Таным саласы. арапайым математикалы ымдарды алыптастыру блімі. Таырыбы: Кілді кжектер мен онжытар — дошкольное образование, уроки


Тәрбиеші: Ахметова. Т.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым матиматикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Көңілді көжектер мен қонжықтар»
Мақсаты: - жабайы аңдар,дене мүшелері туралы түсінік беру.
- мейірімділік сезімге тәрбиелеу.
- санау ұғымдарын (көп,аз т.б.)білімдерін кеңейтіп,баланың танымдық қабілеттерін
дамыту және ұсақ қол қимылдарын жаттықтыру,эмоционалды қарым-қатынасын
қалыптастыру.
Көрнекіліктері: көжектер,қонжық ойыншықтар,суреттер,қима қағаз,түсті таспалар,сәбіз,
құлпынай суреттері,тәтті сыйлық.
Билингвалды компонент: көжек-зайчонок, қонжық-медвежонок.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс –әрекеті. Балалардың іс- әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық Жылаған дауыс естіледі.Кімнің жылап
отырғанын орындық пен үстелдің астынан,шкафтың ішінен балалармен бірге іздейді.Тәрбиеші қонжықпен көжекті тауып алады.
-Балалар қараңдаршы, қонжықтармен көжекте адасып,қарындары ашып, тоңып қалыпты. Тыңдайды,іздейді,тауып,олармен амандасады.
Ұйымдастыру- іздестіру. Дидактикалық ойын:
«Қандай көжек?»
- Балалар, қояндар қанша?
Келіңдер,қояндарды, құшақтап жылытайық,оларды үрлеп,қолымызбен
сипайық.
- Көзі қандай? Нешеу?
- Құлақтары қандай? Нешеу?
- Құйрығы қандай? Нешеу?
- Аяқтары қандай? Нешеу?
- Нені жақсы көреді?
Сергіту сәті
«Көжекті ұстаймыз» дидактикалық ойыны.
Музыка ойнатылып,балалар көжек болып секіріп жүреді. Тәрбиеші ұстауға ұмтылады. Балалар қашып, орындарына барып отырады.
«Түрлі түсті текшелер» дидактикалык ойыны: Балалар алаңқайда екі жол бар- қызыл және көк түсті. Қызыл текшесі бар қонжықтар мен көжектер қызыл жолда, ал көк текшесі бар қонжықтармен көжектер көк жолда секіріп ойнайды
«Орнына қой» ойыны.
Балалар, аңдар шаршады, оларды орындарына отырғызайық.
- Сенің қолыңда неше қонжық бар?
Қанша көжек бар?
- енелерін қалай атаймыз?
Міне, балалар енелеріде іздеп келіпті.
Ойын: «Сиқырлы қапшық»
- Қоян мен Аю төлдерін ренжетпегендері үшін риза болып,
балалармен ойын ойнайды.
Балаларға қапшықтың ішіне қолдарын салып, пішіндерді атауды ұсынады Қонжықтармен көжектерді қолдарына алып, құшақтайды, үрлейді, сипайды,жүнінің үлпілдек екенін айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді
Аңдардың дене мүшелерін салыстырады, санайды.
Көжектің қимыл қозғалыстарын көрсетеді, секіріп орындарына барып отырады
.
Аңдармен бірге ойнайды
Сұрақтарға жауап береді.
Пішіндерді анықтайды.
Рефлексивті- түзетушілік.
«Қонақтарды сыйлаймыз» ойын.
Қоянға сәбіз, аюға құлпынай сыйлатады. Ал қоян мен аю риза болып, кішкентай себеттің ішінен балаларға тәтті сыйлық алып береді.
Сұрақ қойып тақырыпты қорыту.
- Бізге нелер қонаққа келді? Балалар біз не істедік?
Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек. «көп», «аз» ұғымдарын түсініп, заттарды санына қарай салыстыру.
Нені игереді: тапсырмаларды орындау барысында меңгерген ұғымдарды дұрыс пайдалануды.
Нені біледі: қарапайым математикалық ұғымдарды ( санау мен салыстыру, «қанша?»,
«қанша болса сонша») түсінуді.

Приложенные файлы

  • docx 290176
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий