«аза тілі» пнінен бастауыш сыныптара (2,3,4) арналан тадау курсыны жылды таырыпты кнтізбелік жоспары — начальные классы, планирование



РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ТЕЛЬМАН ЖАНҰЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРАЛЫҒЫМЕН КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Сатымбаева Бинара
«Қазақ тілі» пәнінен бастауыш сыныптарға (2,3,4) арналған таңдау курсының жылдық тақырыптық күнтізбелік жоспары

ТҮСІНІК ХАТ
Бұл күнтізбелік жоспар бастауыш сыныптың қазақ тілі пәнінің мазмұнын басшылыққа алып, «Тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау» таңдау курсын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен меңгеруге арналған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «...мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажет», – делінген, сондықтан осы айтылған тұжырымды жүзеге асырудың бір жолы – бастауыш орыс сынып оқушыларын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы оқытудың қажеттілігі туындап отыр. Сол себепті де «Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау» атты таңдау курсының бағдарламасын жасауда «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын басшылыққа алдық. Себебі бұл технологияда автор алгаритм арқылы кез келген пәннің мазмұнын белгілі бір жүйеге түсіріп, сатылап беруді мақсат еткен. Технология авторы Н.А.Оразахынова оған негіз болған алаш көсемдерінің бірі – А.Байтұрсынұлының мына бір пікіріне жүгінетіндігін айтады: «...Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу болса, барысы да түзу болмақ». Сондықтан орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнін осы технология арқылы оқытуды жөн көрдік. «Сатылай кешенді оқыту» технологиямен жұмыс жасау барысында екінші сынып оқушыларына оқуды, жазуды дыбыспен жаттықтыруда бастау тиімді екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан бағдарламада алғашқы күннен бастап-ақ қазақ тілі пәнінде дыбыстарды ауызша жаттықтырудан бастауды мақсат еттік. Аптасына 1сағат, жылына 34 сағат жүктеме беріледі.
Оған негіз болған төмендегідей тұжырымдар:
Оқушылар “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы арқылы тіл білімінің салаларын жүйелі түрде сатылап, талдап, әр дыбыстың айтылуын, жазылуын, тілдік тұлғалардың атқаратын қызыметін теориялық және практикалық тұрғыдан сауатты меңгереді.
Тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді.
Талдау барысында ұлы ойшылдар мен ғұламалар, ақын-жазушылардың қанатты сөздері мен қазақ тілі, туған жер, оның ұлттық-салт дәстүрі, тәрбиесі,
қазақ халқының бай философиялық мұралары т.б. туралы даналық сөздерінің мәтіндерін оқи отырып, қазақ ұлтына, оның салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігі қалыптасады.
Оқушылардың жазуға деген қызығушылығын арттыруда сатылай кешенді талдауда жазылымның орны ерекше. Жазылым арқылы оқушы сатылай кешенді талдаудың өзіндік жазу тәртібімен танысады, әдемі, сауатты жазуға үйренеді. Жазылым барысында сатылай кешенді талдауда қалыптасқан бірізділік, жүйелілік, теория мен практиканың байланысы, беріктілік ұстанымдары толық жүзеге асады.
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясында пәнаралық байланыс – оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырудың тағы бір тиімді жолы. Талдауға негіз болатын материалдар әдеби шығармалар, тарихи оқиғалар, туған өлке табиғаты, бүгінгі таңдағы ел өмірінде болып жатқан жаңалықтардан алынантындықтан оқушының ой-өрісін, танымдық қабілетін арттыруға ықпал етеді. Мұндай мысалдарды талдау, түсіндіру, оқушылар санасына сіңіру арқылы сатылай кешенді талдаудың маңызды екендігіне көз жеткізеді.
Қарым-қатынас – оқушының әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуге, тіл мәдениетін меңгеруіне, өз ойын мәнерлі де түсінікті жеткізе білуіне, яғни көңілдегі көрікті ойды көркем сөзбен айта білуге бағыттау. Бұл бағытқа диалог арқылы талдау жатады. Оған «Сатылай кешендегі оқыту» технологияының ұлттық және іскерлік ойындар, мәселелік жағдаяттарды шешу басшылыққа алынады. Орындалатын мұндай жұмыстар оқушылардың өз беттерінше білім алудың жолдарын іздестіруге икемделеді. Осы арқылы олар белгілі бір бағытта шығармашылық жұмыстар жасауға дағдыланады.
Бағдарламаның мақсаты: бастауыш сыныптың қазақ тілі пәнінің мазмұнын басшылыққа ала отырып, тіл бірліктерін сатылай кешенді талдау арқылы, тіл білімі аласының фонетика, морфология салаларының алғашқы деңгейлерін ғылыми негізде меңгереді.
Бағдарламаның міндеттері:
дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме берудің қырларын меңгерту;
түбір сөздерге сөзсазындық талдаудың өзіндік ерекшелігін үйрету;
дауыссыз дыбыстардың жасалу, айтылу жолдарына жаттықтыру;
Сөз таптарын бес саты саты бойынша сауатты талдауға машықтандыру;
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы оқушыларға жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу;
өзін-өзі, бірін-бірі бақылау, бағалау, пікір айту, баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылыққа бейімдеу;
ғылыми терминологияны игеруіне мүмкіндіктер туғызу.
Оқушы игеретін құзыреттіліктер:
Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі:
өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға, қажетті жағдайда анықтауға;
өзі тұжырым жасауға, қойылған міндетті орындауға, технологияны таңдауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттілік:
ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, өңдеуге, сақтауға;
интерпретациялауға, қазіргі ақпараттық коммуникативтік технологияның көмегімен жеткізуді жүзеге асыруға көмектеседі.
Коммуникативтік құзыреттілік:
байланыстырып сөйлеуге машықтанады;
ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауда стиль мен жанрды таңдай білуге бағыттайды;
үш тілде сауатты, әуезді сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Оқушылар жасай білуі тиіс:
фонетика, синтаксис салаларынан берілген білімді ұғынып талдауға, ауызша, жазбаша дұрыс талдай білуі;
сөйлей білу, өзгені тыңдау, пікір алмасу дағдыларын дамытуы;
түрлі тапсырмаларды орындай алу дағдысының қалыптасуы;
тірек сызбаны сызып, талдай алуы;
шығармашылықпен жұмыс жасау, іздену, зерттеуі.
Күтілетін нәтиже:
қазақ тілі пәнін сатылай кешенді талдай оқи отырып, оқушылар өздігінен жұмыс жасауға үйренеді;
топпен жұмыс жасауда өзара бір-біріне көмек көрсетуге, сыни пікір айтуға, сын көтеруге, бір-бірін тыңдауға, қателік жіберілсе оны түзетудің жолдарын іздестіруге бағыт-бағдар алады;
ережелерді қорытып жазуға машықтанады;
мұғалімдермен достық қарым-қатынас орнатуға бейімделеді;
өз біліміне, өзіне деген сенімділік орнап, құзыретті тұлға болып қалыптасады;
оқушылар мүмкіндігіне қарай пәндік олимпиадаларға, зерттеу жұмыстарына қатыса алады.



2-сыныпқа арналған таңдау пәнінен күнтізбелік жоспар
р/с
ТақырыптарСағат саны
Мерзімі
1 Сатылай кешенді талдау жайлы алғашқы түсінік 1 2 Бірінші сынып бойынша дыбыстар жайлы түсінікті еске түсіру 1 3 Сөзсазындық талдау туралы түсінік 1 4 Дыбыстарға мінездемені қалай жүргіземіз 1 5 Фонетикалық талдаудың таңбаларымен танысу 1 6 Дыбыстарға мінездеме. А дыбысына мінездеме жасау 1 7 Ө дыбысына мінездеме 1 8 Ә дыбысына мінездеме 1 9 О дыбысына мінездеме 1 10 Ы,І дыбысына мінездеме 1 11 Е дыбысына мінездеме 1 12 Ү дыбысына мінездеме 1 13 Ұ дыбысына мінездеме 1 14 Сөз және оның мағыналары 1 15 Сөз құрамының кестесімен танысу 1 16 Сөз құрылымының сызбасы 1 17 Сөз жасам және сөз тудыру тәсілі 1 18 Сөз жасамның таңба белгілері 1 19 Сөзсазындық талдау 1 20 Дала сөзіне сөзсазындық талдау 1 21 Дауысты, дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 22 Жапырақтар сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 23 Күзде сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 24 Ұлдар сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 25 Үлкендер сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 26 Анамен сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 27 Атамен сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 28 Тәуелсіздік сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 29 Сөз құрамына, морфологиялық талдау 1 30 Жұлдыздармен сөзіне мофологиялық талдау 1 31 Күнді сөзіне мофологиялық талдау 1 32 Өз бетінше жұмыс 1 33 Сөздерге талдау жасау 1 34 Қорытынды сабақ 1 3-сыныпқа арналған таңдау пәнінен күнтізбелік жоспар
р/с
ТақырыптарСағат саны
Мерзімі
1 Екінші сыныпта өткенді еске түсіру 1 2 Сатылай кешенді талдау туралы өткендерді еске түсіру 1 3 Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 4 Сөзге сөзсазындық талдау жасау 1 5 Буын үндестігі жайлы түсіндіру 1 6 Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерге сөзсасындық талдау жасау 1 7 Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерге сөзсасындық талдау жасау 1 8 Аралас буынды сөзге сөзсазындық талдау жасау 1 9 Аралас буынды сөзге сөзсазындық талдау жасау 1 10 Мақал-мәтелге талдау жасау 1 11 Мақа-мәтелге талдау жасау 1 12 Мақал-мәтелге талдау жасау 1 13 Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 14 Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 15 Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 16 Дауыссыз дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру 1 17 Екі буынды сөздерге сөзсазындық талдау жасау 1 18 Екі буынды сөздерге сөзсазындық талдау жасау 1 19 Негізгі түбір сөзге морфологиялық талдау жасау 1 20 Көп буынды сөзге сөзсазындық талдау жасау 1 21 Тасымалды қайталау 1 22 Тасымалданатын сөздерге сөзсазындық талдау жасау 1 23 Тасымалданбайтын сөздерге сөзсазындық талдау жасау 1 24 Екпін қабылдамайтын қосымшалы сөзге сөзсазындық талдау жасау 1 25 Дыбыс үндестігі 1 26 Дыбыс үндестігіне бағынатын сөздерге сөзсазындық талдау жасау 1 27 Дыбыс үндестігіне бағынатын сөздерге сөзсазындық талдау жасау 1 28 Дыбыс үндестігіне бағынбайтын сөздерге сөзсазындық талдау жасау 1 29 Дыбыс үндестігіне бағынбайтын сөздерге сөзсазындық талдау жасау 1 30 Сөзжасам және сөз тудыру тәсілдері 1 31 Сөз құрамына морфологиялық талдау жасау 1 32 Өз бетінше сөз талдау 1 33 Өз бетінше жұмыс 1 34 Қорытынды сабақ 1 4-сыныпқа арналған таңдау пәнінен күнтізбелік жоспар
р/с
Тақырыптар Сағат саны Мерзімі
1 Үшінші сыныпта өткенді қайталау 1 Сөзжасам және сөз тудыру тәсілдері 2 Негізгі түбір сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 3 Негізгі түбір сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау 1 4 Туынды түбір сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдауталдау 1 5 Туынды түбір сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау 1 6 Қос сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 7 Қайталама қос сөздерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 8 Қосарлама қос сөздерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 9 Біріккен сөздерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 10 Біріккен жер, су аттарын сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау 1 11 Біріккен елді мекен атауларын сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау талдау 1 12 Біріккен елді мекен атауларын сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау талдау 1 13 Кіріккен сөздерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау талдау 1 14 Кіріккен сөздерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау талдау 1 15 Тіркесті сөздерді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 16 Морфология. Сөз таптары. 1 17 Негізгі түбір зат есімді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 18 Туынды түбір зат есімді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 19 Туынды түбір зат есімді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 20 Сын есімді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 21 Туынды сын есімді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 22 Сан есімді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 23 Сан есімнің мағыналық түрлерін сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 24 Есімдікті сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 25 Есімдіктің мағыналық түрлерін сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 26 Негізгі етістікті сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 27 Туынды етістікті сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 28 Етістіктің мағыналық түрлерін сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 29 Етістіктің етіс категорияларын сатылай кешенді талдау 1 30 Етістіктің рай категорияларын сатылай кешенді талдау 1 31 Етістіктің шақ категорияларын сатылай кешенді талдау 1 32 Негізгі үстеуді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 33 Туынды сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау 1 34 Үстеудің мағыналық түрлерін сатылай кешенді талдау 1 Пайдаланған әдебиеттер:
1. Н.А. Оразахынова. «Сатылай комплексті талдау» (сөзжасам, морфология).
Алматы – 2000 жыл.
2. Н.А. Оразахынова, Р.М.Шалова . «Бастауыш сыныпта тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау». Алматы – 2000 жыл.
3. Ш.К. Бектұров «Қазақ тілі»/лексика, фонетика, морфология, синтаксис/.
Алматы «Атамұра» – 2006 жыл.
4. С. Мырзабеков «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.
5. «Сөздік-Словарь» – Алматы 1999 жыл.

Приложенные файлы

  • docx 289026
    Размер файла: 42 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий