Сынып жетекшілерге арналан Ата-аналарды мектепке алай тартамыз коучинг — внеурочная работа, прочее


Коучинг тақырыбы: «Ата-ананы мектепке қалай тартамыз?» сынып жетекшілерге арналған
Мақсаты: Ата-анамен байланысты нығайтудың жолдарын көрсету; Оқушыларымыздың жан дүниесіне терең үңілу; Мұғалім, оқушы ата-ана арасындағы байланысты жандандыру;
Күтілетін нәтиже:Ата-аналардың сынып жетекшіге деген көзқарасын жақсарту;
Мектепке келуін жиілету; Ата-аналар жиналысы жайында түсініктерін өзгерту.
Барысы:
Мұғалім сөзі: Сәламатсыздар ма құрметті ұстаздар. Бүгінгі коучингіміздің тақырыбы: «Ата-ананы мектепке қалай тартамыз?».
І. Амандасу рәсімі. Шеңберге тұрып, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз.Жымия қарап, күлімсірейміз.
Әр амандасу рәсімінің ерекшіліктері бар.Бүгін біз амандасу барысында фильмдегі кейіпкерлерді біріктірейік. Мысалы, Сәлем, Аяулым, сен маған «қызылтелпекті» елестетесің.
Сынып жетекшілердің циклограммасы.(слайдтан оқу)
ІІ.Топқа бөлу.
Тақпақтар арқылы топқа бөлу
І топ:
Мейірі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең
ІІ топ:
Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.
ІІІ. Бейнежазба
ІV. Топпен жұмыс (постер қорғау)
І сұрақ. Аналармен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты қалай жақсартуға болады?
ІІ сұрақ. Әкелермен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты қалай жақсартуға болады?
V. Жағдаяттарды талдау.
І топқа
Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің оқушыңыз менің оқушымды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші сынып жетекшілерден де «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Ата-анасына қалай жеткізесіз?
Оқушыңыз сабақтан қашып, үйіне барды. Ата-анасы сізге телефон соғып алдыңыздағы оқушыға ие бола алмайсыз ба?-деп балағаттады, сіз не істейсіз?
ІІ топқа
Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
Ата-ана үнемі сіздің баласына қойған бағаңызға көңілі толмайды. Бағасын көтеруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз?
VІ.Сергіту сәті. Психогеометриялық тест.
VІІ. Мен ата-анамен тығыз байланыстамын...
Нұсқау: Ата-анамен қарым-қатынасты нығайту мақсатында қандай тәрбиелік іс-шара ұйымдастырар едіңіз. Мысалы: Ардақты ана, аяулы ұстаз және мен, «Әке-саусағы балалары, қан тамырмен жалғасар аралары» әкелермен сырласу кеші т.с.с.
VІІІ. Қорытынды. Баяндама. А.Сейтова «Ұлық болсаң, кішік бол!»
І Х. Рефлекция
Кері байланыс
Екі жұлдыз, бір тілек

Приложенные файлы

  • docx 300904
    Размер файла: 16 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий