Тех.карта Жаратылыстану: ыстайтын стар айда трады — дошкольное образование, прочее


ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қыстайтын құстар қайда тұрады?»
Мақсаты: Қыстайтын құстар туралы ойлау қабілеттерін дамыту. Құстарды айыруға үйрету. Қыстайтын құстарды күтуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: құстар-птицы, торғай-воробей, шымшық-снегирь.
Сөздік жұмыс: қыстайтын-зимующие.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
І кезең-
Мотивациялық- қозғаушы Балалардың назарын сандыққа аударады.
-Осы сандықта не бар екен?
Сандықты ашып құстардың суреттерін алып шығады.
Балаларға көрсетіп құстармен таныстырады. Балалар сандыққа көніл аударады.
Өз ойларын айтады.
Балалар таңғалады.
Суреттерге көніл аударады. Оларды атайды.
ІІ кезең-
Ұйымдастырушылық ізденіс Балаларға сұрақтар қояды:
-Құстар қайда тұрады?
-Бұл қандай жабайы әлде үй құстары ма?
-Оларды неге жабайы –деп атайды?
-Жабайы құстар немен көректенеді?
Тақпақ тыңдауды ұсынады.
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.
-Тақпақта не туралы айтылған?
- Біз құстарға қыста қалай көмектесеміз?
-Құстар үшін біз не жасаймыз?
-Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?
-Бұл құстарды бір сөзбен айтқанда қалай атаймыз?
Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қыстайтын құстар туралы
әңгімелейді.
Дид/ойын «Құстарда жалпы не ұқсас»
Құстардың аудио- дауыстарын қосады.
Қимылды ойын: «Сиқырлы бас киім»
Балалардың жуаптары.
Орманда.
Жабайы құстар.
Олар орманда тұрады.
Құстар табиғатта немен көректенетінің айтады.
Балалар тақпақты тыңдайды.
Сұрақтарға жуап береді.
Оларға тамақ береміз.
Құстарға қыста жемсалғыш жасап береміз.
Қыстайтын құстарды атап береді: көгершін, торғай, шымшық, қарға.
Қыстайтын құстар –деп атаймыз. (бәрі бірге және жеке айтады).
Балалар сергіту сәтіндегі қимылдарды орындайды.
Қыстайтын құстар туралы әңгімені мұқият тыңдайды.
Құстардың сыртқы келбетін атайды: қанаты, тұмсығы, құйрығы, табаны, жүні.
Балалар құстардың аудио- дауыстарын тыңдайды.
Балалар ойынға белсенді қатысады.
ІІІ кезең-
Рефлексивті-түзету -Балалар бүгін біз не туралы айттық?
-Қандай құстармен таныстық?
-Қандай құстарды қыстайтын құстар –деп атайды?
Балаларды мақтап-мадақтау. Сабаққа белсеңді қатысқан балаларға фишка беру. Бүгін не білгендерін айтады.
Қыстайтын құстарды айтады. Оларды бір сөзбен әңгімелейді.
Мадақтауға қуанады.
Алған фишкаларына риза болады және бір-біріне көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қыстайтын құстар туралы ойлау қабілеттерін дамытады.
Түсінеді: Құстарды айыруға үйренеді.
Қолданады: Қыстайтын құстарды күтіп оларға қамқорлық жасайды.

Приложенные файлы

  • docx 298066
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий