Баытты балалы ша — дошкольное образование, уроки


Ортаңғы топтағы іс – әрекетін ұйымдастыру
технологиялық картасы № 56
Күні: 27. 03. 2014.
Жас ерекшелігінің тобы: ортаңғы № 9
Өткізген: Турабаева.Н.Б
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бағдарлама тарауы: денешынықтыру
Тақырыбы: «Басқышпен» (еңкіш басқышта өрмелеу).
Мақсаты:
Балалардың жүрген кезде тепе – теңдігінің қызметін; аяқтарын көтеріп жүру іскерлігін, жүрген кезде қолдары мен аяқтарының келісілген қимылдарын жетілдіру;
Жүгірген кезде кеңістікті бағдарлау іскерлігін жаттықтыру, қол, аяқ бұлшықеттерін жетілдіру;
Балаларды шапшандыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Құрал – жабдық: Түлкі (ойыншық), басқыш, құрсау.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті. Баланың іс – әрекеті.
Мотивациялық – қозғаушы Кіріспе әңгіме: Балалар, мықты болу үшін, деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
Өте жақсы, ал біз жаттығуларды немен жасаймыз? Далада серуендеу, әр түрлі жаттығуларды жасау керек.
Іздену – ұйымдастырушылық Балалар, бүгін сендерге қонаққа қу түлкі келді, ол жай емес сендердің әрқайсысыларыңды бақылап отырады.
Алшақ адыммен жүру, жұппен жүру.
Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ.: аяқтары иықтың бойында, қолдары бүгілген.
Қолдарын кезекпен бүгу;
Қолдарын созу.
Б. қ. келу.
Б. қ.: аяқтары иықтың бойында, қолдары белінде.
1 – алға еңкею;
2- саусақтарын аяқтың ұшына тигізу;
Б. қ. келу.
Б. қ.: аяқтары иықтың бойында, қолдары тізелерінің арасында
– тұру,
– қолдарын жан – жаққа,
- Б. қ. келу
Негізгі қимылдар.
Құрсаулардан секіру.
Орындау тәсілі: бірінен кейін бірі.
Еңкіш басқышта өрмелеу.
Орындау тәсілі: бірінен кейін бірі.
Қимылды ойын: «Мысық пен торғайлар».
Жіптен үлкен шеңбер құрайды. Шеңбердің ішіне ұарай тұру. Бір баланы мысық қылып сайлап, ол шеңбердің ортасында тұрады да, ал басқалараы – торғайлар. Мысық ұйықтайды, ал торғайлар шеңберге секіріп, жемді шоқиды. Тірбиешінің белгісі бойынша мысық тұрып, торғайларды ұстайды. Торғайлар қашады. Ұстап алған торғайларды ортаға қояды.
Аз қимылды ойын «Қу түлкі қайда тығылып қалды?».
Тәрбиеші түлкіні тығып қояды да, ал балалар оны іздейді.
8 рет.
5-6 рет.
5 – 6 рет.
Балалар негізгі қимылдарды орындайды.
Балалар ойын шарты бойынша ойнайды.
Рефлексивті – корригиялық Түлкі балалардан сұрайды:
Сендерге бүгін қызықты болды ма?
Бүгін сендермен қандай жаттығулар жасадық?
Түлкі белсене қатысқан балаларды мадақтап, қоштасады. Балалар жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: еңкіш басқышта төрт аяқтап өрмелуді;
Болу керек: қимылдың бағытын анықтау іскерлігі;
Істей біледі: қимылдарды тәрбиешінің дабылы бойынша бастап, аяқтауға, құрсаудан құрсауға секірген кезде аяқтарын жартылай бүге білуді.
Тексердім: _____________

Приложенные файлы

  • docx 303315
    Размер файла: 20 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий