Дене импульсі.Материялы нктеде импульті згеруі.Денелер жйесі.Импульсті саталу заы. — физика, уроки


Күні 21.11.2016ж Пән мұғалімі:Мамбеталина Ж
Сыныбы 9 «а»
Пәні Физика
Сабақтың тақырыбы Дене импульсі.Материялық нүктеде импультің өзгеруі.Денелер жүйесі.Импульстің сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты Дене импульсі, күш импульсі және олардың қалай бағытталғаны жайлы мағлұмат беру. Тұйық жүйе дегеніміз және импультің сақталу заңының тұжырымдамасын айту.
Күтілетін нәтиже Дене импульсі, күш импульсінің формулаларын және олардың векторының қалай бағытталатының біледі.Тұйық жүйе мен импульстің сақталу заңының тұжырымдамасын біледі.
Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Оқушылардың көңілін сабаққа баулу
4.Оқушыларды отырған орындарында ІІІ қатарға бөлу.
Білу СТО «Миға шабуыл»
1.Ньютонның бірінші заңының тұжырымдамасы?
2.Ньютонның екінші заңының тұжырымдамасы мен формуласы?
3. Ньютонның үшінші заңының тұжырымдамасы мен формуласы?
4.Күш дегеніміз не?Олардың түрлерін ата?
5.Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдап, формуласын айт?
6.Гравитациялық тұрақтының сан мәні мен өлшем бірлігі қандай?
7.Бірінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз не?Формуласы және сан мәні?
8.Екінші ғарыштық жылдамдық деп?Формуласы және сан мәні?
Түсіну Оқулықпен жұмыс (5-6 мин)
І қатарға:Дене импульсі
ІІ қатарға: Күш импульсі
ІІІ қатарға: Импульстің сақталу заңы
Талдау Сәйкестендіру
21052269170714194266764500Дене импульсі кг*м/с
1623127132782Импульстің сақталу заңы p=m*υ
15156771021351070509102135Күш импульсі p
Импульстің белгіленуі p=F*t
2105226124594Күш импульсінің өлшем бірлігі p1+p2=p1+p2
Дене импульсінің өлшем бірлігі Н*с
Қолдану Есептер шығару. 17-жаттығу
1.6 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?
2.20 м/с жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғалып келе жатқан массасы 2 кг дене массасы 3 кг денемен соқтығысады да, әрі қарай екеуі бірігіп υ жылдамдықпен қозғала бастайды. Сыртқы күштер әрекет етпейді деп есептеңдер. Денелердің соқтығысуға дейінгі, соқтығысудан кейінгі жалпы импульстерін және соқтығысудан кейінгі жылдамдығын анықтаңдар.
3.Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, 2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстіне қарғып мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады.
4.Вертикаль жоғары атылған снаряд ең жоғарғы көтерілу нүктесінде жарылып, одан екі бірдей жарықшақ пайда болады. Олардың бірі жоғары қарай, екіншісі төмен қарай ұшады. Егер бірінші жарықшақ екіншісінің үстіне υ жылдамдықпен құласа, екінші жарықшақ жерге қандай жылдамдықпен құлайды?
Жинақтау Полиглот
Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Дене Тело body
Күш Мощность power
Импульс Импульс pulse
Дене импульсі Импульс тело Momentum of the body
Күш импульсі Импульс мощности Power pulse
Импульстің сақталу заңы Закон сохранения импульса The law of conservation of momentum
Бағалау ББҮ
Үйге тапсырма §19 §20

Приложенные файлы

  • docx 285949
    Размер файла: 25 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий