Іштен жану озалтышыны жану процесі таырыбындаы баяндама — физика, прочее


І.Ұйымдастыру. (3 минут)  
1.1.  Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу
1.2.  Өлшеуіш құралдарының (электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат) суреттерін әр түрлі  фигураларға (мысалы  электроскопты үшбұрышқып беске бөлеміз)  қию арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз. (ұшбұрыштар бір топ, квадраттар екінші топ, тіктөртбұрыштар үшінші топ, қисық көп бұрыштар төртінші топ)
ІІ. Миға шабуыл ( 5 минут)
Оқушылар сурет  қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді.
ІІІ. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы) (5 минут)
Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)
Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)
Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)
Қуат неге байланысты? (жұмыс)
(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.)
Жаңа сабақ: «Токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы»
ІV. Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс» (13 минут) 
Берілген мәтінді әр оқушы өз бетінше оқиды. Келесі кезекте топтарға төмендегі сұрақтар таратылады.
Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қанадй?
Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып ток жұмысының формуласын өрнектеп беріңдер?
Электр тогы қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар, өлшем бірлігін ата?
Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады,түсіндір?
Берілген сұрақты   топта өзара талқылайды. Әр топтың баяндамашылары сұраққа кезектесіп жауап береді. (Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.)
V. Жұптық жұмыс  «Есептер шығару»  (10 минут)
          Егер шаңсорғыш кернеуі   220 В, ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмысжасайды?
          Троллейбустың электрқозғалтқышы  200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай?
          Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30  Ом электр пешінен 1 мин-та қанша жылу бөлінеді?
Жұптар өз есебін үлгіге қарап бағдаршам арқылы (1 қатені  жасыл,   2 қатені   сары    ,                                                            3 қатеден жоғарыны  қызыл түспен) формативті бағалайды.
VI. Жеке жұмыс    «Кеңейтілген тапсырма» (Оқушылар 1-ші тапсырманы алып жауап берген соң                2-шіні алады, оған жауап беріп 3-ші тапсырманы алады)  (6 минут)  
1-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
Анықтамасы Формуласы Өлшем бірлігі
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың  көбейтіндісіне тең P=I·U Вт
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек Q=I2 ·R·t Дж
Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады A=I·U·t В
2 -тапсырма. Берілген кестені толтырыңыз.
Анықтамасы Формуласы Өлшем бірлігі
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың  көбейтіндісіне тең Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады 3-тапсырма. Бүгінгі тақырыпта танысқан формулалар мен өлшем бірліктерді жазыңыз.
VII. Кері байланыс. (3 минут)  
Рефлексия.(Маған ұнады,қиын болды.)
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.
Кейінгі тапсырмалар 21-жаттығуды шығару.
Кейінгі оқу § 42 оқу.
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы
Тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы
Мақсаты:
Білімділік: Токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңы туралы түсіндіру, жаңа ұғым жөнінде түсінік қалыптастыру. Электрлік құбылыстар тарауы бойынша білімдерін толықтыру, бекіту, тексеру
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:  Оқушыларды, көрегендікке,  еңбекшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі – сабақ-фрейм
Сабақтың әдіс-тәсілдері: критерийлермен бағалау, сұрақ-жауап, фронтальды  сұрау, топппен жұмыс, өздік жұмыс;
Пәнаралық байланыс: электроника, электротехника, тарих, қазақ тілі, математика т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, физикалық приборлар, кестелер, карточкалар
Фрейма ағылшын тілінен аударғанда рама дегенді білдіреді
Тақтада рама берілген. Сабақтың әр кезеңінде алынған ақпарат біздің рамамыз үлкейіп кеңи береді.
Оқытушы Фрейм-сабақ туралы мағлұмат береді.
Кластер «Электроника, электроника»
Жарнама 1.    Электр энергиясы – ХХІ ғасырдыңқуат көзі.
Есіңе түсір (теорияны қайталау)
1.Электр тогы дегеніміз не?
 2.Ток күші дегеніміз не, формуласы, өлшем бірлігі, құрал
 3.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай жазылады? 
 4. Тізбекте ток болу қандай жағдайлар болу үшін не керек ? 5. Электр  қозғаушы күш дегеніміз не?
6. Электр кернеуі дегеніміз не? формуласы, өлшем бірлігі, құрал
7. Кедергі дегеніміз не
8.Өткізгіштің меншікті кедергісі деген не, формуласы өлшем бірлігі, құрал
9. Тізбектей және праллель жалғау заңдылықтары.
10. Толық тізбек үшін Ом заңы.
Жарнама 2.Электроника – прогресс тамыры, өндіріс жүрегі.
Қауіпсіздік техникасы.
Фронтальдық жұмыс.
Амперметрдің, вольтметрдің, ток көзінің, резистордың, жалғағыш сымдар, шамның көмегімен электр тізбегін кұру, оны түсіндіру Q=I2Rt
Фронтальдық жұмыс (зерттеу) А
1. Сызба бойынша тізбек құрастыр.
2. Амперметрдің, вольтметрдің шкаласының бөлік құнын тап.
3. Амперметрдің,  вольтметрдің көрсетулерін кесте жаз.
4. Кедергіні тап.
5. Қорытынды жаса.
Физикалық шама шамHL1 Шам HL2 Тізбектің жалпы бөлігі Қорытынды
Ток күші  I, А        
Кернеу U, В        
Кедергі R, Ом        
 
Фронтальдық жұмыс АФизикалық шама Бірінші резистор
R1 Екінші резисторR2 Тізбектің жалпы бөлігі Қорытынды
Ток күші  I, А        
Кернеу U, В        
Кедергі R, Ом        
1. Сызба бойынша тізбек құрастыр.
2. Амперметрдің, вольтметрдің шкаласының бөлік құнын тап.
3. Амперметрдің,  вольтметрдің көрсетулерін кесте жаз.
4. Кедергіні тап.
5. Қорытынды жаса.
Фронтальдық жұмыс (белсенді) С1. Берілген сызбадағы амперметрдің және вольтметрдің әуелі бөлік құнын, өлшеу шегін және олардың көрсеткіштерін анықтап жаз. Сызбадағы шамның және резистордың кернеуін анықта.кедергісін тап
Өздік жұмыс (жан-жақты ойлайтын) В
Карточка №1
1.Электр тізбегі ЭҚК-і  4 В, ішкі кедергісі 1 Ом ток көзінен және кедергісі
1 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең
2. Кедергілері 2  Ом және 3 Ом екі өткізгіш тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток күші 1 А. Тізбектің жалпы кедергісін, әр өткізгіштегі кернеуді және жалпы кернеуді тап (жауабы: R= 5 Ом; U1= 2В; U2=3 В; U=5 В)
Карточка №2
1. Электр тізбегі ЭҚК-і  6 В, ішкі кедергісі 2 Ом ток көзінен және кедергісі 1 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?
2. Мыс сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 . Сымның кедергісі неге тең?  ρ =0,017 Ом*мм2 /м   (Жауабы 0,85 Ом)
Жарнама 3.
Жұмыс пен қуат. Джоуль – Ленц заңы » тақырыбы бойынша алған түбегейлі білімдерің электр қуатын тұтынуда көмегін тигізеді.
Жаңа сабақ
1)    Электр тогының жұмысы.
Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді.Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
A=qU;    I=q/t
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:
  A=IUt  егер I=U/R; U=IR;  A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q
I жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж)         өлшенеді.1 Дж = 1А·1В · 1 сТоктың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады
 егер I=U/R; U=IR;  A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q
Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін  A=I2Rt
 Өткізгіштерді параллель жалғау үшін A=U2/Rt
1 Вт∙сағ. = 3600 Дж1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж
1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.
Токтың қуаты
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатыныасына тең:
P=A/t=IU
егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R
Өткізгіш неге қызады:
Джоуль- Ленц заңы.
Ағылшын физигі      Ресей физигі
Джеймс Джоуль        Эмилий Христианович Ленц
(1818-1889)                                (1804-1865)
Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:
Q=I2Rt
Жарнама 4
1.Үйреніп ал, қажетіңе жарайды!
Электр санауыш туралы студенттің дайындаған мәліметтері. (слайд)
Электр санауыштар туралы
Электр санауыштардың  пайда болу тарихы XIX ғасырдан басталады. XIX ғасырдың бірінші жартысында электр және магниттік қасиеттердің біртұтастығы теория жүзінде дәлелденді.  XIX ғасырдың екінші жартысында теорияны практика жүзінде дәлелдеу басталды. Су турбинасына, санауышқа, ток трансформаторына, әр түрлі двигательдерге, динамо- машинаға, шамдарға патент берілді, яғни бұл қондырғылар әр түрлі мақсаттарға қолданыла бастады. Осыған дейін  трансформатор жасаған венгр Отто Титус Блати және динамо-машина жасаған Аньош Йедлик и Вернер фон Сименс ең алғашқы индукциялық электр санауыш  жасады. Тағы да бұдан басқа (Галилео Феррарис— 1885 жылы, Никола Тесла — 1888жылы, Шелленбергер — 1888жылы), сол кездегі ұдайы электромагнитизмді теориясын дамыта отырып, электр энергиясын өлшейтін электр санауыштардың пайда болуына  үлес қосты.
Бұл комерсиялық өнім көпшіліктің сұранысына ие болды. Осы электр санауыштардың көмегімен тұтынған электр энергиясын есептеуге мүмкіндік туды.
1888 ең бірінші айнымалы токтың электр санауышын жасаған ғалымдар Оливер Б. Және Шелленбергером.
Электр санауыштар классификациясына, түріне, құрылысына қарай бөлінеді.
Электрөлшеуіштер өлшеу шамасына қарай бір фазалық (айнымалы ток өлшеу үшін 200В, 50 Гц) және үш фазалық (380 В, 50 Гц).
Электрмеханикалық  индукциялық санауыштың айналатын индукциялық бөлігі (алюминий диск) электр тұтынушыларын қосқанда айналып, есептік тетіктің көрсетуі бойынша шығынды көрсетеді. Құйынды токтың әсерінен алюминий диск айналады.
Электронды санауыштар, айнымалы ток пен кернеудің шығу сигналдарын түрлендіріп, есептеу импульсіне айналдырады. Импульстердің саны белсенді энергияға тура пропорционал.
Электронды электр санауыштардың кепілдік мерзімі электрмеханикалық индукциялық санауыштарға қарағанда көп (4-16 жыл)
2.Осы тақырып бойынша берілген кез келген есептерді  бөгелмей шығарып үйрену. Бұл  өздік жұмыстар мен үй тапсырмаларын  орындауға көмектеседі.
Есеп №1
Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағ.  жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап, 1 кВт*сағ қалада 7 теңге тұрады?
Шешуі :А=Р*t
А= 100 Вт *180 сағ.=18000 Вт*сағ= 18 кВт*сағ
құны – 7 теңге * 18 кВт*сағ =
= 119 теңге
Жауабы: А=18 кВт*сағ, құны 119 теңге
Есеп № 2                                
2А ток күші мен 220 В кернеуінде 10 м биіктікке массасы 100 кг жүкті
30 с аралығында көтеретін электр двигателінің ПӘК-ін анықтау
Берілгені
U =  220В                   Шешуі:
I = 2А                     ПӘК – жалпы жұмыс пен пайдалы
t = 30c                    жұмыстың арақатынасын айтады
m = 100 кг
һ=10 м
ƞ-?
Пайдалы жұмыс   АП = mgh,  жалпы жұмыс  Аж=UIt
Жарнама 5
Тестерді орындау – сіздердің болашақ мамандықтарыңызды біліп-тануыңызға ашылатын бірден бір жол.
Тест
1. Электр тізбегіндегі  кернеудің токқа қатынасын қандай физикалық шама деп аталады?
А. Ток күші. 
В. Кернеу.
С. Кедергі.
Д. Жұмыс.
Е. Қуат.
2. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар параллель жалғанғанда, жалпы кедергілері неге тең?
А. 2 Ом
В.10  Ом.
С. 4 Ом.
Д. 18 Ом.
 Е. 3 Ом.
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады?
А. Тізбектей.  
В. Аралас.  
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.  
Е. Тізбектей және біртіндеп
4. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А. Тізбектей.  
В. Аралас.  
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.  
Е. Параллель және біртіндеп
 5. 7 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?
А. 0,7 А.   
В. 700 А.    
С. 7000 А.   
Д. 0,007 А.  
Е. 0,07 А. 
6. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
А. R=U/I.   
В. R=UI.   
C. R=I/U. 
Д. R=ρS/L.   
Е. m=kIt.
7. Қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш қалай аталады?
А. психрометр.   
В. термометр.   
С. амперметр.   
Д. конденсатор.
Е. трансформатор.
8. Үйкелген дененің   басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?
А.  Греция.  
В. Англия.  
С.Ресей. 
Д. Франция. 
Е.Италия.
9. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
А. Амперметр, тізбектей  
В. Амперметр, параллель 
С. Вольтметр, тізбектей.    
Д. Вольтметр, параллель 
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
10. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланылады?
А. 120 В.
В.  220 В.       
С.360 В. 
Д. 380 В.
Е. 36 В.
 
2 нұсқа.
1. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А. Тізбектей.  
В. Аралас.  
С. Параллель.
Д.Біртіндеп.  
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
2. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
А. 6 Ом.  
В. 5 Ом.   
С. 1,5 Ом. 
Д.2 Ом.
Е.Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
3. Электр тоғының  өлшем бірлігі қандай?
А. Ампер.  
В. Вольт.  
С. Кулон.
Д. Фарадей.  
Е.Ом.
4. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
 А. Ом/ метр.   
В. Ом*метр.   
С. Ом.  
Д. В/Ом.
Е. А*Ом.
5. Толық тізбек үшін Ом заңы бойынша қалай өрнектеледі?
А. I=ε/R+r .  
В. Q=I2 RT.   
С. R=I/U.  
Д. I=U/R.  
Е.  R=ρS/L.    
6. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
А. В        
В.  А.  
С. Вт.     
Д. Дж.         
Е.Ом.
7. Ішкі кедергінің өлшем бірлігі қандай?
А. Ом*м.   В. А.   С. Ом.  Д. Вт/с.  Е. Дж
8. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 Ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?
А. 150 В     
В.15 В.             
С. 6 В.       
Д. 10 В.     
Е.25 В.
9. 10 кВ  кернеуді вольтпен өрнекте?
А. 0,10 В.
В. 10000 В.
С. 100 В.
Д. 1000 В.
Е. 0,1 В.
Зарядталған бөлшектердің электр өрісінің әсерінен реттелген қозғалысы қалай аталады?
А. Аккумулятор.
В. Электр өрісі.
С. Электр шамы.
Д. Электр тогы.
Е. Генератор.
Жауаптары:
I нұсқа II нұсқа
1. С 1.С
2. А 2. В
3. А 3. А
4.С 4. В
5.С 5. А
6.А 6. А
7.Д 7. С
8.А 8. А
9.А 9. В
10.В 10.Д
Электр тогының жұмысы мен Джоуль – Ленц заңы
Жарияланды 18-06-2016, 09:52 Категориясы: Физика 
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам кенті,«Сам мектеп - балабақша кешені»КММБәтімова Қаламқас АманкелдіқызыФизика 8 сыныпСабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен. Джоуль – Ленц заңы.Сабақтың мақсаттары:Білімділігі: Электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру. Жұмыстың, қуаттың өлшем бірліктерін атау. Джоуль - Ленц заңы туралы ақпарат беру.Дамытушылығы: Оқушылардың білімге ынтасын, ықыласын, қызығушылығын арттыру жолын қолдану. Еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.Тәрбиелік: Оқушыларды ауызбіршілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, физикалық құралдарСабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыруӘдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауапПәнаралық байланыс: химия, биология.II. Үй тапсырмасын сұрауIII. Есіңе түсі1. Электр тогы дегеніміз не?2. Ток күші дегеніміз не? формуласы, өлшем бірлігін айтыңыз3. Тізбек бөлігіндегі ток күші дегеніміз не?4. Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз не?5. Жылу алмасу дегеніміз не?6. Кернеу дегеніміз не? формуласы, өлшем бірлігін атаңыздар7. Кедергі дегеніміз не? формуласы өлшем бірлігін атаңыздар8. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?9. Өткізгіштерді параллель жалғау дегеніміз не?IV. Жаңа тақырыпты бастауға қойылатын сұрақтар. Кернеудің формуласы қандай? Ток күшінің формуласы қандай? Қуат қандай әрпімен белгіленеді?V. Жаңа сабақ түсіндіруТоктың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңыЭлектр тогының жұмысыСонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUtТізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мына түрде жазуға болады. A=I2 Rt. Тізбектің бөлігіндегі жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты жасауға кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.A=IUtХБ жүйесінде жұмыс джоульмен (Дж) өлшенеді:1 Дж = 1А*1В*1сКөбіне жұмыс ватт - сағатпен немесе киловатт - сағатпен өрнектеледі:1Вт*сағ=3. 6*103 Дж; 1кВт*сағ=103 Вт*сағ=3, 6*106ДжТоктың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр есептеуіш деп аталады.Қуат деп – жұмыстың атқару шапшаңдығын сипаттайтын шаманы айтады.Токтың қуатын өлшеуге арналған құрал ваттметр деп аталады.Джоуль - Ленц заңыЕгер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль - Ленц заңын сипаттайды.Өмірмен байланыстыру - өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорционал.Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж. Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э. Х. Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль - Ленц заңы болды.Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.VI. Сергіту. Психологиялық тренинг. «Өз жұлдызыңды тап»(Көздеріңізді жұмыңыз). Жұлдызды аспанды көз алдыңызға ойша елестетіңіз. Оған зер сала қарап, өзіңе ұнаған жұлдызды таңдаңыз. Қолыңызды созып, мақсатқа жету үшін бар қуатыңызбен, бар күшіңізбен жұмыстанып, өз жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан жұлдызды мұқият түсіріп алыңыз, алдыңызға ептеп қойыңыз. (Көзіңізді ашыңыз). Енді қолымыздағы жұлдызымызды жаңа экономикалық өрлеу кезеңіндегі Қазақстанның мүмкіндіктеріне арнаймыз. «Жоғары сапалы білім алу үшін бар күш қуатымызды қолымыздағы жұлдызды сәтімізді осы мақсатқа пайдаланамыз.VIII. Есеп шығару Егер қалта фонары шамының кернеуі 3, 5В, ал ток күші 0, 28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді? Егер резистордағы ток күші 10 мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?Мысалы:IХ. Үйге тапсырма: § 42. Оқулықтағы 152 беттегі эксперименттік тапсырмаларды орындау№6 Эксперименттік тапсырмаӨз үйіңдегі электр энергиясы санауышын бақылап, оның көрсеткіштерін қағазға түсіріңдер.Келесі күні оның көрсетуін тағы қағазға түсіріп, бір тәулікте жұмсалған электр энергиясының мөлшері мен құнын есептеңдер.Бір айда тұтынылатын электр энергиясының мөлшері мен оның құны қандай?X. Бағалау.

Приложенные файлы

  • docx 304086
    Размер файла: 43 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий