20-а дейінгі сандарды осу жне азайту.осу кестесін растырамыз — начальные классы, уроки


Сабақ тақырыбы: 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту
Қосу кестесін құрастырамыз Мектеп:
Күні : 14.11.2016 Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1- «д» сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;
“+”, “–”, “=” таңбасын қолдану;
қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар: Ресурстар: маркерлер;
топта жұмыс істеу үшін әр оқушыға арналған ламинатталған А4 форматты қағаздар;
қосу кестесінің көрнекі түрі.
Тірек сөздер қосу кестесi.
Сабақтың мақсаты: Қосу амалының нәтижесін қосу кестесін пайда-ланып анықтау дағдысын қалыптастыру.
Сабаққа байланысты деректі материалдарСабаққа қатысты ескертпелерҚосу кестесі қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін қажет. Сабақта оқушылар барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейінгі сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді.
— Заттарды сатып алу үшін қажет ақшаны са-нағанда ересек адамдар үнемі сандық сәулені пайдалана ма?
Ересек адамдардың бір таңбалы сандарды қосудың нәтижесін ойша есептеу. Олардың алған білімдері қосу мен азайтудың нәтижесін тез есептеуге көмектесу. Бір таңбалы сандарды қосу нәтижесін жатқа білу.
Кіріспе тапсырма. Бір таңбалы сандарды қосудың кестесін құрастыру мақсатында жобалық жұмыс ұйымдастыру. Кесте кез келген уақытта пайдалану үшін анықтама кітап түрінде жасалуы мүмкін. Бұл анықтама кітабына бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу нәтижесі кіру керек екенін ескерту.
Сұрақтар қою:
— Анықтама кітабында бірінші қай мысал тұру керек? (1 + 1 = 2.)
— Екінші сан — 1. Бірінші санның орнына қандай бір таңбалы санды қою керек? (Өсу ретімен 1-ден 9-ға дейінгі сандар.)
— Егер екінші қосылғыш — 2 болса, бірінші қосыл-ғыштың орнына қандай бір таңбалы сандарды қоюға болады? (Өсу ретімен 1-ден 8-ге дейінгі сандар.)
— Анықтама кітапқа ең соңында қандай мысалды жазасыңдар? (1 + 9 = 10.)
Оқушыларды топтарға бөліп, жұмысты жалғастыру. Әр топқа қосу кестесінің бір бөлігін құрастыру. Ол үшін оқушыларға А4 форматты қағаздарын таратып беру. Оқушылар қағазға қосу кестесінің бір бағанындағы сандарды жазады. Барлығы 9 баған. Тапсырманы сыныптағы құрастырған топтарға байланысты беру. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырманы дифференциациялау. Мысалы сы-ныпта 3 адамнан тоғыз топ құруға болады. Сонда әр топта қосу кестесінің өз бағанын құрастыруға болады. Топтар саны үшеу немесе төртеу болса, қосу кестесінің үш не төрт бағанын құрастырады. Қосу кестесіне жоба құрастыру аяқталған кезде, барлық беттерді жинап, анықтама кітап жасап, сыныптағы көрнекі жерге қою. Оқушылардың жасаған жұмыстарына алғыс білдіріп, олар бірге жасаған анықтама кітапты бір таңбалы сандарды қосуды жатқа білгенге дейін керек кезде пайдалану. Қосу кестесін зертте. Қосу кестесінің қандай бағандардан тұратынына назар аудару. Бірінші саннан бастап кестедегi қосудың баған бойынша орналасуындағы ортақ негізгі принципін айту.
Жауабы:
2 саны;
10 саны;
8 мысалдың жауабы 9 болады; Олар мыналар: 8 + 1; 7 + 2; 6 + 3; 5 + 4; 4 + 5; 3 + 6; 2 + 7; 1 + 8.
Ойлан. Тапсырманы барлық оқушылармен бірге орындау.
Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені зерттей отырып іздеу.
Жауабы:
9 түрлі жағдай:
9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 2 + 8; 1 + 9.
Шығарып көр. Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастыру. Қосу кестесін қолданып, мысалдарды орындау. Оқушыларды бір-біріне көмектесе алатындай етіп бөлу. Мысалдардың жауабын параққа жазып, тексеру кезінде бір-біріне көрсету.
Тапсырмада қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты мысалдар барын ескеру. Бұл заңның кейінірек кеңінен қолданылатынын айту.
Жауабы:
мысалдың бірінші қатары: 9, 8, 8, 7; мысалдың екінші қатары: 5, 9, 10.
Орындап көр. Жұмысты топпен ұйымдастыру. Оқушыларға қосу компоненттерін атауды және мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешуді ұсыныңыз. Талдау жасату. Қосу кестесінде 0 са-нымен қосудың жағдайлары берілмеген. 0 санының ерекшелігіне байланысты қосу кестесінде бұл сан үшін жеке бағанның болуының қажеті жоқ. 0 санымен қосу амалын орындау ерекшелігін байқап және есте сақтауы керек: 0 санын кез келген санмен қосқанда сол санның өзі шығады.
Жауабы:
7 + 0 = 7;
5 + 0 = 5;
3 + 0 = 3;
2 + 0 = 2;
6 + 0 = 6;
4 + 0 = 4.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмаларСабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсету. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешеді және жауаптары бірдей мысалдарды сызықтармен қосады.
Жауабы:
4+ 5 = 9;3+ 6 = 9;
6+ 2 = 8;4+ 4 = 8;
8+ 2= 10;7+ 3= 10;
3+ 4= 7;2+ 5= 7;
4+ 1= 5;3+ 2= 5;
3+ 3= 6.4+ 2= 6.

Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап.
Mысалдарды мұқият қарап шығып, қосу кестесінің көмегімен тапсырмаға сәйкес келетін нұсқаларды табу керек. Сосын олар бірінші қосылғышты көк, ал екіншісін қызыл қарындашпен қоршау керек.
а) 2 + 8; 7 + 3; ә) 8 + 1, 4 + 5, 7 + 2; б) 2 + 1; в) 8 + 2, 1 + 9.
Бағалау Оқушылар сабақтың соңында:
қосу кестесін құрастыруды;
бір таңбалы сандарды қосу үшін кестені пай-далануды меңгереді.
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мына сұрақтарды қою:
— қосу кестесі не үшін қажет?
— қосу кестесінде неше баған бар?
— кестедегі ең кіші сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?
— кестедегі ең үлкен сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізу.

Приложенные файлы

  • docx 302882
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий