Оыту мен оудаы топты жмыс арылы сыни трыдан ойлауды тиімділігі. — внеурочная работа, прочее


Сабақ тақырыбы: Оқыту мен оқудағы топтық жұмыс арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың тиімділігі.
Жалпы мақсат: Дарынды оқушының сыни тұрғыдан ойлау шеберлігін арттыру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 80-83бб
Үлестірмелі нұсқаулық Оқу нәтижесіТапсырмаларды орындау барысында шағын топтарда бірлескен жұмысты  ұйымдастыру  арқылы тиімді қарым-қатынасқа түсуі.
Түйінді идеялар: Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға, оқушылардың белсенділігін арттыруға қол жеткізу, топтың жеке мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтелуін және сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерінмұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар:  А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, түрлі-түсті қалпақтар.
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлауАКТ: интерактивті тақтаЖаңа әдіс-тәсілдер  1. Диалог
2. Жеке жұмыс4. Топтық жұмыс5. Эссе жазу.
Дерек көздері:  
Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары 
Тапсырмалар: Сұрақ-жауап, салыстыру ассоциация, рөлдік ойын, постер қорғау,  рефлекцияОқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі  нұсқаулықМұғалімге арналған нұсқаулық.
 
 
 
 
 
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызуКоучтың іс-әрекетіМұғалімдердің іс-әрекетіҚызығушылықты ояту 
 
(5 мин)   
 
 
 
 
 
 
  Психологиялық  жағымды ахуал орнату:  «Өміріңе немқұрайлы қарама » әні арқылы сергіту  тренингін ұйымдастыруМұғалімдер орындарына тұрып интерактивті тақтада өлеңді  бірлесе айтады. Коучинг сессиясына қатысушы  мұғалімдерді   орындарынан  тұрғызып    «Өміріңе немқұрайлы қарама» сөзі С.Сейтман, әні. С.Дәрібаевтың әнін интерактивті тақтада  әріптестерге қойып бірге әнді айтады. Өз көңіл-күйлерін смайликтерді парта үстіне қояды2 минут Шағын топқа бөлу.
Әр түрлі гүлдің суреттерін таңдау арқылы  үш топқа бөлуРаушан, түймедақ,  бәйшешекРаушан, түймедақ, бәйшешек ті таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.
 
 
 
 (15 мин)
 
        Коучтың іс-әрекеті:
Мұғалімдерге сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру:
1.Дарынды балалардың  сыни тұрғыдан ойлау арқылы    шығармашылық қабілетін дамытуда ғылыми танымдық әдістерді  маңызын айқында.
2.Өз  пәніңізде оқушылардың сабаққа деген  қызығушылығын арттыруда, логикалық ойлау операциялары арқылы   тапсырмаларды  түрлендірудің  ерекшелігін мысал келтіре дәлелде.
А3  парақтарына әр топ өз ойларын флипчарт парағына түсіріп қорғайды.
Әр түрлі сурет қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді. Мұғалімдердің іс-әрекеті:Мұғалімдер коучтың сұрағына жауап беру арқылы диалогқа түседі.
А3 парақтарын алып, топтық  жұмыс жасауға дайындалады.
 
Мұғалімдер қиынды суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.
(15 мин)
Мағынаны тану      Коучтың іс-әрекеті:
Жеке жұмыс:
«Майшам ойға жетелейді» сыни ойлану арқылы эссе жазу.
Мұғалімдердің алдына майшам жағып,біріншісіне майшамға қарапбіріншісіне –  бала»,
екіншісіне – «қарт адамның»
үшіншісі  «жетім баланың»
төртіншісі «ата-ананың»
ойын бейнелеп,эссе жазу тапсырылады.
Эссені мәнерлеп кезекпен оқыту.
Мұғалімдер қол шапалақтау,
қошемет көрсету арқылыформативті бағалайды.   Мұғалімдердің         іс-әрекеті:
Мұғалімдер майшамға қарай отырып,берілген тақырыптаэссе жазады.
Эссені кезекпен мәнерлепоқиды.
Қол шапалақтау,қошемет көрсету арқылы формативті бағаланады.
   (15 минут)
       Жағдаяттық                  тапсырма       Коучтың іс-әрекеті:
            Рөлдік ойын:
Топтық жұмыс1.Бала мен ата-ана.
2.Жетім бала мен ата-ана.
3.Қарт адам мен бала.
Мұғалімдерге рөлдік ойынға түсу тапсырмасы беріледі.
1.Рөлдік ойын сценарийін құрып, рөлге түсу.
2.Рөлдік ойынды қорғау.
3.Топтың бір-бірін бағалауын «Екі жұлдыз,бір тілек»әдісі бойынша жүзеге асыру.
    Мұғалімдердің іс-әрекеті:
Мұғалімдер берілгентақырып бойынша сценарий  құрып,рөлдік ойынға түседі. «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша, өз ұсыныс-тілектерін стикерге жазып, «Тілек ағашына» жабыстырады.
 
Қорытындылау(10 мин)   Коучтың іс-әрекеті:     Мұғалімдердің          іс- әрекеті:
 
 
 
 Сұрақтар:
 
 
 
             Кері байланыс:
1.Сіз  сын тұрғысынан ойлаудың белсенді элементтерін жиі қолданасыз ба?2.Сіз сабақта сын тұрғысынан ойлаудың қандай стратегияларын қолданасыз?3.Сіз қандай бағытта жұмыс жасағыңыз және неге қол жеткізгіңіз келеді?
 
4.Сіз сын тұрғысынан ойлауды дамытудың элементтерін өз сабағыңыз-
да қолдана алатыныңызға сенімдісіз бе?  
Мұғалімдер коучтың қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа түседі.
Ақпарлама(5 мин) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары туралы қысқаша таныстырылымды ұсыну. Таныстырылымды тыңдайды.
Рефлексия
(5 мин ) 
  Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін сабақ басындағы өз көңіл-күйлерін бейнелеген смайликтің келесі бетіне сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін жазу. Өз көңіл-күйлерін    бейнелеген стикерге сабақтан алған әсері туралы пікірлерін жазады.

Приложенные файлы

  • docx 275617
    Размер файла: 30 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий