Таырып:ауыла саяхат арапайым математикалы ымдарды алыптастыру — дошкольное образование, уроки


Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы.
Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы:Ауылға саяхат
Мақсаты:Баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау. Заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Фигуралардан белгілі бір зат құрастыру жолдарын түсіндіру.
Сабақ түрі: саяхат және кіріктірілген сабақ. (тіл дамыту, жапсыру,музыка, математика)
Негізгі іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Дидактикалық көрнекіліктер Баланың
іс-әрекеті
Мотивациялық
ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу, бір-бірімізге жылы лебіз білдіреміз.
-Армысың асыл күн, армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
-Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер? Шеңберге тұрып, өз есімдерін әдемі сөздермен байланыстырып айтады.
-Жылылық, қуаныш т.б.
Ұйымдастыру, іздену кезеңі.
Балалар біздің тобымыздың почтасына хат келген сияқты, қазір қарап көрейік. Балалар бізге «ауыл әлемінен» хат келіп түсті , қане тыңдаңдар: «балалар біз сендерді ғажайып ауылға шақырамыз, келіңіздер» Балалар «Математиканың ғажайып әлеміне» саяхатқа барамыз ба? Конкурсқа қатысып көремізбе? Ол үшін балалар біз ұшқыш кілеммен баруымыз керек сияқты, ендеше келіңдер кілемге жайғасып, мен сиқырлы сөз айтамын ал, сендер көздеріңді жұмыңдыр. «Алақай, алақай, ұш, ғажайыпқа алып ұш» ал, қанекей көзімізді ашамыз. Міне ғажайып елге келдік, қараңдаршы мыналар нелер?
Біздің ағаштардан не айырмашылығы бар екен? Дұрыс екен біздің ағаштарда жапырақтар бар ал мыналарда пішіндер бар екен. Түсінікті бұл ғажайып бізді сынамақ-
шы, фигураларды білетініміз- ді көрсетемізбе балалар?
Балалар біз үш топқа бөлінеміз әр топтың басшысы болады , сол басшы тобының балаларын бағалау парақшасына бағалап отыру керек, оны бәріміз білеміз ия.
Балалар біз фигуралар туралы видеоролик тамашалап алайық, содан соң іске кірісеміз.
Мына ағаш қандай пішінді, неліктен?
Әр фигураға сипаттама беру.
Балалар мына үшбұрыш ағашының тапсырмасы бар екен, «өз орнын тап» фигуралар берілген осы фигуралардан әр топ өздері қалаған пішін құрастырып , ұқсас ағашқа ілу керек. (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектер беріледі)
Тамаша балалар ендеше сергіп алайық, теледидардан жаттығуды қайталаймыз.
Керемет, біз дем алдық, енді төртбұрыштың да тапсырма- сын қарап көрейік,«тез ойлан»
Слайд арқылы тапсырмалар беріледі, әр топтан бір баладан шығу керек.
Ал, балалар ақырғы фигура дөңгелек қандай тапсырма дайындады екен? Конверт аламын (балалар маған ешқандай құстар қона алмайды себебі мен дөңгелек -пін, сендерден өтініш маған ұя жасап беріңдерші) балалар көмектесемізбе? Пішіндерден ұя құрастырып, дөңгелек ағашқа жапсыру керек.
Әліппе дәптер
Сиқырлы кілем
Сандар, текшелер, санағыштар
Геометриялық пішіндер
(үш бұрыш, төрт бұрыш, дөңгелек,сопақ)
Салыстыруға арналған тапсырмалар
Төртбұрыштар, дөңгелектер, үшбұрыштар салынған конверттер
Теледидардан слайдтар тапсырмасы
Пішіндер салынған конверттер, желім, ақ қағаз Таң қалады.
Хатты көреді
Әрине барамыз.
Ия қатысамыз
Сиқырлы кілемге жайғасады.
Көздерін жұмады
Көздерін ашады.
Ағаштар.
Ағаштарда пішіндер бар.
Ия , көрсетеміз.
Келіседі
Видеоролик тамашалайды
Әр фигураға сипаттама береді. Үшбұрыштың үш бұрышы, үш қабырғасы бар.
Топтарымен бір заттың немесе жануардың пішінін құрастырып ағашқа іледі.
Қимыл қозғалыс жаттығуын орындайды.
Әр топтан бір баладан шығып жауап береді.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Топпен ұя құрасты- рады да дөңгелек ағашқа іледі
Рефлексивті түзету
Балалар біз тапсырмаларды өте жақсы орындадық деп ойлаймын, Балалар сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнадыма?
Фигуралар туралы жақсы түсінік қалыптасқан шығар солайма? Енді топ басшылары өз топ балаларына бағалау парағы бойынша қортынды жасаса.
Ендеше сиқырлы кілемге жайғасып тобымызға ораламыз. Сендер көздеріңді жұмыңдыр. «Алақай, алақай, ұш, тобымызға алып ұш» ал, қанекей көзімізді ашамыз. Тобымызға оралдық, енді біздің почтамызға тағыда хат келіп тұрған шығар ия, қазір қараймыз. Тамаша балалар сендерге ғажайып әлемі «алғыс хаттар» жіберіпті. Алғыс хатты оқып беру, балаларға тарқату. Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет осымен аяқталды. күлегештер,
Сиқырлы кілемше
Алғыс хаттар, теледидар, ноутбук Сұрақтарға өз ойларын айтады.
Әр топ басшысы бағалау парағын тақтаға іліп, талдайды.
Алғыс хатты алады.
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: фигуралар жөнінде
Қолданады: пішіндерден затты құрастырғанда дұрыс қолданды
Түсінеді: математика ұғымдары туралы түсінеді

Приложенные файлы

  • docx 272853
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий