Динамика тарауын айталау, есептер шыару — физика, уроки


Алматы облысы
Іле ауданы
Өтеген батыр кенті
№ 24 лицей
Физика пәнінің мұғалімі: Шөмшекбаева З.Б.
Күні: Пәні: физика
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды қайталау. Есептер шығару
Сабақтың түрі: Коммуникативті байланыс технологиясы
Оқып – үйренудің негізгі мақсаттары: Білімділік: динамика тарауында алған білімдерін теория және практика жүзінде дәлелдей алады.
Дамутышылық: сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады.
Тәрбиелік: топпен жұмыс істегенде ұқыптылыққа, алғырлыққа, білімділікке тәрбиеленеді.
Әдіс – тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау, оқытудың жаңа – тәсілдері
Сабақ көрнекілігі: Карточка
Оқу нәтижесі: Ньютон заңдары
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Механикадағы күштер
Ғарыштық жылдамдықтар
Дарынды және талантты оқушылар Қосымша есептер шығара алады
Пәнаралық байланыс: Алгебра, геометрия
Негізгі түсініктер
Динамика Өткен сабақпен байланысы:
Динамика Бағалау:
Жеке бағалау
Формативті бағалау: Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті
уақыты Жұмыс түрлері Мұғалімнің рөлі Оқушының рөлі
2 мин Ұйымдастыру Сабаққа назарын аудару
Топқа бөлінеді Сабаққа дайындығы: оқу құралдары
8 мин Миға шабуыл
Сәйкестендіру Формуланы еске түсіру
Ньютон заңдары
Механикадағы күштер
Бүкіләлемдік тартылыс күші Топпен жұмыс
a = F/m F1 = -F2 F = Gm1m2R2 V =gR P = m(g+a) P = m(g-a) F = k x F = µ N
23 мин Ой қозғау Есептер
А деңгей есептері
Серіппенің екінші ұшы шыбық бойымен үйкеліссіз сырғанайтын цилиндрге бекітілген. Ұзындығы 20 см, қатаңдығы 40 Н/м, егер стержень бірқалыпты айналса цилиндрдің массасы 50 г үдеуі неге тең?
Бірқалыпты үдемелі көтерілген лифтідегі массасы 100 кг жүктің салмағы неге тең? 18 м жол жүрген лиятинің жылдамдығы 3 м/с.
В деңгей есептері
Массасы 500 кг дененің координатасы x = 20 – 10 t + t2 заңдылығымен өзгеретін болса, оған әрекет ететін күштің табыңдар?
Тығыздығы 3*103 кг/м3 шектеусіз ортада көлемдері 30 см3 және 40 см3 екі шар центрлерінен есептегенде 20 см аралықта орналасқан. Шардың тығыздығы 2*103 кг/м3. Олардың өзара әсерлесу күші қандай? (6кН)
С деңгей есептері
Шолпан планетасының орташа тығыздығы 5200 кг/м3, ал радиусы 6100 км. Оның бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай? (8,8 м/с2) Есеп шығару
6 мин Қорытындылау
Тест жұмысы Әр жұпқа үш сұрақтан беріледі.
Жауабын бірден тексереміз Жұппен жұмыс
1 мин Кері байланыс Жапыраққа
Не білдім?
Не үйрендім?
Не білгім келеді? Жеке жұмыс
2 мин үйге тапсырма § 10 - 18 оқу қайталау Күнделікке жазып алады
3 мин бағалау Топ басшы бағалайды Күнделікке қояды

Динамика тарауы бойынша формулалардың ретін табу

Формулаларды пайдаланып «А», «В», «С» деңгейіндегі есептерді шығару
топ басшы бағалауда.

Приложенные файлы

  • docx 310295
    Размер файла: 369 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий