Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары — физика, презентации


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары. Сабақтың жоспары Ұйымдастыру.Ой қозғау.Жаңа тақырып.ТәжірибеСергітуТапсырмалар.Қорытындылау.Үй тапсырмасы.Бағалау. Сабақтың мақсаты: білімділік:   а) дыбыс толқындары ,дыбытың түрлері туралы түсінік беру ә) дыбыстың  сипаттамаларын, музыкалық  дыбыстарды    қарапайым  мысалдар  арқылы тәжірибе көрсету арқылы түсіндіру.                           тәрбиелік: ұлттық  өнерге  баулу, дыбыстың  адам  өміріндегі маңызын  ашу. Домбыраның  құрылысымен танысу. Этнопедагогикалық  тәрбие  беру.                     дамытушылық: пәнге  деген  ынтасы мен қабілетін  дамыту, есептер шығару           Физиканың дыбыстық құбылыстарды зерттейтін саласын Акустика деп атайды.Грекше-Дыбыс 1660 жылы Р. Бойлем өзінің тәжірбиесімен ауа дыбыстың таралу «өткізгіші» екенін дәлелдеді. Дыбыс сонымен қоса сұйық ортада және қатты денелерде тарайды. Ауада таралған дыбыстық толқындар бойлық толқындар болып табылады. ДЫБЫС ДЫБЫС КӨЗДЕРІ. ДЫБЫСТЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады, алайда көп ретте мұндай тербелістер көзге елеусіз болуы мүмкін. Мысалы домбыраның ішегінің тербелісінен пайда болатын дыбыс толқындары. Камертон құрылғысы Аспап ішегі Дыбыстық толқын шығаратын денелер ДЫБЫСТЫҚ ТОЛҚЫНДАРДЫҢ ВИЗУАЛДЫ КӨРСЕТІЛІМІ Дыбыстың таралуы үшін қандай да бір орта қажет. Вакуумдее дыбыстық толқындар тарай алмайды. Адам құлағы тербеліс жиілігі 16 - 20000 Гц аралығындағы механикалық толқындарды қабылдай алады . Мұндай толқындар дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп аталады. Жиілігі 20000 Гц -тен жоғары толқындар ультрадыбыстар деп аталады. Жиілігі 16 Гц -тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыс деп аталады. Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды. Дыбыстық толқындар Жағымсыз Жағымды ӘРТҮРЛІ ОРТАДАҒЫ ДЫБЫСТЫҢ ТАРАЛУЫ Дыбыс барлық ортада тарала алады. Қарапайым бақылаулар дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралатынын көрсетеді. Алайда оның таралу жылдамдығы зат бөлшектері бір бірімен күштірек байланысқан ортада үлкенірек болатынын айтып өтеміз, өйткені ондай орталардың деформациясы кезінде туындайтын серпімділік күштері де көбірек болады. Дыбыстың суда таралуы Әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы Орта Дыбыс жылдамдығы, м/с Ауа ( ) 330 Су ( ) 1480 Болат 4380 Мыс 3800 Шыны 5600 Каучук 50 ДЫБЫСТЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫтәжірибе ДЫБЫСТЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ Дыбысты сипаттау үшін дыбысты қабылдауға байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі. Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон немесе басқа гармоникалық тербелістер жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Камертон құрылғысы ДЫБЫС ҚАТТЫЛЫҒЫ Дыбыс көзінің шығаратын энергиясы дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Демек, Дыбыс қаттылығы тербеліс энергиясына байланысты болады. Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін логарифмдік шкала бекітілген. 16 Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі адамдар қабылдайтын дыбыстар диапазоны 0-ден 140 дБ-ге дейінгі шектегі логарифмдік шкала беріледі. Децибел (дБ) – 1847-1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқын американдық өнертапқыш А. Бельдің құрметіне бел (Б) деп аталған қаттылық бірлігінің ондық үлесі, яғни 1 бел10 децибелге тең. ДЫБЫС ҚАТТЫЛЫҒЫ Кестеде кейбір дыбыстардың қаттылық деңгейінің мәндері децибелмен берілген. Дыбыс көзі Дыбыс қаттылығы, дБ Ұшақтың көтерілуі 120 5-7 м қашықтықтағы автомобиль сигналы 100 3 м қашықтықтағы шаңсорғыш дыбысы 70 Жапырақ сыбдыры 10 Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі 130 дБ. ДЫБЫС БИІКТІГІ Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербелістер жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады. Адам дауысын он биіктігі бойынша бірнеше диапазонға бөледі: Бас (80-150 Гц)Баритон (110-149 Гц)Тенор (130-520 Гц)Дискант(260-1050 Гц)Колоратуралық сопрано(1400 Гц-ке дейін) ДЫБЫС ТЕМБРІ Дыбыстың тағы бір маңызды сипаттамасы – оның бояуы немесе музыканттық терминде тембр деп белгілі. Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың саласы. Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы да, жиілігі де бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шығады, бірдей нота түрліше орындалады. Әдетте, негізгі тонға обертондар немесе гармоникалық деп аталатын қосымша жиіліктер ілесе жүреді. Обертондардың жиілігі негізгі жиіліктен екі, үш есе артық болады. Шу Шу – әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады. Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дыбысы, сүдың шалпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі. Алайда дыбыстардың мұндай табиғи үнін үлкен елді мекендер мен қалаларда өнеркәсіп, көлік шулары басып тастауда. Мысалы, өнеркәсіп шуының қаттылық деңгейі 90 дБ-ге жетеді. Үйлеріміздегі тұрмыстық техникада құлаққа жағымсыз шу шығару көзі болып табылады. ІҢӘ - ІҢӘ - ІҢӘ Пи-пиип-пи-пиип Сергіту сәті 325-есеп.Мұхиттардағы толқынның ұзындығы 270 м-ге дейін,ал периоды 13,5 с дейін болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын табыңдар.332-есеп.Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын,ал көршілес толқын өркештерінің ара қашықтығы 1,2 м екендігін байқаған.Толқындардың таралу жылдамдығы қандай? 326-есеп.Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқынын тудырса,онда осы дыбыстың судағы жылдамдығы қандай болады.331-есеп.Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды.Егер толқынның ұзындығы 3 м болса,онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай болады? Тапсырмалар. 1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.2. Бөлшектердің тербеліс ітолқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.6. Сейсмикалық толқын – жер сілкініс ікезіндегі тербелістердің таралуы. Қорытынды.ББҮ-стратегиясы Білемін Білгім келді Үйрендім Үйге тапсырма: 31-32 оқу 26-жат №4,5 Бағалау Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп -көп РАХМЕТ!

Приложенные файлы

  • ppt 286974
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий