Екі табалы сана жазбаша кбейту тсілі — математика, уроки


Бекітемін: Уақыты: Сыныбы: 4 « »
Математика .Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілі
Сабақтың мақсаты: Балаларды екі таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілімен таныстыру. Әртүрлі есептерді шығару қабілеті мен дағдысын жетілдіру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыпты, әдепті болуға, сыпайылық сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: Ережелер, кестелер, дөңгелектер.
Күтілетін нәтиже: 1. Екі таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілімен танысу.
2. Әртүрлі есептерді шығару қабілеті мен дағдысын жетілдіру.
3. Білімін күнделікті өмірде пайдалану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І. Қызығушылықты ояту.Үй тапсырмасын тексеру.
56*24 сандарын көбейту барысында көбейтудің қандай заңын пайдаланамыз?
Үлестірімділік заңын пайдаланамыз.
Қалай талдаймыз?
Екінші көбейткішті ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде алып, 56-ны ондықтар мен бірліктерге кезекпен көбейтеміз, шыққан нәтижені қосамыз:
56*20+56*4=1 120+224=1 344
Мұндай мысалды баған түрінде көбейтуге бола ма?
Көбейтуді баған түрінде орындап көруді ұсынамын.
ІІ. Мағынаны тану.
№ 1. Көбейтудің қалай орындалғанын қара. 245*23 көбейтіндісін осылай орындап көр.
124 * 36 = 124*(30 + 6) = 4 464
124 * 30 = 3 720 124 * 6 = 744 3720 + 744 = 4 464
№ 2. а) Екі таңбалы санға көбейту тәсілін былай жазған тиімді:
Бірінші көбейткіш 124, оның астына екінші көбейткіш 36-ны (бірліктерді бірліктердің астына, ондықтарды ондықтардың астына) жазамын. 124 санын бірліктерге көбейтемін: 124* 6 = 744. Бірліктерді бірліктердің, ондықтарды ондықтардың, жүздіктерді жүздіктердің астына жазамын. Бірінші толымсыз көбейтінді шықты.
124 санын ондықтарға көбейтемін: 124 * 3онд. = 372 онд. 2-ні ондықтардың астына жазамын. 7 жүзді жүздіктердің астына жазамын, 3-ті мыңдықтар разрядына жазамын. Екінші толымсыз көбейтінді шықты.
Толымсыз көбейтінділердің мәндерін қосамын.
Жауабын оқимын: 4 464.
Назар аудар! Көп таңбалы санға көбейтуді орындау кезінде дәптердің немесе дәптер сызығының шетінен екінші көбейткіште неше цифр болса, сонша торкөз және оған қосымша бір торкөз қалдыру керек.
ә) Көбейтуді түсіндіре отырып орында.
345 *34 =11 730 23 476 * 21 =492 996 234 * 34 =7 956
983 * 31 =30 473 19 031 * 51 =970 581 1 243 * 36 =44 748
458 * 95 =43 510 10 003 * 98 =980294 3 109 * 29 =90 161
№ 3. Кестеде көрсетілген уақытта төмендегі жануарлардың қандай арақашықтықты жүзіп өтетінін тап.
v t S (км)
Касатка 65 км /сағ 360 мин=6сағ 390 км
Дельфин 46 км /сағ 180 мин=3сағ 138 км
Акула 36 км /сағ 120мин=2сағ 72 км
№ 4. Өзіндік жұмыс.
Берілген үлгіге сәйкес төмендегі сандардан өрнектер құрастыр және олардың мәнін тап. (4 өрнек құрастыру қажет)
74 725*16+52*10=1 195 600+520=1 196 120
1 173*24+39*93=28 152+3 627=31 779
№ 5.
І теплоход-40 км Ш: 38+40=78 км-арақашықтық
ІІ теплоход-38 км Теплоходтың жылдамдығы: 38:1=38 км/сағ;
Теплоходтардың жылдамдықтары-? км/сағ 40:1=40 км/сағ
Арақашықтығы-? км Ж: теплоходтың жылдамдықтары 38 км/сағ,
40 км/сағ, 78 км арақашықтықта болды.
Кестені толтыр.
Қозғалыс уақыты 1 сағ 2 сағ 3 сағ 4 сағ
Теплоходтардың арақашықтығы 78 156 234 312
№ 6. Есепті шығар.
Автокөліктің жылдамдығы-70 км/сағ Ш: 1) 70+60=130 (км/сағ)-жақындау
Автобустың жылдамдығы-60 км/сағ жылдамдығы.
Екі қаланың арасы-260 км 2) 260:130=2 (сағ)-жолдағы уақыт
Кездесті-? сағ немесе 260: (70+60) =2 (сағ)
Ж: олар 2 сағаттан кейін кездесті.
№7. 1) 0
2) 1010
3) 11142
4) 1000
44577009588500№ 8. d(АВМ) бұрышы туралы дұрыс тұжырымдарды таңда:А
- d бұрышы сүйір бұрыш емес;
445770010668000- d бұрышы тік бұрыштан үлкен;М
- d бұрышы тік бұрыш емес;d
44615106858000- d бұрышы сүйір бұрыш +
4458970762000ВК
ІІІ.Толғаныс
Бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
Сандарды қалай жазамыз?
Үй тапсырмасы: №6. 7 бет.
Бағалау.

Приложенные файлы

  • docx 304850
    Размер файла: 26 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий