Мультфильмдерді пайдасы мен зияны — дошкольное образование, уроки



Тақырыбы: «Мультфильмдердің пайдасы мен зияны»
Мақсаты:
Мультфильмдердің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру, болашақ ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру мақсатында пайдалы кеңес беру. Пікір алмасу мақсатында балаға дұрыс тәрбие беруді ұйымдастыру.
Ұйымдастыру:
Мультфильм туралы мағлұмат.
Ата-ана пікірі.
Видео ролик.
Ой қозғау.
Жағдаят.
Қорытынды.
1.Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттығын, өзінің ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздігін болашақ ұрпағы арқылы ғана қорғай алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі қашанда алдыңғы орында болуы шарт. Сол себепті Қазақстан да мультфильм саласына мән бергені жөн. Өкінішке қарай, біздегі анимация жанры – қазіргі таңда өз шешімін таппай, кенжелеп қалған салаларымыздың бірі. Бірақ оны жандандыру кезек күттірмейтін мәселе. Өзіміздің Тазша балаларымыз бен алып Алпамысты, қайсар Қобыландыны көрсетіп, ұлдарымызды ұлтжандылыққа, қыздарымызды қылықты болуға үндеу қажет. Өзіміздің ертегілеріміздегі Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ сынды кейіпкерлерді мультфильмдік образға айналдырудың уақыты келген жоқ па? Ендеше Нарутоның қан шашқанын, Халктың қаһарланғанын, Шректің шатпағын, Спанч бобтың сандырағын көріп, өзгенің қаңсығын таңсық қылғанша төл туындыларымызды жандандырып, солар арқылы тәрбие берген артық екені айтпаса да белгілі.
-Ал ендігі кезекте осы мультфильмдер туралы ойларыңызды білсек?
-Енді ортаға осы мультфильмдердің әсері баласына қиындық туғызып отырған «Бәйтерек» тобының ата-анасын --------------------------- шақырамыз.
2.Ата-ана: Сәлеметсіздер ме! Балам үнемі мультик көргенді ұнатады. Мультфильм басталса болғаны айналадағы барлық нәрсені ұмытады. Тіпті сол мультфильм кесірінен түрлі жарақатта алды. Мультфильм көрсетпей алдапта көрдім, қыдырттым, ойнаттым, тіпті керек нәрселерінде алып берім. Бірақ көп уақытқа бармайды, қайта әдетіне көшеді. Мульфильм қоспасам жылап, айқайлап мазамды алады. Және де оған атыс – шабыс, бір-бірін өлтіретін мультфильмдер ұнайды. «Бэнтэнь», «Человек паук» т.б. Кейде менің тілім келмеген мультфильмдердің аттарын атап отырады. Кейде мағыналы мультфильм көрсетейінші, мүмкін сонда өзгерер деп оны да қосып көрдім. Бірақ өзгеріс жоқ. Енді не істесем болады?
3. Видео ролик.
4.Ой қозғау.
-Келесі кезекте осы жағдайды психологиялық тұрғыдан қарап, психологиялық пікірін айтуға «Заңғар» бөбекжайының психологы Гүлмира Ғұбайдоллақызын шақырамыз.
- Гүлмира Ғұбайдоллақызы Сәлеметсіз бе! Сіздің пікіріңізді білсек. Психологиялық тұрғыдан не айта аласыз?
Жүргізуші: 
Қазір компьютер мен телефонға үңілмейтін бала жоқ шығар. Қосып қалса  болғаны, қалаған кино немесе мультфильмдерін көре алады. Балалардың ажырамас «досына» айналып отырған, «модада» жүрген мультфильмдерді алайық. Мысалы, «Спанч Боб». Оны губка Боб дейді. Ондағы басты кейіпкер Бобтың достарымен бірге қыдырып жүргендерін көрсетеді. Бір-біріне ақымақ, есалаң, жынды деген сөздер айтып, балағаттап, түрлі теріс қылықтар көрсетеді. «Көше» стилін, жастар слэнгін қолданады. Бұл сөздер балаға қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
-Дәл осы мәселені шешуге біздің көп жыл бала тәрбиесімен айналысқан тәрбиешіміз Алтын Тоқтабайқызын шақырамыз.
-Алтын Тоқтабайқызы Сәлеметсіз бе! Сіздің пікіріңізді білсек. Баланы өзгерту үшін қандай пірік айтасыз?
Жағдаят. (көрініс)
Сіз жұмысқа кетер алдында балаңызға «Балам, саған үстел үстіне тамағыңды дайындап қойдым. Уақытымен тамағыңды ішерсің, сосын теледидар алдында көп отырма жарай ма?, -деп жұмысқа асығып шығып кеттіңіз. Ал балаңыз болса теледидардағы мультфильмге есі кеткені сонша сіздің сөзіңізге түк мән бермеді де. Үйге келсеңіз сіз айтып кеткен тапсырмалар жасалмаған. Сол бала әлі сол күйі отыр. Сіздің әрекетіңіз?
Қорытынды:
Демек біз пікір таластың біренеше түрі бар екендігін, олардың өзіндік мақсаты мен ерекшеліктерін бар екенін білдік. Олай болса, мультфильм арқылы баланың ойлау қабілеті артады, сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын ойлаған ата - аналар балалардың күнделікті қандай мультфильм қарап отырғанына назар аударғаны жөн. Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына көгілдір экранның тигізетін әсері де мол. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Айтуға оңай!». Назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар!
МКҚК №50 «Заңғар» бөбекжайы.



Тәрбиеші: Даулетжан Ә.Ж.
2016жыл.




Приложенные файлы

  • docx 286997
    Размер файла: 336 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий