Сценарии Новогоднего утренника для начальных классов — начальные классы, мероприятия


Жаңа жыл сценарий
Персонаждар: Жалмауыз кемпір, Албасты (кикимора), Маймыл, Қораз, Ақшақар, Аяз ата. Мерекенің жүру жоспары
 Мерекенің басталу алдында жаңа жылдық әуен ойналады 
Жүргузуші:
Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Айғай, шу мотоцикл дыбысы шығады.
Жалмауыз кемпір сыпырғыштың үстінде отырып, тоқтайды. Безендірілген шыршаға қарап
 Жалмауз кемпір: - Е, Жаңа жылға дайндық болып жатыр, күшті тусовка болады екен ғой! Тэк, тэк….қонырау шалу керек (ұялы телефоның алып, қонырау шалады) Музыка ойналады.Албасты жүгіріп келеді, абайсыздан сыпырғышқа ұрынып құлайды. Жалмауз кемпір: - О! Өзі де келіп қалды! Мен саған қонырау шалып жатсам,… сен өзі қайда жүрсін Албасты? Албасты: - Я в шоке! Просто в шоке! Мен екеуімізге кафеден Жаңа жылға орын тапсырмақшы едім, ал олар маған «Біз ағаш сайтандарынан орынға тапсырыс алмаймыз»- дейді ғой өздері
Жалмауз кемпір: - Ой айтпа, қымбаттым! Жарайды оны қойшы, оған келесі жолы бір барармыз. .. Сен мында қарашы өзін, мында Жаңа жыл тойланатын сияқты. Осында қалып, рақаттанайық! Албасты: - Бізді ешкім шақырған жоқ қой! Жалмауз кемпір: - Ал олардан кім сұрайды екен! Албасты: - Е, ол да дұрыс! Шырша сыртына тығылып отырады. Көңілді әуен орындалы, осы кезде Маймыл кіреді.
Маймыл : - Сәлеметсіздерме, құрметті балалар және қонақтар!  Сіздерді көргеніме қуаныштымын,  Мен сендермен амандастым - Ал енді сендер менімен амандасындар: (оқушылар амандасады) 
Маймыл: Жарайсындар! Ал енді бір- бірімізбен амандасайық Ойын «Достарды қарсы алайық» Оң қолмен былғаймыз! Былай... Енді сол қолмен былғаймыз! Былай... Енді екі қолмен бірге! Осылай біз достарымызды қарсы аламыз! Көршімізбен қол беріп амандасамыз! Осылай... Енді екінші көршімен амандасайық! Осылай... Енді көршімізді құшақтаймыз! Осылай...Енді екінші көршімізді құшақтайық! Осылай....Енді бәріміз құшақтасайық! Осылай біз достарымызды қарсы аламыз! Біз достарымызды Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!
Енді бәріміз бірге Жаңа жыл құтты болсын! дейміз
Маймыл: - Жарайсындар,өздерін жаңа жыл мерекесін тойлауға жақсы дайындалған екенсіндер. Айғай, шу дыбыстар естіледі. Шыршаның артынан Жалмауз кемпір, Албасты көңілсіз болып шығады. Маймыл:: - Ой! Әжелер! Сіздерге не болды? Денсаулықтарыңыз қалай? Жалмауыз кемпір: - Біз әжелер емеспіз?!!!! Мен болсам жаспын, жасым тек екі жүзден жана ғана асты. Албасты: - Мен, мен де жаспын!))) Жалмауыз кемпір: - Мен сендерден де крутоймын! Мен, биде биле аламын! Менімен бірге билейсіндер ме?
ОЙЫН «Фиксики» биі
Жалмауыз кемпір, Албасты және оқушылар би билейді. Бидің соңында Албасты Жалмауыз кемпірдің аяғын шалады.
Маймыл: Бәрі күшті, бірақта жаңа жылдық мерекемізде бірдене жетіспейтін сияқты.
Балалар біздің жаңа жыл мерекемізде кім жетіспейді?
Балалар: Аяз ата және Ақшақар.
Маймыл: Дұрыс.Бәріміз бірге Аяз атамен Ақшақарды шақырайық «Аяз ата» «Ақшақар»
(Әдемі жаңа жылдық әуен қосылып, ортаға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.)
Аяз ата: Ау, балалар, өздеріңді сағынып келдім.
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан,
Аталарын сендерге
Шаршап келді алыстан
Өздеріңе оралдым
Бар сыйлығым жоралғым
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау дем алғым
Ақшақар: Амансыңдар ма, балалар, ұстаздар, ата- аналар! Өздеріңізді сағынып келдік. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Тауық жылы бақыт, береке, бірлік әкелсін. Елімізде елеулі мерекелер көп болсын. Бәріміз үшін қуанышты кезең болсын.
(Оқушылардың орындауында «Шырша жыры» өлеңі орындалады)
Жалмауыз кемпір: Ой, ой мен де өлең айта аламын! Мен сендерге жұмбақ жасырсам, олардың жауаптарын айталасындар ма? Соны көрейік! (қопарып қалтасынан жұмбақтар жазылған қағаз алып шығып, жұмбақтар жасырады
Бір ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді.
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата) 
Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті. (Қар) 
Бет-аузыңнан сүйеді,
Ерні суық тиеді. (Аяз)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте (Шырша)
6. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Аяз ата: Жарайсындар!Ақшақар: Ата, біздің жасыл шыршамыздың шамдарын жарқыратуға кез келген сияқты
Аяз ата: Дұрыс. Кәне, балалар шыршамызға бәріміз бірге «Қуант бізді, таңырқат.Шамдарынды жарқырат» деп айтайық ( 3 рет)
(осы жерде «В лесу родилась елочка», «Шырша жыры» өлеңдері орындалады)Ақшақар: Ата , орындыққа жайғасып отырып, балалардың дайындаған өнерлерін тамашалайық.
(Аяз атамен Ақшақар орындыққа отырғысы келеді, осы кезде жаңа жылдың хожайыны Тауық кіреді)
Тауық: Ку- ка- ре-ку 2017 жыл Тауық жылы
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар?
Алға шығып өлең, тақпақ айтыңдар
Жаңа жылдық мерекеден сыйлық алып қайтыңдар.
(осы жерде маймылдың көңіл күйі түсіп, шыршаның астына тығылып отырады)
Аяз ата: Балалар, бізбен бір жыл бірге болған маймыл жылы қайда? Ескі жыл қайдасың? (балалармен бірге шақырады)
Ақшақар: Ескі жыл ренжіме!
Маймыл: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін
Өнерлерін көп болсын, елде уайым жоқ болсын!
(ескі жыл кетеді)
Аяз ата: Енді отырып балалардың дайындаған өнерлерін тамашалайық
Мектепалды даярлық сыныбы өз өнерлерін көрсетеді
Ақшақар: Жарайсындар! Ал енді сендермен бір ойын ойнайық сендердің шапшандылықтарынды көрейік Ойын «Орындық»
Албасты: Бұл кештің балалары күшті дайындалған екен, енді 4 сынып оқушылары не дайындағаның көрейік
БИ
(Албасты балалармен «Қар ұлпалары» ойының өткізеді. 1 минутта қар ұлпаларын кім көп жинайды)
Жалмауыз кемпір: Ой, ой, сендер 3 сынып оқушыларының не дайындағаның білмейсіндер ғой.! Олар қазір барлығын қатырады
Ойын «Жаңа жылдық салаттар» (жаңа жылда дайындалатын салаттарды кезекпен айтады, қайталанса ойннан шығады)
Ойын «Жаңа жыл» өлеңің тауық тілінде айту
Тауық: Рахмет, балалар! Жаңа жылдық өлеңің менің тілімде айтқандарына өзім риза болып қалдым. Ал мен екінші сынып оқушыларын ортаға шақырғым келіп тұр.Өз өнерлірін оларда көрсетсін.
Ойын «Жаңажылдық сайыс»  Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.Ойын «Қалпақ биі» Ортада қалпақ киген оқушы тұрады, әуен орындалғанда ортада тұрған оқушының қимылдарын қайталайды, кезекпен бас киім балаларға ауысады
Жалмауыз кемпір:- Ал енді барлық достарды Албасты: - Ортаға билеуге шақырамыз! Би марафоныАқшақар: - Жаңа жылдық мерекеміз жақсы өткен сияқты! Өлең айтып,ойын ойнап, биде биледік! Аяз ата:
Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет.
Өнерлерін өрге жүзсін. Тілектерің ақ болсын, бастарына бақ қонсын. Келесі жылы көргенше , амандықта болыңдар.
Жалмауыз кемпір: - Жаңа жыл құтты болсын! Албасты:: - Барлық армандарын орындалсын!Тауық:: Ал құрметті достар, Аяз атамен Ақшақарды « Сау болыңыз!» деп шығарып салайық 
Жүргізуші:
Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт- береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Приложенные файлы

  • docx 275704
    Размер файла: 26 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий