Желтосан оиасына 30 жыл — математика, мероприятия


Тақырыбы: Желтоқсан оқиғасына – 30 жыл!
Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.І Ұйымдастыру бөлімі:- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?- 25 жыл толып отыр.- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?- 30 жыл.- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.- Біздің президентіміз кім ?- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтыңар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.Гульназ: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.Қайрат, Ләззат пен СәбираҚұрбаны болған жаланың.Айжол: «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,Қазаққа күйе жаққан күн.Базары кетіп бір күнде,Қайғыға халық батқан күн.Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.Аянна: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынныңАйналайын, айналайын жас өркені халқымның!Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.Еркін: Қаймықпады ызғарынан, бұлтынанҚалтыратты империя іргесін.Халықтардың бостандыққа ұмтылған,Бастап берді бір көшін.Көрініс қойылады.Дүбірлетсін өңірдіДүбірлесін дүлділі.Қазақ деген елімніңҚұтты болсын бұл - күні!Тәрбие сағаты әнұранмен аяқталады.

Приложенные файлы

  • docx 282761
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий