Импульс — физика, уроки


Алматы облысы
Райымбек ауданы
Қарабұлақ орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Сегізбаева Ұлмира Әбдібекқызы
Сабақтың тақырыбы: «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға импульс. Импульстің сақталу заңы жөнінде мағлұмат беру.
Дамытушылық:Дене импульсі,күш импульсі,импульстің сақталу заңы негізінде оқушылардың физикалық түсініктерін дамыту.Формулалармен таныстыру, есептер шығарудағы машығын тереңдету.
Тәрбиелік:Теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, нақтылыққа, жүйелілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,СКТ, шығармашылыққа баулу.Сабақтың көрнекілігі: ДК, үлестірме қағаздар, суретті топтама, оқу құралдарыПәнаралық байланыс: математика
Сабақтың  жоспары:
1 Кіріспе. Психологиялық  ахуал (Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді) 2 «Ой қозғау» Есте сақтау қабілетін байқау,ойымызды саралау көзделеді.(Өткен материалдарды қайталау)3 «Ой толғау»Ойлау қабілетімізді арттыру, шапшаңдық, жинақылық көзделеді (тапсырмалар беріледі)1-тапсырма «Формулалар»2-тапсырма «Есептер»3-тапсырма «Тест»4 «Ой  қорыту»Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. (Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.) Сәлеметсіңдерме ,балалар! Сабақта бүгін кім жоқ,түгелміз бе?Құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше.
Өйткені, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар – ағай-апайларымыз қатысуда. Сондықтан сіздерден  өзіміздің алған білімімізді  тиянақты,  нақты жауап  берулеріңізді  сұраймын. Сабырлыққа шақырамын, ойымызды дұрыс айтып, нақты жауап беруге тырысайық.
(Сабақтың тақырыбы, мақсатымен, жоспарымен  таныстыру) Кәнеки, бәріңізге сәттілік тілеймін. Қазір әрқайсымыз бір-бірімізге ыстық  ықыласымызды білдірейікші. Психологиялық  ахуал (Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді)
2.Үй тапсырмасын сұрау «Ой қозғау» Еске сақтау қабілетін байқау,ойымызды саралау көзделеді.(Өткен материалдарды қайталау сұрақтары)
1) Ньютонның І заңын калай тұжырымдаймыз?(Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.)
2)Күштің қандай түрлерін білесіңдер?(Ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші, тіректің реакция күші.)
3) Ньютонның ІІ заңын калай тұжырымдаймыз?(Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура , ал оның массасына кері пропорционал.)
4) Ньютонның ІІІ заңын калай тұжырымдаймыз?(Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелерді бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама қарсы)
5)Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады ?  (Екі дене бір – біріне масссаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.)
6)Бірінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз?(Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбите бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық )7) Екінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз?(параборалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық)8 ) Дененің салмағы деп… (Дененің Жерге тартылу салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші )9) Асқын салмақ деп нені айтамыз?(Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын айтамыз) )10) Салмақсыздық деген не?  (Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі)
3. Жаңа  сабақ «Ой толғау»
Ойлау қабілетімізді арттыруда ,шапшаңдық,жинақылық көзделеді(тапсырмалар беріледі)  1-тапсырма «Формулалар»
Шама Белгіленуі Формула Өлшем бірлігі
Дене импульсі Р р=m V Кг*м/с
Күш импульсі F   t F    t =    р Н*с
Импульстің сақталу заңы Р р1+р2= р1+р2 Дене импульсіАнықтамасы: Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама Белгіленуі:РФормуласы: р=m VӨлшем бірлігі: Кг*м/сБағыты V векторы бағытымен бірдей
Күш импульсіАнықтамасы: Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне күш импульсі деп аталады.
Белгіленуі: F     tФормуласы: F     t = рӨлшем бірлігі: Кг*м/сБағыты F векторы бағытымен бірдей
Импульстің сақталу заңыАнықтамасы: Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін  денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді.
Белгіленуі: р= р0 Формуласы: р1+р2= р1+р2
2-тапсырма «Есептер» :
Массасы 1 кг дене түзусызықты  қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 10 м/с –тен 20 м/с –ке дейін өзгертеді. Дененің импульсінің өзгерісін анықтау керек..Есептің  шешімі:Берілгені:m=1кг
V 1=10 м/с
V 2=20 м/с Табу керек    р-? Формула:    р= m V 1 – m V 2
Шешуі:     р= 1кг*20м/с-1кг*10м/с=10кг*м/с
Жауабы:   р=10кг*м/с
Бірінші дененің массасы 2 кг, жылдамдығы 6 м/с, ал екінші дене тыныш тұр. Соқтығыстан  кейін, екі дене бірге 2 м/с жылдамдықпен қозғалып кетті. Екінші дененің массасын анықтаңдар.
Берілгені: m1=2 кг
V 1=6 м/с
V 2=2 м/с
Табу керек      m -?
Формула:   m1 V 1 +m2 V 2 = m 1V 3 + m 2V 3
Шешуі:     2*6+ m20 = 2*2+ m 2*2 бұдан                   m 2=(12-4)/2=4кг
Жауабы: m 2 =4кг
3-тапсырма «Тест»
1.Импульс деген не?
А) жылдамдық мөлшері
В) қозғалыс мөлшері
С) қашықтық мөлшері
2. Дене импульсінің өлшем бірлігі.
А) кг
В)кг*м/с
С)Н*с
3. Күш импульсінің өлшем бірлігі.
А)кг
В)кг*м/с
С) Н*с
4.Дене импульсінің формуласы.
А)
В)
С)F=ma
5.Күш импульсінің формуласы.
А)
В)
С)F=ma
4. Сабақты бекіту «Ой  қорыту»(Оқушылардың  білімдері тиянақталады, нәтиже  бағаланады)
Шама Белгіленуі Формула Өлшем бірлігі
Дене импульсі  Күш импульсі Импульстің сақталу заңы 5.  Үйге тапсырма«Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»тақырыбына ребус, сөзжұмбақ құру

Приложенные файлы

  • docx 267440
    Размер файла: 25 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий