План урока математики Хордаларды асиеттері — математика, уроки


Сабақ жоспары
10.1CҮшбұрыштардың ұқсастығын қолдануХимия-биология бағытындағы НЗМ Атырау қаласы
Күні: 2016ж Сарсембиева Ш.Г.
Сынып: 10 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Хордалардың қасиеттері
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) ГМ 10.7 Шеңбер хордаларының қасиеттеріне байланысты күрделі есептерді шешеді ;
Сабақ мақсаттары Аксиомалар, теоремалар, салдарлар, белгілер және қасиеттер көмегімен дәлелдеу машықтарын дамытады
Жетістік критерийлері Дағдылар
Білу және түсіну Шеңбер хордасы қасиетін біледі
Білімін қолдану
Есептің берілгеніне сәйкес қажетті қасиетті таңдай алады
Таңдап алған қасиетті есеп шығаруға қолданады
Тілдік мақсаттарОқушылар:
Шеңбер хордасының қасиеттерін сипаттау үшін негізгі терминдерді ауызша/жазбаша қолдана алады
Пәнге қатысты лексика мен терминология
шеңбер (шеңбер ұзындығы), радиус, диаметр, пи, өлшемдер, қасиеттер, центр, формула, бірдей қашықтықта, бөлу, арқылы өту
Қазақша Орысша Ағылшынша
радиус радиус radius
диаметр диаметр diameter
шеңбер ұзындығы длина окружности circumference
доға дуга arc
хорда хорда chord
Радиус/аудан/шеңбер ұзындығы
шеңбердің бөлігі … шеңбер ұзындығы формуласы мынадай…Диаметр … арқылы өтеді және шеңберді ... бөледі …
Радиус X пен Y арасындағы түзу.
Шеңбердің барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта орналасқан
Құндылықтарды дарытусыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар Геометрия 9 сыныпАКТ қолдану дағдыларыПрезентация
Бастапқы білім
Шеңбердің, диаметрдің,жанаманың, қиюшының, хорданың анықтамасы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Басы
7 – мин
І. Ұйымдастыру.
Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.
Ой түрткі:
Тақтаға «шеңбер, хорда, диаметр» сөздері жазылып жасырын түрде ілінеді. Оқушылар таңдап алған сөздері бойынша топқа бөлінеді.
Топқа мынадай тапсырмалар беріледі. Оқушылар «ақиқат» немесе «жалған» деп жауап беретіндей, «шеңбер, хорда, диаметр» сөздеріне байланысты 5 сұрақтан тұратындай тапсырма дайындайды да, сағат тілі бағытымен келесі топқа береді. Келесі топ оқушылары тапсырманы орындап қайтадан береді. Құрастырған топ тексереді және бағалайды. 20 мин Жұптық жұмыс:
Әр жұп бір қасиетін дәлелдеп постер бойынша тақтада қорғайды.
1 қасиеті1.   Шеңбердің CD диаметрі AB хордасына перпендикуляр және оны тең екіге бөледі, және керісінше.
22479008978902057400716915001695450383540002095500745490187642552641500173354942164000CD ˔ AB  AF = FB. 
Тең хордалар центрлерден бірдей қашықтықта жатады және керісінше: AB = CD  OE = OF. 
3.  Параллель хордалардың арасындағы шеңбер доғалары өзара тең болады: AB || CD ̮ AC = ̮ BD. 
4 қасиеті4.  Егер AB және CD хордалары S нүктесінде қиылысса, онда мына теңдік орындалады: AS • SB = CS • SD. 
5 қасиеті5.  Егер AB хордасы шеңбердің радиусының M нүктесі арқылы өтсе, онда мына теңдік орындалады AM • MB = R2 –d2 (мұндағы R – шеңбердің радиусы, OM = d – шеңбердің центрінен М нүктесіне дейінгі қашықтық ) http://www.bbc.co.uk/scotland/learning/bitesize/higher/maths/geometry/the_circle_rev1.shtml
Ортасы
20 – мин
Жұптық жұмыс
№1
Егер АВ = 0,7 см; ВЕ = 0,5 см; СЕ = 0,4 см болса, онда DE мен DC-ны табыңдар.
№2
Егер AE=4 cм, ВЕ=6 см және CE DE-ден 5 см ұзын болса, DE мен СЕ – ні табыңдар.
№3
Егер AE:EB=6:1; CE:ED=1:3 және AE BE-ден 20 см ұзын болса, онда AB және CD хордаларының ұзындығын табыңдар.
Математика
(Самостоятельные и контрольные работы) А.П.Ершова, В.В.Голобородько, А.С.Ершова

15 – мин
Топтық жұмыс №1. Шеңбердің бір нүктесінен диаметрге дейін перпендикуляр жүргізілген, ол диаметрді ұзындықтары 3:6 қатынасына болатын кесінділерге бөледі. а) сызбасын сызыңдар. б) перпендикулярдың ұзындығы 62 см-ге тең болса, шеңбердің ұзындығын табыңдар. №2. Бір шеңберге екі МАВ және МСД қиюшылары жүргізілген. МА = 18 см, АВ = 12 см, МС:СД = 5:7 болғанда, МД-ны табыңдар. №3. Шеңберге бір нүктеден жанама мен қиюшы жүргізілген. Олардың ұзындықтарының қосындысы 30 см, қиюшының ішкі кесіндісі жанамадан 2 см қысқа. Қиюшының және жанаманың ұзындығын есептеңдер. 15 - мин Жеке жұмыс №1. АВ және СД хордалары Е нүктесінде қиылысады. АЕ=8 см, BE=3 см, CE=6 см. ЕД кесіндісінің ұзындығын табыңдар. №2. Шеңбердің бір нүктесінен диаметрге дейін перпендикуляр жүргізілген, ол диаметрді ұзындықтары 1:4 қатынасына болатын кесінділерге бөледі. а) сызбасын сызыңдар. б) перпендикулярдың ұзындығы 30 см-ге тең болса, шеңбердің ұзындығын табыңдар. Сабақтың соңы
3 - мин VIII. Өзін-өзі бағалау
IX. Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс: Шеңбер хордасына байланысты есептер құрастыру. Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Мадақтау арқылы ынталандыру шараларын жасаймын. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Белсенді бақылау әдісі бойынша оқушыларды жеке тексеріп бағалау жасаймын. Әр сабақтың ортасында көзді тынықтыратын жаттығулар жасатамын.

Приложенные файлы

  • docx 286045
    Размер файла: 591 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий