Жас математиктер жарысы — начальные классы, мероприятия


«Жас математиктер»
Математикалық турнир
(4-сыныптар арасында өткізілген сайыс)
Тақырыбы: «Жас математиктер» математикалық турнир
Мақсаты:
4-сынып оқушыларының математика пәні бойынша білімдерін сарапқа салу
Оқушыларды жылдам есептеуге үйрету,логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушыларды топпен бірлесе отырып жұмыс жасату арқылы ұйымшылдыққа, шығармашлықпен еңбек ете білуге баулу.
Барысы:
-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 4-сыныптар арасындағы "Жас математиктер" сайысына қош келдіңіздер!Сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін одан әрі тереңдету.
Уа, халайық, халайық
Баріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық,-деп сайысқа түскен топтарға ат қояйық.
Әр сыныптан бір оқушы келіп, геометриялық фигураларды таңдай отырып,топтарға бөлу.
1.Ұшбұрыштар тобы
2.Шаршылар тобы
3.Шеңберлер тобы
4.Тіктөрбұрыштар тобы
Математика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді-дей отырып сайыскеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық
Әділ қазылар алқасын сайлау
1.Мектеп директоры Қасымбек Жамал Базарқұлқызы
2.Оқу ісінің орынбасары Газиева Жанна Касенханқызы
3.Математика пәнінің мұғалімі
Сайыс 5 кезеңнен тұрады
Бірінші кезең: «Тапқыр болсаң, шешіп көр » 15мин
(берілген есептерді шапшаң шығару,әр есепке 5 мин)
Екініші кезең: «Есепке кім жүйрік?» 10 мин
(берілген логикалық жұмбақтарға тез жауап беру)
Үшінші кезең: «Ғажайып үштік » 5 мин
(берілген суреттер бойынша есеп құрастыру,шығару,қорғау)
Төртінші кезең: «Ұшқыр ой» 5 мин
(берілген фигуралардан бейне құрастыру)
Бесінші кезең: «Қисынды ойлар» 5 мин
(фигураларды әр түрлі тәсілмен бөліктерге бөлу және бірнеше нұсқасын көрсету)
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озоды сайыста – дей отыра алғашқы айналымды бастаймыз.
Бірінші кезең: «Тапқыр болсаң, шешіп көр »
(берілген есептерді шапшаң шығару)

№1 (3ұпай,5мин) 2012 жылғы Лондон олимпиада ойындарында алған медальдар саны бойынша кесте арқылы есеп шығару.Кестеде көрсетілген қатысушылардың алған медальдар саны қанша?
Алтын Күміс Қола Медаль саны
Қазақстан 7 1 ? 13
Жапония ? 14 17 38
Корея 13 8 7 ?
Қытай 38 ? 23 88
Германия ? 19 14 44
Россия 24 ? 32 82
Шешуі: 1) 13-(7+1)=5 (қола) Қазақстан 2) 38-(14+17)=7 (алтын) Жапония 3) 13+8+7=28(барлығы) Корея 4) 88-(38+23)=27 (күміс) Қытай 5) 44-(19+14)=11(алтын) Германия 6) 82-(24+32)=26(қола) Россия
Енді барлық медальдарды қосамыз13+38+28+88+44+82 = 293
№2 (5ұпай,7мин)
Тәуелсіздік сарайының іргетасы 2007 жылы қаланды. Ғимарат 3 қабаттан тұрады.Сарайдың І-қабатында 700 орындық мейманхана ІІ- қабатында ұлттық көрме, сурет галереясыІІІ- қабатында қаланың тарихы мен мұражайы, елорданың бас жоспарының макеті орналасқан. Сарайдың ішінде 4326 орындық. Егерде көрермен залы мен баспасөз залының қосындысы мейманхана залының орындығынан 2700 орындық артық болатын болса, онда хаттама залы олардан 17 есе кем. Мейманхана залының орындығынан хаттама залының орындығын шегерсе, баспасөз залы мен хаттама залының барлық орындық саны шығады. Сонда мәртебелі меймандарды қабылдау залының орындығы нешеу?
Шешуі: 1) 700+2700=3400 –көрермен және баспасөз залының орындығы2)3400:17=200-хаттама залының орындығы3) 700-200=500- баспасөз және хаттама залының орындығы4)500-200=300- баспасөз залының орындығы5)3400-300=3100- көрермен залының орындығы6)3100+200+300+700=4300 – барлық орындық саны7)4326-4300=26-мәртебелі меймандарды қабылдау залының орындығы Жауабы: 26-мәртебелі меймандарды қабылдау залының орындығы
№3 (2 ұпай, 3 мин)
Астана қаласында №82 мамандандырылған мектеп лицейінің жалпы ауданы 16 464 м2 Осы ауданның 1/8 бөлігінде бастауыш сыныптар оқиды.Әр қабатының ауданы бірдей ,3 қабатта оқитын болса,бастауыш сыныптар оқитын 1 –қабаттың ауданы қанша?
№3 Шешуі: 16 464 : 8=2058 м2 (3 қабаттың ауданы)
2058:3=686 м2 (1- қабаттың ауданы)
Ағылшын әні
Орындайтын Қалқаманова Санель 4«А» сынып
(Әділ қазылар алқасы 1-айналымның қорытындысын шығарады.)
Оймен кәне көк теңізін кешіндер,
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып, зердеменен шешіндер– дей отыра келесі айналымға кезек берейік
Екініші кезең: «Кім жылдам?» 5 мин
(берілген логикалық жұмбақтарға тез жауап беру,әр дұрыс жауапқа 2 ұпай қосылады)

Түнгі 12 сағатта жаңбыр жауып тұрса 72 сағаттан кейін шуақты күн болуы мүмкін бе? (жоқ)
2,3,,4-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын, ал 5-ке қалдықсыз бөлінетін қандай сан бар? (25,85 т.б)
Төрт тал сіріңкені сындырмай, майыстырмай 15 санын қалай шығарып алуға болады? (XV)
Үйдің әр бұрышында бір-бірден мысық отыр.Әр қайсысының алдында 3-тен мысық отырса, барлығы неше мысық отыр? (4 мысық)
Бір жанұяның 7 ұл баласы бар.Әр ұл баланың бір қарындасы бар.Бұл жанұяда неше бала бар? (8)
Би «Үнді биі »
Орындайтын Мұханбетрахман Толғанай 4 «А» сыныбы
(Әділ қазылар алқасы 2-айналымның қорытындысын шығарады.)
Үшінші кезең: « Ғажайып үштік » 5 мин 5-10 ұпай арасы
(берілген суреттер бойынша есеп құрастыру,шығару,қорғау)
Ән «Балдаурен »
Дүкен Айбар 4 «Б» сынып
(Әділ қазылар алқасы 3-айналымның қорытындысын шығарады.)
Бүгінгі кеш қызықты кеш,
Көрермендер,халайық!
Ой, түйсікті қозғап небір
Фигуралар жинайық - дей отыра келесі айналымға кезек берейік
Төртінші кезең: «Ұшқыр ой» 5 мин
(берілген фигуралардан бейне құрастыру)


(Әділ қазылар алқасы 4-айналымның қорытындысын шығарады.)
Бәйгеге түсіп жарыспай,Жүйріктің бағы жанар ма?Білім мен өнер жарысып,Тәрбие - тәлім табар мән.Бұл бәйге ойдың бәйгесі,Кім жүйрік ойға сол – алда – дей отыра келесі айналымға кезек берейік
Бесінші кезең: «Қисынды ойлар» 5 мин
(фигураларды әр түрлі тәсілмен бөліктерге бөлу және бірнеше нұсқасын көрсету)


(Әділ қазылар алқасы 5 -айналымның қорытындысын шығарады.)
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ қазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз,сыйлықтарын тапсырады.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет,мың рахмет!
Жинаған ұпайларына қарай орын беру.(І орын,ІІ орын,ІІІ орын)
Қорытынды: Сайысымыз өз мәресіне жетіп, жеңімпаз марапатталады, әділ қазылар сөз сөйлеп, сайысымыз аяқталады.

Бірінші кезең: «Тапқыр болсаң, шешіп көр »
(берілген есептерді шығару)

Үшінші кезең: « Ғажайып үштік »
(берілген суреттер бойынша есеп құрастыруда)


Төртінші кезең: «Ұшқыр ой»
(берілген фигуралардан бейне құрастыру)


Приложенные файлы

  • docx 278459
    Размер файла: 714 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий