Сйлеуді дамыту Біз жолаушылармыз — дошкольное образование, уроки


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Досова Р.Е.
Flow chart of organized training activities
Технологическая карта организованной учебной деятельности
Білім беру салалары /Образовательная область/Educational region:Коммуникация
Бөлік /Раздел /Section: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырып /Тема/Subject:«Біз жолаушымыз»
Задачи/Objectives: Көліктердің түрлерімен таныстыру, оларды ажыратуға үйрету. . Балалардың сөздік қорларын молайту. Ойланып, айтқан затты табуға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту
Құрал-жабдықтар/Оборудование/ Equipment алгоритм, мазмұнды суреттер, тірек сызба.
Көп тілдік компонент (Полилингвальный компонент)/Poly- lingual component:
Көлік- transport. Автобус- bus. ұшақ - the plane
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациалық-қозғаушы
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, күн сәулесіне қарап, бір-біріне деген қуаныш сезімдерін білдіреді
Жұмбақ жасыру:
Қанаты бар, жаны жоқ ,
Табаны бар, аяғы жоқ .
Өзі ұшады, аспанда жүреді ,
Теңізден де, таудан да өтеді.

«Мен гаражда ұйықтаймын, бензинге тойып алып, жолға шығамын, себебі мені жолаушылар күтеді»
«Жүкті,кірпіш, тас, құм, жиһазды, тақтайды, ауыр жүктерді т.б. тасыймын»


-Көліктер әуеде, суда, жерде жүретін болып үшке бөлінеді. Әуе көліктеріне ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, ал жер көліктеріне машина, автобус, трамвай, троллейбус, пойыз жатады.
Бұл көліктердің бәрін арнайы мамандар жүргізеді.
Көлік- transport.
Автобус- bus.
ұшақ - the plane
Балалар, сендер балабақшаға келгенде қандай көлікке отырасыңдар?
Көліктердің адамдарға пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар. Адамға пайдасы қалай деп ойлайсыңдар?
Көліктердің арнайы жол жүру тәртібін реттейтін көшелерде бағдаршамдар тұрады. Олар жол тәртібін сақтап тұрады. Балалар тербеле жүріп, бір-біріне тілек айтады, жүрек жылуларын сыйлайды.
Балалар жұмбақтарды шешедіСамолет
автобус
жүк машина

Суреттерге қарайды. қайталап айтады.

Балалар сөздерді үш тілде қайталайды
Көліктің пайдасы адамның уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру- іздестіруСергіту сәті
Төрт аяғым дөңгелек,
Адамсыз мен жүрмеймін,
Барлық жерге жеткізіп,
Қаласаңыз апарам.
автобус
Ал мына сурет бойынша кім әңгімелейді?
-бәрікелді, балалар-Автобус нені тасыйды?
-Ол қайда жүреді?
-Көлікті кім жүргізеді?
Жақсы, бәрін де жақсы біледі екенсіңдер, ал мына жүк машина туралы кім айтқысы келеді.
-Мына машина үлкен бе әлде кішкентай ме?
-Бұл машина не тасыйды?
Балалар, бір сөзбен біз қалай айтамыз бұл машиналарды?
«Пойыз ойыны».
Қане, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Гу-гу, гу-гу гуілде,
Қалып қойма бәрінде.
Пш-пш, пш-пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік
Тіл ұстарту жаттығулары:
Қа-қа-қа машинанды тақа
Шам-шам-шам жанып тұр жолда бағдаршам
Дыбыстық жаттығу
Балалар, көліктер әр түрлі дыбыс шығарады екен.
Бізде бірге айтып көрейік.
Машинаның маторын қыздырғанда
Ұшақ ұшқанда
Пойыз жүргенде
Ал машинаның дөңгелегі жарылғанда
Пойыз тоқтағанда дыбысы шығады екен. Автобус үлкен, әйнектері кең, жарық, жұмсақ орындықтары, автобуспен басқа қалаға, ауылға барамыз.
Балалар сұрақтарға жауабын береді
Адамдарды тасыйды
-же рде жүреді
- Жүргізуші
Көліктер
Балалар көздерін жұмып- ашады, сұраққа жауап береді, жасырылған затты атайды
Балалар жасырылған суретті табады.
Балалар бірінің артына бірі тұрып,
Ж. Смақовтың «Пойыз» әнін әндете ойнайды.
Тәрбиешімен бірге қайталайды, қимылын жасайды
Р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-
У-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у-
чух- чух- чух- чух- чух-
пыш-пыш-пыш-
Дук-дук-дук-дук-дук-дук
Ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-
Рефлексивті-түзетуші «Біз не білдік?» қызықты болды ма?
Балалар, қарандаршы, кім біге келген?
Ойыншықтар, оларды машиналарға отырғызып жүргізейік
Қызыл- сабаққа қатыспадың
Сары- сәл ғана ат салыстың
Жасыл- сабаққа өте жақсы қатыстың. Адамдар велосипед, мотоцикл, машина, автобус, жүк машинасымен жүреді. Бұлардың бәрі – көлік деп аталады. көлік адамдар мен жүкті тасиды. көлікті жүргізетін адам – жүргізуші деп аталады.
Балалар машиналар мен ойнайды, сонан сон гаражға апарып қояды.
Күтілетін нәтижесі (Ожидаемые результаты)/ Expected results:
Воспроизводит/Меңгерді /Reproduce: Көлік түрлерін меңгерді
Понимает/Түсінеді/Understand: Көліктердің үш бөлікке болінетінін
Применяет/Істей алады/Use: Сурет бойынша өз ойларын толық жеткізуді
Есеп:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Приложенные файлы

  • docx 291322
    Размер файла: 249 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий