Иса Байзаов «ралай слу» поэмасы — литература, уроки


Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебі
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ихсанова Шолпан Қуанышқызы
7 - сыныпта қазақ әдебиетінен өткен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
а) поэманың мазмұнын талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу;
ә) жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту;
б) поэманың мазмұны арқылы уәдеге берік болуға, елдің қамын ойлауға, армандай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, іздендіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Көршіме тілек» тренинг жүргізу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген тапсырманы сұрау
Иса Байзақов өмірі, шығармашылығы туралы сұрау
Иса Байзақов - ... (сөйлемді бір оқушы бастап, келесі оқушы жалғастырады, айтылмаған дерек айту керек)
«Құралай сұлу» поэмасы бойынша бір-біріне сұрақтар береді.
ІІІ. Жаңа сабақ
Поэма мазмұнын талдау жұмыстары
1/ Мәтіннен тірек сөздер жаз:
Бай, сұлу, тұтқын, қазақ, қалмақ, батыр, намысшыл, найза, жолбарыс, қуғыншы, өкініш, арман...
2/ Поэманың композициялық құрылысын талдау
Басталуы: Монтай бидің қайғысы
Байланысу: Монтай бидің елге айтқан сөзі. Жігіт сөзі.
Дамуы: ІV бөлім - Көкмұрынтой өзенін мекен қылған Келден бай.
V бөлім - Монтай би мен Келден байдың сұхбаты. Келден байдың өмірлік өкініші.
VІ бөлім - Келденнің жау қолына түсіп, қалмақ ханы Сейқынның тұтқыны болуы.
Шиеленісуі: VІІ бөлім - Қанішер Сейқынның жаннан асқан сұлу қызы – Құралай. Тұтқындарға еркіндік. Сейқынның Келденнен «ант бер» деп талап етуі. Келденнің батырлығы мен намысшылдығына риза болған Құралайдың іздеп келіп, қазақ батырына арыз айтуы. Екі жастың серті.
Шарықтау шегі: VІІІ бөлім - Жайшағыр мен Торғайкөкке мініп екі жастың түн жамыла қашуы. Соңдарына түскен қуғыншы. Сейқынның ұлы Дауылдың Келден қолынан қаза болуы. Шер боп қатқан кекті қайтару. Құралайдың арпалысқан ойы мен тілегі. Жеңістің тәтті дәмі.
Шешімі: ІХ бөлім - Ат шалдырып, тынығу. Суға шомылу. Оқыс дауыс. Келденнің садақты бір тартып жолбарысты өлтіруі. Жаралы Құралайдың соңғы тілегі.

3/ «Пирамидалық эссе»
Әңгіме кейіпкері – Келден бай
Әңгіменің орнын бейнелейтін екі сөз – қалмақ елі
Үш сөзге сыйдырып кейіпкерді сипаттау – батыл, намысшыл, қайсар
Төрт сөз арқылы кейіпкердің маңыздылығын сипатта – «Өлсем де елім үшін өкінбеймін....»
Бес сөз арқылы кейіпкердің кері әсерін анықта – Қопаға тоқтамайық деген Құралайды тыңдамады.
Алты сөзбен өз пікіріңді айт – Бұл дүниеде армансыз адам болмайтынын білдім.
4/ «Маған ерекше әсер еткен оқиға»
Кестені толтыру
Маған әсер еткен тұсы Неліктен? Менің пікірім
5/ Пікір айту: Ақын осы шығармада нені дәріптейді, нені сынайды?
Ер жігіт елі үшін жанын береді, армансыз адам болмайды,
6/ «Бес жолды тұжырым»
Монтай би
Әділ, қайғылы
Қайғырды, қапаланды, іздеп барды
Монтай Келден байды тапты.
Пенде
ІV. Сабақты бекіту
Тест жүргізу
Иса Байзақовтың 1925 жылы «Қызыл Қазақстан» газетінде жарияланған шығармасы:
а/ «Желдірме» в/ «Ақбөпе» с/ «Алтай аясында» д/ «Құралай сұлу е/ «Кавказ»
«Құралай сұлу» поэмасындағы Монтайдың руы?
а/ Үйсін в/ Ойбас қыпшақ с/ Арғын д/ Найман е/ Дулат
Келден неше жыл Сейқынның тұтқыны болды?
а/ бес жыл в/ он жыл с/бір жыл д/ жеті жыл е/ алты жыл
Келден Дауылды қалай жеңді?
а/ күресіп в/ садақпен атты с/ найзамен шаншып
д/ айбалта сермеп е/ қылышпен шауып
Келден мен Құралай қай жердегі қалың қопаға келді?
а/ Тарбағатайда в/ Бетпақ шөлде с/ Шу бойында
д/ Оңтүстік Қазақстанда е/ Жетісуда
- Бүгінгі сабақта И. Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы туралы не білдік?
V. Үйге тапсырма: «Жанымды тербеген шығарма» - эссе

Приложенные файлы

  • docx 302432
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий