Елімні тірегі-ел басы — внеурочная работа, уроки


Тақырыбы: Елімнің тірегі-Ел басыМақсаты:1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуКөрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Дербес парақша мен фильмдері» көркем фильмЖүру барысы
4 «а» сынып оқушылары «Елім менің»
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар мен оқушылар сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Ал осы Елбасымыз туралы не білеміз? Оның өмірі туралы қаншалықты хабардарсыз? Ендеше, мен бүгінгі кездесуімізді Нұрсұлтан Әбішұлының шығармашылығына арнаймыз.
Әділ қазы береді,
өздеріңе сыйлықты
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты?- деп
Сайсымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып кетейін:
Ұлттық намыс — ұлы ұғым... деп Ұлы ақын, дана, ғалым Нұрсұлтан атамыз өз шығармаларын болашақ ұрпаққа тәрбиесіне арнады. Осы ұлы тұлға шығармаларын мәнерлеп оқуға арналған өнер сайысына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
0 «а» сынып оқушылары:
1 «а» сынып оқушылары:
2 «а» сынып оқушылары:
3 «а» сынып оқушылары:
4 «а» сынып оқушылары:
Сіздерді бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныстырайын:
1 – кезең:
Сұрақ- жауап: «Ел басының өмір жолы»
2-кезең:
«Тарих пен тіл тамырлас» Нұрсұлтан атамыздың, шығармашылығынан үзінділер.
3-кезең
«Ел басына тілек» оқушылардың Ел басына арналған шығармашылықтары.
«Өнер әрқашанда шынайылық пен үндестікке шақырып, ұлтаралық қатынастың әмбебап тілі қызметін атқарады.» деп Нұрсұлтан атамыз айтқандай 1-кезең «Ел басының өмір жолы»
2 кезеңнен тұрады:
сұрақ-жауап: 2-4 сынып аралығында «Балалық шақтың аспаны» киносынан сұрақтар қойылады.
2) сұрақ-жауап: 0-1 сынып аралығында Ел басының жеке өміріне байланысты сұрақтар қойылады.
1) сұрақ-жауап: 2-4 сынып аралығында «Балалық шақтың аспаны» киносынан сұрақтар қойылады.
1) Нұрсұлтанның әкесінің қойларын не талады? (қасқыр)
2) Нұрсұлтан ауырғанда не жегісі келді?(алма )
3) Түлкіні не ұстап алады? (бүркіт)
4)1945 жылы нені тойлады? (жеңіс)
5) Нұрсұлтанның әжесінің аты кім? (Мырзабала)
6)Нұрсұлтан қантты неге берді? (Ат)
2) сұрақ-жауап: 0-1 сынып аралығында Ел басының жеке өміріне байланысты сұрақтар қойылады.
1) Ел басының толық аты жөні? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаева)
2)Ел басы қай жылы дүниеге келді? (1940 жылы 6 шілде)
3)Ел басының неше перзенті бар? (3)
4)Ел басының әйелінің аты? (Назарбаева Сара Алпысовна)
5)Қыздарының аттары? (Дариға, Динара, Алия)
6)Ел басы қайда тұрады? (Астана)
«Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да —кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі.» деп Нұрсұлтана атамыз айтқандай, Ел басының өмірінен үзінді слайдтарға назар аударып, үлгі тұтайық!
2-кезең:
«Тарих пен тіл тамырлас» Нұрсұлтан атамыздың, шығармашылығынан үзінділер сайысы.
Сайыскерлерді ортаға шақырамын:
3)«Ел басына тілек» оқушылардың Ел басына арналған шығармашылықтары.
Сайысты бастамас бұрын ел басына өзімнің өлең жолдарымды арнағым келеді:
Елімнің асқақтаған биігі Сіз
Елімнің жайма шуақ көңілі Сіз
Қазағым деп талай асу бағындырып
20 жылда биіктерден көрсеттіңіз
Қазақтың үміті Сіз, сенері Сіз
Елімді елге қосқан тірегі сіз
Қазағым деп істелінді әр ісіңіз
Бақыт сыйлар, әр таңға үміттіміз
Бірлікті, тыныштықты сыйладыңыз
Әр қазақтың төріне жол таптыңыз
Тілеуіңізді тілейді бар қазақ ел
Бейбітшілік елімнің ертеңі сіз!
Сайыскерлерді ортаға шақырамын:
Нұрсұлтан шығармашылығымен сусындаған талантты да, талапты жас ұрпақ арасындағы сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын кез де келіп жетті. Сонымен сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Ортаға әділ – қазылар алқасын шақырайық!
3 «а» сынып оқушыларының орындауында «Үш қоңыр» әні
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.
Көрерменім көбейсін күннен – күнге,
Келеберсін қонақтар ғарыштан да.
Осымен сайыс кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош – сау болыңыздар!
Қортынды: Нұрсұлтан шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Нұрсұлтан дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгінгі жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектеспіз


Өткізген: Дулатқызы Баянгүл
2012 жыл

Приложенные файлы

  • docx 306844
    Размер файла: 20 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий