осынды мен айырманы кбейтіндіге трлендіру — математика, уроки


Сабақтың тақырыбы: Қосынды мен айырманы көбейтіндіге түрлендіру
9-сынып Алгебра
Сілтеме: Алгебра оқулығы, Ә.Н.Шыныбеков, «Атамұра» 2013ж
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға қосынды мен айырманы көбейтіндіге түрлендіретін формулаларды білдіріп, оларды есептер шығару барысында қолдана білу бейімділіктерімен дағдыларын қалыптастыру;
Топпен жұмысты дамыту, өз бетімен қорытынды шығару, ойларын ашық айту, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасын көбейтіндіге түрлендіре білетін болады;
Түрлендіру формулаларын есеп шығаруда қолданады;
Оқушылар өз ойларын еркін айтуға дағдыланады;
Пікір алмасуға, топта көшбасшылық жасауға үйренеді;
Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін дамытуға жол ашу;
Сыни ойлауға дағдыланады.
Түйінді идея: Тригонометриялық функциялардың формулаларын математика әлемінде қолданылу ерекшелігі.
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу;
Түгендеу;
Топқа бөлу : Дамино ойыны арқылы 3 топқа бөлу (қосу формулаларының көмегімен)
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың іс-әрекеті:
Психологиялық ахуал: Оқушылардың сабаққа деген зейіндерін аудару Логикалық тапсырманы орындайды
Тапсырма:
Білу Ой қозғау
Қосу формулалары арқылы топқа бөлінгендіктен берілген формуланы атап өтіңдер.
Берілген формуланы толықтырыңдар( формуланың қасына жазған оқушы есімін жазу, барлығы қатысу керек).
Қосынды мен айырманы көбейтіндіге түрлендіру дегенді қалай түсінесіңдер ? (оқулықты қолданбай өз ойларыңмен жеткізіңдер) Топпен және жеке-жеке жұмыс жасайды
Тапсырма: түсіну sin α + sin β═2sin∝+β2cosα-β2формуланы қорытып шығарады
sin α - sin β═2sin∝-β2cosα+β21-топ
соs∝+cosβ=2cosα+β2cosα-β2 2-топ
соs∝+cosβ=-2sinα+β2sinα-β2 3-топ
Топпен берілген тапсырманы орындайды
Тапсырма: қолдану 1-тапсырма
Формуланы есеп шығаруда қалай қолдануға болады?
sin2x+sin3x=
sin360 +sin480=
cos5π7+cos2π7=
2-тапсырма
Оқулықпен жұмыс
№472,473
Берілген тапсырманы топпен орындайды
Тапсырма: Талдау
Венн диаграммасы

1-топ. Синустардың қосындысы мен косинустың қосындысының айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
2-топ. Синустардың қосындысы мен косинустың айырмасының айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
3-топ. Формулалардың ерекшелігі қандай? Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, тапсырмалардың дұрыс орындауға тырысады.
Тапсырма: Жинақтау Математикалық эстафета Топпен жұмыс
Бағалау Пікірталас
1-топ. Тригонометриялық функция формулаларының өмірде маңызы бар екенін дәлелдеңдер.
2-топ. Тригонометриялық функция формулаларын білудің еш пайдасы жоқ. Топтар ақылдаса келе пікір алмасады.
Бағалау: Оқушылардың аты-жөні: Формуланы білу Формуланы қорытып шығару Есеп шығару Венн диаграммасын толтыру Матем.эстафета Пікірталасқа қатысуы
Топ басшысы топ мүшелерін бағалау критерийлері бойынша бағалайды. Қорытынды бағаны мұғалім қояды
Үйден оқып-үйренуге арналған тапсырмалар: №474 §8.1

Қосымша дерек
көздері: Анықтамалықтар, «Мектеп» баспасы алгабра оқулығы, «Шың» оқулығы, тарихи мағлұматтар, оқыту әдістемелігі және ғаламтор материалдары
Тогасова Гулзат Мухажанқызы
Н.Есеболатов атындағы орта мектебі МДШО КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Алматы облысы,Ақсу ауданы, Есеболатов ауылы

Приложенные файлы

  • docx 280254
    Размер файла: 22 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий