Frank Gehry — английский язык, уроки


Белбеу тастауКөбіне ер балалар ойнайтын ойын. Далада, ашық алаңқайда немесе кең бөлмеде ойнауға болады. Қатысушылар саны шектелмейді.
Ойынның шарты: ойын ойнаушылар шеңбер құрай дөңгелене отырады. Ойын бастаушы ортаға біреуді шақырады. Ойынға алдын-ала белбеу не есілген сүлгі даярланады. Артына қолын жасырған ойыншылар белбеуді бірінен соң біріне өткізе бастайды.
Сөйтіп, белбеу әр бағытта қолдан қолға өтеді. Мұның өзі ортада тұрған кісінің зейінін басқаға аудару мақсатында жасалады. Ыңғайы келген сәтте ойнаушылардың бірі ортадағы кісінің арқасынан ұрып қалып, белбеуді көрсетпей басқа біреуге бере қоюы тиіс. Егер ортадағы ойыншы белбеуді қағып қалса, екі ойыншы алмасады, ал ұстай алмай қалса ойын әрі қарай жалғаса береді.
«Төрт асық» Бұл ойынды балаларға жас кезінде үйретеді. Төрт-бес жасар балалардың ойнауына жақсы. Ойын мақсаты белгілі: бала бір асықта төрт түрлі пішім бар екенін және әр пішімнің әр қыры бар екенін зердесіне тез түйеді. Ойынға қосылған балалардың әрқайсысы бір асықтан иіреді. Кімнің асығы алшы түседі, сол бала ойынды бастайды. Қолға алған төрт асықты ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асық төрт түрлі болып түссе, ойынға қатысып отырған балалардан бір-бір асық алады да, ойынды әрі қарай жалғастырады. Тағы да төрт асықты жерге ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асықтың төртеуі де не алшы, не тәйке, не шік, не бүк болып түссе, соның әрқайсысында да ойынға қатысушы балалар ойынды бастаған балаға бір-бір асықтан береді. Ал алда-жалда төрт асықтың пішімі төрт түрлі немесе әртүрлі болып түссе, онда ойынды бастаған бала 4 асықты екінші балаға береді. Ол ойынды бірінші бала секілді қайтадан бастап жүргізе береді. Осылайша ойынға қатысып отырған балалар асықтарынан ұтылып біткенде ғана ойын тоқтатылады. Ұтыс есеп¬теледі. Ұпай саналады. Ұтқан баланың асықтары көп болса, ол қалған балаларды қатарластыра сапқа тұрғыза¬ды. «Бір-біріңді қуыңдар, кім ұстатпай кетсе, сол ойынды бастайды», - дейді. Сөйтіп ойын ары қарай жалғаса береді. «Асық ату» Көбіне жаз және күз айларында ойналады. Ойынға әдетте 2 бала қатысады. Кейде одан да көп бола береді. Ойынға қатысатын баланың әрқайсысында өз сақасы болуы шарт. Сақа қойдың ең ірі асығынан таңдап алынады. Кей балалар сақа ауыр болсын деп оған шік жағынан тесік жасап қорғасын құяды. Ауыр сақа атқанға жақсы. Әрі асықтарға тигенде соққысының күштілігінен бірнеше асықты ұшырып түсіреді. Сақаның жан-жағын ептеп тегістейді. Әсіресе, тәйке жағы көбірек тегістеледі. Сақаның иірген кезде және атқан кезде алшы түсуіне көп нәрсе байланысты. Сондықтан сақасын сайлап алуға ойыншы бала қатты мән береді. Сақасы алшы түскен бала ойынды бірінші болып бастау мәртебесіне ие болады. «Асық ату» немесе оны «асық атыс» ойыны деп те атай береді, ойынды бастау үшін тегіс жерге арнаулы белгі салынады. Сызық сызылады. Ол шеңбер түрінде, үш түрлі сызығы болады. Бірі - өріс сызығы, бірі - табан сызығы, үшіншісі - орта сызығы. Сол жерде, яғни өріс сызығында тұрып балалар асықтарын иіреді. Өріс сызығы мен табан сызығының арасында кімнің асығы алшы түседі, ойынды сол бастайды. Орта сызыққа екі баланың асықтары тізіледі. Әр баланың үйінен алып келген 3-4 асығы болады. Ойынды бастаушы бала табан сызығын сол аяғымен басып тұрып, оң қолындағы сақасымен орта сызықтағы асықтарды атады. Соққы неғұрлым күшті болса, тізілген асықтарды алысқа ұшырады. Өріс сызығынан екі-үш асықты сыртқа шығарып жіберсе, бала ол асықтарды ұтып алған болып есептеледі. Егер бірнеше асық өріс сызығынан асып кете алмай, ортада қалып қойса, онда бала табан сызықты сол аяғымен басып тұрып, сақасымен атып шығаруға тырысады. Ойын үстінде сақасы алшы түсе қалса, бала сол аяғын сол сақа алшы түскен жерге басып, өзіне қолайлы, ең жақын жерде тұрған асықты атуға қақысы бар. Ал ойынды бастаушы бала ешқандай асықты атып шығара алмаса, ойынға екінші бала араласады. Ойын ережесі бәріне бірдей, жоғарыда аталған ретте жүреді. «Хан Талапай» Ойынға 5-10 бала қатыса береді. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық «хан» болады. Ойынды бастайтын бала санамақ арқылы айқындалады. Ол асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады. Егер «хан» бүк, шік, не тәйке түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып бір-біріне дәл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне алады. «Ханды» жатысы «хандыкіндей» ең соңғы асықпен ғана атып алады. Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал «хан» алшы түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, «ханды» өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды. «Қақпақыл» Бұл ойынның шарты былай: 1 асықты алақанға салып алып, жоғарыға жәймен лақтырып, асық қайтып түскенше алақанды төңкеріп, асықты қолдың сыртымен қағып алу керек. Содан соң қолдың сыртындағы асықты қайта лақтырып, төмен түсіп келе жатқанда алақанды ашып қалу керек. Осылайша, уысын бір ашып, қолдың сыртын бір тосып асықты қағып алуды «қақпақыл» деп атайды. Қол қимылдарын меңгерген бала кейін мал бағып, атқа мінгенде, асау үйретіп, жылқыға құрық лақтырғанда өте епті болады. Жылдам қимылдауға, шапшаң әрекет жасауға үйренеді.«Қақпақыл» ойынын тереңдете ойнауға да болады. Ол үшін екі бала ойнаса, бірі асықты қағып алып тұрады, екіншісі соны санап тұрады. Мысалы, асықты 4 рет қағып алған бала кенет асықты жерге түсіріп алды дейік. Сол кезде ойынға екінші бала кіріседі. Ол асықты 3 рет қағып алғасын түсіріп алса, ойынды бірінші бала бастайды. Өйткені оның бір асығы артық. Ол 10 асықты қос уыстап тұрып аспанға қарай атып жібереді де манағы тәртіппен қолының сыртын тоса қояды. Қолының сыртында екі асық тұрып қалса, оны қайтып алақанымен қағып алуы керек. Сонда ол жерден қосымша екі асықты таңдап алуға қақылы. Ал асықтар жерге түсіп кетсе, мұндай мүмкіндіктен айрылады. Қағып алғаны бар, таңдап алғаны бар: 4 асық болды делік. Бұл асықтар бастық асық боп есептеледі. Бала бұл 4 асықты бөлек бір жерге қояды. Осы төрт асықтың біреуін оң қолымен алып жоғары секіртіп жібереді де асық төмен түскенше жердегі үш асықты алақанға салып, уысын ашып әлгі асықты тез қағып алуы керек. Осындай ретпен ойнап, асықтарды ұтып ала береді. Ұтыс асықтардың ішінен бастық асықты жолдасына береді де «осы 1 бастық асықты 10 рет жерге түсірместен қағып ал» дейді. Кейде 15 рет жерге түсірмей қағып ал деп талап қояды. Оны орындаған бала ойын бастауға қақылы. Бұл шартты орындай алмаса, ойынды бастаған бала бірінші болып жалғастыра береді. Бұл ойынның шарты жерде шашылып жатқан асықтарды тез-тез жиып алуға үлгеру. Жоғары лақтырылған асық төмен түскенше жердегі асықтарды алақанға сыйғанша тез жинап алып отырған бала ұтысқа ие болады.
Түйілген орамал 
Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» — деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы  қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді..Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады.ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.
Арқан түю.
 
Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.
 Шертпек.
 
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» — деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.
Белбеу соқ
 
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп  тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына  келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады.
 
Бөрік жасырмақ
 
Ойынғақатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге  таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де  сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге  кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып  бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас  салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.

Приложенные файлы

  • docx 289462
    Размер файла: 23 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий