Биология пнінен саба жоспары Брша тымдастар (6 сынып) — биология, уроки


Сыныбы:6
Сабақтың тақырыбы: Бұршақ тұқымдастар
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды бұршақ тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ойын элементтері арқылы интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру. Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру. Тәрбиелілігі: Оқушыларға бұршақ тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі манызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстауда, жақсы қоғамдық ортаны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тест жұмысы, көрнекілік, биологиялық диктант.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, кеппешөптер, сабаққа таратпа материал
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
І. Қызығушылықты ояту
1.Тест жұмысы
Қазір бақша өсімдіктерінің қанша түрі белгілі? А) 900 Ә) 800 Б) 650
Қазақстанда соның ішінде қанша түрі кездеседі? А) 10 Ә)15 Б) 9
Жемісі ең ірі өсімдік А)қауын Ә)қарбыз Б) асқабақ
Асқабақ қай қалада мәдени дақыл ретінде алғаш өсіріле бастаған? А) мексика
Ә) бразилия Б) куба
Асқабақтың сабағы неше метрге дейін жетеді? А) 5 Ә) 7 Б)9
Орамжапырақгүлділердің ғаламшарда неше мыңға дейін түрлері бар?
А) 2000 Ә)3000 Б) 4000
Халықтық медицинада тамырын іш босатуға пайдаланатын өсімдік?
А) құтырған қияр Ә) итжүзім Б) чайот
Ғаламшарымызда қаншадан астам раушангүлділер бар? А)3000 Ә) 3500 Б) 4500
Аула сәнін келтіретін нағыз сәндік гүл бұл – а) шетен ә) беже ағашы б) раушан
Раушан гүлінен не алады? А) иод Ә) бағалы май Б) сабын
Раушанның қанша іріктемесі бар? а) 2 500 ә) 25 000 б)25 000
Раушангүлділер тұқымдасы қазақстанда қанша түрі өсіріледі? А) 27 Ә)35 Б) 370
2. Кім жылдам ? «иа» және «жоқ»
Ғаламшарда раушангүлділердің 3000 түрі бар (иа)
Мойыл, шетен, алмұрт раушангүлділер тұқымдасына жатады? (иа)
Шыршай, байғұт, қойбүлдірген – біржылдық өсімдік? (жоқ)
Раушангүлділердің жапырақтары бірдей? (жоқ)
Итмұрын, долана раушанның сабақтары тікенекті емес? (жоқ)
Раушангүлділердің гүлшоғырлары бірдей? (жоқ)
Раушан жабайы итмұрыннан шығарылған? (иа)
Итмұрынның саны 100 – ге жетеді? (иа)
Раушан майы бағалы емес? (жоқ)
Аула сәнін келтіретін раушан ? (иа)
Раушан гүлінің іріктемесі 35000 мың? (жоқ) 25
Итмұрын гүлінің аталықтар өте көп? (иа)
Раушангүлділер қосжынысты? (иа)
3. Жаңа сабақ.
ІІ. Мағананы ашу
Бұршақ тұқымдастар.
Бөлім: Жабықтұқымдылар
Класс: Қосжарнақтылар
Қатар: Раушан гүлділер
Тұқымдас: Бұршақ тұқымдастар
Туыс: мия, бұршақ, жоңышқа, жантақ, қараған, сана, жержаңғақ,
нұт, т.б.
Гүл формуласы: Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1 Жемістері-бұршаққап.
Бұршақ тұқымдастардың 12 000 түрі бар деп есептеледі.оның 650-ге жуық түрі Қазақстанда өсіріледі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі-тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекетінен тамыр жасушалары бөлініп, жасуша саны артады. Сөйтіп тамырда түкшелер пайда болады. Өсімді тіршілігін жойғанда топрықа азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдастардан кейін ең көп таралған ағаш, шала бұта, шөптекті өсімдіктер тобы. Жапырағы қауырсын тәрізді немесе саусақ салалы күрделі жапырақты, кейде жай жапырақты болып келеді. Жапырақтарында бөбешік жапырақтары болады. Гүлдері-орташа мөлшерлі немесе ұсақ. Ұсақ гүлдері шоғырбас, шатыршагүл, шашақ гүлшоғырына жиналады. Гүлі бірікен 5 тостағанша жапырақшалар, 5 күлтежапырақшалардан құралады. Күлтенің құрылысына қарай әртүрлі атаулары бар. Ең ірі күлтежапырақша – «желкен», желкеннің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша- «ескек», ал төменгі тұтасып өскен екеуі –«қайықша» деп аталады. Қайықшаның ішінде 1 аналық бар, оны 10 аталық қоршап тұрады. Аталықтар қоршаған аналықтың түбіне шірне жиналады. Бұршақ тұқымдастардың басым бөлігі бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады.
Тұқымында нәруыздық заттар мол болғандықтан тағамға, мал азығына пайдаланады. Бұршақ тұқымдастарының сәндік түрлері де, улысы да бар. Бұршақ тұқымдас Жабайы мәдени қызылбас мал азықтық тағамдық сәндік улы дәрілік жоңышқа. сары асбұршақ қараған тентекмия қызыл мия, бөрібұршақ, үрмебұршақ, кассия(сана) беде, соя, түйежоңышқа, жасымық, жантақ. нұт
4. Қорытындылау.
ІІІ. Ой толғаныс : 1.«Биологиялық диктант» Бұршақ тұқымдастардың .......................... түрі бар деп есептеледі. Оның ..............-ге жуық түрі ...................... өседі. Сөйтіп тамырда .....................пайда болады. Жапырақтарында ...........................бөбешік жапырақтар болады. Гүлі біріккен бес .......... жапырақшалар , бес ....................... күлтежапырақшалардан құралады. Ең ірі күлтежапырақша - «..........................» күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша «..........................» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі – «....................» . қайықшаның ішінде .......... аналық бар, оны ........... аталық қоршап тұрады. Бұрщақ тұқымдастарының көпшілігінде .......... аталық жіпшелерімен бірігіп, біреуі ............ қалады.
5. Бекіту: №25 зертханалық жұмыс
6. Үйге тапсырма: §27. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер (мазмұндау) және дәрілік маңызы туралы қосымша іздену
7. Бағалау.

Приложенные файлы

  • docx 308276
    Размер файла: 22 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий