Жаа жылды ертегілік: Келді міне, Жаа жыл! — дошкольное образование, мероприятия


 
Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық!  
Музыка: Новогодный паравозЖүргізуші: Қошемет, құрметті халайық!
-    Өзгелерден  бөлек екен мәнері,Білімі мен ерекше екен өнері.Думандата шырша тойды қыздыртқан,Бұл  жұлдыздар келеді №5 орта мектептен
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Саламатсызба!
Жүргізуші: Біздің жаңа жылдық карнавалға қош келдіңіздер. Балалар сіздер қай мектептен келдіңіздер!
Балалар: №5 орта мектептен
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ендеше бізге әкелген өнерлеріңді көрсетіңдер
(Би: «Жаңа жыл») Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?Балалар: Жаңа жыл!
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді) Сиқыршы: Жаңа жыл келдіАзаймасын ән мен жырЕл көңілін көтерсінҚұтты болсын жаңа жыл!Құттықтаймыз сіздерді!Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдарБасталады Жаңа Жылдық карнавал Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық! Бәрі: Қуант, бізді, таңырқатШамдарыңды жарқырат! 3 рет(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады) Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық. Ән: «Шырша жыры»
1.Қане, достар тұрмайық,
Қарсы алайық жыл басын.
Қызықтан бос қалмайық,
Шырша жыры самғасын.
Қайырмасы:
Ал, достарым келіңдер,
Келді Аяз атамыз.
Биде билеп беріңдер
Шырша жыры самғасын.-2 рет
2.Құтты болсын жаңа жыл,
Шыршамыз тұр жараса.
Жанында Аяз ата жүр,
Қуанады балаша.
Қайырмасы:
3.Аппақ қардай береке,
Даламызда самғасын.
Жаңа жылдай мереке,
Таба берсін жалғасын.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? Балалар: Аяз ата, Ақшақар Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық. Бәрі: Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет
( Маша и медведь музыкасы) Аю: - Сәлем балалар! Жаңа жылдарыңмен! Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны іздеп жүрмін, осында болар деп келдім. Машаны көрген жоқсыңдарма?
Балалар: Жоқ Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім? Балалар. Аю. Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес... Балалар: иә. (музыка Машаның күлкісі), (осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап) Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады) Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады) Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді) Маша: Жарайды, менің бір шартым бар. Балалар менімен бірге би билесін.
Би: (В лесу родилась елочка) «Шырша» биі Маша: Қарашы аю, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, аю сыйлықты ашып көрейік.
(көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.) Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы! Ойын: «Кім жеңеді?» (ата-аналарға шарды балалар алып,
орындыққа жүгіріп барып жару қажет. Ойын шар аяқталғанша болады)Клоун: (шыршаға қарап)Шырша дейміз елканыБалалар билеп қоршады.Түрлі - түсті ойыншықШыршада көз тартады.- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді. Хор: «Келді міне, жаңа жыл»
Келді, міне,
Жаңа жыл!
Шаттық сыйлап әр үйге!
Жаңа бақыт, жаңа нұр,
Үлкен, кіші, сәбиге.
Жаңа жауған ақ ұлпа,
Қар жамылды даламыз.
Балаларды сағынта,
Келді Аяз атамыз.
Айдай ару Ақшақар,
Көмекшісі сол екен.
Аяз ата-ақсақал
Сыйлықтары мол екен!
Қандай сұлу шыршамыз,
Ортамызда тұр жайнап!
Жаңа жылда баршамыз,
Шаттанайық, кел, ойнап
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырлаАяз ата, АқшақарБіз Сендерді сағындықТез келіңдер ортағаАяз ата, ақшақар 3 – рет
Жүргізуші: Балалар бізге Аяз ата мен Ақшақар келгенше «Аққала» биін тамашалайық.
Би: «Аққала»(Аққалалар Аяз атаны алып шығады)Аяз Ата:Құтты болсын, балаларКелген Жаңа жылдарыңАлаңдамай өсіңдерЕркелеп қыз, ұлдарымөткен жылы келіп емБәріңді де көріп емЖыл өткізіп келем депУәдемді беріп емОйларың мен бойларың даБірдей өсіп қалдыңдар ма?Ал, мен кіммін айтыңдаршыМені тани алдыңдар ма?Балалар: Аяз ата!Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!Сүйсіңдірер маңайдыАқшақармын арайлыЖалт - жұлт еткен жүзімненКүміс сәуле тарайды.Ақшақармын аппақпынҚалай тыныш жатпақпынМенсіз қыстың сәні жоқӘнмін, жырмын, тақпақпын.Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.Әсем әні де, биі де барОтыр ата, сәл дем ал. Ақшақар: Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендергеМен бастаймын,Ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Ойын: Ата-аналармен ойын (ойыншықтарды жинау)Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Нұрәділ:Жасыл шырша орманнан,     Бізге арнайы келіпті.    Ойыншығын балалар    Шыршаға әсем іліпті.
Іңкәр:  Жаңа-жылмен,жаңа-жылмен,        Құттықтаймыз әрине.        Әкемізді,анамызды        Қонақтардың бәрін де!
Камила: Міне тағы келіп тұр,    Жаңа бір жыл балалар,    Жадыратып жер үстін,    Төрімізге ол шыққан.
Рассул: Жасыл желек жамылған    Асыл моншақ тағынған.    Міне сұлу шыршамыз,    Көптен күтіп сағынған.
Қоян- о - о, мына балаларды қара! Біздің орманымызға қош келдіңіздер! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?Аяз ата: Айта ғой, қоянжанҚоян:Аюды да, алдадымМашаны да алдадымМен қоянмын ұрлықшыАяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)Қасқыр: Ах, қоянжан, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)Мен қасқырмын, қасқырмынҚозы ұрлаймын өрістен.Ұйқым келмейді егердеҚозы етін жемесемАхо - хо. Охо - хо.(осы кезде ит шыға келеді)Ит:Ей, қасеке, қасекеСен де адал есессің.Мен тұрғанда қозы, лақОңайлықпен жемессің.Аф - аф - афЖеті қазына бірімінҚасқыр келсе үремінАяз ата мен сізгеТақпақ айтып беремін.
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды) «Потолок ледяной» биі
Хор: «Аппақ, аппақ жапалақтап»
1.Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды тынбастан.
2.Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай аяз атай,
Келе жатыр алыстан.
3.Кел, билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
Ұлықбек:
 Жүзімізге күлкі ойнап,    Қанаттанды жанымыз.    Жаңа жылды біз тойлап,    Шаттанамыз бәріміз.
Аян:
Сақалы аппақ күмістей,    Тістері аппақ күріштей.    Қызыл ала шапаны,    Сағындым аяз атаны.
Роллан:
Боранмен буып белді,
Жаңа жыл тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді
Аманбек:
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
Айкөркем: Тамаша ғой қыс деген,Қуанады бар бала.Шырша тойын тойлайды,Аяз Атамен қосыла.
Арайлым:Жасыл желек жамылған,Асыл моншақ тағынған.Міне сұлу шыршамыз,Көктен күтіп сағынған.Кел балалар, келіңдер.Шырша тойын көріңдер.Дидар:
Тақпақ, өлең жаттады,Би үйрендік көрсін деп.Аяз Ата шаттанып,Бізге риза болсын деп.
Жүргізуші:Әуеледі әнімізЖаңа кірді сәнімізАқшақарды ортаға алыпБи билейік бәріміз. Би: «Сантаклаус» 1 в класс Хор: «Орманда шырша туыпты»
Орманда шырша туыпты,
Орманда өсіпті.
Қысы-жазы бой көтеріп,
Жап-жасыл болыпты.
В лесу родилась ёлочка,
В лесу она росла.
Зимой и летом стройная,
Зелёная была.
Енді ол болып көрікті,
Қонаққа келіпті.
Және көптеген қуаныш,
Балаларға беріпті.
Теперь она, нарядная,
На праздник к нам пришла.
И много, много радости,
Детишкам принесла.
Айсұлтан:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже, әке-шеше,
Құтты болсын жаңа жыл.
Қайсар:
Жаңа жылмен шаттанып,Жаңарады бар дала.Шырша тойын тойлайды,Дөңгеленіп бар бала.Дильназ:
Жаңадан тақпақ,Аламыз жаттап.Жаңа жыл келді,Жаңа жыл аппақ.
Айару:
Тауда туып, тауда өскен,Шырша келді ортаға.Аяз Ата, АқшақардыШақырайын ортаға.Кәусар:
Ақша қарға малынып,Аппақ тонын жамылып.Сақалы мен мұртына,Күміс моншақ тағылып.Аяз Ата келдің бе?Балаларды сағынып.Ислам:
Құтты болсын Жаңа жыл,Құтты болсын Жаңа жыр.Жасыл шырша жанында,Билеп барлық бала жүр.Нұрәли: Ән айтамыз, би билейміз,Біз көңілді баламыз.Шаршауды біз білмейміз,Тақпақ айтып, би билеп.Аяз Атадан сыйлық аламын.
Айшабибі:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,Құттықтаймыз әрине.Әкемізді, анамыздыҚонақтардың бәрін де!Нұркелді:Бір топ бала сырғанап,Би билейік зырлайық.Қалды артта қар алып,Іздерінен қар ұшып.
Інжу:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қарНұрланар кең байтақ ОтанымБала жоқ сыйлықтан құр қаларСыйлығы көп, Аяз атаның.
1 в Айым
Жылдың әнін бастайын,Аяз- Ата кеп қалды.Майысады жас қайың,Көтере алмай көп қарды.Бақша іші мереке,Ойын күлкі асқақ ән.Жақсы әпкелер жаңа кеп,Мерекені бастаған.
1В АянЖаңа жылды қарсы алдың,Мініп алып күймеге.Мен де бүгін ән салдым,Араластым биге де.Оралдың өлкеме,Жаңа жыл армысың.Оранды ақ көрпеге,Асқар тау, қарлы шың.
1 В БаубекАқ қырауға малынғанСақалы да мұрты да.Аяз ата сағынған,Сәлем бepді жұртына.Безендіріп шыршаныЖыл қуантты баршаны.Той-маскарад басталды,Аяз оны басқарды.
1в С.Бибарыс
За окном мороз трескучий,Снег ковром большим лежит,Дед Мороз наш самый лучшийВ гости к нам уже спешит.Нарядили елку яркоВ разноцветные шары,А под ней лежат подаркиДля веселой детворы!
1 в АянатАппақ тонға оранып,Базарлықты мол алып.Келді алыс сапардан,Аяз ата оралып.Қалып едік сағынып,Kүтіп алдъқ жабылып.Жолын қойдық жарық қып,Шыршаларға шам іліп1 в РамазанАяз Ата ойды қырдыАралап жүр түгел шолып.Қарсы алғалы жаңа жылды,Ол да көптің бірі болып.Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды.
1 в Н КаусарТілеймін мен бар әлемгеДос көп болсын жаңа-жылата ана құрдастарымҚұтты болсын жаңа жылЖаңа жылым мол болсынБасқан қадам оң болсынТөрле, төрле жаңа жылБізге құтты жол болсын.
1 в М . Бақытнұр
Аяз –ата ақ сақалды,Ақ таяқты паң ата,Асып өтіп асқар таудыЖеттің бізге таң атаЖапалақтап ақша қарЖауды күнде қайталапҚырға шықты балаларШаңғыларын арқалап.
1в АқмерейҚайда қызық думан болса,Аяз ата сонда болды.Балалармен бірге ойнапБалалармен бірге қонды.Аяз келді қаһарлыАйналаны қар жапты.Ақ тон киіп орман тұрДәл атамдай салмақты.
1в Диас
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
1в Баянсұлу
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүрЖаңа жылым мол болсынБаскан қадам он болсынТөрле Төрле Жаңа жылБізге Құтты жыл болсын1в н.Бейбарыс
Аяз ата келіп тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз 
Көптен күтіп сағынған.
1 в. Ү.Каусар
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
1в.Нұрбақыт
Новый год вот-вот придет,Всем он радость принесет.Елочка зажжется ярко,Дед Мороз вручит подарки.Сказка в двери постучится,Чудо зимнее случится,Все исполнятся мечты,И счастливым станешь ты!1в К.БақытнұрБақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
1в Ілияс
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
1в.Ж.Арман
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
1в Жақсыбек
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан, 
Аяз ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды1.в.Ә.Арман
С пышной елкой осторожноПодобрался Новый год.Много радости ребятамОн, конечно, принесет.Фонари, шары, хлопушкиУкрашают всё вокруг,А под елочкой игрушкиВсех детишек очень ждут.Пусть веселье будет ярким,С лиц улыбки не сойдут!У ребят сегодня праздник,Все танцуют и поют!
1в.Фатима
Белый пруд и белый дом —Всё покрыто серебром.Мухи белые летят,Весь уже засыпан сад.Это значит, что зимаВ гости к нам пришла сама.Будем мы ее встречать,Дед Мороза к себе звать:Ты скорее приходи,Нам подарки приноси.
Жүргізуші:- Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын маймыл жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, маймыл қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп жаңа жылымызды қарсы алайық. Тауық:Мен жаңа жылмынМен жаңа нұрмынНұрымды да себейінЖырымды да себейінЖүргізуші:- Ау, маймылжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
Би: «Тауық» биі (Ата - аналармен сұхбат.)Маймыл: Бір жыл бойы сендерменБірге жүрдім ойнадымЕнді міне балаларКезек келді қоштасар.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!
Би: «Ұлпақарлар»Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті. Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!Бәрі.Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықтыБіз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Хор: «Жаңа жыл, жаңа жыл»
1.Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
2.Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
3.Көрікті, бөрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.
4.Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл.
Шырша жаны көңілді,
Билеп барлық бала жүр.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Приложенные файлы

  • docx 282610
    Размер файла: 40 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий