сты ас йі — дошкольное образование, уроки


«Таным» білім беру саласының қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Жасы: (3-4 жас) Екінші кіші
Тақырыбы: «Құстың ас үиі»
Мақсаты: Балаларды екі затты беттестіру әдісімен ұзындығы бойынша ұзын, қысқа, ұзындығы бойынша бірдей сөздерін қолдана отырып, салыстыруды уйретуді жалғастыру; «біреу» және «көп» түсініктерін бекіту. Дидактикалық ойын: «Поезд»
Алдын ала жұмыс: әңгіме жүргізу
Сөздік жұмыс: бір, көп, құс
Іс-әрекетінің
мақсаты Тәрбиешінің
басқарымдылық қызметті Балалардың іс- әрекеті
І - кезең мотивациялық-қозғаушы Балалардың назарларын тақтада ілініп тұрған сандарға және үстел үстінде тұрған текшелерге аударту. Балалар барлығы бірге амандасады.
Сандарға және текшелерге назарларын аударады.
ІІ - кезең проблемалық ізденушілік
Сұрақ-жауап:
-Балалалр сендер заттардың біреу немесе көп екендігін білесіңдер ме?
Қолымда неше доп бар?
Біреу ме, көп пе?
Топтағы ойыншықтар біреу ме, көп пе?
-Ал енді балалар қарандаршы менің қолымда не бар?
Дұрыс айтасыңдар, бұл текшелер.
-Кім айтады осы текшелердің бір-бірінен айырмашылықтарын бар ма?
Балаларға текшелерді көрсете отырып,оларға толығымен сипаттама беру.
-олардың биіктіктерін
-ұзындықтарын
-түстерін
-көлемдерін бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін атап көрсетіп,салыстыру.
Сергіту сәті:
Жел еседі бетімізге.
Шайқалады ағаштар.
Желге айтамыз тыныш,тыныш.
Биіктесін ағаштар.
Дидактикалық ойын: «Поезд»
Қойылған сұрақтар жауап береді.
Берілген сандарды он және кері қойып шығады.
Текшелерге қарап олардың бір-бірінен айырмашылықтарын табады.
Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдап тырады.
Балалар көтеріңкі көңіл-күймен,қимыл-қозғалыспен орындайды.
Балалар белсенділік танытып,білгендерін ортаға салады.Заттардың айырмашалықтарын ізденуге талпынады.
ІІІ - кезең рефлексивтік түзетуші Қорытынды:
-Балалар біз бүгін сандарды қалай санадық?
-Текшелермен қандай жұмыс жасадық?
-Сендерге ойын ұнады ма? Сұрақтарға жауап беру арқылы өткендерін естеріне түсіреді.
Күтілетін нәтиже
Ұғынады: Өз беттерінше заттардың айырмашылықтарын табуды.
Түсінеді: Екі затты қалай салыстыру керектігін білу..
Қолданады: «біреу» және «көп» түсініктерін бекіту

Приложенные файлы

  • docx 309053
    Размер файла: 14 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий