Поурочные планы по химии — химия, уроки


Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы №166 қазақ орта мектебі
Пән мұғалімі: Ниязова Ғалия Серікқызы- жоғары білімді, 2-деңгейлі биология, химия пәні мұғалімі
Күні: 29.11.2016
Химия 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері. Газ және мұнайдың Қазақстандағы көздері.
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары: К/с-дің табиғи қорлары және оларды өңдеуді топтық жүмыста бірлесе талдата отырып түсінік қалыптастыру.
Оқып үйренудің нәтижелері: Көмірсутектердің табиғи көздері және газ және мұнайдың Қазақстандағы көздері жайлы жаңа білімді меңгереді. Алған білімдерін талдау арқылы, күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер: «Жұбыңды тап» әдісімен топқа бөлу, сұрақ – жауап, слайд көрсету, миға шабуыл, топтық жұмыс,сергіту сәті,есептер шығару,кері байланыс,бағалау.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт Дерек көздері
Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Өрмекші торы» әдісімен бір-біріне тілек арнайды. 2мин Оқулық.
Периодтық кесте
Топқа бөлу
«Жұбыңды тап» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушылар берілген қиындыдағы сөздерді сәйкестендіре отырып топ құрайды.
1 топ:Алкан, қаныққан,-ан
2 топ: Қос, -ен, қанықпаған, этилен 1мин қиықшалар
Бағалау критерийлері параметрі
1.Миға шабуыл.
2.Топтық жұмыс.
3.Сұрақ – жауап.
4.Есептер шығару.
Топтық ереже. Оқушылар берілген параметрлерге назар аударады.
Топтық ережені орындау. Бағалау парақшасы
«Менен сұрақ, сенен жауап» 2 топқа 2 сұрақтан тапсырылады.
1-топқа:
1.Бензолдың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар.
2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
СaC2→ C2H2 → CO2 →CaCO3
2-топқа:
1.Бензолдың сутек бойынша тығыздығын анықтаңдар.
2.Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
С2H6 → C2H4 → C2H2 → C6H6 5 мин Сұрақ-жауап
Терминологиялық қобдиша Берілген терминдердің мәнін ашу1-топқа: Бензол, гидрлену, пара-, Фарадей
2-топқа: Толуол, галогендену, мета-, аромат 3 мин Миға шабуыл.
1-топқа:
1.Көмірсутектердің табиғи көздеріне не кіреді?
2. Казақстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарының қай жерде орналасқан.
2-топқа:
1.Мұнай мен газдың қайдан пайда болған?
2. Казақстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі кен орындарын картадан көрсет.
Оқушылар топта ойласа отырып, сұрақтарға жауап береді. 5 мин Карта
Жаңа тақырыптың мағынасын тану.
Интербелсенді тақтадан слайд көрсету (Көмірсутектердің табиғи көздері). Интербелсенді тақтадан слайд көреді, талқылайды. 5 мин Интербелсен-ді тақта.
Мағынаны ұғыну:
Эссе 1-топ: Мұнай мен табиғи газдардың пайдасы.
2-топ: Мұнай мен табиғи газдардың зияны. 10 мин
Коллаж 1-топқа: Мұнай туралы
2-топқа: Газ туралы 5 мин Алған білімдерін қолдану.
Есептер шығару. 1 топқа: 0,5 моль этанды дегидрлегенде түзілген этиленнің көлемін тап.
2-топқа: 112 л метан жанғанда түзілген күйенің (С) зат мөлшерін тап. 5 мин Оқулық.
Кері байланыс :
Сабақта қандай сұрақтар қамтылды және не үйрендік? Оқушылар не үйренгенін, нені үйренгісі келетінін стикерлерге жазады. 1 мин Стикерлер
Үйге тапсырма «Табиғи газ бен мұнайдың әлем кеңістігінде алатын орны» шағын эссе жазу. 1 мин Бағалау:
Әр кезеңдер ұпаймен бағаланады. 2 мин ұпаймен
36029905099685-2165354997450
33458157578725

Приложенные файлы

  • docx 287044
    Размер файла: 351 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий