«Діни сауатсызды – діни экстремизимні бастауы» — классному руководителю, уроки


№5 орта мектебі
«Діни сауатсыздық – діни экстремизимнің бастауы»
(Тәрбие сағаты)
Өткізген: Сальменова Гулия Темирбековна
Класс: 6 «В»
2016-2017 оқу жыл
23.11.16
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Діни сауатсыздық – діни экстремизимнің бастауы»
Мақсаттары
Дін, экстремизм, топтар ұғымымен, экстремистік топтардың белгілерімен таныстыру.
Ойлау, есте сақтау, зейін, елестету, ұғынғанды талдау қабілетін дамытуға әсер ету.
Отан сүйгіштікті, әділеттілікті, мұқтаждыққа (ақырғы шекке), терроризмге, экстремизмге теріс көз қарасын қалыптастыру.
Діни экстеримизммен күресу жолдарын көрсету. Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру.
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
Күтілетін нәтиже
Діни экстремизм түсінігін біледі.
Дін бойынша түсінік алады.
Түйінді идея:
Дін – тәрбие бастауы.
Терминдер:
Экстремизм
діни ағымдар
толеранттылық
«Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат» ұйымдар
Секталардың, экстремистікік топтар
терроризм (лаңкестік).
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың басы
Тапсырма
Cұрақ-жауап
Пікірталас
Сәлемдесу.
Көрініс. (сабақ тақырыбын ашу мақсатында.)
Дін дегенді қалай түсінесің?
Дін қалай пайда болды?
Діни әдет-ғұрыптарды білесізбе?
Адамның алдану принципі неде?
Әр ұрпақтың өз түсініктері, ағымдары, сәндері қалыптасады. Біреулері қысқа өмір сүреді, өзгелері уақыт өткен сайын нық бекиді және үлкен (кең) көлемге ие болады.Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай? Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды. Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз? Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз? Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.Терроризм – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту» Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды. Осы орайда аталған мәселенің жай - жапсарын тереңірек тану үшін мына бір бейнематериалға назар аударайық. «Абайлаңыз секта!... Дінімізге берік болайық!» (Діни экстремизм) Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.Дін, экстремизм сөздері туралы түсінік.
Сабақтың ортасы
Ой қозғау.
Ал бұған не дейсіздер?
Әлемді дүр сілкіндірген мұндай жағдаяттарды не деуге болады?
Экстремизм, терроризм туралы түсінігіңіз, олар кімдер?
Қандай адамдар қауіп қатерге ұшырайды және ұйымдардың құрығына түсіп қалады? Бұған басты себеп не?
Не істер едің?
Тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, ойларын ортаға салады.
Сабақтың соңы
Рефлексия
VII. Қорытындылау
Ал енді құрметті қонақтар, бүгінгі тәрбие сағат қорытындысы ретінде оқушылар топталып «Мен экстрамзмге, терроризмге қарсымын» тақырыбында қабырға газет шығарсын, ал келеген қонақтар алдарыңыздағы ақ параққа, әр қайсыларыңыз өз қолдарыңызды сызып түсірсеңіздер. Бес саусаққа мына сұрақтардың жауабын жазсаңыздар:1,Мен үшін не маңызды болды?2,Қандай жаңа мағлұмат алдым?3,Қандай психологиялық әсер алдыңыз?4,Қандай кемшілік болды?5,Қандай ұсыныс, тілектеріңіз бар?
Құрметті қатысушылар, қонақтар, ұстаздар негізі Дін экстремизмнің алдын – алу қырық минуттың ішінде шешілетін мәселе емес екендігі анық, сондықтан мен ойлаймын бүгінгі өткізген тренинг сабағым, осы үлкен өзекті мәселенің алдын алу шарасының бірі болды деп есептеймін.Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден-ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық.


Приложенные файлы

  • docx 277578
    Размер файла: 684 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий