Саналы таматан (Психологиялы тренинг) — психологу, прочее


Психологиялық семинар-тренинг «Саналы түрде тамақтана біл!»
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтануға шақыру және салауатты
тамақтану қағидаларын есте ұстауға үйрету.
Треннинг барысы:
Сәлемдесу. Тренингке қатысушылар өз есімдерін өздеріне ұнайтын жемістер және көкөністермен атауы керек.Мысалы: Мен Анармын. Мен Жүзіммін.т.с.с.
Құлақ түре жүріңіз:
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін:
Сәбіз мидың зат алмасуын жақсарту арқылы кез келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі.Жаттар алдында бір тәрелке ұнтақталған, маймен араластырылған сәбіз жеу керек.
Майлы балықтың құрамында жүйке жұмысының дұрыс жасауына керекті омега-3 бар.Сонымен қатар балықта йод бар.
Асқабақ шемішкелерінің құрамында цинк бар.Ол мидың жылдамдығын ұлғайтады,есте сақтау қабілетін жақсартады.
Зейінді жинақтау үшін:
Пияз мидың мөлшерден тыс психикалық шаршаған кезінде көмектеседі.Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді.Мөлшері күнде 1 пияздың жартысынан кем емес.
Қара жүзім допамин гармонының деңгейін көтереді.Бұл есте сақтау қабілетін жақсартып, ми жұмысын ынталандырады.Таңертең бір стакан шырын, ал кешке жүзімнің бір талын жесеңдер әртүрлі ми қатырғыштарды оңай шеше аласыңдар.
Мейіз құрамында бор қосындысы бар.Бұл есте сақтау қабілетін белсенліреді.
Грек жаңғағы құрамында лецитин бар.Бұл мидың жұмысын жақсартып,есте сақтау қабілетін белсендіреді.Күніне бес жаңғақ жеу керек.Бұл С дәруменінің тәуліктік мөлшері.
Релаксация «Лимон»
Баяу музыка ойнап тұрады.
Бәріміз көзімізді жұмамыз.Оң қолымызда лимон бар деп ойлаймыз.Оның түсі, көлемі көз алдымызға келді.Оны сипаймыз.Сырты бұдыр,сопақша.Енді оны жайлап қысамыз.Ішінен шырыны шыққанша сығамыз.Енді сол лимонды аузымызға әкелеміз.Иіскейміз, дәмін татамыз.Қолымызды түсіреміз.
Келесі сол қолымызда лимон бар деп ойлаймыз.Оның түсі, көлемі көз алдымызға келді.Оны сипаймыз.Сырты бұдыр,сопақша.Енді оны жайлап қысамыз.Ішінен шырыны шыққанша сығамыз.Енді сол лимонды аузымызға әкелеміз.Иіскейміз, дәмін татамыз.Қолымызды түсіреміз.
Бұдан кейін екі қолымызда да лимон бар деп ойлаймыз. Енді оларды жайлап қысамыз.Ішінен шырыны шыққанша сығамыз.Енді сол лимондарды аузымызға әкелеміз.Иіскейміз, дәмін татамыз.Қолдарымызды түсіреміз.Жайлап көзімізді ашамыз.Қандай сезімде болдыңдар, балалар?
Қазір қай мезгіл? Қай аурудың қозатын кезі? Тұмау әрине.Олай болса осы аурудан бізді құтқаратын лимонды күнде шаймен бал қосып ішсеңдер имуннитеттерің нығаяды екен.

Приложенные файлы

  • docx 286905
    Размер файла: 13 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий