Аяз атаны біз алай арсы алды Ашы йымдастырылан оу ызметі. — дошкольное образование, уроки


Ұйымдастырылған ашық оқу қызыметінің технологиялық картасы.
«Сұңқар» ортаңғы тобы
Күні: 10. 01. 2017
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу қызыметінің түрі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Аязатаны біз қалай қарсы алдық?» (өз тәжрибесінен әңгімелеу)
Мақсаты: Өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеуге үйрету.
Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.Бір – біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: әңгімелесу,сұрақ-жауап,ертегі сахналау,ойын-тапсырма.
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер,Жаңа жыл мерекесі туралы слайт,маскалар
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Қыс мезгілі туралы,Аяз ата,Ақшақар туралы тақпақтар жаттау.
Қостілділік: жаңа жыл-новый год, жаңа жыл-
Оқу қызыметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
-Салематсіздер ма балалар?
-Балалар бүгін біздің топқа көптеген қонақтар келді.Кане, бәріміз жақсы көңіл-күймен қонақтармен амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз!
Салематсыздар ма қонақтар?! Балалар өлең жолын жақсы көңіл кұймен айтып берді.
-Салеметсіз бе!
Балалар үш тілде амандасады.
Ізденуді ұйымдастырушы Жұмбақ жасыру:
Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тоңады.Ол не?
-Ендеше балалар «Р» дыбысына жаттығу жасайық.
Қар-қар-қар-қар,
Ра-ра-ра-рама.
Ро-ро-ро-роза,
Ру-ру-ру-қару.
Ры-ры-ры-тары,
Рү-рү-рү-Рүстем.
-Қыс айларын атап беріңдерші?
-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
Сурет арқылы әңгімелету.
-Күзден кейін қыс келеді.Аязды күндер мен түндер басталады.Даланы қар басады.Желді күні боран соғады.Өзендер мен көлдерді мұз басады.Адамдар қыстық киімдерін киінеді.Балалар қыста коньки,шаша,шаңғы теуіп,аққала жасап ойнайды.
-Қыс туралы кім тақпақ айтқысы келеді?
Айсұлу: Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша,бауды,тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Досжан: Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
-Балалар қыс мезгілінде біз қандай мерекені тойлаймыз?
Қостілділік: жаңа жыл-новый год,
жаңа жыл-
-Жақында біз қандай мерекені тойладық?
Ғажайып сәт. Түлкі келеді.
Түлкі,түлкі,түлкімін
Біреулерге күлкімін.
Кейбіреуді алдаймын,
Екіншісін арбаймын.
-Салематсыздар ма балалар?
-Балалар түлкі бізге орманнан еліп тұр.
-Түлкіні ертегіде қалай атайды?
Түлкі:
-Балалар,мен сендерді бүгін алдауға келгенім жоқ.Мен сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтауға келдім.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын балалар!
-Балалар орманда аңдардың бәрі қуанып шулап жүр, «біз жаңа жылды Сұңқар тобы балаларымен бірге өткіздік» деп,сол рас па балалар?
Түлкі мұңайып:
-Балалар,мен жаңа жыл мерекесінде аурып сендерге келе алмай қалдым.Сендердің жаңа жылды менің достарыммен қалай қарсы алғандарыңды білгім келеді.
-Балалар түлкіге жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғанымызды айтып береміз бе?
-Ендеше Түлкі кел біздің балалардың қасына отыр .Біздің балалар жаңа жылды қалай қарсы алғандарын айтып берсін.
-Ең алдымен мына ертегіні тамашала.
Ертегі: «Дос іздеген бота»
Ертегі кейіпкерлері:
Түйе мен оның ботасы.
Құлыншақ,бұзау,қодық,қозы,күшік,мысық,әтеш,
қарға, бақа, ара.
-Балалар ертегі ұнады ма?
-Ал жаңа жыл мерекесінде бізге Ботамен дос болуға нелер келіп еді?
Слайдапен жұмыс.
-Жаңа жыл мерекесін әдемі шырша жанында қарсы алдық.Мерекеге Қозылар мен Лақтар,Ақшақарлар,және ормандағы аңдар келді. Жаңа жылда барлық үйге Аязата келеді.Сол сияқты Аязата біздің балабақшағада келді.Қасында әдемі Ақшақар бар.
-Олар бізге немен келді?
-Ботаның достары тақпақ айтты,би биледі,ойын ойнады.Жаңа жылымыз тауық жылын осылай қарсылап алдық. Аязата балаларға риза болып көп сыйлық берді.
Біз жаңа жыл мерекесін әдемі үлкен шыршаның қасында өте тамаша етіп,қызықты өткіздік.
Дидактикалық ойын: «Шыршаны безендірейік»
Мақсаты: Шыршаны әдемі етіп безендіру.
Шарты: тіл дамыту дәптерімен орындалады.
-Балалар шырша туралы,Аязата туралы,Ақшақар туралы кі маған тақпақ айтады?
-Балалар Аязата сендерге несімен ұнады?
-Ендеше Аязатаны жақсы көретінімізды әнмен жеткізейік.Түлкі де тындасын .
«Аязата» әнін орындау.
-Балалар осы тамаша әннен кейін мен Аязатаны сондай қатты сағынып кеттім.
-Ал сендер сағындыңдар ма?
-Олай болса Аққала суретін салып көрейік.Мүмкін Түлкі орманнан біздің сүйікті Аязатамызды көріп,біздің салған суретімізді берер деп ойлаймын.
Шығармашылық жұмыс:
«Мен жақсы көретін Аққала»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Қалдық материлдардан аққала жасауға үйрету.
-Міне Түлкі біздің балалар Аязатаны жаңа жыл мерекесінде өз достарымен осылай қарсы алды.
Мына суреттерді Аязатамызға берерсің.
Түлкі:
-Әрине міндетті түрде апарып беремін.Балалар жаңа жыл мерекесін Аязатамен жақсы қарсы алған екенсіңдер.Мен келесі жаңа жыл мерекесінде достарымнан қалмай міндетті түрде келемін. Сау болыңдар балалар!
Түлкі кетеді.
.-Қар.
Балалар тәрбиешімен қосылып қайталайды.
Желтоқсан,қаңтар,
ақпан.
Ортаға бір бала шығып әңгімелеп береді.
-Жаңа жыл мерекесін.
Үш тілде қайталап айтады.
-Жаңа жыл мерекесін тойладық.
-Салематсыз ба!
-қу түлкі,алдаушы түлкі,алдаушы түлкі деп айтады.
-Рахмет!
-Ия,рас
-Айтып береміз.
Ертегі сахналайды.
-Ұнады.
-Қозылар мен лақтар
-Ақшақарлар
-Ормандағы аңдар келді.
Балалар слайд арқылы айтып береді.
-Ат жеккен шанамен келді.
Дәптермен жұмыстанды.
Білетін тақпақтарын айтты.
-Аязата өзі аппақ,көзі мейірімді
-Қолы ашық жомарт
Балалар ән айтып береді
-Ия, сағындық.
Өз беттерінше жұмыстанды.
Балалар суреттерін береді.
-Сау болыңыз .
Рефлексивті коррекциялаушы -Балалар бізге қонаққа не келді?
-Түлкіге не туралы айтып бердік?
-Жаңа жылда сендер өз достарың қандай тілек айтар едіңдер?
Жантөре:
Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,
Балалар мен жастарға,кәрімізге.
Ашық аспан астында ойнап-күлсек,
Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек.
Гүлназым:
Алланың нұры жаусын әр үйге,
Жақсылықты тілейміз бар әлемге.
Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын,
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.
-Балалар Жаңа жылда айтылған тілектер міндетті түрде орындалады сондықтанда сендердің жүректеріңізден шыққан арман тілектеріңіз орындалсындеп бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!
Балаларды мадақтау. -Түлкі келді.
-Жаңа жыл мерекесінде Аязатаны қалай қарсы алғанымызды.
-Аспанымыз ашық болсын!
-Ата анамыз аман болсын!
-Еліміз тыныш болсын!
-Бейбітшілік заман болсын!
Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дыбысты дұрыс айта білу;
Қандай түсініктерді игерді: жаңа сөздерді,ізгі сөздерді айтуды;
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: толық сөйлемдер құруды біледі;
Тәрбиеші: Кубаева Б.С.

Приложенные файлы

  • docx 289780
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий