Жай сйлемні трлері — всем учителям, уроки


Жай сөйлемнің түрлерін қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жай сөйлемнің түрлерінен өткен,алған білімдерін тексеру, қалай меңгергенін бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, адалдыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Таза, дұрыс ойланып тез жауап беру, өз бетінше мәтін құрауға, сөйлем талдай білуге бейімдеу.
Сабақтың түрі: Алған білімді қайталау, бекіту.
Дәстүрден тыс ”Сынақ” сабағы.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма.
Сабақтың көрнекілігі: Жүргізілетін жұмыс түріне берілген сызба, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше, дәстүрден тыс “Сынақ” сабағы түрінде өткізіледі. Ол үшін біз үш топқа бөлініп, жай сөйлемнің түрлерінен өткенде алған біліміміз бойынша тапсырмалар орындау арқылы жұмыс жасаймыз.Оқушыларға 5 тапсырма беріледі. Әр тапсырмаға белгілі уақыт бөлінеді және белгілі бір ұпаймен бағаланады. Бағалау парағында баға санын көрсетіп жазып отырамыз.
ұпай -“3”
ұпай – “4”
ұпай – “5”
Р/с
Жүргізілетін жұмыс түрлеріуақытұпай1
Сұраққа ауызша жауап беру Берілетін тапсырмалар:
Сұраққа ауызша жауап беру.
Жай сөйлем құрлысы мен құрамына қарай неше түрге бөлінеді ?.
Жақты сөйлем дегеніміз не ?Жақты сөйлем қай мүшенің болуына негізделеді?
Қандай сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз?
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарын көрсет.
Сөйлемнің жалаң және жайылма болып бөлінуі қай мүшеге байланысты? Жалаң сөйлем дегеніміз не?
Қандай сөйлемді толымды сөйлем дейміз?
Қандай сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады?
Жайылма сөйлем дегеніміз не?Мысал келтір.
Атаулы сөйлем дегеніміз не? Қандай сөз табынан жасалады?
7 мин
1 жауап1 ұпайІІ
Сызба бойынша жай сөйлем құрап жаз.
1. —–––– – – – – – ══════
2. ~~~~~ – – – – – – ══════
3. ~~~~~ ~~~~~ – – – ══════
4. —–––– ══════
5. —–––– – – – – – – – –
7 мин
1-2= 3
1-3 =4
1-5 =5
III
Тест сұрақтары:
1. Жай сөйлемнің ішіндегі жайылма сөйлемді табыңыз.
А)Қоңырау соғылды.Ә)Қар еріді.
Б)Жаңбыр көп жауды.
В)Сағат жүріп тұр.
2. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Оның жақсы оқығысы келеді.
Ә) Не ексең, соны орасың.Б) Өнер алды – қызыл тіл.
В) Қызарып атқан таң.
3. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А)Ағасы бардың – жағасы бар.
Ә) Күз.Таң мезгілі.
Б) Ел іші - өнер кеніші.
В)Киімін жинастырды.
4. Жалаң сөйлемді табыңыз.
А)Күн шықты.
Ә)Сендер де оқуды бітірдіңдерБ)Талдықорған.
В)Сары жапырақ.
5.Толымсыз сөйлемнің жазылмай қалған сөйлем мүшесі не,белгілеңіз. ...........келіп кетті ме?
А)Анықтауыш.
Ә)Толықтауыш.Б)Бастауыш.
В)Баяндауыш.
5 мин
1 жауап1 ұпай1V
Мәтін құрастыру, жай сөйлем түрлерін ажырату.
10 мин
Мәтінге 7 ұпай.
Талдау 5 ұпайV
Сатылай талдау1.Фонетикалык талдау2.фонологиялық талдау3.Сөзжасам
3 мин
5 ұпай4.Барлық тапсырманы орындаған соң қортындылап, ұпай саны арқылы білімін бағалау.
5.Үйге тапсырма: Үш жай сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

Приложенные файлы

  • docx 293103
    Размер файла: 23 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий