Отбасы жарастыы таырыбындаы ашы саба — всем учителям, прочее


Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Бекітемін:
Мектебі: Ш.Т.Еркінов орта мектеп Мерзiм:29.11.2016 № 12 сабақ
Тақырыбы: Отбасы жарастығы.
Құндылығы: Дұрыс әрекет.
Қасиеттері: Отбасындағы парызын орындау, әділеттілік, әдепті болу.
Мұғалім:Нұрғалиенва Гүлдана Сыныбы: 5 «а,ә» Оқушылардың саны: 23
Мақсаты: Оқушыларға отбасы жарастығын дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды отбасындағы парызын орындауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардағы әділеттілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу. Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
Оқулық,дәптер
интерактивті тақта,ағаш т.б
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:Тәртіп.Талап.Тыныштық.Тазалық.Татулық.Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
1.Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Бақыт ағашына алмаларды ілу ақылы сұрақтарға жауап береміз.
1. №11сабақ, , «Отбасы татулығы» мәтінін оқып келу. 40 – бет.
Сұрақтар:
-Ертеде қандай отбасы өмір сүріпті?
-Патша неге таң қалып, шаттанды?
-Патша кімге жолықты?
-Қарт қандай жауап айтты?
-Патша неге таң қалды?
-Ақсақал жазған сөздердің отбасы үшін қандай маңызы бар?
-Отбасындағы қарым- қатынасты неге теңейміз?
-Сіздер өз отбасыларыңызға деген сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіресіздер? -Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)Сыныпты 3 топқа бөлеміз.1.Ана.2.Әке.3.Бала. Сабақ барысын талқылау.
3.Сабақтың дәйексөзі
Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана жанұялық тұрмыс зор бақытқа кенеледі. Надежда Крупская (1869-1939), кеңестік саясаткер, Санкт-Петербург қаласында кедей щаруа отбасында 14 ақпан 1869 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Константин Игнатьевич Крупски озық пікірлі адам болған.
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерлеріне жаздыру)
Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты, өзара сыйластығы құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, ынтымақ та, береке де байлық та болады. Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады. 
Сұрақтар:                                                        
-Бір шаңырақта тұратын адамдар арасында қандай сыйластық болады?
-Өз отбасыңның сыйластығы туралы не айтар едің?
-Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?
-Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? 4.Оқиға айту (Мұғалім сыйы)
Ана жүрегі Видиоролик көрсету.Сұрақтар қою арқылы талқылау.
-Ана жүрегі нені аңсайды?
-Жігіттің жасаған ісі дұрыспа?
-Аналарға осылай жауыздық жасау керекпе?
-Анаға тілер тілегің?
5.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
1.«Бақытты отбасы» моделін құру. Құрылған жобаны қорғау.
Бұл кезеңде оқушыларға плакат пен бояу беріп, өз ойларынша бақытты отбасының моделін жасау ұсынылады. Екі топ өздерінше жасаған жобасын қорғап шығады.
2.топ. Оқушылар «Бақытты отбасы» тақырыбына коллаж құрастыру .
3 топ. «Бақытты отбасы» тақырыбына топтастыру.
6.Сахналау
«Сыйластық» Айбатыр Самиғоллаұлы Өлеңді оқып, сахналап көрсету.
Ата, болып ақыл айтып көріңдер,
Әже болып,ертегі айтып беріңдер.
Әке болып еркелетіп көріңдер,, ақын
Ана болып мейірімділік төгіңдер.
Аға болып үлгі көрсет кішіге.
Іні болып, көммектес сен ісіне.
Әпке болып мейіріміңмен аяла,
Қарындас боп,бауырында саяла.
1-топ:Ата болып ақыл айту.
2-топ:Әже болып ертегі айту.
3-топ:Әке болып еркелету.
7 . Топпен ән айту.
Ана-әке Әбдіжаппар Әлқожаның орындауында.
Жанашырым - ана, дара шыңым- ана
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың- әке, шырағымсың.
Қайырмасы:
Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана - мен сені меккеге апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке - мен сені меккеге апарамын
Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
2) Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім дара,
Әке менен ана байлығымсың 8. Тапсырма
Берілген мақалдарды көп нүктенің орнына сөз қойып,оқу,мағынасын талқылау.
1.Әке – ............
..........– бауырындағы бұлақ,
Бала- ..................
 
2.Ата – бәйтерек,
.......................
 
3.Анаңды Меккеге .....................
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
4.   ..............қарап - ұл өсер
анаға қарап - .............
5.   Ананың көңілі балада ...........................
6.    Ата – ананың қадірін - ...... болғанда көресін
Ана туралы монолог тыңдату.Сұрақтар қою арқылы талқылау.
Түйіндеме.
Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады.
9.Үй тапсырмасы.
1. «Менің отбасым» тақырыбында эссе жазу.
2. Келесі сабақ. №12, А. Хасенованың «Неге ұялды?» мәтінін оқып келу. 44 – бет. 10.Тыныштық сәті
Баяу музыка қойылады.Көзімізді жұмып көз алдымызға елестетеміз.Отбасымызда болған қуанышты күндерімізді елестетеміз.
. Нұрғалиева Гүлдана Мәдениетқызы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат селосы
Шүкір Таңатарұлы Еркінов орта мектебі.

Приложенные файлы

  • docx 268039
    Размер файла: 118 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий