Кіші аттан аттап секіру — физкультура, планирование


Өтетін күні: 02. 12. 2016ж Өтетін орны: спорт зал Сыныбы: 8 а
Пән мұғалімі: Даулеткалиев Рауан Амангельдиевич
Тақырыбы: КІШІ АТТАН СЕКІРУ
Сабақтың мақсаты:
Біліктілік: . Акробатикалық жаттығулардың әдістерін жетілдіру,
Тәрбиелік: Жаттығуларды орындау кезінде үрейді жою және ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке тәрбиелеу, .
Дамытушылық:  дене сымбатын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар
І Кіріспе бөлім.
Сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу.
Кезекшінің мәліметі.
Жаңа сабақтың мақсатын, тақырыбын түсіндіру. Орында тұрып орындалатын жаттығулары. Оң-ға! Сол-ға! Айнал! Командаларын орындау. 3мин Оқушылардың спорт киімдерін тексеру
Бұрылулардың дұрыс жасалуын қадағалау.
ІІ Дайындық кезеңі.
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар.
- екі қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
- екі қол белде, өкшемен жүру
-екі қолын белде, табанның сыртымен жүру,
-спорттық жүріс
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
-Жеңіл жүгіру, тізені алға көтеріп, алақанмен ұрып жүгіру
-Қолды артқа қойып өкшені алақанға тигізіп жүгіру
-Оң, сол жақпен қолды айналдыра жүгіру,
-Артпен жүгіру,
-Жай жүгіріп басу,
Терең демалып тынығу.
Сапқа тұрғызу. Жалпы дамыту жаттығуларын жасау
1.Қол белде, басты оңға, солға айналдыру
2.Аяқ иық көлемінде, қол иықта алға
екі рет, артқа екі рет айналдыру
3.Оң қол жоғары, сол қол төмен, 1-2 қол сермеу.
4.Аяқ иық көлемінде , қол белде 1-2 денені оң жаққа айналдыру, 3-4 сол жаққа айналдыру
5.Қол тізеде 1-2:-3-4 тізені айналдыру
6.Аяқты ашып, қол белде 1оң аяққа еңкею, 2. екі аяқтың ортасына еңкею, 3.сол аяққа еңкею4. Қол белде
7.отырып тұру
8.Секіру оң, сол, екі аяқпен
9.терең дем алып тынығу
4мин
5мин
5мин
4-5 рет
4-5 рет
5-6рет
5-6рет
5-6рет
15рет
5рет Қолдарын созып тік ұстау
Денені тік ұстау
Қимылын қадағалау
Алақанға тізені тигізу
Жүгіріс кезінде арақашықтықты сақтау
Арақашықтықты сақтау
Еркін тыныс алу
Асықпай айналдыру
Денені тік ұстау
Тізені бір-біріне түйістір
Толық отыру
ІІІ Негізгі бөлім
Ағаш аттан секіру – гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ол, ең алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі. Өйткені, секірудің әрбір жекелеген түрлерінде ортақ жайттар көп кездеседі. Ағаш аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді. Бұл қимыл-әрекеттер әрқашан ұқсас және барлық секіру түрлеріне ортақ болып келеді. Сонымен бірге бұлар секіру әдісінің жалпы түп негізін құрайды.Көпіршеге аяқты тіреп секіруді орындау техникасы ұлдар үшін де, қыздар үшін де бірдей.Тіреп секіруді дұрыс үйрену және оны өз бетінше жетілдіру үшін бұл жаттығуды орындау кезеңдерін жақсы білу қажет. Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден тұрады:
Екпіндей жүгіру;
Көпіршені басу;
Аяқпен серпілу;
Қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу;
Қолмен серпілу;
Қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;
Жерге түсу.
Ағаш аттан секіруге арналған екпіндей жүгіріп келу қашықтығы 12 – 15 м-ден аспайды. Алайда егер көпірше ағаш аттан 60 -70 см-ден алыс тұрса, онда екпіндей жүгіріп келу қашықтығы өсе түсуі мүмкін.
Көпіршені ағаш аттың алдына қою кезінде мынадай жайттар: екпіндей жүгіріп келу жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке алынады.
Мектепте ағаш аттан секірудің екі түрінің бірі – екі аяқты кең ашып немесе екі тізені бүгіп секірудің бірі орындалуға тиіс. Секірудің бұл екі түрін де қолдв алдын ала сермемей, яғни аяқпен серпіліп ыршығаннан кейін денені қосымша қимылдатпай-ақ орындауға болады.
25мин Қауіпсіздік ережесін қадағалау.

Секіртпеге аяқты дұрыс салу
ІV Қорытынды бөлім
Ағзаны қалыпқа келтіру жаттығуларын жасау.
Сапқа тұру.
Өткен сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау
Қоштасу 5 мин Терең дем алып, демді толық шығару керек
Үйге тапсырма беру


Приложенные файлы

  • docx 269211
    Размер файла: 56 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий