аза тілі Морфология леміне саяхат 4 сынып — начальные классы, планирование


Тақырыбы: Морфология әлеміне саяхат 1-2 жаттығу
Осы сабақтың оқу мақсаттары Морфология туралы түсінгендерін қолдана білу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Сөйлем түрлеріне ажыратады; Морфологиямен танысады
Оқушылардың көпшілігі:
Берілген тапсырмаларды орындайды;
Кейбір оқушылар:
Өз беттерінше жұмыс жасай алады, топтағы оқушыларды ұйымдастыра алады;
Тілдік мақсаттар.
Пәндік лексика және терминдер.
Диалогқа жазылымға қажетті сөз тіркестер. Сөз таптары
Сөйлем,сөз
Ережелер
Бұғанға дейінгі меңгерілген білім Лексика
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар.
Басы:
Ортасы
Соңы
Бағалау.
Қорытындылау.
Рефлексия.
«Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз – еңбектену.Еңбек етіп жұмыла,«5»-ке қолды жеткізу.»
Өткенді қайталау.
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
-Мысал келтір.
-Жай сөйлем
-Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Үй тапсырмасын сұрау.
Морфология-сөз бен оның формалары тұралы тіл білімінің бір саласы. Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі "салған із" немесе "сапар" деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі "серік" деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге -тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы -қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұрғанын түсіндіру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Морфология
Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді жәнесөйлемді алады. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай грамматика ғылымы морфология жәнесинтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуі мен олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтерін зерттейді.
Түбір мен қосымша.
Сөздің мағына беріп бөлінбейтін ең түпкі бөлшегін  түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық де-ген сөзде), -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген созде), -ін, -ген (көрінген деген созде) болшектері қосымша деп аталады. Демек, түбірге жалғанған сөз бөлшегін қосымша деп атайды. Қосымша жеке түрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын, т. б. қосымшаларда ешбір мағына жоқ. Кей қосымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа мағына қосады.
1.Мақал – мәтелдердегі түбірлерді ажыратыңдар.1) Ел ағасыз болмас,Тон жағасыз болмас 2) Ақылды адам елге қарайды,Ақылсыз адам өрге қарайды. 3) Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.4) Жолдасын таппаған ер азады.
Үйге тапсырма:
Оқулықтағы 2-жаттығуды орындау
- Оқу мақсаттары қалай болды?
-Оқушылар нені үйренді?
-Оқыту ортасы қалай болды?

Приложенные файлы

  • docx 284076
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий