық өлшемдер қалай жазылады?Жауабы: Ұзындық өлшемдер толық, көлденең өлшемдер жартылай жазылады.13. Өлшем алу кезінде сақталатын ережелерді атап бер.1. Өлшемді оң жағынан тұрып өлшеу.2. Өлшеуіш лентаны қатты тартуға немесе босатуға болмайды.3. Өлшем алатын адам тік тұруы қажет.«Ғажайып үштік» ойыны.Технология пәні бойынша.30 ұпай 1. Жағаның ұзындығын қалай табамыз?Жауабы: Артқы және алдыңғы бойдық мойын ойындысын өлшеу арқылы табамыз.20 ұпай 2. Ашық мойындықты жағаларды ата.Жауабы: Ашық мойындықты жағалар. 1. Шәлі жаға. 2. Костюм жаға.3. Апаш жаға. 4. Жазық.10 ұпай3. Жабық мойындықты жағалар.Жауабы: 1. Тік жаға. 2. Қайырма жаға. 3. Жартылай тік жаға.Сызу пәні бойынша.30 ұпай 1. Жаға бөліктерін ата.Жауабы: 1. Жаға қыры. 2. Жаға тіліктемесі.20 ұпай 2. Жаға қандай бұрыштық сызбада сызылады?Жауабы: Жаға көбіне тік бұрышты сызбада сызылады.10 ұпай3. Жаға сызықтарын ата.Жауабы: 1. Бүгілу сызығы. 2. Қондырып тігу сызығы. 3. Жиек сызығы.Математика пәні бойынша.30 ұпай 1. Жағаның бүгу сызығының ортасын қалай табады?Жауабы: Жағаның ұзындығын 2 - ге бөледі.20 ұпай 2. Тік жаға сызбасының қондырып тігу сызығы неше см есебімен алынады?Жауабы: Қондырып тігу сызығы 3 см көлемінде алынады.10 ұпай3. Жартылай тік жаға сызбасының көтеру мөлшерінің биіктігі неше см есебімен алынады?Жауабы: Жартылай тік жағаның көтеру мөлшері 2-4см аралығында алынады.
Технология №1 сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Еттен дайындалатын тағамдардың классификациясы Білімділік мақсаты: -таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау технологиясыментаныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: – күнделікті алған білімдерін, тағам дайындау шеберліктерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: – бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу. Сабақ түрі: практикалық сабақ. Оқыту әдісі: – көрсету, тусіндіру, уйрету. Құрал-жабдықтар: – кастрөл, ас тақтайшасы, пышақтар, тәрелкелер. Азық түлік: – ет, тұз, сәбіз, көк жуа (пияз), май жұмыртқа, ұн. Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезені ; - сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. II. Ұй тапсырмасын тексеру. а ) Шала өнімдер дегеніміз не ? сұрақтар б) дайындау тәсілдері бойынша қаншаға бөлінеді в) ет қанша уақытта піседі? г) 1 кг етті құырса қанша грамм болады? III. Жаңа сабақ. Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды. Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды әр түрлі етіп жасайды. Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.Зетханалық жұмыс: Етпен кеспе дайындау. Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш. Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз. Дайындау технологиясы: – қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз. Жұмыс барысы 1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді. 2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады. 3. Сорпаны отқа қояды. 4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу. 5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату. 6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру. 7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады. IV. Сабақ қортындысы а)Оқушылардың зертханалық жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін айтып, білімдерін бағалау ә) Үй тапсырмасы: дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.№2 сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып:Тұздықтардың негізгі түрлері дайындау технологиясы Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тұздық түрлері туралы мағлұмт беру, дайындалу технологиясын үйрету; Дамытушылық: оқушылардың тұздық даярлауға деген қызығушылығы мен құштарлығын ояту; Тәрбиеліліе: оқушыларды жүйелі еңбекке баулу, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап Көрнекілігі: нұсқау карта, суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушыламен амандасу; ә) сабаққа дайындықтарын тексеру; б) түгендеу, келмеген оқушылардың себептерін анықтау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ-жауап:1. Еттен жасалатын тағамдардың классификациясы туралы қысқаша түсініктерін сұрау. 2. Ет тағамдарын кулинарлық және жылылап өңдеу тәсіліне қарай топтарға бөлінеді: (қайнатылған, бұқтырылған, қурылған, көміп пісірілген, шабылған еттен). ІІІ. Жаңа сабақ Қысқаша тұздық дегеніміз не? Осыған тоқталып өтсек.Әлемніңқай бұрышында болса да, дәмді тағам тұздықсыз дайындалмайды. Кез келген кулинарлық анықтамалықтан француз гастраномдары 3000-ғажуық тұздықтың авторы екндігі туралы ақпарат ала аласындар. Жаңадан тапқан тұздықтарға сол елге немесе халыққа байланыстырып ат берген. Осылай француз асханасында «голландық», «португалдық», «итальяндық», «ағылшын», «баварлық», «польшалық» тіпті «татар», «орыс» тұздықтары пайда болды. Бірақ бұл тұздықтардың біреуі де сол елдердің ұлттық тағамдарына ұқсамайды.Тұздықпен тамақ дәмдірек болады, тәбетіңді ашады, сқазан сөлі жақсы бөлінеді. Тұздық – жеке ұсынатын тағам емес, ол тағамға ерекше дәм беретін дәмқосар, онсыз бірде-бір спаз тағам дайындамайды. Тұздық тағамның дәмін кіргізіп, хош иіс беріп, көрінісін әдемілеп, консистенциясын тартымды етіп қана қоймай, ол бірдей азық-түліктен дайындалатын тағам түрлерін өзгерте алады. Шындығында, кез келген еттің, көкөністердің немесе күріштің дәмі қосылғантұздықтың түріне қарай өзгереді. Қосымша сипатына қарай, барлық тұздықтарды екі негізгі топқабөледі: ұн қосылған және ұн қосылмаған. Сонымен бірге тұздықтарды ыстық және салқын тұздықтар деп бөледі VІ. Сарамандық жұмыс Сарамандық жұмыс алдында оқушыларға техника қауіпсіздік ережесін еске түсірейік: 1. Жұмыс алдында электр сымының зақымданғанын тексер. 2. электр құралдарын жүйеге қосқанда және ажыратқанда құрғақ қолмен айырдың сыртынан ұстаңдар. 3. Қосылып тұрған электр құралдарын бақылаусызқалдырмаңдар. 4. Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралдарын сөндіріңдер. Оқушылар екі топқа бөлініп, технолдогиялық нұсқау қартасы бойынша жұмыс жасайды. 1 – топ: «Ақтар» тобы ақ негізді тұздық даярлайды Азық – түліктер: 1 стақан ет сорпасы, 2 ас қасық ұн, 1 ас қасық сары май, қажетінше тұз. Дайындалу технологиясы: 1. қыздырылған майда ұнды тез араластыру, жағымды хош иіс шыққанша қыздыру (ұнның түсі өзгермеуі керек);2. Ет сорпасымен араластыру; 3. Тұз қосып 20 минут қайнату; 4. Тұздықты тұздықтың ыдысына салу 2 – топ: «Қызанақ» тобы қызанақ тұздығын ақ тұздық негізінде дайындайды. Азық – түлік: шала қуырылған тамыр сабақ, 1 дана пияз, жарты ас қасық қант, лимон, тұз, бұрыш (қажетінше). Дайындалу технологиясы: 1. Шала қуырылған тамыр сабаққа, пиязды қосып 30 минут қайнатады; 2. Пісуге жақындағанда қант, тұз, бұрыш, лимон, сірке қышқылын қосады; 3. Тұздықты сүзгіден өткізеді, сүзгіде қалғанкөкөністердітұздықта езіп қайтадан қайнатуға дейін әкеледі, бірақ қайнатпайды; 4. Сары май қосып, тұздықты тұздықтың ыдысына салу. V. Бекіту сұрақтары: 1. Тұздық дегеніміз не? (қысқаша) 2. Тұздықтарды негізгі неше топқа бөледі? 3. Тұздықтарды неше түрге бөледі? VІ. Бағалау. Сарамандық жұмыс барысында оқушылардың орындаған жұмысының сапасына, алған білімдеріне қарай бағалау. Қорытынды. Оқушылардың білімін сұрақ – жауап арқылы қорыту. Не білдім?Не үйрендім ,Не білгім келеді,Үйге тапсырма: Тұздық түрлеріне қарай сөзжұмбақтар құрастырып келу.№4сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Екінші тағамға тұздық және гарнир таңдау Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс. Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері. Пәнаралық байланыс: тарих, Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылырмен сәлемдесемін; Оқушыларды түгендеймін; Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою. Жаңа сабақ Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз – су, 15-20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз – май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз –май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі еті-нің бір-бірінен айырмашылы-ғы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гиста- мин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Ет-те толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сор-паға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнім-дерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті. Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың тү-ріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.№4сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: Кондитерлік өнімдерді әшекейлеу тәсілдері ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың торт пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру б) Тәрбиелік мақсаты: Асханалық ыдыстармен танысып, оларды қолданудың тәртібін ұғындыру Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: Нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды слайд арқылы көрсету, тәтті тағамдар буклеті пісірілген торт түрлері, асханалық ыдыс түрлері Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, оқу – құралдарын тексеру. Сабаққа көңілдерін аудару. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу. II. Үй тапсырмасын сұрау 1. Қайнақты қамырды қандай азық- түліктерден дайындайды? 2. Бисквиттік қамырдан қайнақты қамырдың айырмашылығы қандай? 3. Қайнақты қамырдан қандай өнімдер дайындайды? 4. Бисквиттік қамырдың дайындау технологиясын айтып бер. Ал енді жоғарғы сынып оқушыларысыздар. Үйге мамаларыңызға, апаларыңызға көмектесесіздер. Біздер 7-сыныпта: «Ұннан кондитер бұйымдарын пісіру тарауымен танысып, машықтық жұмыстар жасаған болатынбыз. Үйге тапсырма ретінде кондитерлік өнім ретінде бір пирог, торт жасап келіп, жасалу жолдарын айту тапсырылған болатын. Ал осы тағамдарды пісіру барысында қандай қауіпсіздік ережелеріне сүйенесіңдер? Электр пештерімен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері: 1). Қолың суланған болса, еш уақытта электр өшіргішке, розеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама. 2) Ыстық табаны алғанда ағаш тақтайшаға қоюды ұмытпа3). Пышақ пен шанышқыны ыстық табаның астында қалдырма 4). Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерін, ас үй-ыдыстарын мұқият тазалап жина. (Енді оқушылар пісіріп келген тағамдарын қалай пісіргенін айтып, түсіндіріп береді.) III. Жаңа сабақ Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Торт, пирожный, қаусырмаларды әшекейлеу тәсілдері. Күнделікті өмірде көріп жүрсіздер, нанды қашанда, қастерлеп өскен халықпыз. Нан өнімдерін әр түрлі қамырдан пісіреді. а)нан өнімдері: нан, тоқаш,бауырсақ б)Аспаздық өнімдер: құймақтар,тұшпара т.б в)кондитерлік өнімдер:бәліш, кекс, торт, пирожныйлар.Ал енді осы нанға байланысты қандай ырымдар мен тыйымдар білеміз. Крем дайындау үшін сатудағы кілегейден (сливки) алу керек. Кілегей – кремнің негізі болып табылады. Кілегейдің түрлері өте көп, калориясы төмен тағам түріне жатады. Оның құрамында май көбірек болса, кілегей жақсы көпіршіп, ұзақ сақталады. Кейде дайын кремдер сатылады.Оны тоңазытқышта қатырып қойып, қажет кезде ерітіп алуға да болады. Кілегейден крем әзірлеу үшін түбі терең пластмасса ыдыс қажет. Оны миксермен араластырады. Миксердің электрлі және қолмен айналдыратын түрлері бар. Кілегейді қатты көпіршіту үшін электрлі миксерді қолданған жөн.Оның былғауышы темірінің үлкен болғаны дұрыс. Миксердің былғауышы ыдыстың шетін сырып кетпегенін қадағалаңыз. Электр миксер болмаса, қол былғауышын пайдалана беруге болады. Кондитерлік өнімді әрлеу үшін арнайы қағаз немесе мата кон-к құйма қалта, түтікше сияқты металл немесе пластмасса ұштықтар кондитерлік шприцтер пайдаланады. Осы құралдың көмегімен кондитерлік өнімдердің бетіне кремдерді өзіңнің қиялыңдағыдай етіп,жағып шығуға болады. Осы қалыптардың әр түрлілігіне қарай тәттіліктерге кремнен толқын,гүл, шар тәрізді әшекейлер жасап безендіруге болады.IV. Сабақты бекіту сұрақтары 1. Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді? 2. Кондитерлік өнімді әрлеудің қандай тәсілдерін білесіңдер? 3. Тортты әрлеу тәсілдерін айтып беріңдер? 4. Қандай құрылғының көмегімен кондитерлік өнімдерге бедер жасауға, жазу жазуға болады? V. Сабақты қорытындылауVI. Оқушыларды бағалау VII. Күнделікті талап ету VIII. Үйге тапсырма бер Өз бетіңше торт сәндеп, үйреніп келу.№5 сабақ 9-сынып Сабақтың тақырыбы: Сироп және крем дайындаудың негізгі рецептері Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: Кондитерлік өнімдерді әшекейлеу тәсілдері ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың торт пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру б) Тәрбиелік мақсаты: Асханалық ыдыстармен танысып, оларды қолданудың тәртібін ұғындыру Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: Нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды слайд арқылы көрсету, тәтті тағамдар буклеті пісірілген торт түрлері, асханалық ыдыс түрлері Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі II. Үй тапсырмасын сұрау III. Жаңа сабақ IV. Тех – қ қауіпсіздік ережесін қайталау V. Сабақты қорытындылап, талдау VI. Оқушылардың еңбегін бағалау VII. Үйге тапсырма беру I. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, оқу – құралдарын тексеру. Сабаққа көңілдерін аудару. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу. II. Үй тапсырмасын сұрау 1. Қайнақты қамырды қандай азық- түліктерден дайындайды? Крем өрнектері Сызық пен толқын Кондитер қапшығына ұшы тіке кесілген қалыпты салып, оны креммен толтырасыз. Кремнің көп салынып кетпегенін қадағалаңыз. Себебі крем мөлшерден тыс көбірек салынып кетсе, жұмыс уақытында қиындық тудыруы мүмкін. Оң қолмен қапшықты ұстап, қыса бастайсыз, ал солқолмен қапшықтың бас жағын ұстаңыз.Бірыңғай түзу сызық түсіру үшін қапшықты біркелкі салмақпен қысып отырыңыз. Алдымен шамалы қолыңызды жаттықтырып, кейін торлар мен толқындарды сыза бастайсыз. Шарлар. Одан кейін кондитер қапшығына ұшы кеңдеу қалыпты кигізіп, шар тәрізді домалақтар жасауға болады. Қапшыққа крем толтырғаннан кейін жақсылап ұстап, төмен қарай қысыңыз. Домалақ пайда болған кезде қысуды бірден тоқтатып, қолдағы қалып енгізілген қапшықты көтеріп алу керек. Міне, осымен домалақтар дайын болды. Жапырақшалар Пергамент немесе қатты қағазды орап, алдымен қапшық жасап аламыз. Қайшымен қапшықтың екі жағынан қиғаштап, кесіп тастау керек.Сосын оған крем толтырып қысып, жапырақша, толқын, ирек т.б. өрнектерін салып шығуға болады. Жұлдызшалар Бізге қапшыққа кигізу үшін ірі тістері бар қалып қажет. Қапшыққа 1/3 мөлшеріндей крем салып, оны тік ұстап тұрып, бір рет жылдам басып доғару керек. Сонда әдемі жұлдызшалар пайда болады. Үтірлі сызықша Үтір өрнегіне тік қиылған немесе тістері бар қалып керек. Қапшыққа салған кремді тәттіліктер бетіне үтір сияқты етіп түсіреді. Бастапқыда қапшықты тігінен ұстап қысамыз, одан кейін жайлап бұрылыс жасай отырып, қысуды тоқтатпаймыз. Бірінші үтірге екінші, сосын үшіншісі бір – біріне жалғап кете береміз. Үтірлерді керісінше бағытпен жүргізіп өтуге де болады. Торттың шеттерін әдемі өрнектермен безендіру үшін үш қабатты үтірлер жасап өту керек. Ол үшін ұзынынан үтір салып, оның жанына керісінше бағытпен тағы үтірлерді жүргізіп өтіп, ал осы екі бағытта жүргізілген үтірлердің ортасынан үшінші қабатты жүргізсе болғаны, дайын болып шығады.V. Сабақты бекіту сұрақтары 1. Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді? 2. Кондитерлік өнімді әрлеудің қандай тәсілдерін білесіңдер? 3. Тортты әрлеу тәсілдерін айтып беріңдер? 4. Қандай құрылғының көмегімен кондитерлік өнімдерге бедер V. Сабақты қорытындылау VI. Оқушыларды бағалау VII. Күнделікті талап ету VIII. Үйге тапсырма беру Өз бетіңше торт сәндеп, үйреніп келу.№6 сабақ 9-сынып Сабақтың тақырыбы: Торт ,пирожный және қаусырмаларды әшекейлеу тәсілдер Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: Кондитерлік өнімдерді әшекейлеу тәсілдері ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың торт пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру б) Тәрбиелік мақсаты: Асханалық ыдыстармен танысып, оларды қолданудың тәртібін ұғындыру Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: Нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды слайд арқылы көрсету, тәтті тағамдар буклеті пісірілген торт түрлері, асханалық ыдыс түрлері Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі II. Үй тапсырмасын сұрау III. Жаңа сабақ IV. Тех – қ қауіпсіздік ережесін қайталау V. Сабақты қорытындылап, талдау VI. Оқушылардың еңбегін бағалау VII. Үйге тапсырма беру I. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, оқу – құралдарын тексеру. Сабаққа көңілдерін аудару. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу. II. Үй тапсырмасын сұрау 1. Қайнақты қамырды қандай азық- түліктерден дайындайды? 2. Бисквиттік қамырдан қайнақты қамырдың айырмашылығы қандай? 3. Қайнақты қамырдан қандай өнімдер дайындайды? 4. Бисквиттік қамырдың дайындау технологиясын айтып бер. Ал енді жоғарғы сынып оқушыларысыздар. Үйге мамаларыңызға, апаларыңызға көмектесесіздер. Біздер 7-сыныпта: «Ұннан кондитер бұйымдарын пісіру тарауымен танысып, машықтық жұмыстар жасаған болатынбыз. Үйге тапсырма ретінде кондитерлік өнім ретінде бір пирог, торт жасап келіп, жасалу жолдарын айту тапсырылған болатын. Ал осы тағамдарды пісіру барысында қандай қауіпсіздік ережелеріне сүйенесіңдер?Электр пештерімен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері: 1). Қолың суланған болса, еш уақытта электр өшіргішке, розеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама. 2) Ыстық табаны алғанда ағаш тақтайшаға қоюды ұмытпа 3). Пышақ пен шанышқыны ыстық табаның астында қалдырма 4). Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерін, ас үй-ыдыстарын мұқият тазалап жина. (Енді оқушылар пісіріп келген тағамдарын қалай пісіргенін айтып, түсіндіріп береді.) III. Жаңа сабақ Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Торт, пирожный, қаусырмаларды әшекейлеу тәсілдері. Күнделікті өмірде көріп жүрсіздер, нанды қашанда, қастерлеп өскен халықпыз. Нан өнімдерін әр түрлі қамырдан пісіреді. а)нан өнімдері: нан, тоқаш,бауырсақ б)Аспаздық өнімдер: құймақтар,тұшпара т.б в)кондитерлік өнімдер:бәліш, кекс, торт, пирожныйлар. Ал енді осы нанға байланысты қандай ырымдар мен тыйымдар білеміз. Крем дайындау үшін сатудағы кілегейден (сливки) алу керек. Кілегей – кремнің негізі болып табылады. Кілегейдің түрлері өте көп, калориясы төмен тағам түріне жатады. Оның құрамында май көбірек болса, кілегей жақсы көпіршіп, ұзақ сақталады. Кейде дайын кремдер сатылады.Оны тоңазытқышта қатырып қойып, қажет кезде ерітіп алуға да болады Кілегейден крем әзірлеу үшін түбі терең пластмасса ыдыс қажет. Оны миксермен араластырады. Миксердің электрлі және қолмен айналдыратын түрлері бар. Кілегейді қатты көпіршіту үшін электрлі миксерді қолданған жөн.Оның былғауышы темірінің үлкен болғаны дұрыс. Миксердің былғауышы ыдыстың шетін сырып кетпегенін қадағалаңыз. Электр миксер болмаса, қол былғауышын пайдалана беруге болады.Кондитерлік өнімді әрлеу үшін арнайы қағаз немесе мата кон-к құйма қалта, түтікше сияқты металл немесе пластмасса ұштықтар кондитерлік шприцтер пайдаланады. Осы құралдың көмегімен кондитерлік өнімдердің бетіне кремдерді өзіңнің қиялыңдағыдай етіп,жағып шығуға болады. Осы қалыптардың әр түрлілігіне қарай тәттіліктерге кремнен толқын,гүл, шар тәрізді әшекейлер жасап безендіруге болады.№7сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Типтік өлшемдер бойынша пішімді көшіріп түсіру Сабақтың тақырыбы: Пішім бӛлшектерін дайындау технологиялары. Сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат- міндеттеріне жеткізетін құзыреттіліктер: Ақпараттық: Пішім бӛлшектерін дайындау түрлері мен технологиясы туралы ақпарат беру арқылы білім қалыпттастыру Коммуникативтік: Пішу парағын пайдаланып практикалық жұмыстар жүргізу арқылы киімді пішудің әдіс -тәсілдерін меңгерту. Проблеманы шешу: Киімді пішудің әдіс-тәсілінің ерекшелігіне қарай пайдалану жолдарын анықтау берілген пішім бӛлшектерін пішу парағынан калькаға кӛшіру, үлгі дайындау, киім бӛлшектерін пішу. Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту Сабақта қолданылған әдістер : Түсіндірмелі-иллюстративті, жартылай іздену, кӛрнекілік, практикалық, сұрақ-жауа Қолданылған құрал-жабдықтар: Компьютер, сән жураналы “Бурда” , пішім парағы, калька, тігінші боры, габардин матасы, қайшы, сантиметрлік таспа. Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже І. ҰйымдастыруАмандасу, түгендеу, жұмыс орындарын тексеру Амандасу, жұмыс орындарын ұйымдастыру Сабаққа дайын болу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Білімдерін тест тапсырмалары арқылы тексеру /сабақ жоспарына қосымша ретінде ұсынылды-20 сұрақ, жауап А;В;С;Д;Е /Оқытушы журналға дұрыс жауаптарын түсіреді, бағалайды. Дұрыс жауаптары: 1а,2а,3д,4е,5в,6в,7с,8д,9а,10а,11е,12с,13е,1 4в,15в Оқушылар орындарынан белгілейді, 5 минут Оқушылар жауаптарын ӛздері тексереді, бағалау нормасы бойынша бағалайды. Бағалау нормасы: } “5” – 20-19 дұрыс жауап } “4” – 18-17 дұрыс жауап } “3” – 16-10 дұрыс жауап } “2” - 9-7 дұрыс жауап Үй тапсырмасы :тексеріледі, барлық оқушының білімі бағаланады ІІІ. Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау Жұмбақ – жауап – мақал арқылы жүзеге асырылады. Жұмбақ жасырады, жауапты қабылдайды, соғансәйкес мақал айтуды ұсынады. Оқушылардың қызығушылығын арттырады.Жұмбақ Жауап Мақал-мәтел 1 Қимылдаса қос шебер Қыруар-қыруар іс ӛнер 2 Басы да екеу, Аяғы да екеу 3 Жалғыз кӛзді жалаңаш Киінуді қаламас 4 Алдына келесің Жұмбақ Жауап Мақал-мәтел 1 Қол Шебердің қолы ортақ 2 Қайшы Күміс қасық ішуге сән, алтын қайшы кесуге сән 3 Ине Іздеген иірімнен де ине табады ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру Ақпарат беру жоспары: Пішім бөлшектерін дайындау технологиясы. Сән журналдары арқылы киімді пішу.Слайд, модуль, анимация арқылы тақырып ашылады.Оқу материалын тыңдайды, қабылдайды. Оқу дәптеріне ақпараттарды жазу.Оқу ақпаратын алу арқылы оқу мәтінін талдайды, жүйелейді, сәйкес қорытынды жасайды. Қажетті ақпаратты алып, практикалық тапсырмалар орындауға әзір болады. Сән журналында кездесетін нұсқамаларға түсінік беріледіҮІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау. Алдыңғы, артқы бойдағы бүкпелерді тігу. Бөлшектерді уақытша тігіспен біріктіріп көктеп келу. Ине, қайшы, мата, киім, айна сөздеріне мақал-мәтел, жұмбақтар жинақтау№8сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Сән журналдарынан модель дайындау Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: «Burda» сән журналымен сауатты жұмыс жасауды, өз өлшемдеріне сәйкес үлгілерді дұрыс түсіруді үйрету б) Тәрбиелік :Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, талғампаздыққа, алған білімдерін іс-жүзіне қолдана білуге үйрету в) Дамытушылық:Шығармашылық белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шеберліктерін дамыту Сабақтың түрі : аралас сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру Сабақтың әдісі:түсіндірмелі –иллюстративті, сұрақ-жауап, сарамандық,ой- қозғау Пәнаралық байланыс : Сурет, әдеп,сызу , математика Көрнекілігі: Сән журналдары , сызбалар, суреттер, үлгілер, интерактивті тақта, тест сұрақтары. Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі : Президентіміздің сөзін тілге тиек ете отырып, апталық тақырыбымен байланыстырамын. 2.Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа сабаққа кіріспе Сән –француздың «mode», латынша «modus» сөзінен шыққан өлшем, бейне, тәсіл деген мағынаны білдіредіСәнді бұйым таңдауға арналған «Маусым сәндері», «Сымбат», «Burda» т.б сән журналдары бар. Сабағымызда сән журналдарынан бұйым таңдау, өз өлшемдерін анықтау, үлгілер дайындау жолдарын үйренеміз 4.Жаңа сабақ Сән журналынан бұйым таңдағанда оның қолайлы, әдемі сәннің соңғы бағытына, киімдерге қойылатын талаптарға сәйкес болуына назар аудару керек. Сән журналымен жұмыс жасау үшін ондағы нұсқаулармен , шартты белгілермен таныс болуымыз керек. Сән журналындағы шартты белгілер Сән журналындағы әрбір модельдің өз номері бар Осы номердің астында оны дайындау жөніндегі нұсқаулар жазылады.Үлгінің суреті –онда барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі. Материалдық шығын (модельді) дайындауға қажетті барлық материалдар жайлы мәлімет Қосымша парақ (үлгілер парағы )-үлгі беттері , кескін сызықтар белгіленеді. Бөліктердің кішірейтілген сызбасы –қандай бөліктердің пішімін көшіріп алу жайлы түсінік беріледі. Әрбір бөлік номері сызықтары, цифрлар, шартты белгілер көрсетіледі. Жайылма жоспары –бөліктердің үлгілерін мата бетіне орналастырудың тиімді тәсілі көрсетіледі. Түсініктеме мәтін –онда үлгінің аталуы, өлшемі, мата шығыны бөліктердің тізімі, тігу ерекшеліктері қысқаша түсіндіріледі Сән журналындағы барлық модельдер 36,38,40,42,44,46 өлшемдерге берілген. Бұл немістің өлшем жүйесі . Ал өз тілімізге көшіретін болсақ онда осы сандарға 6 санын қосу керек. Сән журналында берілген нұсқаулардың қасында рамка ішінде келесі мәліметтер көрсетілген. - үлгі кескінінің түсі- үлгі орналасқан орны - өлшемдері және оларға арналған кескін сызықтарының түрі - бөліктердің кішірейтілген сызбасы - жайылма жоспары6.Жаңа сабақты қорытындылау. Сән журналына байланысты тест сұрақтары арқылы сабақты бекітемін. Жауаптарын график арқылы тексеремін 7.Бағалау 8.Үйге тапсырма беру. Таңдаған модельді пішуге мата әкелу . Сән журналынан бұйым таңдау. Өз өлшемдерін анықтау.Үлгілер дайындау№9сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Пішу ,пішімді өңдеуге дайындау Сабақтың тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары Пәні: технология Сабақтың мақсаты: Білімділік: Пішу, тігу және модельдеу өнерінің жетілдірілген әдіс – тәсілдерімен таныстыру. Дамытушылық: Констурукторлық ой – өрісін және кеңістікте ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: өзін-өзі тексеру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: дайын бұйымның суреті, үлгілері, мата коллекциялары, нұсқау карталар, кестелер, оқу манекені. Сабақтың түрі: аралас сабақ Пән аралық байланыс: бейнелеу, сызу, математика. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) сабаққа қатысуын бақылау; 2) жұмыс киімін және сабаққа дайындығын тексеру. ІІ. Өткенді қайталау Жаңа сабақ Матаны ширату (декатирлеу) Матаның ақауларын анықтау. Матаны пішуге арнап жаю. Пішім бөлшектерін матаға жаю. Пішім бөлшектерін қию. Пішім бөлшектерін өңдеуге дайындау. Бұйымды шақтап көруге дайындау.Барлық матаны пішіп қиюдың алдында үтіктейді. Егер матаның оң жағы мен теріс жағы бірдей болса, онда сапалы жағы оң болып есептеледі. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек. Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар болса, «тамырын» төмен қаратып орналастырады. Матаны ширату (декатирлеу) 1 – кесте Мақта , зығыр мата Жүн маталар Химиялық маталар Матаны сулау, толық кептірмей үтіктеуЖайып қою Теріс жағынан өңдеу. Сулау, толық кептірмей үтіктеу.Жайып қою Сулап, таза ақ матаға (сүлгіге немесе ақ жаймаға) орау. Су сіңген кезде, матаны ашып, теріс жағынан үтіктеу Декатирлеу - (тігер алдында мата отырмас үшін ширату) – мақта мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып, бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Теріс жағынан бастыра үтіктейді. Барлық маталар бойлық жіптері бойынша үтіктеледі. Ширату нәтижесінде олаар бойлық жіптер бойынша отырады. Жұмысты орындау барысында үтіктің қатты қызыл кетпеуін қадағалау. Сарамандық жұмыс Нұсқау қарта№ 1 Бұйым бөлшектерін пішу. Матаны пішуге дайындау. Үлгі бойынша матаны жай, пішім бөлшектерін матаға жайып орналастыр. Қағаз пішімдерді шектейтін кескін сызық бойымен борлап ал және тегіс енін қалдырып, әдіп сыызғын сыз. Өзіңді тексер! Мата бетіне пішім бөлшектерін жаю дұрыстығын тексер. Қию сызығымен бұйым бөлшектерін қиып ал. Бақылау сызығын сыз. Инешелерді қағаздан алып, матаға қада. Өзін – өзі және өзара тексер.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: Иық бұйымдарын дайындауда қандай шарттарды ескеру керек? Матаны пішуге қалай дайындаймыз? Пішілген бұйым бөліктерінің атын ата. Ине, қайшы т.б. өткір құралдармен жұмыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет? Матаны декатирлеу дегеніміз не? Үйге тапсырма: Көктеу тігістерімен бөлшектерді өңдеу№10сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып:Матаны пішуге дайындау жұмыстар Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс – тәсілдерін үйрету; Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс. Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары. Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері, математика. I. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылырмен сәлемдесемін; • Оқушыларды түгендеймін; • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту. II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою. III. Жаңа сабақ. Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді. Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістемежағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді. Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы өң жақа қарайды. Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі. Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60 см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды. Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады. Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді. Лекалоларды жайып пішу. Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады. Сарамандық жұмыс. 1. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру. 2. Оқушылардың өз өлшемдерімен жасалған лекалоларын тексеру. 3. Матаны пішуге дайындау.4. Лекалоларды мата бетіне жаю. Қорытынды сұрақтар 1. Дикатирлеу дегеніміз не? 2. Матаның өң бетін анықтау әдістері? 3. Матаның түгінің бағытын анықтау? 4. Лекалоны орналастыру бағытын атаңдар? Оқушы жұмысын бағалау. Үй тапсырмасы:бұйымды толық пішіп, құрастыру№11сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Көйлектің бөлшектерді қатырмалау№12сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Бірінші шақтап көруден кейін алғашқы технология өңдеу. Сарамандық жұмыстық мақсаты: Оқушыларға таңдаған киімдеріне өлшем алу, оны үлгі бойынша матаға қию, көктеу тігістерін жүргізу жұмыстарын орындау технологиясын көрсету. Қажетті құрал- жабдықтар: Сантиметрлік таспа, бурда журналы, ине, жіптер, булавкалар, кленка, қайшы, мата, киім суреттері, бор, қаламсап, нұсқау карта, сызғыш. Жоспары: 1. Сән- өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі. 2. Өлшем алу, сызба сызу. 3. Нұсқау картамен жұмыс. 4. Бөлшектерді әзірлеу, құрастыру. 5. Жарнама. Жұмыстың орындалу тәртібі: Сән- белгілі бір тплғамның уақытша үстем болуы. Киім – бірінші қажетті зат. Адам қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. 2. Бұйымның негізгі бөлшектерінің үлгілерін ( алдыңғы бой, артқы бой, жеңдер, жағалар, манжеталар, әдіптер) алу үшін олардың сызбаларын қағазбен түсіреді. Өлшем алу әдістері. 1. Мо- мойын орамы, мойынды айналдыра өлшеу. 2. Ко- кеуде орамы, кеудені айналдыра өлшеу. 3. Бо- бел орамы, белді айналдыра өлшеу. 4. Жбо- жамбас орамы, жамбасты айналдыра өлшеу. 5. Бұйымның ұзындығы. 6. Кұ- кеуде ұзындығы, мойыннан кеудеге дейінгі ұзындық.7. Бұ- бел ұзындығы, мойыннан белге дейінгі ұзындық. 8. Жбұ- жамбас ұзындығы, белден жамбасқа дейінгі ұзындық 9. Жө- жеңнің ұзындығы, иықтан білезікке дейінгі ұзындық. 10. Иө- иық өлшемі, мойыннан иыққа дейінгі ұзындық. Барлық тұлғалар өлшемдерін екі топқа ажыратуға болады - орамдары - ұзындықтары - Әдетте өлшемді көйлек-көншек немесе жеңіл көйлек сыртынаналады. Өлшем алу кезінде адам еркін әрі қимыл-тұрысын өзгертпей тұруы керек. - Бел сызығына қатты етіп, көлденеңінен жіп (резеңке) байлауы керек. - Өлшемді алдымен алдыңғы жағынан, одан кейін артқы жағынан өлшейді. Жұмыстың орындалу жүйеліктері Керекті құралдар Бөлшектерді үлгі бойынша матаға қойып пішу әдісі. - Матаға сипаттама. - Теріс бүктеп, үлгілерді орналыстырып реттеу. - Үлгімен матаны булавкалармен қыстырып, бекіту. - Орнын белгілеу. - Қайшымен қиып алу - Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Мата, үлгілер Инелер, түйреуіштер Бор, сабын алқындысы ҚайшыКөйлекті өңдеу технологиясы - Алдыңғы, артқы бойдың бүкпелерін орындау. - Алдыңғы және артқы бойдың жан, иық тігістерін орындау. - Алдыңғы артқы бойды қосып тігу - Шақтап өңдеу - Ақауларды жөндеу - Тігін машинасымен өңдеу - Ылғалды – жылумен өңдеу - Әшекейлеу - Киюге әзірлеу. ( жуу, кептіру, үтіктеу) Ине, жіп, қайшы См-лік таспа Тігін машинасы Электр үтік Бау, моншақ, таспа Шалбар өңдеу технологиясы. - Бөліктерінің пішімін өңдеуге дайындау - Шақтап өлшеуге даярлау - Шақтап өлшеуден кейінгі кемшіліктерін түзету. - Қыржымдарын өңдеу. - Жан тігістерін өңдеу - Ысырма- ілгекті қолданып, ілгегін өңдеу. - Белбеуді өңдеу - Түймеліктерін өңдеу - Әшекейлеу жұмыстары- Жіптердің үзінділерін алып тастау - Ылғалды – жылумен өңдеу - Шалбарды киюге дайындау Ине, жіп, қайшы См-лік таспа Электр үтік Ысырма ілгек Теспе тігу Түйме Бау, таспа Қайшы Үтік Сергіті сәті. Ситуациялық сұрақтар қою. 1. Матаға үлгіні дұрыс орналастырмадық, бір бөліктерді бірдей етіп пішіп алдық, қандай жағдайда боласың, бұл кедергіден қалай шығасың? 2. Пішкен киімің өзіңе болмай қалды, қысқа әрі тар, қандай күйде боласың, бұл жағдайдан қалай шығасың? 3. Киімін сабақ үстінде сөгіліп кетті немесе жыртылып қалды, қандай күйде боласың? Жарнама жасау. Әрбір топ өзі өлшеп пішкен бұйымының сапасына жарнама жасау. Мысалы:Шалбар ұсынған себебім, Әдемі киін дегенім. Шалбарымыз да адамдарды таңдайды, Толықтардың дені тұрқын сомдайды. Шалбар деген бір керемет нәрсе ғой Сондықтан да шалбар киген ыңғайлы, Өйткені ол біліп тұр-ау ыңғайды,Сөз жоқ сенің айтқаныңды тыңдайды, Шалбар киген бәрімізге ыңғайлы. Сұрақтарға жауап беру. 1. Бөлшектерді әзірлеуді қалай жүргізеді? 2. Бөлшектерді дайындау қандай жүйелілікпен жүргізіледі? 3. Бұйымдарды құрастыру қалай жүргізіледі? 4. Бұйыиды тігу кезіндегі жүйеліліктің бұлжымайтын тәртібі бар ма? Неліктен? 5. Бұйымдардың ұсынылған нобайларын қара, бұйымның бөлшектерін әзірлеу мен құрастыру қалай жүргізілетінін айтыңдар? Үйге тапсырма: Киімді өлшеп, пішу жұмыстарын орындау.№13сабақ 9-сынып Сабақтың тақырып: Бұйымды соңғы рет өңдеу Сабақтың мақсаты:білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту; Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру; Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету; Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба,топтастыру стратегиясы т.б. Сабақтың көрнекілігі: мата,ине-жіп,қайшы,см таспа,интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: өмірмен,биологиямен,химия. Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушылармен амандасу. ә)Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Ой қозғау (нені білеміз?) Ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинаймыз.Оқушылар жинаған ұпайларына қарай бағаланады. 30-сұрақ. 1)Стиль дегеніміз не? 2)Стильдің түрлерін ата. 30-сұрақ. 1)Машина тігісі қандай тігіс? 2)Бұйымның етегін неше әдіспен өңдейміз? Ү.Жаңа сабақІздену (нені білгіміз келеді?) Тігін өндірісінде ылғалды жылулықпен өңдеу киімдерге белгілі форма беру үшін ақырғы рет үтіктеу.Ылғалды жылулықпен өңдеу кезінде матаны сулап,ыстық температурада қысымның көмегімен үтіктеледі. Маникен дегеніміз не? Киімнің уақытша иесі. Булау –теріден жасалған бұйымды маникенге керу арқылы өңделеді. Престеу-химиялық талшықтан маталарды өнеркәсіпте престеу. Үтіктеу-табиғи талшықтан алынған маталар шыт,сатен,бөз. Бұл түрлер матаның қалыңдығына, тоқылуына байланысты.Ылғалды жылумен өңдеу жұмыстары арнайы үтік столында орындалады.Үстел ағаштың қалың сортынан жасалады.Сырты қалаң бартовка матамен қапталады.Үтіктің үш түрі бар:пешті,электрлі,бумен ылғалданады. Үтікпен жұмыс істегенде есептілікті,ұқыптылықты қажет етеді. Ал енді оқушылар сендермен бірге топтастыру стратегиясы арқылы қауіпсіздік ережелерді айтып өтейік. Қауіпсіздік ережелері 1.Аяқ астына резеңке кілемше қою керек; 2.Баусымның үтік табанына тиіп қалмауын қадағалау керек; 3.Үтікті электр жүйесіне қосқаға дейін онын бауын тексеру керек; 4.Разеткада ашады баусымда ақау болса мұғалімге хабарлау

Приложенные файлы

  • docx 44891
    Размер файла: 380 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий