Трлаусыз мшелер. — внеурочная работа, планирование


Қазақ тілі  1-сабақ 8 – сынып 
Сабақ тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Жалпы мақсат: Тұрлаусыз мүше мен толықтауышты  өз бетімен меңгереді.  Толықтауыштың жасалу жолын, байланысу, мағыналық түрін, құрамын түсінеді. Теориялық білімдерін практикада жүзеге асыруы.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:   Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде ойлау үдерісі жүзеге асады. Диалог арқылы кумулятивтік, зерттеушілік әңгімеге түседі. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар: Бірлесе топта жұмыс істеуі, ЖАДА жүзеге асуы. 
Сабақта қолданылатын материалдар: А-3 парағы,флипчарт, стикерлер, оқулық, жетондарОқыту әдістері: Жаңа әдістерАКТСТО
Оқыту үшін бағалауДиалог
Жеке жұмысЖұппен жұмысТоптық жұмысБлум таксономиясы, топтастыру, Венн диаграммасы, «Ортадағы қаламсап», зерттеушілік әңгіме.
 
Дерек көздері: Оқулық, шың кітабыОрындалатын тапсырмаларПсихологиялық ахуал туғызу2 мин «Сенің атыңды кім және не үшін қойды?”
Оқушылардың өз аты туралы әңгімелеуін тапсыру.
Топқа бөлу: Сөйлем мүшелері бойынша топқа бөлу.
«Бастауыш», «Баяндауыш», «Толықтауыш».
 
Теориясы «Білу» (Кім? Не?)Қашан? Қайда? Не істеді? «Ортадағы қаламсап» стратегиясыБөрік – адамға көрік осы мысалдағы бастауыш пен баяндауыштың жасалу жолын айт?
Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені осы мысалдағы бастауыш пен баяндауыштың жасалу жолын айт?
Бұл – үлкен қуаныш осы мысалдағы бастауыш пен баяндауыштың жасалу жолын айт?
Тұрлаусыз мүше дегеніміз не ?Тұрлаусыз мүшелер нешеге бөлінеді?
Тұрлаулы мүшеден тұрлаусыз мүшенің қандай айырмашылығы бар?
 
№ СұрақтарИәЖоқ1 Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатыстырмау үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады ма? * 2 Бастауыш  есімше, баяндауыш одағай болғанда араларына сызықша қойылады ма? *
3 Сан есімнен болған бастауышты күделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін соңына сызықша қойылады ма? * 4 Бастауыш та, баяндауыш та үстеуден болса араларына сызықша қойылады ма? *
5 Алдау – зұлымдық, Алдану – ақмақтық бастауыш тұйық етістік, баяндауыш зат есімнен болған ба? * 6 Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады ма? * 7 Менің мақсатым – еліме пайдалы азамат болу мысалы мына ережеге жата ма? Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. *
 
  4 минут
Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Не үшін?)І топқа толықтауыштың жасалу жолын «топтастыру» стратегиясы бойынша топтастырып жаз.ІІ топқа тұрлаусыз мүшенің тұрлаулы мүшеден айырмашылығын ажырат.
ІІІ топқа толықтауыш құрамына қарай нешеге бөлінетіндігін айт және мысалмен дәлелде. 6 минут
Практикасы «Қолдану»  І топқа 45- жаттығу. (оқулықтағы шарты бойынша орындау)ІІ топқа 46- жаттығу. (оқулықтағы шарты бойынша орындау)
ІІІ топқа толықтауыштың жасалу жолына мысал жаз.
Күрделі зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, тұйық етістік, есімшеденНегізгі сөз бен көмекші есім не көмекші етістік арқылыТуралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы 
 
  15 минут
Теориясы «Талдау»(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.) Венн диаграммасы. 
Тура                             Ортақ                   Жанама(Барыс, жатыс,шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларыментіркесіп  келген толықтауыш)
қасиеті 
Табыс септік тұлғасындағы толықтауышТолықтауыштұрлаусыз мүше 
 
 
 
  3 минут
Теориясы «Жинақтау» Толықтауыш бойынша алған біліміңді жинақта5 минут
Практикасы «Бағалау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?) Сен қалай ойлайсың барлық сөз табы толықтауыш бола ма? 5 минут
Үйге тапсырмасын  беру  Мұғалімнің іс-әрекеті47 – жаттығуды орындау тапсырылады. 1 мин
 БағалауОқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Бағдаршам бойынша бағалау. 2 мин
Рефлексия  Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.

Приложенные файлы

  • docx 279009
    Размер файла: 28 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий