аза тілі сабаында 4 сынып — прочее, уроки


«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлігінің Введен орта мектебі» ММ
АШЫҚ САБАҚ:

4 сынып
Хусаинова Б.А.
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
2015-2016 уч.годКүні: 21.12.2016 ж.
4- сынып.
Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында
Мақсаты: 1.Білімділік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету.
2.Дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; топта бірігіп жұмыс істеу.
3.Тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді  құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: Көшбасшылық:шаттық шеңбері «Тілек тілеу».Диалогтық оқыту.Топпен жұмыс. Жұптық  жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау.Сұрақ құрастыру, жауап беру. Сергіту сәті. Диалогтық оқыту. Әңгімелеу.                                  білу;
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік,  кеспелер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін  нәтиже: фонетиканы меңгеру, қазақ тілі сабағы  жөнінде өз пікірін айта  білу
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен сәлемдесу.
-Оқушыларды түгендеу:
Бүгін сыныпта кім кезекші?
Бүгін сыныпта кім жоқ?
Бүгін нешесі?
Неше жыл мезгілі бар?
Бір жылда неше ай бар?
Көктем айлары қандай?
Жаз айлары қандай?
Күз айлары қандай?
-Ынтымақтастық атмосферасын орнату: шаттық шеңбері «Тілек тілеу».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің мектебім» тақырыбында мәтін құрау.
«Мектебім» өлеңін жатқа айту.
ІІІ. Тіл ұстарту: « ОЖСБ-ға үлес қосу»
Дауысты дыбыстар туралы ережелерді еске алу.Оқушылармен дауысты дыбыстырдың жіктелуін қайталау,бірге талдау
ІV. Жаңа тақырып. 51 бет
Сөздікпен жұмыс. Оқушылармен жаңа сөздерді үйрену
(Ақпараттық коммуникацияны қолданып, интербелсенді тақтаға жаңа сөздерді көрсетемін, оқушылар кезекпен оқиды және дәптерлеріне көшіріп жазады.)
тақырып-темақызықты-интересноөтті-прошелтоқсан-четверть
пән-предметӘңгіме-рассказӨзінің-свой, своя, свое
Оны-его, ее.
Топқа бөлу.Оқушыларды (үшбұрыш, төртбұрыш суреттері) суреттердің көмегімен топтарға бөлемін. Әр топта бір сурет боялған, сол суретті алған оқушы көшбасшы болатынын түсіндіремін. Топтағы оқушыларға міндеттерін естеріне салып, топ мүшелерінің қызметтерін өзара бөлгіземін. Топ ережесін естеріне саламын. Табысқа жету өлшемдерін интербелсенді тақта арқылы көрсетіп, түсіндіремін, әр оқушының қолына бағалау парағын беремін.
 1 – тапсырма. «Қазақ тілі сабағы» мәтіні бойынша жұптық жұмыс.
     1. мәтінді оқиды
     2. мәтін бойынша сұрақ құрайды
     3. мәтінді мазмұндайды
     4. көршісінің жауабын бағалайды
2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.
Таныстырылымды қорғау: « қазақ» фонетикалық талдау(сатылай талдау)
1топ-буынға бөлу
2топ-дыбыстық талдау- (Оқушыларды тақтаға шақырамын, әр топ өз таныстырылымы  аясында әңгімелейді)Мұнда әр топ стикер арқылы бір-бірін бағалайды,оны бағалау парақтарына толтырады.
Өздік жұмыс:
3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға  бөліп жазып, ашық және тұйық буындарды табу.  (Топ басшылары тексереді,бағалайды.)         
Сергіту сәті:«Қызыл өрік» би билеу.
«Жұбыңды тап» ойыны ( кеспелерден сөз тіркесін құрау)
қазақ тілі мәтінді жасаймыз шешеміз
оқимыз талдау мақал-мәтелдерді мәтін
өлең жұмбақтар сабағы аударамыз
жаттаймыз сөйлейміз түсіндіреміз қазақша
 V. Бекіту бөлімі. « Мен саған, сен маған»
Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  
VІ. Үйге тапсырма.Тақырып бойынша  5 сөйлем жазу.
 VІІ. Бағалау бөлімі. Көшбасшы қолындағы бағалау парағына топтың қорытынды бағасын қояды. (Әр оқушы өзінің күнделігіне қояды)
Табыс критерийлері
Үй тапсырмасын орындадым.
Сурет бойынша сөйлем құрап, сұрақтарға жауап бердім.
Мәтін құрадым.
Сөйлем талдадым.
Диалог құрадым.
VІІІ. Сабақты  қорытындылау. Рефлексия: смайликтер жапсырады.

Приложенные файлы

  • docx 302873
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий