Шыршаны шарлармен безендіреміз — дошкольное образование, уроки


Тақырыбы: «Шыршаны шарлармен безендіреміз»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту; шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету; жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: шырша суреттері, шыршаның қағазға желімделген үлгі суреті, жасыл түсті қағаз. Желім , қайшы, үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент: жаңа жыл- новый год, шырша-елка.
Әдіс –тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Тәрбиеші :-Балалар ,біздің сабағымызға қонақтар келіпті қане, бәріміз қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Балалар: сәлеметсіздерме.
Шаттық шеңбері:
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күткен сағынып.
Кел, балалар келіңдер,
Жаңа жылды көріңдер.
Топқа бөлу: 1,2, 3.
Тәрбиеші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қане ,кім қыс мезгілінің айларын атап береді?
Балалардың жауабы.
-Қыс мезгілі.
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы сиқырлы қобдиша тауып алдым.
Сөздік жұмыс: қобдиша.
Тәрбиеші: Сиқырлы қобдишада не бар екен? Оның ішінде қағаз бар екен, қағазда балалар жұмбақ жасырылған жауабын тауып көріңдерші.
Жұмбақ: Тікен –тікен, тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (Шырша)
Балалар шырша бізге қай уақытта қонаққа келеді?
Балалар: қыста , жаңа жыл мерекесінде .
Тәрбиеші: Бил ком. Жаңа жыл –новый год, шырша-елка
-Қобдишада тағы сиқырлы таяқ бар екен.
- Мен сиқырлы таяғымды сермегенде, шыршада шарлар пайда болады. Тәрбиеші сиқырлы таяқшасын әрі-бері сермейді , бірақ шыршада шарлар пайда болмайды.Тәрбиеші балалардан көмек сұрайды.
Балалар қазір ойын ойнап , пішіндерді еске түсіріп алайық.
Ойын « Пішіндерді ата» дидактикалық ойын.
Тәрбиеші: - Балаларға сұрақтар қояды.
Тәрбиеші: Балалар енді бір сергіп алайықшы,
Сергіту сәті: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап.
Үлестірмелі материалға назар аударады. Шарлар жасау техникасын түсіндіреді.
Ұжымдық жұмыс.
Тәсілдері: Балалар алдарыңдағы қағазда әдемі Жаңа жыл шыршасы бейнеленген . 1. Домалақ және сопақша шарларды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз.
2.Пішіндері әртүрлі шарларды кезектестіріп орналастырамыз, шыршаға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеміз.
Қауіпсіздік ережелері: Желіммен жұмыс жасағанда абай болуымыз керек . өйткені оның құрамында улы заттар бар, жұмыс барысында қолды ауызға салмау керек, жұмыс жасап болғаннан кейін қолды сабынды жылы сумен жуу керек.
Тәртіп ережелері: Жұмыс барысында бір-бірімізге кедергі жасамауымыз керек. Жұмыс орнын таза сақтауымыз керек.
Тәрбиеші: Қандай жақсы балалар. Сендер тамаша жапсырып жатырсыңдар. Сендер сәл кешігіп жапсырып жатырсыңдар келесі жолы тездетіп қимылдаңдар.
Қорытынды: - Балалар бүгін біз нені безендендірдік? Шыршаны
-Сабақ сендерге ұнады ма?
-Біздің шыршамыз әдемі болып кетті .Аяз ата мен Ақшақарға көрсетеміз. Мадақтаймыз.
-Балалар сендер жарайсыңдар . Барлығымыз бірге қосылып шырша туралы тақпағымызды айтып жіберейікші.
Тамаша ,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы ,
Көз тоймайды қараса.
Тәрбиеші : Ал ,балалар қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Қош сау болыңыздар


Приложенные файлы

  • docx 289236
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий