Partnersgip in the epoch of changes — английский язык, уроки


Серуен. Бұлттарды бақылау
Жарияланды 5-05-2013, 18:44 Категориясы: Бала-бақша 
Серуен: №1 «Бұлттарды бақылау»Мақсаты: Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарынарттыру.Бақылаубарысы:Көркемсөз. «Бұлт» Ө. АқыпбекұлыБұлттың қайда тұрағыБіле алмадым мұны әліБілерім көк аспанныңБұлт – көшпелі бұлағыТәрбиеші сұрақтары- Бұлт дегеніміз не?- Бұлттардың түсі қандай болады?- Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршіктерінен)- Бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер? (түйдек бұлттар, шарбы бұлттар, қат – қабат бұлттар, түнерген найзағайлы бұлттар)- Неге түйдек бұлттар дейміз? (олар аспанда түйдек – түйдек болып тұрады)- Шарбы бұлттар неге ұқсайды? (ақ ұлпаға, мамыққа, жақсылап аңғарып қарасаң олардан таныс бейнелерді көруге болады)- Ең үлкен бұлттар қай бұлттар? (түнерген найзағайлы бұлттар)- Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түйдек бұлттар, түнерген бұлттар)- Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)Зерттеу жұмысы:Аспандағы қандай бұлттар екенін анықтау. Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу.Еңбек: Алаңды егу жұмыстарына дайындау. Қоқыстарды жинау, сыпыру.Мақсаты: Бірлесе жұмыс істеуге деген ынталарын қалыптастыру.Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан»Мақсаты: Ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу.Жеке жұмыс: Математикалық жаттығуларМақсаты: Тақ және жұп сандарды санай білу дағдыларын жетілдіру.Серуен: № 2 «Желді бақылау»Мақсаты: Жел туралы түсініктерін бекіту. Жел түрлерін есте сақтау.Бақылау барысы: Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.Ағаштарды шайқайдыКөзге көрінбейдіШарлағанда сай – сайдыБір сәт ерінбейді (Жел)Тәрбиеші балаларға айналаны бақылауға, ағаш бұтақтары қалай шайқалып тұрғанын байқауға ұсынады.Сұрақтар қояды: Желдің қандай түрлері болады? Жел неге соғады?Атмосферада ауа әртүрлі қызады: жылы ауа жеңіл болады, сондықтан жоғары көтеріледі, ал суық ауа ауыр болады, ол төмен тартылады. Осыдан ауада қозғалыс пайда болады. Желдің күші жылы және суық ауаның температурасының айырмашылығына байланысты.- Қатты желдің атын ата? (дауыл, құйын, бұрқасын, боран)- Әлсіз желді қалай атайды? (самал жел деп атайды)- Желдің ізін көруге болады ма?Зерттеу жұмысы: Компас арқылы желдің бағытын анықтау.Еңбек: Гүл өсіретін клумба алаңды дайындау.Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындау.Қимылды ойын: «Кім жылдам»Мақсаты: Жүгіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.Жаттығу ойыны: Бір – біріне доп лақтыру.Мақсаты: Қозғалыс координацияларын дамыту.Серуен № 3 «Гүлзарды бақылау»Мақсаты: Көктемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктерді күту, суару іскерліктерін тиянақтау. Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.Бақылау барысы: Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді.- Қандай үй гүлдерін білесіңдер?- Қандай дала гүлдерін білесіңдер?- Олардың қандай айырмашылығы бар?- Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?- Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?- Оларды қалай күтесіңдер?- Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?Еңбек: Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту)Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау, гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.Қимылды ойын: «Қай топ тез жиналады?»Серуен: № 4 «Жәндіктерді бақылау»Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.Бақылау барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады.Гүлдердің нәрін жинайдыАдамға бал сыйлайдыЕңбекқорлы аялайдыЕріншекті аямайды. Бұл не? (Ара)Ызыңдап ән саладыЖұп – жұқа қанатыТәттіге тамсаныпҚоқысқа қонады. Бұл не? (Шыбын)Тор тоқуға шебер – ақБірақ киім тікпейдіӨнері де өнер – ақБірақ ісі бітпейді (Өрмекші)Қанды сорып сүліктейЫзыңдап кеп шағадыБұл қандай бүлік той? (Маса)Құжынаған жұмыскерБірлескенде тым іскер (Құмырсқа)Тәрбиеші сұрақтары:- Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)- Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт, т. б)- Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)- Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарында)- Масалар неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)Зерттеу жұмысы: Қаңқызды тауып, оның атын атау. Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.Мақсаты: Үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар»

Приложенные файлы

  • docx 299203
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий