Конспек урока — изо, уроки


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 13.01.17 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Бояулар хикаясы
Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар
Мақсаты: Білімділік: Аквариум туралы түсінік беру.Балықтың суретін салуға үйрету.
Дамытушылық: Сурет салу икемділіктерін қалыптастыру, елестету қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тиянақтылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңберікт №23
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену - Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?(Ойын шарты түсіндіріледі)- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?- Қармақпен не істеуге болады?- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?-Балалар, қараңдаршы Бибарыстың қармағына бір балық түсіпті, ол қандай балық болды екен?Балалар, бұл- шортан балық. Қандай балық екен?- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады. Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?- Тағам ретінде.- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме?
Суретпен жұмыс
Аквариум туралы ондағы балық тіршілігі туралы түсінік беру.
Сергіту сәті
Аквариумдағы балықтардың суретін салу Ойын арқылы сөйлемді толық көркемдеп айтуға тырысты.
- Бұл - қармақ.
- Балық аулауға.
Өлеңді жаттап алады.
- Шортан.
- Сопақша.
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына
Жауап береді
Сурет бойынша әңгімелейді
Сергіту сәтін орындайды
Сурет салады
Рефлексивті- түзету - Балаларды мадақтау, өз –өздерін бағалауды ұсыну. Балалар өздерін бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуі.Меңгеруі: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі.Жасай алуы: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 21.11.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Аспандағы ұшақ
Мақсаты: балаларға геометриялық кескіндерден бояу жағылған қағазға балықтың бейнесін салуды үйрету; мазмұнды тапсыруда композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру; қиялын дамыту; балалардың қамқорлық сезімдерін ояту.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ № 20
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Педагог балаларға ұшақтар жайында жұмбақтар жасырып, өлең тақпақтар оқуына болады. Ұшақтар туралы мағлұматтар беріп, олардың адамдарға пайдасын, көлік ретінде қолданылатынын, алыс айшылық жерді жылдам уақытта аралап шығатынымыз жайлы әңгімелеу.
Балалардың өздерінен ұшаққа отырғанда алған әсерлері, қызықты сәттерін естеріне түсіріп айтуларын сұрау.
Педагог геометриялық пішіндерді, оның ішінде сопақшаны пайдаланып ұшақтың бейнесін салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға балаларды жұмылдырады.
Балалар жұмыс дәптерлеріне ұшақтың суретін салады. Жұмыс барысында қиындықтарға кездескен балаларға педагог көмектеседі. Сергіту сәті КТ №15 Ойын арқылы сөйлемді толық көркемдеп айтуға тырысты.
Сергіту сәтін орындайды
Сурет салады
Рефлексивті- түзету Балалардан өздерінің салған ұшақтарына жақсылап назар аударту, неге ұқсайтынын сұрау. Құсқа ұқсайтынын балаларды ерекше атап мадақтау. Салған суреттері туралы әңгімелейдір
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Ұшақ түрлерін біледіМеңгеруі: Көру, есту, түсіну арқылы жаңа білімді меңгеруі.Жасай алуы: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 5.09.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Түстер әлемі
Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 35
Менің түстер әлеміме қош келдіңдер! Мен осы түстер әлемінің еркесімін. Менің атым Еркетай. Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Балалар қараңыздар, бізге бүгін Күн  күлімдеп тұр, күннің түсі сары, жаңбырдан кейін кемпірқосақта шығып қалыпты, балалар қараңыздар кемпірқосақтың түстері әртүрлі көк, сары, қызыл, жасыл т.б.
Сендерді бүгін өзімнің  түстер әлеміме саяхатқа апарамын. Онда көптеген түстердің тапсырмаларын орындауымыз керек. Менімен саяхатқа шыққыларын келеме?
1. Түстеріне байланысты пішіндерді өз қорапшаларына салу
2.  Түстеріне байланысты әр көлікті өз гараждарына орналастыру.
3. Түрлі- түсті боялған күріштердің арасынан Еркетайдың тарағы мен айнасын тауып беру.
4. Түрлі- түсті шарларды көлеміне байланысты  ілу.
5. Пирамиданы жинастыру.
6. «Әжеме жеміс шырыны» дайындау.
7 . Түстер еркесінің көйлегін жөндеп беру 1.Шашылып қалған пішіндерді  қорапшаларына салады.
2. Көліктерді гараждарына орналастырады.
3. Түстер еркесінің тарағы мен айнасын тауып береді.
4. Шарларды көлеміне қарай жарға іледі.
5. Пирамиданы жинастырады.
6. Балалар әрбір жемісті өз банкаларына жабыстырады.
7. Түстер еркесінің көйлегін жөндеп береді.
Рефлексивті- түзету Қане, балалар шеңберге тұрайықшы. Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық.Балалар біздер менің түстер әлемімнің тапсырмаларында орындап бітірдік. Саяхатымызда аяқталды. Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?Сендерге түстер әлемінің сыйлығы бар. (түрлі- түсті шарлар сыйлау). Күтілетін нәтиже:
Білді: Түстерді, пішіндерді жаңғыртады, шарлар арқылы көлемді айырады, төрт түсті ойын арқылы   топтастыруды үйренеді.
Игерді:Бірлесіп тапсырмаларды  орындауды білуі тиіс.
Меңгерді: Пішіндерді, көлемді, түстерді білуі тиіс.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 12.09.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Кемпірқосақтың суретін саламыз.
Мақсаты: балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білуін, кемпірқосақтың
түстерінің орналасу ретімен таныстыру. Акварель бояумен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру, композиция құра білуге үйрету.
Іс әрекет бөлімдері. Тәрбиешінің іс-әрекетті Балалардың іс-әрекетті
Дәлелдеу- ояту  Шаттық шеңбері тұрып балалар д/ойын ойнайды
Д/ойын: Менің сөйлемімді аяқта.
«Мен қуанған кезде ...
«Мен нені көргенде қуанамын...
  Мен қуанған кезде күлемін, секіремін, жымиямын.
Ұйымдастырушылық –
Ізденістік -Акварель, гуашь бояулары жайында не білеміз?
-Ал, түрлі түсті қарындаштар ше?
-Жарайсыңдар өте жақсы түсінгенсіңдертүстер әлемі жайында.
-Бүгін біз кемпірқосақтың суретін саламыз.
-Балалар, сендер кемпірқосақты көрдіңдер ме? Қайдан, қашан көрдіңдер?
-Кемпірқосақтың суретіне зейін сала қарап, оның түстерін орналасу ретімен айтып беріңдерші?
-Жарайсыңдар!
Кемпірқосақтың суреті альбом бетіне тігінен немесе көлденеңінен орналасатындығын анықтап алу. Балалар парақты көлденеңінен пайданбаса, көріністі толық сыйдыра алатындықтарын байқату.
Суретті салу жолдарын көрсете отырып түсіндіру.
 
Рефлексиялық –
Түзетушілік Сергіту жаттығуы:
Жалқаулықтан қашайық,
Жаттығулар жасайық.
Қанеки, қадам басайық:
Алға бас, досым, бір-екі-үш
Тағы да біраз жүгіре түсМадақтау.
 Қортындылау:
Сергіту сәтін қимылмен жасайды
 
Өздерінің салған суреттерін бір- біріне көрсету арқылы мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білді: Кемпіқосақтың суретін салуды ұғыну.
Игерді: кемпірқосақтың түстерінің орналасуы .
Меңгерді : Кемпірқосақтың суретін сала алды.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 12.09.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Кемпірқосақтың суретін саламыз.
Мақсаты: Білімділік: Балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білуін, кемпірқосақтың
түстерінің орналасу ретімен таныстыру. Дамытушылық: Акварель бояумен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: композиция құра білуге үйрету.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 9
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Д/ойын: Менің сөйлемімді аяқта.
«Мен қуанған кезде ...
«Мен нені көргенде қуанамын...
-Акварель, гуашь бояулары жайында не білеміз?
-Ал, түрлі түсті қарындаштар ше?
-Жарайсыңдар өте жақсы түсінгенсіңдертүстер әлемі жайында.
-Бүгін біз кемпірқосақтың суретін саламыз.
-Балалар, сендер кемпірқосақты көрдіңдер ме? Қайдан, қашан көрдіңдер?
-Кемпірқосақтың суретіне зер сала қарап, оның түстерін орналасу ретімен айтып беріңдерші?
-Жарайсыңдар!
Кемпірқосақтың суреті альбом бетіне тігінен немесе көлденеңінен орналасатындығын анықтап алу. Балалар парақты көлденеңінен пайданбаса, көріністі толық сыйдыра алатындықтарын байқату.
Суретті салу жолдарын көрсете отырып түсіндіру.
Сергіту жаттығулары кт№23 Мен қуанған кезде күлемін, секіремін, жымиямын.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Иә
Балалар сурет бойынша айтып береді.
Сергіту жаттығуларын орындайды
Рефлексивті- түзету Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. Бір- бірін бағалайды. Балалар шеңбер құрып тұрып, суреттерін тамашалап, бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Түстерді, пішіндерді жаңғыртады, шарлар арқылы көлемді айырады, төрт түсті ойын арқылы   топтастыруды үйренеді.
Игерді:Бірлесіп тапсырмаларды  орындауды білуі тиіс.
Меңгерді: Пішіндерді, көлемді, түстерді білуі тиіс.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 26.09.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу. Тақырыбы: Күз
Мақсаты: Білімділік: Балалардың күзгі баққа саяхатқа барғанда табиғаттан алған әсерлерін, көрген көріністерін сіретте көрсете білу дағдаларын қалыптастыру; суретке мазмұн бере отырып, композиция құрастыра білуге баулу; қылқаламмен дұрыс жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Акварель бояумен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: жұмыс үстінде өзін дұрыс ұстай білуге, тиянақтылық, тазалық сақтауға дағдыландыру
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу- ояту. Шаттық шеңбері кт№8 Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тақтаға «Күз» мезгілінің суреті ілінеді. Күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту үшін әңгіме жүргізіледі. Балаларға сурет бойынша әңгіме құратады.
Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Алма туралы сұрақтар береді. Балалар алманың суретін салады. «Домалақ», «әдемі», «қызыл», «сары», «жасыл» деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады.
/Баяу ойнайтын әуен қоюға болады/.
Қылқаламды үш саусақпен ұстап, суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояуымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып, алманы толық бояп шығамыз.
Енді қылқаламды жуып, қоңыр бояуға салып, алманың сабағын саламыз. Алманың ішін бояу үшін қылқаламды бояуға толық батырып жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз. сергіту жаттығуы: Қазір күз мезгілі.
Себебі, айналаның барлығы сары түсті болып тұр.
Күзде жемістер, көкөністер піседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Мысалы: Алма – домалақ, қызыл алма, дәмді алма, алмада көп дәрумендер болады т.б.
Балалар педагогтың үйретуі б/ша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды.
Рефлексиялық-түзетушілік. сұрақтар арқылы оқу іс-әрекетін пысықтайды.
Қараңдаршы, балалар, алмаларымыз әр түсті болып шықты / тақтаға балалардың жасаған жұмыстары ілінеді/. Қызыл, сары, жасыл алмалар – бір сөзбен әр түсті, алуан-алуан түсті деп атауға болады. Мысалы: Мен алманың суретін салдым. Алма – жеміс, ол ағашта өседі.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай біледі;
Игереді: жоғарыдан төмен қарай сызық сызуды;
Меңгереді: алманың суретін салуға дағдыланады.

Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 3.10.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Шөл даладағы түйе
Мақсаты: акварель бояумен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; «жылы түстер» туралы түсініктерін қалыптастыру; композиция құрастыра білуге үйрету.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 35
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Түстердің жылы және суық болып бөлінетіні жайлы түсінік беру.
Жылы түстер - оттың және күннің түсі, оған сары, қызыл сары, қызыл түс жатады.
Жылы түстерді қайдан көруге болады?   кешкі алаудан, күннің батуынан, шөл даладан көретіндіктерін айтылады.
Шөл даланың суретін көрсетіп, ол жерден қандай жылы түстерді көріп тұрмыз(сары, қызыл сары, қызыл).
Жұмбақ:
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Бүгін шөл даладағы түйе суретін саламыз.   
 Балалар сендер түйе малы туралы не білесіңдер?
Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады.
Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп)
Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.
Ал, мына түйе  Аруана – сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. (суретін көрсетіп)
Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі- үш есе) бірақ жүні аз болады. Аруана (сыңар өркешті түйе) Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.
«Мал өсірсең, түйе өсі, пайдасы оның көл – көсір» демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді. Түйе малының атасыОйсылқара екі жылда бір боталайды. Түйенің төлін не деп атаймыз? (Суретін көрсету)
Негізі түйе түбіті мен шудасы – тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Еті ем, шұбаты – шипа.
 
Суретті салу ретімен таныстырып, қылқаламмен, бояумен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру. Жұмыс дәптерінде берілген сурет салу кезеңдеріне балалардың назарын аударып, түсіндіру жұмыстарың жүргізу.
Жай қарындашпен шағыл құм мен күнді белгілеу.
Суретті аспаннан бастап, тек жылы түстерді қолдана отырып, ретімен бояу.
Шөл даланың көрінісін өз қалауынша толықтыруларына да болады. Балалар тәрбиешіні тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақ шешеді
Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан)
Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем.
Рефлексивті- түзету Қане, балалар шеңберге тұрайықшы. Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық.Балалар біздер менің түстер әлемімнің тапсырмаларында орындап бітірдік. Саяхатымызда аяқталды. Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?Сендерге түстер әлемінің сыйлығы бар. (түрлі- түсті шарлар сыйлау). Балалар шеңбер құрып тұады.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Түстерді, пішіндерді жаңғыртады, шарлар арқылы көлемді айырады, төрт түсті ойын арқылы   топтастыруды үйренеді.
Игерді:Бірлесіп тапсырмаларды  орындауды білуі тиіс.
Меңгерді: Пішіндерді, көлемді, түстерді білуі тиіс.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 24.10.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Себеттегі алма
Мақсаты: Білімділік: Балаларды бір-бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге үйрету.
Дамытушылық: суреттің композициясын құра білуге үйрету; шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін дамыту.
Тәрбиелік: балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту «Ғажайып дорба» дидактикалық
ойыны. Дорбадан алған жеміс-
көкөністі сипаттайды (түсі,пішіні,дәмі). Балалар дөңгелене тұрып, ойын ойнайды.
Ұйымдастыру-іздену Жұмбақ жасыру:
Көкпеңбек еді көктемде,
қызарды күзге жеткенде.
-Алма туралы не білесіңдер?
-Алманың түсі қандай?
-Пішіні қандай?
-Алманың дәмі қандай?
Сергіту сәті «Алма»
Алмасы бар себетті жұмыс үстеліне
қойып,бірнеше алманы себеттен
шығарып қою. Алмалардың себеттің
ішінде,үстел үстінде қалай
орналасқанына назар аудару.
Жай қарындашпен себетті белгілеу.
Көрінбей тұрған алмаларды есепке
ала отырып, бір-бірін қалқалап
тұрған себеттен жартылай көрініп
тұрған аламаларды белгілеп алу.
Ал алмаларды саусақ арқылы
гуашьпен бояу.
Көмек қажет балаларға бағыт беріп
отыру. Алма.
Алма туралы өз ойларын айтады.
Сергіту сәтін орындайды.
Себеттегі алманың салыну жолын ескере отырып, сурет салады.
Рефлексивті- түзету Топпен жұмыс.«Алма жинау»ойыны.
Салынған суреттерден көрме
ұйымдастыру.
Бағалау, талдау жұмыстары.
Балаларды мақтау,мадақтау.
Балалар топқа
бөлініп(қыздар мен ұлдар
тобы) алмаларды жинайды. Ойын ойнайды. Салынған суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Білді: алма-жеміс екенін
Игерді: алма түрлерін,жемістің пайдасын
Меңгерді: түрлі түсті қарындашпен суретін салу,саусақпен бояуды
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 7.11.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жаңбыр
Мақсаты: Білімділік: Балаларға табиғаттағы көңіл күйді т үстер арқылы сезе білуге үйрету; «Суық түстерді» пайдалана отырып, күзгі жаңбырды бейнелей алу; Дамытушылық: аралас техникада жұмыс істей алу дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Жұмбақ жасыру
Тырс-тырс тамады,
Тереземді қағады.
Балалар дөңгелене тұрып, жұмбақты шешеді.
Ұйымдастыру-іздену Бүгін күн қандай ? Ашық па?
Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма?
Суретке қараңдаршы бұл не?
Түсі қандай?
Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?
Тыңдап көрейік......
Ой, жаңбыр құйып жауып кетті.
Бүгін салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса жаңбыр жауады.
Алдымен ақ қағаздың жоғары жағына бұлт бейнесін саламыз. Губканың бір бұрышын ақ түсті бояуға батырып алып, бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреміз.
Қ/О: «Жаңбыр»
Сергіту сәті:
Бұлттың бейнесін салады, Сұр түспен бояйды. Жаңбыр тамшыларын салады. Балалар ауа райы туралы айтады.
Жаңбырдың дыбысын салады.
Тәрбиешінің көмегімен сурет салу жолдарынмен танысып, сурет салады.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті- түзету Бүгін ненін суретін салды?
Ненін көмегімен салдық?
Сендерге өз жұмыстарың ұнады ма?
Қай жері қиындық тудырды? Балалардың ойлары тыңдалады
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңбырлы күннің ерекшелігін;
Игереді: сурет салу дағдаларын меңгеру;
Меңгереді: өздерінің жасаған жұмыстары туралы айта білу;
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 10.10.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу. Тақырыбы: Теңіздегі кит
Мақсаты: Білімділік: Балаларды акварель бояумен жұмыс істеу дағдыларын жалғастыру. Суық түстермен таныстыру-көк, көгілдір сия көк, қара көк т.б. Балаларға түстерді сезіндіре отырып, әрбір түстің көңіл күйге әсер ететінін түсіндіру.
Дамытушылық: Кит бейнесін салуға үйрету. Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу- ояту. Шаттық шеңбері кт№17 Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік «Ойлан, тап!» Суда өседі, өнеді, Сыртқа шықса өледі   Кит туралы әңгімелеу.   «Кім көп біледі?»
Сергіту жаттығуы:
Балықтар қалай жүзеді, Кім көрсете біледі? Біз жүземіз көл астында, Біз жүземіз көл үстінде, Жүземіз оңға, жүземіз солға, Шоршимыз анда-санда.
Теңіздегі кит суретін үлгіге қарап салуды меңгерді.
« Кел ,үйренейік!» Саусақ жаттығуы. «Алыптар мен балықтар» Теңіздегі алыптар, Ауыздарын ашады. Кіп кішкентай балықтар, Жүзіп жылда қашады. « Біз шеберміз!» Жеке баламен жұмыс.
Көрме ұйымдастыру. «Теңіздегі кит»   Балалар ойынға белсенді қатысты.
Сергіту жаттығуларын орындайды.
Тәрбиешінің көмегімен сурет салады.
Рефлексиялық-түзетушілік. Ойын : «Толқиды теңіз»    
Балалар шеңбер бойына жиналады Балалар ойынға белсенді қатысады.
Білу: Балаларға теңіздегі ірі балықтың түрлерімен таныстырып; Қосымша бөліктерін карандашпен салу болады.
Игерді:. шаршы қағазды үшбұрыштап балықтың бейнесін жасауға үйрету
Меңгерді:жұмысты жауапкершілікпен жасауға дағдыландыру
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 17.10.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жұлдызгүл
Мақсаты: Білімділік: балаларды негізгі түстермен таныстыру; негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру;
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту. Тәрбиелік: Әдемілікке тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 8
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Гүл туралы өлең оңып, гүлдің әдемілігі, сұлулығы, айналасына сән беріп көріктендіріп тұратыны туралы әңгіме жүргізу. Гүлдердің хош иісі бөлменің ауасын әрлендіріп, адамдарға жағымды әсер етеді.
Суреттегі әсем гүлдер мен гүл шоғына балалардың назарын аудару. Балалардан нарғызгүлдің түстерін ажыратуды сұрау. Балалардың жауабын қорытындылай келе, қызғылт, сия көк, ашың күлгін, қошқыл қызыл сияқты түстер тұс реңктері деп аталатынын айту. Кейбір түстерді алу үшін негізгі түстерді араластыру арқылы шығарып алуға болатындығы түсіндіріледі. Мысалы, негізгі түсті аң тұспен араластырса, ашың түсті реңк шығады, ал егер қара тұспен араластырса, күңгірт түске айналады.
«Түстер еліне саяхат» ойынын ойнату.
Мақсаты: жылы жөне суың түстерді естеріне түсіру; өздеріне ұнайтын түсті таңдауға ерік беру.
Гүлдің сабағын саламыз.
Сабақтың үстінен ортасын сары түспен белгілейміз.
Гүл күлтелерінің орнын крест түрінде белгілеп, таңдап алынған реңктерді пайдаланып, гүлдің суретін саламыз. Содан соң толықтырып, бояп шығамыз.
Балалардың жұмысын қадағалап бақылайды. Көмек керек балаларға кеңес беріп, көмектеседі. Балалар суреттер көрмесін тамашалап, сурет мазмұны бойынша әңгімелейді.
Қағаз бетіне қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауды меңгереді.
Субояумен жұлдызгүл суретін салады.
Балаларды жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретімен, суретті салу, қажетті түсті шығарып алу тәсілімен таныстыру.
Түс реңкін шығарып алу үшін қажетті түстерді палитрада араластыру.
Рефлексивті- түзету Орындалған суреттерден шағын көрме ұйымдастыру. Жұмыстарды балаларға талдау жасату, орындалған жұмыстар бағаланады. Балалар шеңбер құрып тұады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Түстерді, пішіндерді жаңғыртады, шарлар арқылы көлемді айырады, төрт түсті ойын арқылы   топтастыруды үйренеді.Игеру:Бірлесіп тапсырмаларды  орындауды білуі тиіс.
Меңгерді: Пішіндерді, көлемді, түстерді білуі тиіс.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 28.11.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Қоржынды безендірейік
Мақсаты: Білімділік: балаларды дайын бұйымдарға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін салуға үйрету; бөлшектердің алмасып келуіне мән бере отырып, өрнек құрастыру;
Дамытушылық: тұс реңкін сақтау; қоржынды ою-өрнектермен сәндеп безендіру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 35
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Педагог балаларға қоржындағы үлгі суретін көрсетіп, талдау жасайды.
Мұндай қоржындар ұлттық бұйымдардың бір түріне жатады, сырты ұлттық оюлармен безендірілген. Осы жердегі ою-өрнектердің аттарын сұрап, бұрынғы алған білімдерін тиянақтау.
Оюларды заттың көлеміне, құрылымына байланысты етіп таңдауымыз керектігін түсіндіру. Ал қоржынның түсіне қарай ою-өрнектің де түстерін бұйымға ажар беретіндей етіп, өңін ашатын қаның түстермен салуларына тапсырма беру.
Сергіту сәті №6
Балалар - Қағазға суреттің орындалу реті бойынша қоржынды ою-өрнектермен безендіреді. түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп, көмектеседі. Ұқыпты жұмыс істей білулерін қадағалайды. Балалар қоржынға қарай отырып ұлттық оюлармен танысады, қоржының не үшін керектігі туралы біледі..
Қағаз бетіне қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауды меңгереді.
Балалар жұмысты орындалу ретімен, суретті салу, қажетті түсті шығарып алу тәсілімен таныстыру.
Түс реңкін шығарып алу үшін қажетті түстерді палитрада араластыру.
Рефлексивті- түзету Балалардың жұмыстарын қорытындылап, талдау, бағалау. Балалар шеңбер құрып тұады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Қоржын туралы біледі.
Игеру:Бірлесіп тапсырмаларды  орындауды білуі тиіс.
Меңгеру: Ұлттық ою- өрнектердің аттарын меңгерту.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 5.12.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Алғашқы қар
Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана білуіне ықпал ету, қоршаған ортаға –үйлерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір-бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сурет дәптері, төмпешіктер салынған тіс пастасы, таяқшалар.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 10
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Балаларды терезенің алдына шақырып, даладағы жауып тұрған қарды бақылауды ұсынады. Содан соң орындарына отырып, суреттерге көңіл бөлуді сұрайды.
Қар қандай болады? Қай мезгілде жауады?
Қысқы орман көріністерін көрсетеді.
Сөздік жұмыс жүргізеді.
Терезенің алдына келіп, бір-біріне бөгет болмайтындай тұрып, жауып тұрған қарды бақылайды. Өз ойларын айтады. Қыс мезнгілінде қар жауады, күн суытады. Сөздік жұмысында «жеңіл», «үлпілдеген», деген сөздерді қайталайды.
Алғашқы жауып тұрған қарды сүйкеп жағу тәсілімен салғызамын. Бұлттардан жапалақтап жауып келе жатқан қарды қылқаламмен, жердегі жатқан қарды тіс пастасымен салу жолдарын түсіндіреді.
Сергіту сәті: КТ№ 13
Бір-біріне бөгет жасамайтындай орналасып, таяқшаларын тіс пастасына ақырындап малып, қағаз бетіне сүйкеп жағу арқылы қардың суретін салады. Төмпешіктеріне қардың суретін нүкте тәрізді жағып үйіп қояды.
Суретте не көргендерін, айнала қоршаған ортада жыл мезгіліне байланысты болып жатқан өзгерістер жайында әңгімелеседі.
Балалар терезенің алдына келіп ауа райын, жауып тұрған қарды бақылайды.
Суретті су бояумен және тіс пастасымен салады.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті- түзету Балалардың аяқтаған суреттерін тақтаға іліп қойып, осы әдемі көріністі талқылайды. -Аппақ қарға ұқсайтын тістерімізді көрсетіп, бір-бірімізге күлкі сыйлауды ұмытпайық.
Суреттеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады. Бір-біріне күлкі сыйлап, сабаққа көңілді аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: қыс мезгілі басталғанда алғашқы қар жауатынын.
Игеру: қар аспаннан жерге қонақтап, жер бетін басып қалатындығын.
Меңгеру: таяқшамен жағу арқылы қар суретін салуды.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 12.12.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Әйнектегі аяз ата салған сурет
Мақсаты: балаларға сурет салудың дәстүрден тыс түрімен сурет салуды үйрету; бейнелі өрнекті көре білу іскерліктерін дамыту; ою-өрнектердің үйлесімділігін сезіну; көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: терезедегі ою-өрнектердің суреттері, гуашь, тіс пастасы, қылқалам, қолорамал т.б.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 10
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену 1.Әңгіме: б Әңгіме: балаларға қысқы терезедегі ою-өрнектер жайында өлең оқып немесе жұмбақ жасырады. Мазмұнын талдап, балаларға түсіндіру. Балалар түсінгендері бойынша әңгімелейді.
әрі қарай бүгін Сурет салудың дәстүрден тыс түрін пайдаланып терезедегі ою-өрнектерді бейнелейтіндерін айтады. Жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсету, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.
Балалар ою-өрнектердің өздері білетін түрлерін салуға кіріседі, болмаса жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Сергіту сәті КТ№ 20
Балалар қыс мезгілі туралы әңгімелейді,
жұмбақтың шешеуін табады.
Сурет салудың дәстүрден тыс түрлерін меңгереді.
Тапсырманы мұхият орындайды.

Сергіту сәтін орындайды
Рефлексивті- түзету Балалардың аяқтаған суреттерін тақтаға іліп қойып, осы әдемі көріністі талқылайды. -Аппақ қарға ұқсайтын тістерімізді көрсетіп, бір-бірімізге күлкі сыйлауды ұмытпайық. Суреттеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады. Бір-біріне күлкі сыйлап, сабаққа көңілді аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: қыс мезгілі басталғанда алғашқы қар жауатынын.
Игеру: қар аспаннан жерге қонақтап, жер бетін басып қалатындығын.
Меңгеру: таяқшамен жағу арқылы қар суретін салуды.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 19.12.16 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Аққала жасайық
Мақсаты Білімділік: Адамдардың қозғалыс кезіндегі бейнелерін бере білуге және кейіпкерлердің өзара байланысын айнытпай салуға қол жеткізу ; ұжымдық композиция құрастыруға үйрету;
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 24
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны                                     (Аққала)
Дұрыс, жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген?
Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралған екен?
Дұрыс! Аққаланың түсі қандай екен?
Ал, аққаланы неден жасаймыз? Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?
Жарайсыңдар, балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, жаңа тәсілмен саламыз. Ол үшін мен сендерге қағаз беремін, бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып умаждайық. Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін, ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып, аққаланы бояйсыңдар.(Балалар тапсырманы орындауға кіріседі)
Балалар, шаршадыңдар ма? Олай болса сергіту жаттығуын жасайық!
Сергіту сәті КТ№ 20 Ж
Балалар, мен сендерге ойын ойнатқым келіп тұр. Ойынның аты «Орнын тап!» Мен сендерге аққаланың бейнесі салынған карточкалар таратып беремін, бұл карточкаларда аққаланың дене мүшелері алмасып кеткен. Сендер осы мүшелерді орындарына дұрыстап орналастырыңдар.
Балалар қыс мезгілі туралы әңгімелейді,
жұмбақтың шешеуін табады.
Аққала бейнеленген.
Дөңгелектерден!

Қыста қардан жасап ойнаймыз!
Балалар сурет салу жолдарын меңгеріп суретті салады
Сергіту сәтін орындайды
Ойынға белсенді қатысады.
Рефлексивті- түзету Балалардың аяқтаған суреттерін тақтаға іліп қойып, осы әдемі көріністі талқылайды. -Аппақ қарға ұқсайтын тістерімізді көрсетіп, бір-бірімізге күлкі сыйлауды ұмытпайық. Суреттеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады. Бір-біріне күлкі сыйлап, сабаққа көңілді аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: қыс мезгілі басталғанда алғашқы қар жауатынын.
Игеру: қар аспаннан жерге қонақтап, жер бетін басып қалатындығын.
Меңгеру: аққала жасауды меңгереді
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 16.01.17 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: мұды және көңілді сайқымазақтар
Мақсаты Білімділік: Қылықты да, қызықты киім киген сайқымазақтың бейнесінің суретін салуға жаттықтыру; дене бөліктерінің қатынасын дұрыс бере білуге бағыт беру; Дамытушылық: қарапайым қимыл-қозғалысты, бет пердесін бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 25
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Балаларға сайқымазақтың бейнесін көрсетіп, оның еңбегі жайлы айту.
Сендер сайқымазақты көрдіңдерме?
Ол қандай?
1.Парақ қағазды дәл ортасынан қарындашпен түзу сызып бөлеміз, жоғарғы және төменгі бөліктері бірдей болуы керек. Содан кейін, жоғарыдан төмен қарай түзу сызықты жүргіземіз, яғни оң және сол жағы бірдей тең болуы керек. 2. Бірінші жоғары бөлігіне көзі , екінші бөлігіне мұрны мен аузын орналастырамыз. Олардың бәрі де түрлі түсті сызықтармен өрнек тәрізді орналасады.
3. Көздің орнына көк түсті дөңгелектер саламын, мұрынның орнына екі жасыл түсті жолақ орналастырамын, ал ауыздың орнына қызыл түсті сопақша дөңгелек, яғни қияр болып келетін бейнені созып саламын. Көзі әдемі болып көріну үшін оған қара түсті дақтарды салу керек.
4. Бетперде әдемі болу үшін оның қалған бос бөліктерінің бәрін әшекейлеймін: маңдайы, жақтары т.б. Екі жағы симметриялы тең болып орналасуына көңіл бөлеміз.
Сергіту сәті кт№36 Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тақпақтарыды жатқа айтылады
Сергіту сәтін орындайды
Рефлексивті- түзету Балалардың жұмыстарын талдау . Мадақтау Жұмыстарын тақтаның алдына қойып, талдайды. Балалар салған суреттерін тамашалайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу : Сайқымазақ суретін салуды біледі.
Игеру:Әдемілікті , көркемдікті сезіну талғамы қалыптасты.
Меңгеру: Берілген тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 9.01.17 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Шырша ойыншықтары
Мақсаты Білімділік: Балаларға жаңа жыл шыршасына ойыншықтар іліп безендіруді үйрету; бейнелі қабылдауды.
Дамытушылық: Түстерді суреттеу белгілі бір ырғақты қажет ететіндігін, дұрыс қабылдай білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 4
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Жұмбақ жасыру.
Жасыл тонның бояуыЖыл бойы оңбайды.Діңі, бүршіктеріСояуы Қысқы аязда тоңбайды.
- Балалар мына суреттерге назар аударыңдар. Мына шыршада нелер бейнеленген? - Олар қандай екен? Сұрақ-жауап
1.Жаңа жылда бізге кімді күтеміз? 2. Жаңа жылдаң қандай ерекшеліктері бар?3. Жаңа жылдық шыршаға қандай заттар ілеміз? 4. Шырша ойыншықтарын тағыда неден жасауға болады? Сендер шырша жайлы өлең-тақпақтар білесіңдер ме? Ендеше, шеңбер жасап, жаңа жыл мерекесін еске бір сәт түсіріп, серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар үлгіге қарай отырып шырша ойыншықтарының суретін салады.
(Шырша)
-Жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тақпақтарыды жатқа айтылады
Сергіту сәтін орындайды
Рефлексивті- түзету Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, өз- өздерін бағалайды .
Балаларды мадақтау. Балалар салған суреттерін тамашалайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жаңа жылдық мерекені еске түсіре білді.
Игеру: Салған ойыншықтарын безендіруді игерді.
Меңгеру: Ұқыптылықты меңгерді.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 23.01.17 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Құстар
Мақсаты Білімділік: Балаларға құстарды бейнелеп салуды, сюжетті композиция құрастыра білуді үйрету;
Дамытушылық: бақылағыштығын, қиялын дамыту;
Тәрбиелік: шығармашылық қабілеттерін ояту.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 36
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу.- Қыста қыстап қалған құстарды білесіңдер?Балалар қыста өз жерінде қалатын құстардың түрлерін атап, олардың түрлерін, түстерін, ерекшеліктерін әңгімелеп еске түсіреді.
Суретті салудың ретін түсіндіру - Балалар, алдымен қарындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне сопақша пішінді қиғаштап саламыз.Сопақшаның жоғарғы бөлігі сол жаққа қарай салынса, ал астыңғы бөлігі қағаздың оң жағына қарай төменге қарай бұрыла салынады. Дайын болған сопақша пішінінің оң жағы мен сол жағына құстың қанатын саламыз. Сопақша пішіннің жоғарғы бөлігіне құстың басын салу үшін кішкентай домалақ пішінді саламыз. Ал төменгі бөлікке құстың құйрығын саламыз. Қарындашпен салынып, дайын болған құсты қылқаламның көмегімен қағаз бетіне бояуды сүйкей жаға отырып түрлі түске бояп, көрік береміз.Сергіту сәті №24
Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріліп, жалпылама бақылау арқылы басшылық жасалады Балалар жыл мезгіліндегі өзгерістер туралы әңгімеледі.
Сурет салу ретімен танысып, орындайды.
Сергіту жаттығуларын орындайды.
Рефлексивті- түзету Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, өз- өздерін бағалайды .
Балаларды мадақтау. Балалар салған суреттерін тамашалайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: табиғат құбылыстарынан бақылағандарын әңгімелеп айта білуді
Игеру: құстың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу іскерліктерін игереді.
Меңгеру: Ұқыптылықты меңгерді.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Шапағат» Күні: 30.01.17 ж Тәрбиеші: Шерияздан Ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жаттығу жасайық
Мақсаты Білімділік: Балаларға қарапайым мазмұнды қимыл-қозғалысын бейнелеуді өзара әрекеттерін бере білуге үйрету; балалардың бойында бейнені қимыл-қозғалыс үстінде беруді жетілдіру; Дамытушылық: бақылағыштығын, сурет салуға деген қызығышылығын араттыру, қиялын дамыту;
Тәрбиелік: шығармашылық қабілеттерін ояту.
Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу-ояту Шаттық шеңбері КТ№ 10
Балалар дөңгелене тұрып, өлең сөздерді қайталайды.
Ұйымдастыру-іздену Сиқырлы сәт.
Тәрбиеші балаларға хат келгенін және ол хатта ертегілер елінің тұрғындарының еріншектікке айналып бара жатқандығы туралы айтылған. Барлық тұрғындары жалқау болып кетпес үшін балалардан көмек сұрап келген екен.
Егер тұрғындарға көмектессек олар үнемі жаттығу жасап тұруға уаде берген екен. Ал балалар көмектесемізбе?
Олай болса тапсырманы орындайық.
Жаттығу жасау
Жаттығудың түрлерін атау
Сурет салу
Жаттығу жасап жатқан адам бейнесін салуды үйренеді.
Сергіту сәті №24
Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріліп, жалпылама бақылау арқылы басшылық жасалады Сурет салу ретімен танысып, орындайды.
Сергіту жаттығуларын орындайды.
Рефлексивті- түзету Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, өз- өздерін бағалайды .
Балаларды мадақтау. Балалар салған суреттерін тамашалайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: адамның дене құрлысын әңгімелеп айта білуді
Игеру: адамның бейнесін қағаз бетіне түсіре білу іскерліктерін игереді.
Меңгеру: Ұқыптылықты меңгерді.
Тексерілді: мектеп-балабақша әдіскері Н.А.Культлеува

Приложенные файлы

  • docx 290895
    Размер файла: 97 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий