Мгілік мірді асаан-орыт — история, уроки


Сабақтың тақырыбы:  Мәңгілік өмірді аңсаған ҚорқытСабақтың мақсаты:   Оқушыларға сегізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының
атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру. Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын арттыру.
Өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата портреті, қобыздың суреті, Қорқыт ата туралы
кітаптар, күй интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география,ән сабағы. 
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау, ойшақыру. 
 І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушыларды үш топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру:– Құрметті оқушылар, өткен сабақта сіздер бір-бірлеріңе сұрақ қою әдісі арқылы «Ойын сабақпен» таныстыңыздар. Осы сабақта Сегізінші ғасырда өмір сүрген атақты ақын, күйші Қорқыт ата туралы әңгіме қозғаймыз.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Жеті қарақшы» ойыны арқылы өткен сабақтарды қайталау
Ойынның мақсаты. Осы ойын арқылы оқушыла өткен материал бойынша шолу жасайды.
2. «Жылдам тест» арқылы осы бөлімді қорыту.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.Қызығушылықты ояту: (Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі)– Тақтадан не көріп тұрсыңдар?– Музыкалық аспап.– Қандай музыкалық аспап?– Қазақ халқының ұлттық аспабы – қобыз.– Қобыз туралы не білесіңдер? Қандай аңыз білдіңдер?(Балалар өздері қобыз туралы не білетіндерін, қандай аңыз оқып келгендері туралы айтып береді).
Мұғалімнің сөзі: Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атамыз туралы әңгімелесеміз. (Тақтадан Қорқыт ата портреті көрсетіледі).Қарақожаұлы Қорқыт ата – VIII ғасырда Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында жаңа Кент қаласында өмір сүрген. Қорқыт - ата ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы. Тарихи жазба мәліметтер бойынша Қорқыттың әкесі - Қарақожа оғыз тайпасына жататын, Баят дейтін рудан шыққан, aл шешесі - қыпшақ қызы. Оның туған жері - бүгінгі Қостанай облысының Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты Желмаяны оған шешесінің жақын туыстары сыйлаған.  Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:
– Дерсехан ұлы Бұқаш туралы жыр,
– Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр,–  Оғыз қаған жыры т.б.
Шығарған күйлері: “Арыстан баб” , “Ұстаз”, “Аққу”, “Башпай”, “Желмая”, “Қоштасу”, “Елім ай” т.б. Ел ауызында Қорқыт туралы аңыз әңгімелер көп сақталған. Ертегі, дастан, өлең түрінде де кездеседі. Солардың ішінде: “Қорқыттың өмірге қарсы тұруы”, “Қорқыттың өлімнен қашуы”, “Қорқыттың өлімі”, “Қорқыт әулие” және т.б. 
І топ – Қорқыт – ақын
ІІ топ – Қорқыт – күйші
ІІІ топ – Қорқыт – мәңгілік өмірді іздеуші.
Топ басшысын бағалау.
ІҮ.Сабақты бекіту: «Ыстық орындық»
1. Қорқыт ата кім? 2. Ол қай жерде туған? 3. Әкесінің аты кім? 4. Шешесінің аты кім? 5. Қорқыт қанша өмір сүреді? 6. Ол қандай өмір іздейді? 7. Қорқыт қандай аспап жасайды? 8. Қобызды неден жасайды? 9. Қорқытты не шағып алады? 10. Оның қандай күйлері бар?
Мұғалім сөзі: Әртүрлі аңыз әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әртүрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде 195, тіпті 400 жыл жасаған деген болжамдар бар. Қорқыт адам үшін мәңгілік өмір іздеген, бірақ ол өлімнен қашып қайда барса да, алдына қазулы көр күтіп тұрады. Адамның ажал құрығынан құтыла алмайтынына қапаланып, кайғы кешкен Қорқыт қарағайдан қобыз жасап, күй толғайды. Күндердің бір күнінде сиқырлы қобыздың, сырлы үнімен қайғыны алыстата отырып қажыған соң қалғып кетеді. Сонда қобыздың күйі тоқтайды. Осы сәтті аңдып тұрған жылан білінбей жорғалап барып, Қорқытты шағып алады. 
Ү. Дәптермен жұмыс: оқушылар Қорқыт атаның ұнаған нақыл сөздерін дәптерлеріне көшіріп жазады.
Қорқыт атаның нақыл сөздерінен
Ана үшін бала – екі көздің сыңары.
Ұлың өсіп жетілсе – от басының мерейі, бас-көзі.
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың тумағаны артық.
Өтірік сөз өрге баспайды.
Өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық.
Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп
өмір сүрген де аз.
ҮІ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Реферат жазу.

Приложенные файлы

  • docx 296117
    Размер файла: 20 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий