Параллель проекциялау, оны асиеттері 10 cынып, геометрия — математика, уроки


№18 Пән: Геометрия-10 «Ә» Күні: 08.11. 2016
Тақырыбы: Параллель проекциялау, оның қасиеттері
Мақсаты: Параллель проекциялау түсінігімен, оның қасиеттерімен таныстыру; кеңістіктегі фигураларды жазықтыққа бейнелеуді үйрену; Өздігімен берілген тұжырымды дәлелдей алу.
Күтілетін нәтиже Параллель проекциялау түсінігі қалыптасады;
Кеңістіктегі фигураларды жазықтықта бейнелей алатын болады;
Өздігімен берілген тұжырымды пайымдай алады.
Керекті жабдықтар Оқулық, сызғыштың бірнеше түрі, карандаш, А4, маркерлер.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. (2 мин) Мұғаліммен амандасады.
Топтарға бөлінеді.
Тұсаукесер Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бағалау түрлері айтылады. (1 минут) Оқушылар өздерінің ұсыныстарын айтады.
Негізгі бөлім Білу. Жазықтықтың, түзудің және нүктенің белгіленуін, кеңістіктегі жиі кездесетін фигураларың қыры, төбесі, жағы туралы ұғымды білу керек.-5 мин
Түсіну. Оқулықтағы 26-28 суреттермен жұмыс. (10 минут)
Топтағы оқушылар бір-біріне тақырыпты түсіндіреді. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі:
1-топ: АВ және СД кесінділері бір түзу бойында орналасқан жағдайды
2-топ: АВ және СД кесінділері параллель жағдайды;
3-топ: АВ және СД кесінділерінің кескіндері бір түзу бойында жатпайтын жағдайды.
Қолдану. Салдар: Кесіндінің ортасының кескіні оның кескінінің ортасы болады. –Өздігімен дәлелдеу-10 мин;
Талдау. Мысал 1 мен 2-ні бейнесін салу . (5 минут)
Жинақтау. Есепті проекциялауды қолдану арқылы шешудің алгоритмін құрастырыңдар. (3 минут)
Бағалау. Сызбаны проекциялаудың пайдасы бар ма? Себебін түсіндіріңдер. (3 минут) Нақты деректермен жұмыс жасайды.
Мәтінмен жұмыс жасайды.
Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп есептер шығарады.
Топқа берілген тапсырманы орындау барысында бірлесіп шығармашылықпен жұмыс атқарады, өз пікірін еркін білдіреді.
Тұжырым жасай білуге дағдыланады.
Оқушылар өз пікірін еркін білдіреді.
Қорытынды Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды. (2 минут) Ұпай санын жинақ экранына жазады.
Үйге тапсырма Оқулықтағы № 3-5 (3 минут) Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Бағалау Стикерлерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып, тақтаға ілу.
(3 минут) Өз ойларын еркін білдіреді.

Приложенные файлы

  • docx 262119
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий