«Оушыларды физиологиялы дамуын жетілдірудегі олданылатын діс тсілдер» — физкультура, уроки


«Оқушылардың физиологиялық дамуын жетілдірудегі қолданылатын әдіс тәсілдер»
Балалардың физикалық дамуы. Эпикриз уақыттарында физикалық дамудың бағалануы. Денсаулық топтары. Балаларды сауықтыру принциптері. Шынықтыру түрлері. Массаж. Гимнастика.
 Балалардың физикалық дамуы, ерте жастағы көрсеткіштері.
Денсаулық тобы бойынша балаларды топтастырудың негізгі ережелері.
Массаж, гимнастика, шынықтыру түріне сипаттама, құрастыру пинциптері.
Ауамен, сумен, күн сәулесімен шынықтыру негіздері.   Баланың өсуі және биологиялық жетілуі – баланың физикалық және психикалық дамуы деп аталады.
   Баланың физикалық дамуын бағалау үшін төмендегілер қажет:
 Антропометрия жүргізу.
Центиль аймағында орнын анықтап, бағалау.
Психикалық дамуын жасына байланысты бағалау.
Баланың физикалық дамуы дегеніміз оның жасына байланысты бойының және салмағының өсуі.
 Физикалық дамуы қалыпты болуы және қалыс қалуы мүмкін.
  1 жасқа дейінгі балаларды горизонтальды таразыда, 2жастан жоғары вертикальды таразыда жүргізеді . 1-жасқа дейінгі балалардың бойын горизонтальды. 1 жастан үлкен балалардың бойын вертикальды бой өлшегішпен анықтайды.
 Баланың психикалық дамуын бағалау көрсеткіштері  - көру, есту анализаторлары, эмоциясы, қозғалысы, түсіну, сөйлеу қабілеті, іс - әрекеттері.
     Баланың психикалық дамуының тежелуі:
 
І – дәрежесінде – 1-2 көрсеткіштің тежелуі 
ІІ –дәрежесінде 3 -4 көрсеткіштің тежелуі 
ІІІ- дәрежесінде 5-7 көрсеткіштің тежелуі 
IV – дәрежесінде қалыпты емес тежелу, яғни 1-2 көрсеткіш эпикриз уақытында, қалғандары 2- 3 эпикриз уақытына тежелуі.
  Мектеп жасы - бала ағзасы биологиялық жетілуге қол жеткізетін неғұрлым күрделі кезеңдердің бірі. Қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы жағымсыз факторлар кешенінің әсерімен қалыптасады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары – экологиялық жағдайлардың нашарлауы, тамақтану, стресстік ықпалдар және т.б. Денсаулықтың негізі ерте балалық шақта қаланады және оны сақтаудың жетекші аспектісі - саламатты өмір салты болып табылады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес денсаулық дегеніміз - ағзада аурудың немесе физикалық (дене) кемістіктерінің болмауы ғана емес, сонымен бірге толық физикалық, рухани және әлеуметтік аман-есендік. Бастауыш сынып оқушысының денсаулығы жайлы айтқанда, ең алдымен, оның баладағы жай-күйін, денсаулықты сақтау мақсатында физикалық дамуға бағыттылығын білу қажет.
Денсаулыққа құнды қатынасқа бағдарлана отырып, біз баланы өз денсаулығы жайлы қамқорлық жасай білуге үйретуге назар аударуымыз қажет.
Бастауыш сынып оқушысының денсаулығы оның өмірін қамтамасыз етудің басым факторы ретінде, бала тұлғасының өмір сүруге қабілеттілігін дамытудың маңызды шарты және оның өмір әрекетінің табысты және тиімді болуының кепілі ретінде көрінеді.
Денсаулық пен саламатты өмір салтының өзара байланысының сипатын қарастыра отырып, біз бастауыш сынып оқушысының денсаулығы тікелей оның өмір салтына байланысты екенін айта аламыз. Саламатты өмір салты маңызды биоәлеуметтік категориялардың бірі ретінде өмір әрекетінің нақты типін, оның формалары мен тәсілдерін, бағыттылығын анықтайды.
Зерттеу жұмысында біз бастауыш сынып оқушысының саламатты өмір салты оның тұлғасының кіріктірілген биоәлеуметтік сиптаттамасын білдіреді деген қағиданы басшылыққа аламыз. Биоәлеуметтік сипаттамаға адамның өмірлік құндылығы ретінде денсаулық жайлы түсініктер мен білімдер жатады.
Саламатты өмір салтына бағдар қоғамда дене және әлеуметтік жағынан белсенді, дені сау адам болуға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушысының саламатты өмір салтын қалыптастыру -кешенді үдеріс. Оны жүзеге асыруға ата-аналар, мұғалімдер, жұртшылық, оқушылардың өздері қатысулары керек; тәрбие үдерісі ретінде ол оқушының өзін-өзі тәрбиелеуі және өзін-өзі дамытуымен байланысты.
Жалпы білім беретін мектептің бағдарламалық материалы олардың жас және жеке дара, психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларға дене, ақыл-ой және эстетикалық тәрбие беруді қарастырады. Онда барлық пәндерді өту барысында балаларды тәрбиелеу міндеттері қойылады.
Баланың жақсы жалпы физикалық дамуы - денсаулық кепілі. Балалар мекемелерінің оқу-тәрбие үдерісінде дене шынықтыруды қалыптастыру үдерісін жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтаудың басты мақсаты -оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын қамтамасыз ету, диагностикалау, денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу. Бастауыш сынып оқушысының саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы әрекет төмендегі шарттар негізінде құрылған белгілі бір жүйені басшылыққа алғанда ғана тиімді болады:
- мектепте күнделікті және жүйелі түрде санитарлық-гигиеналық жағдайларды жүзеге асыру;
- оқушыларға берілетін білім мазмұны мен тәрбиенің олардың қалыпты психикалық және физикалық дамуына бағыттылығы;
- білім беру мекемесінің барлық қызметкерлерінің оқушылардың саламатты өмір салтын қалыптастырудағы бірлігін қамтамасыз ету.
Бастауыш сынып оқушыларында саламатты өмір салты негіздерін қалыптастыру үдерісінің тиімділігін арттыру үшін төмендегі элементтердің болуы маңызды:
1) бастауыш сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу бірізді, жас және физикалық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізілуі тиіс;
2) педагогикалық іс-шаралар жүйесіне мәдени-гигиеналық дағдыларын, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын тәрбиелеу, еңбек әрекетінің қарапайым негіздеріне үйрету, бейнелеу әрекетіне, айналасындағылармен қарым-қатынас дағдыларын дамыту және т.б.
3) баланың жалпы денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған баланың тұлғалық сапаларын қалыптастыратын кәсіби педагогикалық орта құру;
4) қимыл-қозғалыс саласын реттеу және дамыту;
5) физикалық дамуды үнемі жетілдіріп отыру [1].
Валеология терминін (латынша –valeologia - дені сау болу) ең алғаш И.И.Брехман қолданған болатын. Дегенмен бұл ғылымға қызығушылық бірнеше ондаған жыл бұрын пайда болды. Осы кезеңде жалпы валеологияның бағыттарының бірі ретінде педагогикалық валеология да дами бастады.
Педагогика адамды, адам қоғамын, оның тіршілік жағдайларын зерттейтін ғылымдар жүйесіне жатады.
Аталмыш жүйеге философия, этика, эстетика, әлеуметтану, тарих, анатомия, физиология, медицина және т.б. кіреді.
Ол оның теориялық мәселелерін, зерттеу әдістерін, сондай-ақ нақты зерттеу нәтижелерін пайдалана алады.
Педагогика шеңберінде оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген жақтарын зерттеуге байланысты бірқатар жеке тараулар бар екенін атап өткен жөн.
Педагогикалық валеология ізгілікті дүниетанымдағы жаңа феномен болып табылады, өмірдің жаңа философиясын білдіреді.
Жақсы әдеттер баланың жас кезінде қалыптасатыны белгілі. Сондықтан бұл үдерістегі отбасының, отбасылық тәрбиенің ролі мен маңызы зор.
Денсаулықты нығайту қажеттігін түсінуі және осы өнерді үйренуі үшін ата-аналар күн сайын өз балаларының тәрбиесімен айналысуы тиіс.Осы міндетті табысты орындау үшін валеология ата-аналарға аталмыш мәселе бойынша балалардың саламатты өмір салты негізінде жатқан төмендегі қағидаларды ұсынады:
Жүйелі қатынас.
- Адам - дене және руханилықтың бірлігі. Эмоционалды-еріктік саланы жетілдірмейінше, баланың жанымен және адамгершілігімен жұмыс жүргізбейінше, дененің сау болуы мүмкін емес.
- Валеологиялық тәрбие беру міндеттерін табысты шешу мектеп пен ата-аналардың тәрбиелік күшін біріктіруге байланысты.
2. Әрекетті қатынас. Балалар валеологиялық мәдениетті ата-аналармен бірлескен әрекет барысында игереді. Балаларды денсаулық жолына бағыттамау керек, оларды өзімен бірге осы жолмен алып жүру керек.
3. «Зиян келтірме». Аталмыш қағида валеологиялық жұмыста сауықтырудың қауіпсіз тәсілдерін пайдалануды көздейді.
4. Ізгілік қағидасы. Валеологиялық тәрбиеде бала тұлғасының өзіндік құндылығы бағаланады. Тәрбиенің адамгершілік бағдарлары жалпыадамзаттық құндылықтар болып табылады.
5. Альтруизм қағидасы валеологиялық мәдениеттің негізгі құндылығы ретінде «өзің үйренегенді басқаларға да үйрет» дегенге негізделеді.
6. Шама қағидасы. Денсаулық үшін шама болғаны жақсы»[2].
Ата-аналармен жұмыста төмендегі формалар мен әдістерді пайдаланған жөн:
Тақырыптары оқушылардың денсаулығын сақтаумен және нығайтумен байланысты ата-аналар жиналысы;
Саламатты өмір салтын көрнекі түрде насихаттау;
Аурулардың алдын алу, эмоционалық денсаулықты сақтау және нығайту бағытындағы әңгімелер мен кеңестер;
Сауалнама;
Ашық есік күні.
Валеологиялық тәрбие жұмысын төмендегі бағыттарда жүзеге асыруға болады:
«Мен және менің денсаулығым». Менің денсаулығымның резервтері – менің байлығым.
«Мен және басқа адамдар». Ұжымдағы өзара қарым-қатынас бала денсаулығының шарты ретінде.
«Отбасы - өмір ағашы». Менің шежірем. Менің отбасындағы рөлім.
«Мен және қоғам». Қоғамдық өмір құбылыстары.
«Мен және заттар әлемі». Адам қолымен жасалған заттарға құрметпен қарау.
«Табиғат әлемі». Табиғатпен өзара қарым-қатынас денсаулықтың негізі ретінде.
Валеологиялық тәрбиенің басым бағыты - денсаулықтың негізі болып табылатын баланың адамгершілік сапаларын қалыптастыру. Бұл үшін балада мейірімділікті, достықты, шыдамдылықты, мақсаттылықты, батылдықты, өмірге оптимистік қатынасты, тіршілігі үшін қуаныш сезімін, өзін бақытты сезіне білу қабілетін, өз күшіне сенуді дамыту қажет.
Аталмыш сапаларды қалыптастыру үшін рухани үйлесім, қалыпты, ұнамды өзін-өзі бағалау болуы қажет.
Денсаулығын сақтау үшін балада өзіне және өзінің жай-күйіне жан-жақты қарау, өз сезімдері мен олардың пайда болу себептерін түсіну қабілетін дамыту маңызды.
Өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі талдау өзін-өзі жетілдіру тілегін қалыптастырады, баланың өзінің тұлғалық қабілеттерін көре білуге және дамыта білуге, өзінің интеллектуалдық мүмкіндіктерін жетілдіруге ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының шаршауын, ақыл-ой жұмыс қабілетін қалпына келтіру, қимыл-қозғалыстың бұзылуының алдын алу, зейіні мен эмоционалдық күйін арттыру мақсатында сергіту жаттығуларын өткізуге болады. Әр сабақтың 10 минуты мен 20 минуты өткеннен кейін олардың екі-үшеуі пайдаланылады. Сергіту сәтінің төмендегі түрлерін қолдануға болады:
- би-ритмикалық (музыка аясында өткізіледі);
- дене шынықтыру-спорттық, санамақ бойынша, әрбір жаттығу бұлшық еттің белгілі бір тобына арналған. Жаттығулар мұғалімнің немесе алдын ала дайындалған оқушылардың командасы бойынша орындалады.
- қозғалыс-сөздік, жаттығуларды орындау кезінде сөзбен сүйемелдеуді білдіреді. Олар оқушылардың белгілі бір пәнге деген қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.- когнитивті (танымдық үдерістердің дамуына әсер етеді).
- қимыл-қозғалыс әрекеттері мен есептер. Балалар әрекеттің белгілі бір түрі арқылы дұрыс жауап береді. Есептің шешімі қолданылады.
- қолдың саусақтарына арналған жаттығулар;
- көзге арналған жаттығулар;
- тынығуға арналған жаттығулар бұлшық еттің кейбір топтарының шаршағандығын басады.
Сонымен, бастауыш сынып оқушыларында саламатты өмір салтын сақтау тілегі мен қажеттілігінен көрінетін өз денсаулығына адамгершілік қатынасты қалыптастыру қажет.

Приложенные файлы

  • docx 257065
    Размер файла: 30 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий