«Критериалды баалау – оушы білімін наты баалау» коучинг — начальные классы, прочее


Коуч: Жолдыбаева Кундыз Батыровна
Тақырыбы: «Критериалды бағалау – оқушы білімін нақты бағалау»
Мақсаты: Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі екендігін және қалыптастырушы бағалаудың қағидаттары туралы түсінік беру.
Сілтеме: Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар
Күтілетін нәтиже: Критериалды бағалаудың нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсартады.
Түйінді пікір: Оқушының оқуын одан әрі мақсатты бағыттауға жігерлендіреді.
Ресурстар: АКТ,маркер,ақ парақ, слайдтар.
Өту барысы:
Кезеңдері Уақыты Коуч әрекеті Коучингке қатысушылар әрекеті
«Есім-акроним» 3 мин Әр адам өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіруі керек.
А-ақылды
с-салмақты
қ-қамқор
а-ардақты
р-рахымды Қағаз ұшаққа жазып « Сізге арналған ұшақ » деп айналасындағыларға ұшырады, танысады.
Топқа бөлу 2 мин Кәмпиттерге жапсырылған қағаздардағы сөздерден сөйлем құрастыру арқылы топтасу Топқа бөлініп отыру.
1 топ: Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс.
2 топ: Оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік.
3 топ: Нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсартады.
Баланс дөңгелегі 2мин Баланс дөңгелегі салынған қағазды топтарға тарату. Нүкте белгілеу арқылы шеңбер құрау
Ой шақыру 5 мин «Критериалды бағалау жүйесі» туралы ақпарат беру Тыңдалым
Тапсырма 5 мин Қалыптастырушы бағалау тапсырмалар беру Дискриптор құру, кері байланыс жасау.
Ширату 3 мин «Әнім сен едің» Ән шырқау
Тапсырма (Рөльдік ойын) 10 мин БЖБ тапсырмаларын беру 1 топ: Берілген тапсырмаларды орындайды. (оқушы)
2 топ: Тексереді.(мұғалім)
3 топ: Рубрика дайындайды. Рубриканы ата-анаға таныстыру. (ата-ана мен мұғалім)
Кері байланыс 5мин Баланс дөңгелегі Қорытынды ойларын айтады.

Приложенные файлы

  • docx 299199
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий