Алматы облысыны табии ресурстары



Сабақ 8 Бекітемін----------------------------2017ж
Пән: Өлкетану
Сынып 7 А; 7 Ә
Пән мұғалімі: Надирбекова Эльмира
Күні: 7 А- 17.10; 7 Ә- 16.10.2017ж
Сабақтың тақырыбы: Алматы облысының табиғи ресурстары
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Алматы облысының табиғат ресурстарының орналасу заңдылықтары, оларды тиімді пайдалану және қорғау мәселелері туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Адамның қажеттігін қанағаттандырудағы табиғаттың маңызын және ресурстарды ұтымды пайдаланудың ролін айқындауды үйрету.
2.Тәрбиелік. Оқушыларға табиғи ортада өзін-өзі ұстау ережелерін, күнделікті іс-әрекетінде табиғат қорғау туралы экологиялық білім беруге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Қосымша ақпарат көздері арқылы ізденістерін жетілдіре отырып, қызығушылық қабілеттерін дамыту.
 Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд, тірек- сызбалары, кесте, карта, суреттер, буклеттер, т.б.
 Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау-баяндау, т.б
Пән аралық байланыс: информатика, биология, химия, экология.
                        Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Алматы облысының табиғи ресурстарын ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету және реттеу, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Пайымдауы: Облыстың орман қорын иелену, пайдалану, күзету, қорғау және толықтыра отырып оның ресурстық әлеуетін көтеру, жануарлар әлемін қорғау және молайту. Аумақтың экологиялық тұрақтылығы, қоршаған ортаның жағдайы мен қауіпсіздігін және тұрғындардың денсаулығын қорғау, ластанудың алдын алу, экологиялық жүйелердің жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ете отырып, қоршаған ортаның жағдайын жақсарту. ^ 2.Ағымдағы жағдайды талдауОрман алқаптары климатты реттеу, егістік пен топырақты қорғау, суды сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды атқарады.Облыс әкімдінінің комуналды меншігіндегі орман қорының жалпы көлемі 4276,6 мың га, оның ішінде орманды алқап 1666,9 мың гектар, олардың 85,9 мың гектары жасанды жолмен отырғызылған орман екпелері. Облыс аумағында орманды жер көлемі 8,2% құрайды.Облыс әкімдігінің «Алматы облысы аумағында дала, тау, орман және таулы-ормандағы өрттерді сөндіру барысында өзара бірлескен іс-қимыл жасаудың 2006-2010 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы №77 қаулысын орындау мақсатында барлық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде өрттің алдын алу, оларды дер кезінде байқап, жою жөніндегі шаралар белгіленіп, жүзеге асырылуда. Өрттің алдын алу мақсатында орман алқаптарында жыл сайын 70 шақырым минералды жолақтар жасалып, 1110 шақырым минералды жолаққа күтім жасалады. Орман шаруашылығы дамытудың басым бағытының бірі - орман өсіру және қалпына келтіру болып табылады. Осы орайда, облыс аумағында орман алқабын кеңейту үшін екпе ағаштарын молынан өсіруге үлкен маңыз беріледі. 1991 жыл мен 2004 жыл аралығында 108,0 мың га жерге көшеттер отырғызылып, осар 20,0 мың га астам орманды алқап санатына көшірілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес 2005-2009 жылдары орманды қалпына келтіру және өсіру жұмыстары 15427 га жерге жүргізілді, оның ішінде 6571 га. себу және отырғызу әдісімен. Орман отырғызу жұмыстарын көшеттермен қамтамасыз ету үшін 17 питомникте 9,7 млн. түп әр түрлі ағаш тұқымдастары өсірілді. Сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету үшін Алматы орман селекциялық кәсіпорнының қатысуымен орман тұқымы базасы қалыптастырылды.Орманды орналастыру жұмыстарының ревизия арасы мерзімі 10 жыл болғанымен, мемлекеттік мекемелердің көбінде орманды орналастыру жұмыстары 1989-1993 жылдары соңғы рет жүргізілді. 2006 -2007 жылдары «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» 4 мемлекеттік орман мекемесінде орман орналастыру жұмыстарын жүргізді, қалған 13 мемлекеттік мекемелерінде орман орналастыруды жүргізу 2013 жылы жоспарлануда.Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2007-2008 жылдары мынандай шаралар атқарылды: улы химикаттарды көмуге арналған 2 полигонға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 10 елді мекенде канализация жүйесі жөнделді, заңсыз қоқыстар үйіндісі төгілген жерге, қайта өңдеу құнарландыру жұмыстары атқарылды, Іле өзені мен оның тармақтары тазаланып, Балқаш ауданындағы Бақанас және Тасмұрын магистральдік каналдарының басына балықтарды қорғау ғимараттары салынды.Тектік қорды және биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында Алматы облысының жергілікті маңыздағы Қызыл кітабы және Жануарлар дүниесінің кадастрі әзірленді. Бүгінгі таңда білім беру саласы міндеттердің бірі-жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғауға, оның байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Осы мақсатта қоршаған ортаны қорғау тақырыбына жыл сайын үгіт-насихат, экологиялық оқу ағарту шаралары жүргізіліп, брошюра, бюллетендер шығарылды.2010 жылдан бастап канализация жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 24- мамырындағы №832 жарғысы негізінде және орталықтандырылған атқарушы органдардың қызметтерін бөлуге байланысты сумен қамтамасыз ету және су тарту қызметтері Алматы облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына өткізілді.^ Жер үсті сулары. Облыстық су ресурстары 800-ден астам көл мен өзен-ағын суларды құрайды (соның ішінде 18 өзен- ағын сулардың шекаралық мәртебесі бар және бір бөлігі Республикалық маңызы бар су айдындары). Ірі көлдерге Балқаш, Алакөл көлдерінің жүйесі (Алакөл, Сасықкөл, Жаланашкөл және Қошқаркөл), Көлсай, Үлкен Алматы және тағы басқасы, Қапшағай, Бартоғай және Күрті су қоймалары жатады. Солардың ішіндегі ең ірі Іле өзенінің Балқаш көліне құятын тұсы көлемі 8 мың шаршы км атырауды құрайды. Атыраудың экологиялық жүйесінде экологиялық тепе-теңдікті сақтауда табиғатты реттеуші ретіндегі маңызы өте зор.^ Жер асты сулары. Балқаш-Алакол бассейні тұщы жер асты суларының қоры мол. 26216,3 мың. м3/тәулігіне баланстық қорынан (жылына 9,56 млрд. м3) алынатын жер асты суларының жалпы мөлшері 884,52 мың.м3/тәулігіне құрайды (баланстық қордың 3,4 %). Алайда, пайдалануы төмен деңгейде, аумақты сумен қамтамасыз ету қоры бар.Аймақта тұщы судың мұздық түріндегі қоры өте үлкен. Қазақстанда құралатын 65 км3 судың 47 км3 Алматы аймағының таулы өзендерінің ағымына жатады, немесе 70% пайыздан астам. Бұл су көздері суармалы жерлердің және аймақтағы су пайдалану экономикасының негізі болып табылады.Осыған орай, облыстың су нысандарында су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленбеуіне байланысты, көлдер мен өзендердің жағалауында түрлі ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Оның судың жағдайына, су ресурстарының экологиялық балансына тигізетін кері әсері ескерілмейді. Алматы облысының су нысандарында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстарының 2010 жылға көрсеткіштерінің өсу себебі, 2009 жылы 20 өзенде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалау-сметалық құжаттары жасалған.Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің азайып бара жатқаны Алматы облысында 2011 жылдан бастап, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің кіші су нысандарында жүргізілетініне байланысты.Жоғарыда аталған мәселелерді стратегиялық бағыттар ретінде жүзеге асыру адам денсаулығы мен өміріне қолайлы ортаны қалыптастыру және экологиялық тұрақты даму негіздерін қамтамасыз ету сияқты екі мақсатты көздейді:
Орман, су ресурстарын, жануарлар әлемін сақтау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
Адам денсаулығы мен өмірі үшін қолайлы қоршаған ортаны тұрақтандыру және ластану қарқынын төмендету.

Приложенные файлы

  • docx 20100
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий